10-мәтін
Балмұздақты үлкеніміз де, кішіміз де жақсы көреміз. .... оның шығу тарихын көбіміз біле бермейміз. Жалпы, Еуропада балмұздақтың пайда болуын тарихшылар Марко Полоның есімімен байланыстырады. Белгілі жиһанкез Италияға алыстағы елдерден тағам жасау өнерінің көптеген құпияларын алып келген. Олардың ішінде қытайлықтардың тоқ басар тағамы-балмұздақтың жасалу әдісі де бар еді. Бірақ бұл тағамның жасалу жолы бірнеше жыл бойына құпия сақталып келген. Италия бекзадаларының, кейінірек Франция королінің сарайларында болатын сән-салтанатта ғана жұрт балмұздақтың дәмін тататын. Бірте-бірте оның жасалу құпиясы ашылып, бұл тәтті тағам Ресейге
XVIII ғасырда келіп жетті. .... ол барша жұрттың сүйікті тағамына айналды.
1-мәтін
Дельфин
Су асты жартастарының арасындағы жолды тек дельфин ғана білетін және әрқашан көмекке келетін.Бұғаздан аман-есен өткен теңізшілер қуаныштан дельфинге қолдарын бұлғап: «Алақай!» деп шуласып жататын.
Бұл жолы бұғазда «Пингвин» атты кеме пайда болды.
Әдеттегідей, дельфин көмекке асықты. Бірақ бір жауыз әрі ақымақ адам палубада тұрып, мылтықтан оқ атты. Сөйтіп, ол дельфинді жаралады. «Пингвин» атты кеме бұғазда жартасқа соғылып апатқа ұшырады. Міне, бақытсыздық деген...
2-мәтін
Таутөбет - тау, таудай, үлкен, ірі, дәу, кесек дегеннен туған сөз. Таутөбеттер үйшікке жатпайды. Қар немесе мұз үстіне жата салса да, аязға еш тоңбайды. Әлемдегі 116 ит түрі ішінде қазақтың таутөбеті ең ірісі болып табылады. Оның кеудесі, мойны, тұмсығы - жуан, басы, аузы - үлкен, тістері - ірі, езулері салақтап жүреді. Тұмсығы келтелеу болса да, жуан болып келеді. Жүні қалың, ұзын қылшықты. Бас жүні бет-аузын жауып тұрады. Құлақтарын да жүн басып алған. Денесін де қалың түбіт қаптаған. Екінші түрінде жүні сәл тықырлау, алайда түбіті қалың шығады.
3-мәтін
Жапырақтар мен тамырлар
Бір кәсіпкер жігіттің қарт ата – анасы ауылда тұрады. Жігіт әке-шешесіне үнемі құнды сыйлықтар немесе ақша жібереді. Жігіт ауылға жыл сайын жиналады, бірақ келмейді. Қарттар баласын сағынады.
Бірде жігіттің дүкендері өртенеді. Жаңа дүкен салғысы келеді. Банк несиеге ақша бермейді.
Әкесі телефонмен хабарласады. Баласының үйге келуін сұрайды. Ұлын қариялар қуана қарсы алады. Әкесі баласына бір дорба ақша береді. Қарттардың жиғаны және өзінің жіберген ақшалары екенін түсінеді. Анасы: «Жағдайымыз жаман емес, ақша әрқашан табылады»,-дейді. Тек баласына «ұшқан ұясын» ұмытпау керектігін айтады. Баласы «ағаштың жапырақтары тамырсыз көктемейтінін» сонда сезеді.
Достарыңызбен бөлісу: |