1-мәтін Бір бай той жасапты. Тойға көп адам келіпті. Қожанасыр да келіпті. Қожанасырдың үстіндегі киімі жаман екен. Қожаны ешкім елемепті, бұған төрге шық, тамақ же демепті. Қожа ақырындап далаға шығыпты



бет96/100
Дата10.10.2023
өлшемі410,03 Kb.
#184605
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   100
Байланысты:
мәтіндер КАЗ 2
153591
11. Өмір белестері
Жазушы еңбегі – қиын, жауапты, ең ардақты еңбек. Ғылымда даңғыл жол болмаса, көркем әдебиетте де даңғыл жол жоқ. Мен біраз жасадым, біраз еңбек еттім, қаламым әбден төселгендей болды. Сонда да әрбір жаңа шығарма тұсында бастықпаған тайдай бұлақтай беремін, шарқ ұрып іздене беремін. Ойларымды, жазғанымды сан рет өшіріп, сан електен өткізіп барып, жарамды дегенімді ғана қалдырамын. Сол жарамдымды жазып отырғанда күлемін, қуанамын, қайғырамын, жылаймын.
Жазғаның өзіңе осылай әсер етпесе, басқаға мүлде әсер етпеске керек. Қиналмасаң, қиналып тапқан бір сөзің не бір ойың «Мен бақытты!» дегізбесе, ондай жазушыға жазудың керегі не?
Мен алдыма қарасам, менен де кейін қалғандарды көріп жұбанамын. Оңаша бөлмеде ұзақ уақыт ой тізіп, сарғая отырғанымда жер тәңірісі – бір өзім. Тізгендерім көп талқысына түскенде, мен бір жаңа түскен келін. Егер жазушының басына қарама-қарсы осы екі қасиет орнамаса, жазушы шығарма үстінде өзін халық ойшысы, қоғам қайраткері деп, шығармасы біткен соң, бұлардың тек атқосшысымын деп сезінбесе, ондай жазушыны нағыз жазушы деу қиын. Нағыз жазушы болғанды ғана айтып қоймай, солай деп те айта алады.
Менің жазушылық жолымдағы өмірім, ойым, қысқартып айтқанда, осылай. Шығармаларымнан, күнделік дәптерімнен, мүмкін, бұдан толығырақ көрінер.
(Ғ.Мұстафин) (178 сөз)

12. АБЫЛАЙ ХАН – ХАЛЫҚТЫҢ БАСЫН ҚОСУШЫ ТҰЛҒА
Абылай орыс жазбаларында Сібір сұлтаны деп жазылған. Шын аты - Әбілмансұр. Белгілі мемлекет қайраткері, саясаткер, елші, қазақ жерінің басын біріктіруші ірі тұлға.Қазақ халқының бостандығы үшін күрескен хан. Орта жүздің ханы. Ресейге мәңгі бағыну жөнінде ол 1739 жылы Орынборда ант берген. Абылай – қазақ хандықтарының басын біріктіріп, елдің тұтастығын сақтауға көп күш салған қайраткер.Абылай-жауға қарсы жорықты үнемі өзі бастаған.
Қазақстанның географиялық және геосаяси жағдайы саяси теңдікті ұстай білудің қажет екендігін үнемі алға тартып отырды. Абылай сұлтан Қытай мен Ресейдің көңілін тауып, арадағы тепе-теңдікті сақтай білді.
1739 жылы Ресей мен Қытай билеушілері онымен қарым-қатынас жасауға көшеді. Абылай қытайлармен сауда-саттық жөнінде және басқа да келісімдер жасайды.
Абылай өз өсиетінде Қытаймен жақындаса отырып, Ресеймен де келісу керек екенін айтып кеткен. Абылайдың ел ішіндегі билігі орнықты болды. Ол тек қана Орта жүздің ғана емес, Ұлы жүздің үйсіндеріне де хан болды.
1781 жылы дүниеден өткен. Оның денесі Қожа Ахмет Яссауи мазары жанына жерленген.
Абылайдың қазақ тарихында ерекше тұлға ретінде көрінуі жеке басының қасиеттеріне тікелей байланысты. Ол халықты сыйлап, оның дәстүрлерін құрметтей білді.( 170)




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   100




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет