1-мәтін Бір бай той жасапты. Тойға көп адам келіпті. Қожанасыр да келіпті. Қожанасырдың үстіндегі киімі жаман екен. Қожаны ешкім елемепті, бұған төрге шық, тамақ же демепті. Қожа ақырындап далаға шығыпты



бет45/100
Дата10.10.2023
өлшемі410,03 Kb.
#184605
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   100
Байланысты:
мәтіндер КАЗ 2

    Бұл бет үшін навигация:
  • 4.......
5-мәтін
І. 2013 жылы 24-31 шілдеде Шығыс Қазақстан облысының дарынды оқушылары Оңтүстік Кореяның Каннын қаласында өткен халықаралық өнер фестиваліне қатысып қайтты.
ІІ. Сапарды облыстық әкімдіктің қолдауымен Шығыс
Қазақстан өңірлік ғылыми –практикалық «Дарын» орталығы ұйымдастырды.
ІІІ. Қазақстан Республикасының командасы бірнеше бағыттарда өнер көрсетті:
- заманауи бидің облыстық, республикалық конкурстарының жүлдегерлері, чер-лидерлер конкурсының, жастардың Дельфий ойындарының, Испанияда өткен "Коста Барселона" халықаралық би конкурсының гран-при иегері, Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өткен бірнеше шараларға қатысушы үлгілі, көркемөнер ұжымы «ФЛЭШ» тобы би өнерін ұсынды;
- суреттер көрмесіне республикалық, халықаралық суреттер көрмесінің жүлдегерлері - облыстың дарынды оқушыларының жұмыстары қойылды.
ІV. Халықаралық фестивальға Корея, Қытай, Жапония, Ресей, Тайланд, Моңғолия, Израиль, Испания, Алжирден 400-ден астам адам қатысты.
V. Қазақстандық оқушылардың өнері мен олардың шығармашылық жұмыстары ұйымдастырушылар мен қонақтардың, басқа елден келген қатысушылардың асқан қызығушылығын туғызды. Фестивальдің жабылу салтанатында тартымды жарқын орындаулар мен кәсіби шеберліктері үшін алғыс айтылды.
VI. Халықаралық фестивальдің нәтижесі бойынша, Шығыс Қазақстан облысының командасына естелік кубок пен сертификаттар табыс етілді.
VII. Балалар үшін экскурсия, мұражайлар, мәдениет пен өнер орталықтарын аралау, корей халық музыкалық қойылымдарын тамашалау және т.б. қызықты танымдық бағдарлама ұйымдастырылды.
6-мәтін
Фарабидің жастау кезі болса керек. Бір күні жолаушылап бара жатқан жолдасы:

  • Менің мына кітаптарымды сақтап қой, қайтып келген соң алармын,- деп, бір бума кітапты қолына ұстатады. Әбунасыр оны үйіне апарып, сақтап қояды. Қолы босаған бір сәтте Әбунасыр әлгі кітаптардың біреуін алып, көз жүгірте бастайды. Кітап сөздері ұнап қалады да, аяғына дейін оқып шығады. Бірақ онша түсіне қоймайды. Қайта оқиды. Сонда да ұғымы жетіңкіремейді. Үшінші мәрте оқиды. Тағы да қанағаттанбайды.

Төртінші мәрте оқиды. Көңілі көншімейді. Ақыры кітаптағы ойды толық ұғып алғанша, кітапты қайта-қайта оқи береді. Сонда ғана жазылған жайлардың мағынасын айқын ұғып, анық түсінеді.
Осы табандылығының арқасында Әбунасыр ғылымға бой ұрып, асқан білікті философ болған екен деседі.


7-мәтін
Қаңтар-қыстың екінші айы. Күннің барынша қысқарып,байланғандай қаңтарылып тұрып қалуына орай «қаңтар» деп атаған. Ескі түрік сөзі. Бұдан кейін күн ұзара бастайды. «Қаңтарда күн қарға адым ұзарады» дейді халық.


1-мәтін
Қаратау Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында орналасқан. Ел аузында жүрген мынадай бір аңыз бар. Ежелгі көшпенділер заманында, Қартауға жақын тұста бір хан өмір сүріпті. 1....... сол хан түсінде өзінің сұқ саусағын қара бүйі шағып алғанын көріпті! Хан қорыққаннан шошып ояныпты. Келесі күні де сол түс қайталаныпты. Ханның мазасы қашады. Ол барлық нөкерлерін қасына шақырып өзінің түсін ортаға салады. 2 ....... маңындағылардың ешқайсысы оны жори алмайды.
Сол кезде Жібек жолымен Қытайдан шыққан керуен Түркістанға кеп кіреді. Сол керуенде бір бақсы бар екен, сол бақсы бұл түсті аян түс болуы мүмкін дейді. Ханды түсінде қарақұрт “шаққандықтан”, бақсы ханға тауда тұруға кеңес береді, 3......... қарақұрттар ыстық шөл даланы мекендейді ғой. Хан Қаратауға қоныс аударады. Оның ұйқысы енді тынышталады.
Бір күні малайларының бірі оған ыстық жазықтан кезекті бір керуен әкелген балғын жемістерді береді. Хан тәтті жемістерді рахаттана жеп отырған кезде, оның саусағын қарқұрт шағып алады. 4....... ол жүзімнің арасына тығылып қалған екен. Хан сол бойда қайтыс болады. Сол заманнан 5 ..... жартас “Хан тағы” деп аталып кетіпті. Сай да, өзен де “Хан тағы” деп аталады.
«Мөлдір бұлақ» журналынан


2-мәтін

1.Музыка дегеніміз — сырлы да сиқырлы дыбыс. Ал, дыбыс – табиғат. Табиғатсыз тіршілік жоқ болса, дыбыссыз музыка жоқ. Әуен көптеген сансыз дыбыстан құралады. Табиғаттан пайда болған жаңбыр, дауыл, жел үні, су сылдыры, құстардың әні, аңдардың дауысы мен қимылына еліктеуден әуен құралады.


2.Сазгер, академик, музыка зерттеушісі Ахмет Жұбанов музыка жайлы: ”Қазақ күйлерінде шөптің сыбдыры, кең далада келе жатқан жалғыз жолаушының әні, аспанда қалықтап жүрген бүркіттің қанатының суылы бар…” — деп ерекше тебірене жазыпты.
3.Жақсы ән мен сазды музыка – жан азығы. Әсем ән, сазды музыканың ............... қан айналу, зат алмасу процесі жақсарады. Музыка көңілді көтереді, қайғыны жеңілдетеді, бойды сергітеді, жанға жайлы эмоция тудырады.
4.Калифорниядағы Стэнфорд университетінің медицина факультетінің ғалымдары музыканың адамның ми жүйесіне әсер ететінін анықтаған. Музыка ми зейіндерін жақсартады екен. Шығыстың ұлы емшісі Авиценна музыканың адамды емдейтін емдік қасиеті бар екенін айтқан. Ертеде музыкалық-медициналық орталықтарда музыкамен депрессияны, қайғы-қасіретті емдеген.
5. Музыка инструментінде ойнаған кезде адамның қабілеттері ашыла түседі. ............. музыкамен айналысқан бала шет тілдерін жақсы меңгерген.


3-мәтін

1910 жылы қазақ палуаны Қажымұқан Мәскеу мен Петербургте атақты палуандар Петр Янковский және Лурихпен күресіп, екеуін де жеңеді. Сол жылы ол басқа да палуандармен бірге Солтүстік Америкаға сапар шегіп, осы жолғы сайыстарда барлық қарсыластарын тізе бүктіреді. 1911 жылы Варшавада ол алтын медальды жеңіп алады. 1913 жылы Троицкіде 18 палуанмен күресіп, бәрінің де жауырынын жер иіскеткен болатын. Өзінің спорттық өмірінде Қажымұқан Париж, Лондон, Берлин, Варшава; Будапешт, Стокгольм қалаларында болып, барлық қарсыластарын жеңіп отырған. 1909-1911 жылдары шығыс елдеріне жасаған атақты .................. кезінде түрік жанкүйерлері оған қажы деген атақ береді.




4-мәтін

Астанадағы Хан шатырында Тәуелсіздіктің 20 жылдық құрметіне жалпы салмағы 300 келі болатын ет асылмақшы. Акция 16 желтоқсанда «Хан Шатырында» Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен өткізіледі. Бұл туралы кеше «ҚАЗБРЕНД» қоғамдық қоры мәлімдеді.


Жобаның мақсаты – жастар атынан Отанымызға Тәуелсіздік күніне .......... сый тарту. Келешекте дәстүріміз бен әдет-ғұрпымызды әлемдік қауымдастық алдында ерекше әдіспен – «Гиннестің рекордтар кітабы» арқылы таныта түсу.
Тағамның құрамдары алдын ала өлшеніп, аспазшылар оны диаметрі 4 метрлік тостаққа салып, содан соң жұртқа ұсынбақшы. Арнайы пісірілген қамыр үстіне піскен жылқы еті туралады. Туралған пияз бен аскөк үстіне құйылған ыстық сорпасымен ұсынылған қазақша етке астаналықтар мен қала қонақтары риза болмасына күмән жоқ. Сол күні балбырап піскен еттен мыңнан астам адам дәм татып, жаппай «Қара жорға» биін билеуге де мүмкіндігі бар.


1-мәтін
Халықта «тіл тиеді», «көз тиеді», «көзі тиді» деген ұғымдар бар. Жас сәбиге кереметтей сүйсінсе, таңданып- таңырқаса, бала ауырып-сырқап қалады. Көзі тиетін адамдар да болады, сондықтан оларды «көзі бар» дейді. Өсіп келе жатқан әдемі, ақылды, өнерлі балаға, тіпті үлкенге де сүйсінгенде, тілеулестері:
- Несін айтасың, жақсы бала ғой, тіл-аузым-тасқа,- дейді. Яғни, тіліміз, көзіміз тасқа тисін деген мағынаны білдіреді.
2-мәтін
Кішкентай құмырсқалар бір-біріне мұрттарын тигізіп амандаса бастады. Бұл оларға сондай қызық көрінді.
- Ал енді тізіліп, сап құрып тұра қалыңдар. Біз балабақшаға барамыз. Ол жерде ойнайсыңдар. Қалай өмір сүру керегін үйренесіңдер. Құмырсқалар ілімімен танысасыңдар,-деп тәрбиеші кішкентай құмырсқаларды қараңғы дәлізбен ертіп жүрді. Балабақшада оларды күтушілері қуанышпен қарсы алды. Тәтті, дәмді ас беріп тамақтандырды. Тамақтанған бала құмырсқалар: «Қандай дәмді? Тағы да бар ма?» - деді жамырап. Сонда тәрбиешілердің біреуі:
-Әрине. Тек енді әркім өз қорегін өзі жинайды, - деді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   100




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет