Тақырыбы: Джордж Байрон



Дата09.11.2022
өлшемі65,27 Kb.
#157386
Байланысты:
Джордж Байрон



Жеке жұмыс

Тақырыбы: Джордж Байрон

Ұлы ақындардың өмірі олардың қара жердің қойнына кірген мезгілімен аяқталмайды. Көздері тірісінде жыр жұлдызына айналған олар адамзаттың көңіл көгінен жарқырап орын алып, сезім дүниесіне шуағын шашып, шапағын төгіп тұрады. Мұндай жұлдыз мәңгі сөнбек емес. Өмірде бір ұрпақты екінші ұрпақ алмастырып, бір толқын екінші толқынды әкеліп жатса да, жұлдыз жарқыраудан танбайды, қайта уақыт еткен сайын нұрлана, арайлана түседі… Ағылшынның атақты акыны Джордж Гордон Байрон осындай ұлылардың қатарынан, осындай жұлдыздардың шоғырынан орын алған түлға.


Уақыт атты құдірет заман ағымына сай оқырманның да талғам талабын қалыптастырып, титүлы қаламгерлерді де шығармашылығына деген көзқарасын өзгертетіні шындық. Әр ұрпақтың өз Шекспирі, өз Гетесі, өз Пушкин, өз Абайы, өз Мұқағалиі болады, Бірақ мұның барлығы өткінші құбылыс екендігін әдебиет тарихы анық байқатады. Мысалы, Бен Джонсон атты ағылшын драматургін арнайы зерттеушілерден басқа кім біледі? Оны сол дауірде Шекспирден де дарынды деп есептеген. Сондай-ақ Владимир Бенедиктовтің өлендері Пушкин жырларынан көш артық саналған Бірақ мәртебелі сыншы уақыт бәрін өз орнына қойып берді…
Көзі тірісінде Байронды көре алмаушылар да көп болды. Олар ақынды жылт етіп жоқ болатын ұшқынға тенеді. Өз заманында асқақ рухты жырлары арқылы атағы алыска кеткен ақын уақыт өте келе әлемдік поэзияның ең биік шындарынын біріне айналды. Ақынның 200 жылдай бұрын жазған шығармалары бүгінгі ұрпақтын да аса қымбат рухани қазынасы болып отырғандығы осынын дәлелі.
Джордж Гордон Байрон 1788 жылдын 22 кантарында Лондон қаласында дүниеге келген. Ол әкесі жағынан да, шешесі жағынан да ағылшынның байырғы ақсуйектерінің ұрпағы. Алайда болашақ ақынның балалык шағы жоқшылықта өтті. Байрон туған бойдан оның ата-анасы ажырасып кетті. Әкесі Францияға кетіп, көп ұзамай сонда қайтыс болды. Байрон он жасқа толғанға дейін анасымен Эбердин қаласында тұрды. сондағы бес сыныптық мектепте оқыды. Ол үшінші сыныпты бітірген жылы оның атасы Уильям Байрон қайтыс болып, болашақ ақынға мұра ретінде Ноттингем графтығындағы Байрондар әулетінің ежелгі қонысы Ньюстед аббаттығы мен лорд атағы тиеді.
Балалық шақтағы өмірінде болған осы өзгеріс Байрон тағдырына әр қилы әсер еткендігін оның кейіннен жазан шығармаларынан байқауға болады. Ньюстедтегі коныс оның ел, әулет тарихына деген қызығушылығын оятса, лордатағы ақсүйектерше өмір суруге талпындырды.
Байрон 1801 жылы Харроудагы атақты және бай адамдардың балалары үшін ашылған жабық мектепке окуға түсті. Бұл оқу орны шәкірттерді болашақта саяси, дипломатиялық және парламенттік қызмет істеуге дайындаудагы алғашқы баспалдақ болатын.
Харроудағы мектепті бітіргеннен кейін 1805 жылы Байрон Кембридж университстіне оқуга түседі. Байрон өмір сүрген ұлы француз революциясынан кейінгі кезең Еуропа үшін әрі күрделі, әрі дауылды болды. Бұл тұста Англяда "өндірістік" реводюция өршіп тұрды. Байрон өзінің ұлы замандасы Напалеон соғыстарының әсерін жан жүрегімен сезінді. Тағдыр оның мандайына осындай дүлей құбылыстар дәуірінде өмір сүруді жазды.
Бозбала Байронның ой пікірлері оның алғашқы шығармаларынан-ақ көрініс тапты. "Ұшқыр иірімдер" атты 1807 жылы жарық көрген тұнғыш жинағынан-ақ жас ақынның шығармашылық қабілет-қарымы анық танылып, оның өзіндік жазу машығы айқын сезілді, Бұл жинаққа Байроннын төл туындыларымен қатар Эсхил, Еврипид, Анакреон, Вергилий, Гораций жене басқа да ежелгі заман ойшылдарының әдеби мұрасынан аударылған шығармалар еніп, ақынды тамаша аудармашы ретінде де танытты.
Байрон 1809 жылдың маусым айында екі жылга созылған сапарға аттанып. Португалия, Испания, Албания, Туркия жоне Грецияда болады. Осы елдердің тұрғын халқы, олардың өмірі, салт-дәстүрі, мәдениеті, түрмыс ерекшеліктері өзін айрықша қызықтырған ақын осы сапарында азаматтық сарындағы бірнеше өлең жазады. "Чайльд Гарольдтын сапары" атты дастан ақынның осылайша ел көру, жер көруден алған әсерлері мен саяси көзқарасын бейнелеуі негізінде дүниеге келген. Анасының өліміне байланысты шетел сапарынан 1811 жылы оралған ақын Ньюстедте онашаланып тұрып, осы дастанды өндеп, баспаға дайындаған.
Шетелдерге сапарының алдында ғана Байрон парламент мүшесі болып сайланып, лордтар палатасының құрамына енген болатын. Ақындық өнерге де, саясат сырларына да жастайынан кұлшына берілген ол, поэзия майданына ершіл романтизмнің асқақ үнін көтере кірсе, саясат сахнасына әділетсіздікке қарсы күрес туын асқақ ұстап келді. 1812 жылы ағылшын парламенінде станокты қираткан жұмысшыларды атып асу жайлы ұсынысты талқылау барысында сөйлеген сөзінде Байрон бұл шараға ашына қарсы шығып, буқара халықтың тағдырына, оның бейшара тұрмысына аяушылық білдіріп, оларды жауыздық әрекеттен қорғайды,
Байронның парламенттегі қызметі ұзаққа созылған жоқ. Оның көп уақыт өтпей-ақ Англияның ішкі және сыртқы саясатын жүргізіп отырғандар үшін парламенттегі ауыр пікірталастар мен үкіметке айтылып жаткан сынның еш әсері жоқ, бес арамтер болу екендігіне көзі жетті. 1813 жылы ол өз күнделігіне "Парламенттегі комедия әбден жалықтырды…" – деп жазыпты (Байрон. Күкделіктер. Хаттар. М.,1963 ж., 48-бет).
Әлем поэзиясында ұлы лирик ақын ретінде өзіндік орны бар Байрон 1807 жылы жарык корген "Үшқыр иірімдерден" соң лирикалық өлеңдерінің жеке жинағын шығарған жоқ Оның өлеңдері журнандарда жарияланды, анда-санда көлемді дастандарына қосылып жарық көрді. "Чайльд Гарольдтың сапарынан" кейін ақын өзінің шетелдерді аралаудан алған әсерлері ретінде шығыс дастандарын жазды. Олардың ішнінде "Гяур" (1813) мен "Лара" (1814) әдебиеттегі табысты, жағымды құбылыс ретінде танылды.
Ұлы ақынның жеке өміріндегі трагедия де бір адамның басына жетерлік. Байронның 1803 жылы Ньюстед аббаттығында көршілес тұрған Мэри Эни Чапортқа ғашык болуы баянсыз аяқталады. Ақын осы аруга деген сезімін қашан көзі жұмылғанша жоғалтпай өтті. Байрон 1815 жылы Аннабелла Мильбэпк есімді қызға үйленеді. Алайда күйеуімен бір жылдай тұрған Аннабелла бір айлык кызы Аданы алып ажырасып кетеді. Байрон осыдан кейін өзінің қызын көрген жоқ. Ақын Англиядан безіп, оны мүлдем тастап кетеді. Бұл оқиға 1816 жылдың сәуір айында болды. Швецарияға жүрер алдында ол өзінің Мильбэпкке арнаған “Кеш кінәмді" атты өлеңін жазады.
Мильбэпкке арналған "Кеш кінәмді" атты әйгілі өлеңін жазды, Швейцарияда ұзақ бөгелмеген ақын Венецияга кетті. Венеция тағдыр талқысына түскен акынға екінші отан болды деп айта аламыз. Осы жылдарда Байронның шабыты шалқып, өнімді енбек етті, "Манфред" драмасы, "Қабыл" мистериясы, "Шильон түтқыны", "Дон-Жуан" дастандары осы кезеннің жемісі.
1823 жылдың желтоқсан айында Байрон Италиядан Грецияга кетеді. Ол грек халқының азаттық үшін күресіне өз үлесін қосқысы келеді. Байрон өз қаражатын жұмсап әскери жасақ құрып, соны баскарып жүргенде ауыр науқасқа шалдығып, 1824 жылдың 19 сәуірінде қайтыс болады. Оның қазасын Греция ұлттық траур деп жариялап, оның өліміне әскербасыларға көрсетілетін құрмет рәсімі жасалды. Ақын қазасына әлемнің мәдени қауымы қатты қайғырды. Оның мәйіті отанына жеткізіліп, Ныюстед маңындағы шіркеуге жерленді.
Байронның әлем әдебиетіне тигізген әсері, жасаған ықпалы - көлемді әңгіме, терең зерттеуге негіз боларлықтай. Қай елдің әдебиетін алсақ та, барлығында Байронға еліктеу бар деуге болады.
Ағылшынның ұлы ақынының дауысын қазақ даласына ең бірінші болып Абай жеткізді, Абай Байронның "Көңілім менің каранғы" атты өлеңінің алғашкы екі шумағын М. Лермонтов орысшаға аударған нұскасынан қазақшалаған, Байрон шығармаларымен казақ оқырмандарын таныстыру тек соғыстан кейінгі жылдарда ғана айтарлықтай қолға алынды. Бұл шаруаға Тайыр Жароков, Қанижан Беккожин, Хамит Ергалисв, Сырбай Мәуленов, Ғафу Қайырбеков, Сағи Жиенбаев, Тұманбай Молдағалиев және тағы да басқа дарынды ақындардың үлкен шоғыры ат салысты. Ағылшынның ұлы ақынының әдеби мұрасын қазақшалауда әсіресе Қазақстанның Халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Ғафу Қайырбековтың еңбегі орасан зор болғандығын айрықша атап өтуге тиіспіз.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет