4. Еркін түсу үдеуінің полюстегі және экваторлық мәні?
5. Еркін түсу үдеуін физикалық мағынасы
Динамика (гр. dуnamіs – күш) – механиканың түсірілген күш әсерінен материалдық денелердің қозғалысын зерттейтін бөлімі. Динамиканың негізі – механиканың Ньютон заңдары.
Динамика (гр. dуnamіs – күш) – механиканың түсірілген күш әсерінен материалдық денелердің қозғалысын зерттейтін бөлімі. Динамиканың негізі – механиканың Ньютон заңдары.
И.Ньютон тұжырымдаған (1687) классикалық механиканың негізгі үш заңы бар. Бірінші заңы :“Егер денеге сырттан күш әсер етпесе, онда ол тыныштық күйін немесе бірқалыпты түзу сызықты қозғалыстағы күйін сақтайды”. Мұны “Инерция заңы”деп атайды.
Дененің қозғалыс мөлшерінің өзгеруі түсірілген күшке пропорционал және ол күшпен бағыттас болады”. Қарапайым бақылаулар, егер әр түрлі денелерге бірдей күшпен әрекет жасаса, олардың түрліше үдеу алатының көрсетеді. Ньютонның екінші заңы төмендегіше тұжырымдалады: Денеде туындайтын үдеу оған әрекет етуші күшке тура пропорционал, ал оның массасына кері пропорцианал:
. F =ma
Ньютонның үшінші заңы Әрекет етуші күшке әрқашан тең қарсы әрекет етуші күш бар болады. Басқаша айтқанда, денелердің бір – біріне әрекет етушә күштері модулі бойынша өзара тең және бағыттары қарама қарсы: F=-F
Еркін түсу үдеуі
Еркін түсу үдеуі , ауырлық күші үдеуі — еркін материялық нүктенің ауырлық күші әсерінен алатын үдеуі. Мұндай үдеумен кез келген дене ауасыз кеңістікте Жер бетіне таяу биіктіктен құлаған кезде қозғалады. Е. т. ү., ауырлық күші тәрізді, географиялық ендікке және теңіз деңгейінен биіктікке (һ) тәуелді. Еркін тусу үдеуінн жуықтап мына формула бойынша есептеуге болады:
g=9,780327
Ауырлық күші үдеуі
Ауырлық күші — жер бетіне жақын орналасқан кез келген материялық бөлшекке әсер ететін күш. Жердің айналуымен шартталған центрден тепкіш инерция күші мен дененің Жермен гравитациялық әсерлесуінің қорытқы күші. Ауырлық күші (Р) Жердің тарту күші (F) мен оның тәуліктік айналуынан туатын центрден (орталықтан) тепкіш инерция күшінің (J) геометриялық қосындысына тең: Р = F+J. J күшінің полюстегі мәні нөлге, ал экватордағы мәні Р күшінің 1/288 бөлігіне тең. Сондықтан J күшінің үлесі тым аз болғандықтан, Ауырлық кұшінің шамасы негізінен Жердің тарту күші арқылы анықталады. Мөлшері Жер радиусымен салыстырғанда шағын аймақ үшін ауырлық күшінің бағыты Жердің белгілі бір нүктесіне түсірілген перпендикулярмен бағыттас.
Ал оның еркін түсу үдеуі (g) тұрақты шама болады. Бұл жағдайда ауырлық күшінің еркін түсу үдеуі (g) мен Жерге тартылатын дене массасының (m) көбейтіндісіне (mg) тең. Жер бетінен жоғары көтерілген сайын ауырлық күшінің шамасы да біртіндеп азая береді
Галилей идеялары Ньютон механикасының негізі болатын іргетас іспеттес.
Алайда Галилей өз ұйғарымын денелерді ауасыз кеңістікте түсіріп тексере алмады. Өйткені Галилей өмір сүрген XVII ғасырда ауа соратын арнайы қүралдар, сорғылар әлі жоқ еді. Оны тек 80 жыл өткеннен соң И.Ньютон жүзеге асырды. Ол жүргізген тәжірибе Галилей гипотезасының дүрыс екенін дәлелдеді. Ньютон жасаған тәжірибенің мәнісі мынада. Ұзындығы 1 метрдей шыны түтікке корғасын кесегі (бытыра), ағаш қабығынан жасалған тығын және күстың қауырсыны салынады. Түтікті тез теңкерген кезде бұл 20 денелер түтіктің түбіне әртүрлі уақытта жетеді: әуелі бытыра, сосын тығын, ең соңында қауырсын түседі. Ал егер түтік ішіндегі ауаны сорып шығаратын болса, онда денелер бір мезгілде түседі. Осындай ортаның кедергісі болмаган кездегі денелердің тусуі - еркін тусу деп аталады.