Білімділік:Кең жазира қазақ даласының атақты билері туралы мағлұмат беру, ұлылардың өмірі және ерлік істерімен танысу, ел қамын ойлап, «туған жер» - деп өткен билер туралы сыр шерту, үш ұлы биі туралы білімдерін тереңдетіп, шығармашылыққа баулу.Қаратпа сөздер туралы мағлұмат беру
Дамытушылық:Өз бетінше жұмыс жасау қабілеттерін,оқушылардың өз ойларын еркін жеткізе білуге, жеке тұлғалық қабілеттерін дамыту, шығармашыл ізденіске бағыттау, ізденімпаздық ой - өрісін кеңейту, сөйлеу мәдениетін дамыту.Оқушылардың ақпарат көздері, тапсырмалар арқылы білімдерін жетілдіру. Теориялық материалдарды жүйелі, тиянақты баяндауға дағдыландыру.
Тәрбиелік:: болашақ ұрпақты ізгілікке, адамгершілікке, елжандылыққа, ұлы билердің өмірін, еңбегін үлгі ете отырып, туған халқы үшін аянбай еңбек етуге, мейірімділікке, әділдікке, адалдыққа, ерлікке, елінің адал перзенті болуға тәрбиелеу.
Жәңгірұлы Тәуке хан (1626-1718) – Қазақ хандығының ханы, Салқам Жәңгір ханның баласы. Шешесі – қалмақтың хошоуыт тайпасының билеушісі Кунделен-тайшының қызы. Ол таққа отырып, әке ісін алға жалғап, оның саясатын жүргізгенімен, оны жүзеге асыруға келгенде бұрынғы сүрлеумен кетпей, өзіндік жаңа жолмен жүрді. Тәукені өзге қазақ хандарынан ерекшелеп, оның шын мәнінде көреген басшы, ақылды реформатор екенін танытанын қасиеті де осы өзіндік жолмен жүруінде. Бұл ретте ол ұлы бабасы Қасым ханға қарай бейімделеді.
“Жеті жарғы”баптары
1-жарғы (бап). Көтеріліс жасап, бүлік шығарған кісілерге өлім жазасы бұйырылсын.
2-жарғы (бап). Түркі халықтарының мүддесін сатып, елге опасыздық еткендер өлім жазасына бұйырылсын.
3-жарғы (бап). Мемлекет ішінде жазықсыз кісі өлтіргендер өлім жазасына бұйырылсын.
4-жарғы (бап). Өзге біреудің әйелімен зинақорлық жасап, ақ некені бұзғандарға өлім жазасы бұйырылсын.
6-жарғы (бап). Төбелесте мертігудің түріне қарай төмендегі мүліктей қүн төленсін:
а) біреудің көзін шығарған кісі айыпқа қызын береді, қызы болмаса, қыздың қалың малын беруге тиіс;
ә) төрт мүшенің бірін мертіктірген кісі ат береді.
7-жарғы (бап). Ұрланған жылқы, өзге де қүнды мүліктер үшін он есе артық айып төленсін.
Сабақты бекіту:
“Егер мен би болсам..................”
Қорытынды:
Ел аузында: Төле тауып айтады, Қазыбек қазып айтады, Әйтеке жарып айтады, - деген сөз бар. Оның мәнісі Төле би – ақылды, әділ адам болған. Қазыбек би – шешен, тапқыр, батыл кісі болған. Әйтеке би шешендігі-мен қоса ел билеген кісі болған. Үшеуі де – халық қамын ойлаған кісі болған. Төле би Ұлы жүзді, Қазыбек би Орта жүзді, Әйтеке би Кіші жүзді басқарған.
Үйге тапсырма:
8-тапсырма «Ел басқарудың кешегісі мен бүгіні» атты тақырыпта шағын шығарма