1-нұсқа
Әлбетте хандықтан үміткер адам біреу, екеу емес, әлденешеу болады. Қазіргі тілмен айтқанда, хандыққа кандидат болып тіркелудің, яғни, санатқа енудің ең басты шарты – үміткердің Шыңғыс хан әулетінен болуы.
Ежелгі түркі қият руынан шыққан Шыңғыс хан ұрпағы қазақ Ордасында ақсүйек, яғни, айрықша текті әулет деп саналған. Бұл әулеттің қазақ тілдегі атауы – төре. Қазақ ордасының туын көтерген Керей хан, Жәнібек ханнан тараған ұрпақ уақыт оза келе өсіп-өніп, көбейіп, тұтас руға айналған және қазақтың үш жүзіне ортақ саналған. Бұл – ел бірлігі үшін аса мәнді рәсім болды. Осының нәтижесінде хан сайлау – ру сайлауынан тысқары, барлық ұлыс үшін тең жағдайдағы ортақ жауапкершілік, ортақ игілікке айналды. Жаңа ханды сайлау ашық түрде, жария жағдайда өткізілген. Әуелі барлық ұлысқа сауын айтылады. Жұртшылық белгілі бір жерге, көбіне-көп Түркістанға, Әзірет сұлтан дүрбесінің саясына жиналады.
Хан сайлау рәсімін көруге, белгілі бір мөлшерде сырттай болса да атсалысуға ұлыстағы кәрі-жастың бәрінің де хақысы бар... Бақыр басты әрбір кісінің кеңесші дауысы бар.
Әйткенмен, шешуші дауыс – ел ағаларына тиесілі. Бұлар – жұрт ұстаған сұлтандар, рубасы билер, әскербасы батырлар және ерлігімен я билігімен топтан озған игі жақсылар.
1.Мәтін идеясы неде?
А) Би сайлауы
В) Шыңғысхан шежіресі
С) Дала демократиясы
Д) Ханның міндеті
Е) қазақ ордасы
2.Хан болу үшін қойылатын ең басты шарт.
А) Түркістаннан болу керек.
В) Бидің баласы болу керек.
С) Батыр болу керек.
Д) Оқыған болу керек.
Е) Төре болу керек.
3. Ханды сайлау үшін жиналатын мекен.
А) Көкшетау, Сырымбет.
В) Түркістан, Әзірет сұлтан.
С) Абай туған өлке.
Д) Сарыарқа.
Е) Ордабасы.
4. Текті әулетке кімдер жатқан?
А) Батырлардың ұрпағы
В) Билердің ұрпағы
С) Шыңғыс хан ұрпағы
Д) Білге қаған ұрпағы
Е) Ахмет Ясауи ұрпағы
Айнабұлақ! Мыңбұлақ! Өмірге тұңғыш келгенімде дүниеде теңдесі жоқ нәрлі суымен мені шомылдырған, мені жуындарған бұлақ. Мен алғаш суын ішкен, мені әлдилеп сүйген, туған жерім Мыңбұлақ... Біз де сүйек, еттен жаралған жанбыз. Біздің жанымызды тебіренте соққан жүрек болаттан құралған емес, бірақ біздің жүрек-отты жүрек. Оның оты болатты ерітіп, жаңқадай жандыратын от. Біздің жүрегімізде қауіп-қатерді көтеріп, өлімді жеңетін бір жарық,-ана сүтін ақтап, туған елді, Отанымызды сүю сезімі. Бізде ер атасы- махаббат, өмір тасы – халық, ел намысы-ер қолында. Біз намысты елдің ұлымыз. Жеңілмес күшіміз сонда.
Бауыржан Момышұлы
5.Мәтінде «жаңқадай жандыратын от» дегені не?
А) Намыс
В) Жүрек
С) Айнабұлақ
Д) Махаббат
Е) Мыңбұлақ
6.Берілген мақалдардың қайсысы мәтіннің түйінін ашып тұр?
А) Талапты ерге нұр жауар
В) Ерлік тәрбиеден туады
С) Ерлік пен еңбек – егіз
Д) Атадан ұл туса игі, ата жолын қуса игі
Е) Туған елдей ел болмас, туған жердей жер болмас
Түһ, түн неткен қараңғы еді! Жұлдыздар да шілде ортасындағыдай шүпірлей қапты. Анау – темірқазық, анау – жетіқарақшы. Анау – ақбоз, көкбоз... Анау... Апырау, ат құлағының арасынан қылаңытқан күлдей бозаң шоғыр үркер ғой! Жарықтық, бұдан солғын жұлдыз жоқ шығар. Бірақ, соған қарамастан, қаншама самала шырақтар самғаған түнгі аспанда оны көзің бірден шалып тұр-ау! Оның сиқыры неден екен? Әлде жұп ажыратпай бірге туып, бірге бататынынан ба? Жұлдыз екеш жұлдыз да неғұрлым саны аз, неғұрлым жарығы солғын болған сайын жиі тұмаса, көзге түсе алмайтындарын білген ғой! Өздері неткен ыңғайтөк еді! Жаздың жаңбырлы, құрғақ, қыстың жайлы, жайсыз боларын жұрт осы Үркерге қарап біле қояды. Бәрін алдын ала осы бір шөкім солғын шырақтар сезіп қоятындар. Бәлкім, мынау бірін-бірі иықтап, бірін-бірі төбеден нұқып жатқан әумесер дүниеде аз халықтарға да осы Үркер мінез керек шығар! Бәлкім, олар мынау ұйтқымасы көп аласапыран дүниеде тек Үркердей тығыз тұрып, дауыл мен боранды Үркердей алдын ала біліп алдын ала ыңғайға аунап отыра алса ғана, аман қала алатын шығар...
Жолға шыққанда Үркердің маңдайынан туғанын жақсылыққа жорымаушы ма еді! «Үміт артсаң, Үркерге қара!» деуші еді гой.Желтоқсанда да Үркердің ат құлағынан асып көтерілмегені алдағы қыстың жайлылығы шығар.Алдыңда жақсылықтан асқан бақыт бар дейсің бе!
Үркердің қарсы алдыңнан туған маңдайынан ашылайын дегені ме екен?!
Не де болса үміт бар ғой.Қаршадай Ералы көз көрмеген алыс жолға сол үмітпен аттанды ғой. Бұрын қайда аттап басса да, үрей анталап тұмаушы ма еді.Жоңғар қайтер екен, қалмақ қайтер екен, башқұрт қайтер екен деп қаралай қылпылдап бітуші ек ғой. Енді, не де болса, бір үміт бар емес пе.
Ендеше, мынау Үркер де жақсылығымен туған шығар. Тек бұның, тек мынау талайды көріп, талай тауға басын соққан көнтері жұртының алдынан ылғи осылай үміт шырағы туып тұрғандай!(285 сөз)
Ә.Кекілбайұлы «Үркер», «Жазушы» баспасы.
7.Мәтіннің бірінші азатжолы қандай үлгіде жазылған?
А)Баяндау
В)Пайымдау
С)Әңгімелеу
Д)Сипаттау
Е)Суреттеу
8. «Не де болса үміт бар ғой. Қаршадай Ералы көз көрмеген алыс жолға сол үмітпен аттанды ғой» деп кейіпкердің қандай қасиетін көрсетіп тұр?
А)Мақсатшылдығын
В)Тәуекелшілдігін
С)Жігерлілігін
Д)Сабырлылығын
Е)Ұстамдылығын
9. «Халық не себептен «Үміт артсаң, Үркерге қара!» деген?
А)Түн жарық болатындықтан
В)Түн жылы болатындықтан
С)Жақсылыққа жорығандықтан
Д)Дәстүрді құрметтеген
Е)Бағыт сілтеуші болғандықтан
10. Автордың «...Тек бұның, тек мынау талайды көріп, талай тауға басын соққан көнтері жұртының алдынан ылғи осылай үміт шырағы туып тұрғандай!» деп аяқтауының мақсаты қандай?
А)Халқына жанашыр болу
В)Халқының жолын ашу
С)Халқына қамқор болу
Д)Халқына сенім арту
Е)Халқының қамын ойлау
11. Мәтін мазмұнына сәйкес «Бәлкім, мынау бірін-бірі иықтап, бірін-бірі төбеден нұқып жатқан әумесер дүниеде аз халықтарға да осы Үркер мінез керек шығар!» деу арқылы автор қандай нәрсеге назар аудартады?
А)Сенімділік
В)Болжампаз
С)Сабырлылық
Д)Турашылдық
Е)Шынайылық
12.Мәтіннің тақырыбы қандай?
А)Дала аспаны
В)Жұлдыз сыры
С)Жақсылық нышаны
Д)Ырымшыл халық
Е)Үміт шырағы
1.Мидия, Лидия, Вавилония және Египетті басып алған парсы патшасы Кир ендігі кезекте өзіне көмектескен сақ жеріне көзін алартады. Кең далада емін-еркін жүріп өскен сақтардың күш-қуатын білетін Кир массагеттер жерін айламен өз қарамағына өткізуді қарастырады.
2.Бұл кезде сақ патшасы қайтыс болып, елді оның жесірі Томирис басқарып тұрған еді. Осы сәтті жақсы пайдаланғысы келген Кир елшісі арқылы Томириске құда түсіп, әйел қылып алғысы келетінін білдіреді. Бірақ Томирис Кир өзіне емес, массагеттер патшалығына құда түсіп отырғанын түсініп, оның ұсынысынан бас тартады.
3.Тарихи аңыздарға қарағанда, Кир Томиристің жауабына қанағаттанбай, әскерлеріне жарлық беріп, соғысқа дайындала бастайды. Жауынгерлеріне қажетті азық-түлік, қару-жарақ өткізу үшін Аракс (қазіргі Арыс немесе Сыр өзені болуы мүмкін. - А.Ә.) өзеніне көпір салуға құрылысшыларына әмір береді. Өзенге көпір салынып, жеріне қауіп төнгенін сезген сақ патшасы:
- Мидия патшасы! Сен өз патшалығыңды билеп алсаң да жетеді. Біздің жерге көзіңді тікпе. Соғыспай-ақ қояйық. Ал бұл айтқанға көнбесең, көпір салып әуре болмай-ақ қой. Егер сақ жерінде соғысқың келсе, біз үш күндік жерге шегінейік. Сендер еш алаңсыз өзеннен өтіп алыңдар. Оған да көнгің келмесе, онда сендер үш күндік жерге шегініңдер, біз сендердің жерлеріңе өтіп, сонда соғысайық, - деп елші арқылы сәлем айтады.
4.Уәзірлерімен ақылдаса келе Кир сақ жерінде соғысуды қалайды.Томирис айтқан уәдесі бойынша үш күндік жерге шегініп, парсы әскерлеріне Аракс өзенінен өтуге мүмкіндік береді Бірнеше күндерден кейін парсылар мен сақтардың барлаушы топтары кездесіп, қиян-кескі арпалыс басталады. Қайшыласқан айқаста Томиристің ұлы Спаргапис бастаған сақ жауынгерлері жеңіске жетеді. Бірақ бұл уақытша жеңіс еді. Спаргапистің ержүрек сарбаздары парсы әскерлерінің аз ғана тобымен қақтығысқан болатын.
5.Алғашқы жеңісті тойлап отырған Спаргапис әскерінің үстіне Кирдың негізгі қолы келіп, көбін қырып жіберіп, біразын тұтқынға алады. Тұтқындардың арасында Спаргапис те бар еді.Мұны естіген Томирис шұғыл түрде Кирга елші жіберіп:
- Мидия патшасы! Сен мына болмашы жеңісіңе мақтанба!Сендер ашық айқастан қашқақтап, менің ұлымды айламен алдыңдар. Кир, енді сен менің ақылымды тыңда.Тұтқынға түскен ұлымды кайтар да, аман-есеніңде еліңе қайт.Бұған құлақ аспасаң, Тәңірімнің атынан ант етемін, қанша қомағай болсаң да мен сені қанға тұншықтырамын, -деп өз сәлемін жеткізеді.Кир Томиристің сөзіне мән бермейді. Парсы патшасының жарлығымен алдына алып келінген сақ ханзадасы қынабындағы қанжарын өзінің жүрегіне қадайды.Парсылардың мазағына тапталғысы келмеген Спаргапис ажалдан намысты жоғары қояды.
6.Баласының мерт болғанын естіген Томирис парсыларға қарсы жорығын бастайды.Екі жақтың да жауынгерлері шегінбестен ұзақ уақыт соғысады. Ақырында сақтар жеңіп, парсы әскерінің тас-талқанын шығарады.Жан алып, жан беріскен осы қақтығыста Кир патшаның өзі де бақилық болады.Парсы патшасының мәйітін тапқызып, басын алдырған Томирис: "Сен менің ұлымды зұлымдықпен мерт етіп, мені тірідей өлтірдің.Сондықтан да сені қанға тұншықтыруға ант берген едім Енді сол қанды тойғаныңша іш", - деп, кесілген басты қанға толы торсыққа салуды әмір етеді. Сақтардың әйел патшасы өз антын еш бұзбастан орындаған екен.
13.Автордың мәтінді жазудағы мақсаты қандай?
А)Кирдің жеңісін мақтан ету
В)Мидия патшасының ақылдылығын дәріптеу
С)Сақ патшасының ержүректілігін өнеге тұту
Д)Спаргапистің соғыстағы жеңісін үлгі тұту
Е)Парсы патшасының батылдығын насихаттау
14.Спаргапистің жеңісі неліктен уақытша жеңіс саналады?
А)Соғыс күші жетіспегендіктен
В)Қиян-кескі ұрыс болғандықтан
С)Соғысқа азғана әскерін қатыстырғандықтан
Д)Батырлар жеңісін тойлағандықтан
Е)Жаудың шағын тобымен соғысқандықтан
15.Кир қандай патша?
А)Ақымақ
В)Ақылды
С)Батыл
Д)Ашкөз
Е)Ержүрек
16.Спаргапистің намысшылдығы қай азатжолдан көрінеді?
А)Үшінші
В)Екінші
С)Бесінші
Д)Төртінші
Е)Бірінші
17.Екінші азатжолдың үшінші азатжолға қатысы қандай?
А)ойды салыстырады
В)Ойды дамытады
С)Ойды қорытындылайды
Д)Ойды пайымдайды
Е)Ойды тұжырымдайды
18.Кир неліктен Томириске құда түсті?
А)Сұлулығына көзі түсті
В)Сақ елін иеленгісі келді
С)Қамқор болғысы келді
Д)Әйелдікке алғысы келді
Е)Байлығына қызықты
19.Неліктен Томирис Кирдің ұсынысынан бас тартты?
А)Елінің тәуелсіздіген ойлағандықтан
В)Парсы жерінде тұрғысы келмегендіктен
С)Соғысқа дайын болғандықтан
Д)Өзі ешкімге тәуелді болғысы келмегендіктен
Е)Кирді ұнатпағандықтан
20. Томирис неліктен парсы патшасының мәйітін іздетті?
1.Патшаның өлгеніне көз жеткізу үшін
2.Сертін орындау үшін
3.Ұлының кегін алу үшін
А) Біріншісі дұрыс
В) Барлығы дұрыс
С) Барлығы дұрыс
Д) Екіншісі дұрыс
Е) Үшіншісі дұрыс
2-нұсқа
Ұзақ жолдан шаршаған сауда керуені сары далада аялдап ас ішіп, тамақтанбақ болады.
Біраз адамдар даланы шарлап, тезек іздеп кетеді. Сөйтіп, жүргенде бір тышқанның інінен шығып жатқан түйір*түйір қара домалақ тастарды көреді. Қызық көріп жинап, қап түбіне салып алып келеді. Шамалы жиналған тезекпен тағы от жағып қойып, бір адам тастарды уыстаған күйінде жанған отқа қарай лақтыра салады. Отқа түскен түйір қара тастар қызуы күшейіп, жанады. Көрген керуеншілер: «Жанатын тас шығатын жер екен. Бір белгі қойып кетейік. Елге барған соң, басқаларды ертіп келіп, өнім аламыз», – дейді. Саудалауға әкетіп бара жатқан үлкен кесек тұзды бірінің үстіне бірін қойып қалдырып кетеді.
(Қазақ тілі хрестоматиясы)
1.Берілген тұжырымдардың қайсысы мәтіннің мазмұнына сәйкес келеді?
1.Саудагерлер тоқтаған жерден тұз табылады.
2.Айтылған оқиға көмір кенінің ашылуына себепкер болды.
3.Мәтінде сипатталған оқиға Екібастұз қаласының атауына әсер етті.
А) Біріншісі мен екіншісі
В) Тек біріншісі
С) Тек екіншісі
Д) Тек үшіншісі
Е) Екіншісі мен үшіншісі
2.Жаңа отын түрінің табылуына себеп болған жағдай.
А) Саудагерлердің жол жүруі
В) Тұзды қалдырып кетуі
С) Жылтыр тастарға қызығуы
Д) От жағу үшін отын іздеуі
Е) Тышқанның інін табуы
Бұрын бір тышқан болыпты. Ол өте ақкөңіл, достарымен тату екен. Бірақ жаңа келген мысық оны жегісі келіп тыныштық бермепті.
Бір күні оның ұйықтап жатқанын көрген мысық байқамаған болып жалпақ табанымен жаншып өтті. Шошыған тышқан орнынан қарғып тұрып мысыққа:
– Мен ешқашан басқаларға жамандық жасаған емеспін. Сен неге маған өшігіп жүрсің? – дейді. Мысық тәкаппарлана:
– Саған тышқан бол деген кім? Тышқан екенсің, жеуге тиіспіз! – дейді.
Оның түпкі ниетін байқаған тышқан содан былай сақтанып, бұрыш-бұрышта тығылып жүретін болыпты.
Бір тәуірі мысық өте ұйқышыл екен. Басы жастыққа тиді болды, қорылдай кетіп, қанша оятса да оянбайды екен. Мұны білген ақылды тышқан ебін тауып, ұйықтап жатқан дұшпанының мойнына қоңырау байлап қойыпты. Сөйтіп, жүрген сайын сылдырайтын қоңыраудың арқасында алаңсыз алаңсалаңсыз ұйықтап, еркін жүретін болыпты.
3. Мәтін мазмұнына сай тақырыпты таңдаңыз.
A) Ұйқышыл мысық
B) Жаңа дос
C) Тату-тәтті өмір
D) Қулығын асырған тышқан
E) Мысық пен тышқан
4. Мәтіннен мысықтың қай қасиеті байқалады?
A) Өркөкіректігі
B) Мақтаншақтығы
C) Айлакерлігі
D) Жалқаулығы
E) Батырлығы
5.Тышқанның алаңсыз өмір сүруіне негіз болған жағдай.
А)Батылдығы
В)Шыдамдылығы
С)Шапшаңдылығы
Д)Тапқырлығы
Е)Ептілігі
6.Мәтін мазмұнына сай мақалды табыңыз.
А) Ежелгі дұшпан ел болмас
В)Жалғыз қаздың үні шықпас
С)Диірменде туған тышқан тарсылдан қорықпас
Д)Екі қошқардың басы бір қазанда піспес
Е)Досы көпті жау алмайды
1.Балаға ат қоюдың қаншалықты маңызды екеніне мән бермейтіндер көп. Сол себепті де, әдемі естілетініне қызығып, көбінесе мағынасыз аттарды қоя салады.
2.Бір қызығы, сәбидің қай мезгілде, қай айда дүниеге келгендігі де оның мінезінің қалыптасуына ықпал ететін көрінеді. Деректерге сүйенсек, қыста ынталы, талапты балалар дүниеге келеді. Кілең жуан дыбыстардан тұратын қатқыл есімнің қойылуы олардың осы қасиетін одан әрі ұштап, дамыта түседі. Желтоқсанда туған балалар тік мінезді, өте өктем, ал қаңтар мен ақпанда туған балалар байсалдырақ болады. «Бірақ қыста туған сәбилер есейгенде өздерінің қырсықтығының кесірінен ешкіммен сыйыса алмай қиналады. Олар әрдайым елдің алдында болғысы келеді. Егер сіз оның табиғат берген қатал мінезін жұмсартқыңыз келсе, жұмсақ есім таңдаңыз», дейді экстрасенс Заман Сыпатаев.
3. Сыпатаевтың айтуынша, көктемде туған балалар тез ренжігіш, сезімтал, әсершіл. Олардың көбі тумысынан дарынды, бірақ өздеріне сенімді емес. Осы жасқаншақ, жігерсіз жұмсақ мінезі олардың көшбасшы болуына кедергі. Сондықтан, қайраттандыру үшін оларға қатқыл есім таңдаған жөн.
4. Жазда туған балаларға, негізінен белсенділік пен тәкаппарлық, батылдық тән.
5. Күзде туған балалар өте әмбебап, алғыр және сабырлы. Не істесе де, көп ойланып-толғанады. Бірақ мінездері жеңілтектеу. Оларға ат таңдау соншалықты қиын емес, себебі күзгі балалардың табиғатына ештеңе әсер етпейді.
6. Заман мырза жалпы балаға ат қоюда есімдер құпиясын ескеру керектігін айтады. Біріншіден, есім қалай дыбысталады, соған мән берген жөн. Әрі қарай, мағынасына көңіл бөлу керек. Мәселен, қыз балаға сұлулық, парасаттылық, ақылдылық қасиеттерін қамтитын есімдер лайық. Ал балаңыз ұл болса және сіз оның болашақта қажырлы да қайратты, дәулетті және ер мінезді азамат болып өскенін қаласаңыз, есімін де соған орайластырып қойғаныңыз абзал. Ең бастысы, өз балаңыздың қандай болғанын қалайсыз? Есімін де соған қарай таңдаңыз. Ат қою – өте жауапты іс. Сонымен қатар, әрбір ата-ана өз баласының бақытты, табысты болуына және үйлесімді өмір сүруіне ықпал ете алады. (267 сөз)
7. Мәтіндегі мәліметке сәйкес балаға ат қояр кезде нені ескеру керек?
A) Сөздің жаңалығын
B) Әріптердің санын
C) Сөздердің тіркесуін
D) Есімнің дыбысталуын
E) Есімнің әдемілігін
8. Қай кезеңде туған балалардың мінезін қатқыл есім өзгерте алады?
A) қыста
B) көктемде
C) жазда
D) барлық мезгілде
E) күзде
9. Үшінші бөлімге сәйкес қандай есімдер қоюға болады?
A) Жамал, Ақылгүл
B) Дана, Сабыржан
C) Қымбат, Әсем
D) Жібек, Меруерт
E) Қайсар, Батырхан
10. Қандай пікір мәтіндегі негізгі ойға сәйкес келеді?
A) Есімді ай атауына байланысты қойған жөн
B) Балаға әдемі естілетін есім таңдаған жөн
C) Есімнің мағынасына назар аударған жөн
D) Есімді құрметті адамдарға қойдырған жөн
E) Есімді заманына сәйкестендіріп қойған жөн
11. Қандай мезгілде туған балалардың мінездері бір-біріне қарама-қайшы?
A) Қыс-жаз
B) Жаз-күз
C) Қыс-көктем
D) Көктем-күз
E) Күз-қыс
12. Мәтіндегі ойға сәйкес жаңа туған балаға ненің әсері көп?
A) Ата-ана таңдауы мен ауа-райының
B) Есімі мен күн мезгілінің
C) Жыл мезгілі мен есімінің қатқылдығы
D) Ай атауы мен есімінің қатқылдығы
E) Ауа райы мен жыл мезгілінің
Сіздің назарыңызға 2 мәтін ұсынылады. Бірінші мәтін – әлем чемпионы, қазақстандық Геннадий Головкиннің журналистерге берген сұхбаты. Екіншісі – Геннадий туралы танымал спортшылардың айтқан пікірлері.
Геннадий Головкиннің сұхбатынан
(1)«Рингтен тыс жерде менің басқа өмірім бар. (2) Рингтен басқа жерде мен жай ғана қарапайым жігітпін. (3) Ал спорт – менің жұмысым, сондықтан мен оған өте жауапкершілікпен қараймын. (4)Мәселен, мен кеңседе қызмет етсем, ол жерде де дәл солай істер едім. (5) Шаршы алаңға шығу – ойын емес. (6) Мен өз жұмысымда 100 пайыз қырағы болуым керек. (7) Өзімді осы 34 жасымда 25 жасымдағыдай сезінемін. (8)Ал 40 жасымда осы спортта қала аламын ба? (9)Мен Құдай емеспін. (10) Мүмкін, мен осы кездесуден кейін спорттық мансабымды аяқтайтын шығармын. (11) Бұл – бокс. (12) Ал дәл қазір мен өзімді өте жайлы әрі сергек сезінемін», деген боксшының сөздерін Daily Mail басылымы келтірді. Былғары қолғап шеберлерінің сөзінен
Леннокс Льюис, ауыр салмақтағы әлем экс-чемпионы: Геннадий әлемдегі үздік үштікке кіретін боксшы. Олар – Мэйвезер, Уорд және Головкин.
Шугар Рэй Леонард, америкалық боксшы: Головкин – күш. Егер, ол Коттоға қарсы жекпе-жек өткізсе, жанкүйерлерге нағыз сыйлық болар еді.
Адриан Гонсалез: америкалық танымал бейсбол ойыншысы: Хулио Сезар Чавес менің әр уақыттағы сүйікті боксшым болған. Ал қазір маған Геннадий GGG Головкиннің боксы ұнайды. Ол – жақсы боксшы.
Сауль Альварес: WBC нұсқасы бойынша әлем чемпионы: Головкин – әлемнің үздік боксшысы. Алдағы уақытта онымен жекпе-жек өткізгім келеді.
Джим Лэмпли, HBO телеарнасының комментаторы: Геннадий Головкин – Майк Тайсонға ұқсайтын жалғыз боксшы.
Кіші Рой Джонс, 4 салмақ бойынша кәсіпқой бокстан Әлем чемпионы: Геннадий Головкин бокстағы – «құбыжық». Ол орта салмақтағы – жас Майк Тайсон.
Андре Берто, орта салмақтағы әлемнің экс-чемпионы: Геннадийдің қолы балға секілді. Қарсыластарын тек нокаутқа жіберуге арналған сияқты. Оның қарсыластары қанша жерден бетін жауып қорғанғанымен, бәрібір нокаутқа ұшырайды.
Кен Хершман, HBO президенті: Меніңше, Геннадий Головкин – бокс әлемінің жұлдызы. Геннадийде қазір барлық мүмкіндік бар. Біріншіден, ол өте мықты, екіншіден ол кез келген боксшымен салмақ дәрежесіне қарамай жұдырықтасуға дайын.
Фредди Роуч, америкалық бапкер: Мен Головкин туралы жақсы сөздерді жиі естимін. Ол үздік боксшы, бірақ оның жекпе-жектерін көрмеппін. Оның жекпе-жектеріне (Геннадий) HBO телеарнасы қызығушылық танытып, түсіріп жүр. Демек, ол – әлемнің мықты боксшыларының бірі.
Владимир Кличко, украиналық боксшы: Меніңше, Геннадий сияқты адам боксқа керек .Ол жеңіске өз күшімен жетіп жүр, ешқандай жасанды жеңісі жоқ.Оны жұрттың бәрі біледі. Бокс жанкүйерлері оны құрметтейді.
13. Берілген мәтіндерді публицистика стиліне жатқызуға бола ма?
A) Екеуі де жатпайды
B) Тек біріншісін
C) Бұл дидарластық сөз
D) Тек екіншісін
E) Екеуі де жатады
14. Геннадий қай спортшының талғамының өзгеруіне себепкер болды?
A) Владимир Кличко
B) Адриан Гонсалез
C) Джим Лэмпли
D) Шугар Рэй Леонард
E) Андре Берто
15. 1-мәтіндегі 8-10-сөйлемдер автордың қандай көңіл күйін білдіреді?
A) Қорқынышын
B) Болжағыштығын
C) Сенімділігін
D) Ренішін
E) Алаңдаушылығын
16. Келесі тұжырымдардың қайсысы мәтінге сәйкес келеді?
1. Осы кездесудің жеңіспен аяқталатыны айқын.
2. Осы кездесудің жеңіліспен аяқталатыны айқын.
3. Геннадийдің өз қабілеті мен күшіне сенімі мол
A) 2-ші дұрыс
B) 3-ші дұрыс
C) 1-ші дұрыс
D) 1-ші мен 3-ші дұрыс
E) барлығы дұрыс
17.Спортшының парызы туралы бірінші мәтіннің қай сөйлемінде берілген?
А)Бірінші
В)Төртінші
С)Оныншы
Д)Үшінші
Е)Он екінші
18.Қандай спортшылар Г.Головкинді М.Тайсонға ұқсатты?
А)Андре Берто, Фредди Роуч
В)Леннокс Льюис, Адриан Гонсалез
С)Кіші Рой Джонс, Джим Лэмпли
Д)Владимир Кличко, Фредди Роуч
Е)Шугар Рэй Леонард, Джим Лэмпли
19. Бірінші мәтіндегі 7-сөйлемге сәйкес келетін тұжырым.
1. Шынықсаң шымыр боласың
2. Денсаулық байлықтан да қымбат
3. Ақылды орнымен сөйлер де, жауабын күтер.
A) Бірінші мен екіншісі
B) Тек үшіншісі
C) Тек біріншісі
D) Тек екіншісі
E) Екеуі де бұрыс
20. Қандай жауап Геннадийдің бойындағы негізгі қасиетті сипаттайды?
A) Еңбекқор
B) Қырағы
C) Тәуекелшіл.
D) Аса ұғымтал
E) Тым қарапайым
3-нұсқа
Сары домбыра мені тез-ақ баурап алды. Күнде жұмыстан соң саусақтарым шымырлап, бойымды зарық буып, үйге асығам. Төргі қабырғада ілулі тұрған қу тақтайды қолға алғанша тағат таппаймын.
Алғашқы құмығыңқы үнмен күмілжи сұңқылдаушы еді, бірте-бірте ширап, күннен-күнге ашылып сайрай бастады. Әсіресе, сағалық шырқау пернелерге саусақтың ұшын қадап тербегенде, ауада дырылдап тұрып алатын сыңсыған нәзік үнмен скрипкаша ән салатынын айтсаңшы. Саусақтарын перне қуалай, көсіп салғанда, жалғанның жарығына ең бір елеусіз, татымсыз дыбыстың өзін қалт жібермей алып шығатын сезімталдығы қандай!? Ал енді сұңқиған аққу мойнының бас жағы мен орта тұсындағы пернелерден шығатын тәтті күмбір – ақын айтқан қоңыр салқын бейіштің өзі үні еді.
1.Мәтіннің стилін анықтаңыз.
А) Ресми стиль
В) Публицистикалық стиль
С) Ғылыми стиль
Д) Көркем әдебиет стилі
Е) Мәдени стиль
2.Мәтін тақырыбын анықтаңыз.
А) Домбыра түрлерінің аймақтық қолданыстағы ерекшеліктері
В) Ұлттық музыка аспаптары
С) Домбыраның классикалық туындыларды орындай алу қабілеті
Д) Домбыра мен скрипканы салыстыру
Е) Ақын мен домбыра егіз
Жағдаятты тапсырма
1. Айдостың туфлиі жыртылып қалды. Ертесі сабаққа киіп баратын туфли табыла қоймады. Ауылдағылар ауданға себепсіз бара бермейді. Әкесі жыртылған туфлиінің табанын алып, басқа табаны тозған аяқ киімге тігіп берді.Көзге қораш көрінеді. Оны қарап тұрған әкесі жоқ. «Тамаша еес пе?» деп қояды.
2.Ертесіне еріксіз әлгі аяқ киіммен мектепке барды. Галош секілді бірдеме өзі. Әшейінде партаның үстімен жүгіріп жүретін айдос осы жолы тышын отырды. Сұрағанда «ауырып отырмын» дей салды. Аяғына бәрі қарап отырғандай. Партаның астына тығып әлектенді. Мұғалімдер сабақ сұрайды, бұл дайын емеспін дей салады. Олар да журналға тиісті бағаларын қонжитып жатыр. Тақтаға да шықпады. Өзін қор санады. Тамағына өксік тығылды. 4 сабақ біткенше орнынан тапжылмай отырды.
3. Сабақ аяқталысымен мектептен жүгіре шықты. Еңіреп жылап үйге келді. Үйге кірсе, жаңа туфли әкеліп қойыпты.
3. 2-бөлімде қандай жағдай туралы айтылды?
1.Айдос келеңсіз жағдайға тап болды.
2. Сыныптастарының барлығы Айдостың аяқ киіміне күлді.
3. Айдос бүгінгі сабағын әдеттегідей оқыды.
А) Үшінші
В) Бірінші
С) Екінші
D) Барлығы теріс
Е) Барлығы дұрыс
4. 1-бөлім бойынша Айдос қандай әрекетке ыза болды?
А) Әкесі Айдостың пікірін сұрамағанына
В) Ертең сабаққа баатынына
С) Ауданға баратын адамның болмағанына
D) Әкесінің басқа табан тігіп бергеніне
Е) Туфлиінің жыртылғанына
5. Қандай мақал-мәтел Айдостың қылығына сәйкес келеді?
А) Базарда бәрі бар, ақшасыз ешкім бермейді.
В) Қалауын тапса қар жанар.
С) Қырсыққан жігіт мал таппас.
D) Өтірік айтқаннан өлген артық.
Е) Жылай-жылай жар қазсаң, күле-күле су ішерсің.
6. Айдос неліктен жылап жіберді?
А) Туфлисіз қалғанына ренжіп.
В) Бүгін басынан өткен жағдайға төзгеніне.
С) Жаңа туфли әпергеніне қуанып.
D) Ата-анасына сенбегеніне ренжіп.
Е) Сабақты айтпай, тиісті баға алғанына.
І. Еліміздің әр қаласында театр бар. Бір Алматының өзінде 10 мемлекеттік және он шақты жекеменшік театр бар екен. Ал осы мәдениет ошақтарына оқушыларымыз барып жүр ме? Қазір театрға көрерменді көбіне әкімшілік жолмен жинайтыны жасырын емес. Ал егер балаларға арналған қойылымдарға көрерменді арнайы жинап әкелмесе ше? Қанша адам келер екен?
Театрдағы көрермен мәселесі төңірегінде Астана қалалық «Жастар» театрының әдеби қызметкері Назерке Жұмабайды әңгімеге тартқан едік.
− Қазір театрға балалар өз еріктерімен келеді дей алмаймын. Әрдайым ұйымдастырумен жинаймыз. Әсіресе, қуыршақ театрларына қазақ балаларының қызыққанын көрмеппін.
ІІ. Баланың таным-түйсігін кеңейтуде қуыршақ театрларының алар орны үлкен. Бізде де, өзге елдерде де балабақша жасынан бастап, бүлдіршіндерге қуыршақтармен көрініс қою бағдарламаға енгізіледі. Аты солай аталып тұрған соң, бұл театрларда тек қуыршақтармен жұмыс жасайды деп ойлайтындар бар. Олай емес. Бұл өнер ошақтары балалардың санасына отбасына деген сүйіспеншілікті, еліне, жеріне патриоттық сезімді қалыптастыратын қойылымдарды да сахналайды. Бірақ осы қуыршақтар әлеміне қазақ балаларының көптеп ағылып жатқанын байқай алмадық. Мысалы, Алматыдағы Мемлекеттік қуыршақ театрының 200 адамдық орны бар. Қойылымдары екі тілде де қойылады. Орысша қойылымдарында залдың кем дегенде жартысы толып отырады. Ең қызығы, алдыңғы қымбат билеттер бірінші сатылып кетеді. Ал қазақша қойылымдарға ары кетсе 30 адам келеді. Оның өзінде де ата-аналар ең арзан билеттерді алуға тырысады. «Арзан билетті алып, алдыңғы бос орындарға отыра саламыз» деген түсінік қалыптасқан.
ІІІ. Бүгінде қазақтар шетелге жиі саяхаттайды. Біріккен Араб Әмірліктерінен Алматыға қарай ұшаққа отырарда қасымдағы жеткіншек қазақ баланы сөзге тарттым. «Ал, арабтардың әмірліктерінен не көріп қайттың?» деп сұрадым. Сол кезде 12-13 жас шамасындағы баланың жауабына көңілім толмай қалған еді. Бар айтқаны – ана шетіндегі жағажай, мына шетіндегі жағажай, биік-биік ғимараттар, дүкендер… Өзім танысқан бірнеше мұражайды атап едім, «бармадық» деп басын шайқады. «Сонда бұл халық туралы не біліп қайттың?» деп сұрадым. Тағы да мардымды жауап бере алмады. Сонда бір елге барып тұрып, мәдениеті мен тарихымен танысуға қызықпағандары қалай? Тіпті, тілін түсінбейтін болсаң да, шетелдің театрына бас сұғып қайтсаң, көп жайды аңғарып қайтуға болады. Мәселен, Сеулде фольклорлық «Nanta» атты театр бар. Билетінің бағасы біздің театрлардан он есе қымбат тұрады. Алматыдағы балалар спектакльдерінің билет құны – 400-600 теңге, Астананың Жастар театрында балалар билеті – 300 теңге. Ал «Nanta» билеті шамамен 5000 теңге көлемінде. Соның өзінде, екі барғанымда да үлкен залда бос орын болмады. Атауы «ретсіз дыбыстар» деген мағынаны беретін бұл театрға кәрістер үш жасар баласын да ертіп келеді. Ал бізде актер болуды армандайтын кей бала театр көрмей өседі…
IV. Шыны сол, қазақтар бала тәрбиесіне мәдени ошақтарға бару мәселесін қоса бермейді. Күнделікті күйбең тірлікпен жүріп, ұл-қыздарын анда-санда болса да, театрға ертіп баруды ойластырмайды. Қажет көрмейтіндері де бар.
Қарлығаш Досанова
(«Ұлан»,10.02.2015)
7. Екінші азатжолдың үшінші азатжолға қатысы қандай?
A)Дәлелдейді
B)Зерттейді
C)Нақтылайды
D)Суреттейді
E)Сипаттайды
8. Мәтіннің негізгі ойы қай сөйлеммен сәйкес келеді?
A)Елімізде театр санын арттыру керек
B)Қуыршақ театрының қойылымдары сапасыз.
C)Бала тәрбиесіне мәдени ошақтарға бару мәселесін қою керек.
D)Шетелде демалудың өзі – бір бақыт
E)Театр билетінің құнын өсіру керек
9. «Ал бізде актер болуды армандайтын кей бала театр көрмей өседі…» Автордың айтпақ ойы қандай?
A)Баланы жасынан мәдениетке үйрету керек.
B)Өнер ошағына үлкейген кезде бару керек.
C)Кішкентай балаға театр қызық емес.
D)Кез келген арманға қол жеткізуге болады.
E)Актер болу үшін театрға бару міндет емес.
10. Автордың мақаласына түрткі болған жағдай.
A)Театрдың ішкі тіршілігімен танысу
B)Ата-аналардың қамқорлығын көрсету
C)Өнер ордасына балалардың сирек баруы
D)Театр қызметкерін таныту
E)Өнер ошақтарының санының аздығы туралы
11. «Арзан билетті алып, алдыңғы бос орындарға отыра саламыз» деген түсініктің орын алуына не себеп?
Ата-аналардың...
A)Бағасы бір деп ойлауынан
B)Мәдени орынды сыйламауынан
C)Немқұрайлық танытуынан
D)Қаражатының жоқтығынан
E)Өресінің таяздығынан
12. Үшінші азатжолда автордың қандай көңіл-күйі берілген?
A) Дегбірсізденеді
B) Таңқалушылық
C) Алаңдаушылық
D) Күмәнданады
E) Немқұрайлық
Жуықта Шығыс Қазақстанның Катонқарағай және Күршім аудандарында 50-ден астам сұңқар мен ителгі еркіндікке жіберілді. Кезінде контрабандалық жолмен шетелдерге өтіп кеткен құстар аймаққа Біріккен Араб Әмірлігінен әкелініп отыр. Дубай қаласындағы экологиялық агенттіктің бұл жобасы әлемде 18 жыл көлемінде жүзеге асырылып келеді.Осыған байланысты құрылған арнайы қор «Қызыл кітапқа» енген және жылдан-жылға азайып бара жатқан сұңқарлардың санын қалпына келтірумен айналысады. Арабтар аңшылыққа пайдаланатын құстарды еркіндікке жіберу жөніндегі жобасын бұған дейін Қырғызстан және Пәкістан елдерінде жүргізген. Соңғы бірнеше жыл ішінде бұл ауқымды экологиялық шараға Қазақстан да қатысып отыр. Басына сәлде киіп, ақ киімге оранған арабтардың Алтай өңіріне келуі – күнде бола бермейтін оқиға. Сондықтан болар, қонақтардың әрбір әрекеті мен жүріс-тұрысын бақылау көпшілік үшін қызықты болды. Саятшылық пен құсбегілік қазақтың қанына сіңген өнер болса да, арабтардан үйренетін тәжірибе көп. Олар сұңқарлы аса қасиетті құс санағандықтан, Араб Әмірлігінде онымен тек ақсүйектер ғана саятшылық құратын көрінеді. Сонымен бірге, арабтың ежелгі дәстүрі бойынша, аңшылыққа 2 жыл пайдаланылған құс міндетті түрде еркіндікке жіберіліп отырған. Өйткені, адамзат баласы жабайы табиғаттағы сұңқар мен ителгі санының азаюына залал келтірмеуі тиіс. Қазір әлемнің бірқатар елдерінде жүзеге асырылып отырған осы экологиялық бағдарлама да дәстүрдің негзінде жасалыпты.
Біріккен Араб Әмірлігіне құдай көптеген табиғат ресурстарын берген. Сондықтан да біз жабайы табиғатқа зиян келтірмеуіміз және құстың санын көбейтуге болашақта да өз үлесімізді қосуымыз қажет. Арабтардың аңға шығу дәстүрі бойынша сұңқарлар екі жылдан кейін бостандыққа жіберіліп тұрған. Өйткенісоңғы 10 жылда сұңқарды браконьерлік жолмен аулап, шетелге сататындар көбейіп кетті.
-Мәселен, бүгін біз бостандыққа ұшырып жатқан құстардың барлығы біздің елдегі контрабаншылардын тәркіленген, - деді бізге берген сұхбатында экологиялық жобаның үйлестірушісі Мұхаммед Салих.
Араб Әмірлігінде сұңқар мен ителгіні әлемдік деңгейде қорғау жөніндегі бағдарламаға мемлекет жан-жақты қолдау жасап тұрады. Құстарды бостануға жіберуге осы экологиялық жобаның жетекшісі, жоғары мәртебелі шейх Мухаммед Ахмет Аль Баварди Шығыс Қазақстанға арнайы келіпті. Ол үшін Күршім және Катонқарағай өңірінің таулы, өзенді жерлеріне ұшырылған сұңқарды жеке бақылап, әрқайсысына суретке түсіріп отырды. Акцияны ұйымдастырушылар, ең бастысы, еркіндікке жіберілген құстар қайтадан браконьерлердің қолына түспесе дейді. Өйткені, өткен жылы ғана Шығыс Қазақстанның дәл осы аймақтарында 17 сұңқарды ұстап, шетелге өткізбек болған Египет пен Сирия мемлекетінің азаматтары ұсталған болатын.
-Біз бұл жобаны Қазақстанда жүзеге асырудың тиімді екендігіне көз жеткіздік. Бұл өңірдің табиғаты сұңқар және ителгі сияқты құстарға өте қолайлы. Олардың жабайы ортаға бейімделіп, өз қорегін табуына барлық жағдай бар. Ең бастысы, құстар табиғат жауларының қолына түспесе болғаны,- дейді экологиялық жобаның жетекшісі, жоғары мәртебелі шейх Мухаммед Ахмет Аль Баварди.
Жалпы Араб елдері бұл жобаны халықаралық деңгейде жүзеге асыруға қыруар қаржы жұмсам келеді. Мәселен, мына сұңқарлар осыған дейін Дубайдағы арнайы құстардың емханасында сауығып шыққан. Арабтар оның құны 2 мың доллар тұратын электрондық қондырғылар тақты. Салмағы бар-жоғы 9 грамдық күннен қуат алатын спутниктік жабдық арқылы сұңқарларды болашақта да бақылауға болады. Дәстүр бойынша әрбір сұңқардан кейін оның соңынан көгершін ұшырылды. Бұл әдіс жыртқыш құстың аңшылық машығын есіне түсіруі үшін қажет.
13. Мәтінде кейіпкер көзқарасы қай азатжолда бейнеленген?
А)4
В)5
С)3
D)2
Е)1
14. Мәтіннің бірінші азатжол қандай мақсатта берілген?
А) Экологиялық бағдарламаны жүзеге асыру
В) Құстарды еркіндікке жіберу туралы
С) Араб Әмірлігімен бірге жұмыс жасауды насихаттау
D) Құсбегілік қазақтың ұлттық өнері екендігін жеткізу
Е) Ақсүйектердің саятшылық өнерін дәріптеу
15. Неліктен сұңқарды ұшырағаннан кейін соңынан көгершінді ұшырған?
А) Машығын еске түсіру үшін
В) Сұңқарға көмектесу үшін
С) Құстардың серіктесіп ұшуы үшін
D) Көгершінмен салыстыру үшін
Е) Оларды жарыстыру үшін
16. Соңғы азатжолдың төртінші азатжолға қатысы қандай?
А) Ойды баяндайды
В) Ойды сипаттайды
С) Ойды дамытады
D) Ойды суреттейді
Е) Ойды қорытындылайды
17. Мәтін не туралы?
А) Саятшылық
В) Ителгілердің өмірі
С) Сұңқарлар өмірі
D) Аңшылық
Е) Құстарды қорғау
18. Мәтін мазмұнына сәйкес ақпаратты көрсетіңіз.
А) Бұл жер табиғаты құс ұстауға өте қолайсыз
В) Құсбегілікпен арабтар сәндік үшін айналысты
С) Құстардың арнайы емделу орталықтары бар
D) Аңшылықпен тек қазақ халқы айналысты
Е) Жоба қаражат тартуды көздеді
19. Неліктен Араб елдері бұл жобаны халықаралық деңгейде жүзеге асыруға қыруар қаржы жұмсап келеді?
А) Құстарға қолайлы жағдай туғызу үшін
В) Құстардың санын көбейту үшін
С) Құстардың ортаға бейімделуі үшін
D) Құстарды бостандыққа жіберу үшін
Е) Құстарды табиғи жолмен тамақтандыру үшін
20. Мәтіннің реттілігін көрсетіңіз
1. Қаржылық көмек
2. Мемлекеттік қолдау
3. Жоба жетекшісінің көзқарасы
4. Еркіндікке босату
5. Экологиялық жоба
А) 5,3,1,2,4.
В) 3,1,5,4,2.
С) 5,4,2,3,1.
D) 2,4,1,3,5.
Е) 1,4,5,2,3.
4-нұсқа
Ертеде бір данышпан өмір сүріп, оның үш ұлы, бір қызы болыпты. Қызы да, ұлдары да ақылды болып, ер жетіпті. Айдан ай, жылдан жыл өтеді. Әкесі әбден қартаяды. Күндердің бір күнінде шал ұйықтай алмай дөңбекши береді. Мұны сезген кемпірі мен қызы:
Сізге не болды, бір жеріңіз ауырып жүр ме, жоқ әлде алыс жүрген балаларыңызды сағынып жүрсіз бе? – дейді.
Иә сағындым. Оның үстіне бір арманым ішімде кетіп барады.
Сонда қызы әкесінің алдына келіп:
Арманыңызды айтыңыз, мүмкін көмегіміз тиіп қалар, – дейді.
Шал айтады:
Ешқандай құпия жоқ. Менің үш ұлымның үшеуі де ақылды. Сонда да біреуінің ақылы артығырақ болуға тиісті. Соны білу – менің арманым.
Қызы сәл ойланып:
Ой, ата, осыған да қиналасыз ба? Қыдырып барып балаларыңызды сынап келіңіз, – деп, қыз бен кемпір жол қамына кіріседі.
Азығын, сусынын дайындап, атын ерттеп беріп жолға салып жібереді. Аз жүрді ме, көп жүрді ме, кім білсін. Бір күні үлкен ұлына жетеді. Баласы зор құрметпен еске алып, қолынан келгенше сыйлайды. Екі-үш күн жатып мауқын басып, төртінші күн қайтпақшы болады. Баласы тағы да қой алды-рып сойғызады. Тамақ піседі, етін қазаннан түсіріп қойып, нанын салып жатқанда, шал баласына қарап:
Қарағым, мына етіңнің жақсы жерінен бір кесіп берші, – дейді. Ұлы жақсы жері дәуде болса санның еті шығар деп, сан етінен кесіп береді. Шал аздап ауыз тиіп, қойып қояды.
Балам, енді жаман жерінен бір кесіп берші, –дейді. «Еттің де жаман жері бола ма?» –деп ұлы сәл ойланып тұрып, жаман жері дегені тіс өтпейтін
сіңір шығар деп сіңірден кесіп береді. Сіңірді алып, аздап ауыз тиеді. Артынша тамақ та келеді. Тамағын жеп, сыйына риза болып, ел-жұртпен, баласымен қоштасып қайтады.
Данышпан жүріп отырып, екінші ұлына келеді. Екінші ұлы да зор құрметпен қарсы алып сыйлайды. Әкесі қайтар күні бірінші ұлына қойған сауалын қояды. Екінші ұлы да бірінші ұлының істегенін қайталайды. Екінші ұлына да риза болып, қайтады. Ол енді үшінші ұлына келеді. Үшінші ұлы да зор құрметпен қарсы алып, сыйлайды. Қайтар күні екі ұлына қойған сауалын кіші ұлына да қояды. Сонда кіші ұлы мұнда бір сыр бар шығар деп ойлайды. Сосын бастыңтілінен кесіп береді.
Балам, енді жаман жерінен бір кесіп берші?-дейді. Баласы тағы да тілден кесіп береді. Сонда әкесі тұрып:
Балам, мұның қалай, жақсы жерінен кесіп бер десем тілінен кесіп бердің, жаман жерінен десем тағы да тілінен бердің, – дейді. Сонда баласы:
Ой, ата-ай, сіздің сынап отырғаныңызды біліп тұрмын. Жақсы да, жаман да, ұрыс та, керіс те, өсек те, бәрі де осы тілден шығады. Екі елі ауызға төрт елі қақпақ дегендей, әр адам өз тіліне сақ болса, еш уақытта ұрыс-керіс болмас еді. Басқа пәле тілден, – деген екен. қарт үшінші ұлының ақылдылығына өте риза болып қайтады.
1.Мәтіннің негізгі идеясы неде?
А) Қызының ақылы туралы
В) Адамның дұшпаны туралы
С) Ақылды бала туралы
Д) Басқа пәле тілден
Е) Әке туралы
2.Мәтінде әкесі ұлдарының ақылын қалай сынайды?
А) Арманын айтады
В) Қыздарымен ақылдасады
С) Бір сұрақ қояды
Д) Қонаққа барады
Е) Қонаққа шақырады
3.Неліктен үшінші ұлы бастың тілін кесіп береді?
А) Ең тәтті жері болғандықтан
В) Ең жаман жері болғандықтан
С) Өзі жақсы көргендіктен
Д) Басқа пәле тілден дегенді түсіндіру үшін
Е) Әкесі сұрағандықтан
4.Ұлдарының ішінде қайсысы ақылды екенін сынап білуге кеңес берген кім?
А) Әйелі
В) Ұлдары
С) Түс көреді
Д) Қызы
Е) Өзі ойлайды
5. Мәтін тақырыбына сәйкес келетін мақалды белгілеңіз.
А) Бала бауыр етің
В) Отыз ұлың болғанша
С) Қызы бардың назы бар
Д) Жеті жұрттың тілін біл
Е) Әке балаға сыншы
6.Берілген мәтін қай стильде жазылған?
А) Ауызекі сөйлеу стиль
В) Ғылыми стиль
С) Публицистикалық стиль
Д) Көркем әдебиет стилі
Е) Ресми іс-қағаз стилі
7.Әкесіне кім көмек береді?
A) Үлкен ұлы
B) Екінші ұлы
C) Үшінші ұлы
D) Қызы
E) Кемпірі
8.Мәтіннің 1-ші бөлімінде не туралы айтылған?
A) Данышпанның мақсаты
B) Данышпанның арманы
C) Данышпанның ойы
D) Данышпанның тілегі
E) Данышпанның мұраты
Жиһанкез өзінің қыпшағын еш уақыт тастаған емес. Қыпшағының қос ішегі алыста қалған туған жердің шерменді үнін қозғап, өткен күндерді, албырт жас шағын, отбасында тұрып ән салған қыпшақтың жас сұлулары-ның әсем әндерін, айлы түндердегі жер солқылдатқан сарбаздар биін еске салатын. Сондайда ол музыка жайлы кітабын бітірсе, туған жерін есіне түсірер осынау сұлу сезімді мұңлы саздардан айырылып қалатындай боп қорқатын.
Туған жерін еске алғанда оның көңілін ылғи жабырқау мұң басатын. Әсіресе, соңғы жылдарда мүлде торлап алды. Туған жеріне бір қиялмен шарлап келмей көңілі орнына түспейді. Әрине, жер ортасынан асқан шақта ғұмырының жартысын білім қуып жат өлкеде тентіреумен өткізген жанның көкірегінде болар табиғи сағыныш еді бұл.
Ә.Әлімжанов «Ұстаздың оралуы»
9. Мәтіннің 1-ші бөлімінде не туралы айтылған?
A) Аспап туралы
B) Кітап туралы
C) Би туралы
D) Ән туралы
E) Қыздар туралы
10. Мәтіндегі ойға сәйкес келетін мақал-мәтелді табыңыз?
A) Көшерін жел, қонарын сай біледі.
B) Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол.
C) Мың асауға бір тосу.
D) Жамандық қөрмей жақсы болмас
E) Туған жердей жер болмас
11.Музыка жайлы кітабын бітіруден қорқу себебін көрсетіңіз.
А) Мұңлы саздардан айырылып қалудан
В) Сәтсіз шығып қалудан
С) Көкірегіндегі сағыныштан
Д) Жат өлкеде тентіреуден
Е) Албыр жас шағын ұмытудан
1.Сізге, ардақты және құрметті, жақсы көретін аяулы ініміз Халиулла мырзаға, бізден, ағаңыз Ибраһимнен және барлық ата-аналарыңыздан, аға-іні, жеңгелеріңізден көп-көп дұғай сәлемдер жолдадық.
2.Құдайға шүкір, осы күнде өзің көрген жандар тегіс аманбыз.Сізбен бірге бізге хат жазған Қамаридден моллаға көптен-көп сәлем дегейсіз. Сізге хат жазуға уақытын бөлген және басқа да әрбір жақсылықтары Алла тағаладан қайтсын, Аягөзге келген уақытта почта жүргелі тұр екен, сіздің хаттарыңыз-ды көрген соң, көңіліміз жай тапты және сізге жол қаржыға отыз теңге жібердім.
3.Жаңа Семейге мағлұм еткен уақытыңызда құдайтағала қаласа ат тағайын-дармыз. Тәтеңіз 1 білімнің қайнар бұлағын үйренгенің турасында бек қуанып жатыр. Әрқашан құдайтағалаға сиынып талап қыла көрсін дейді.
Хатыңыз тиісімен ешбір тоқтамайынша Аягөзге келіп осы хатты жаздық. Әрдайым деніңіз сау болып, абыройлы болыңыз. Ғымырыңызды тілеп хат жазушы ағаңыз Ибраһим Құнанбайұлы деп білесіз. Тағы да көп-көп сәлем.
Adebiportal.kz сайтынан
12. Берілген мәтін қай стильде жазылған?
А) Ауызекі сөйлеу стиль
В) Ғылыми стиль
С) Публицистикалық стиль
Д) Көркем әдебиет стилі
Е) Ресми іс-қағаз стилі
13.Халиулланың міндеті туралы қандай бөлімде айтылған?
А) Екінші
В) Үшінші
С) Барлығында
Д) Екінші және үшінші
Е) Бірінші
14.Неге хатта Қамаридден моллаға алғыс айтылды?
А) Себебі Халиулла молламен бірге тұрады.
В) Себебі хат Қамаридден моллаға арналған.
С) Себебі Қамаридден молла хат тасиды.
Д) Себебі Қамаридден молла сол үшін ат мінеді.
Е) Себебі молла Халиуллаға хат жазуға көмектеседі.
15.Хаттың 1-бөлімі арқылы жазған адам туралы не айтуға болады?
А) Бауырмал адам екен
В) Ардақты адам екен
С) Талапшыл адам екен
Д) Танымал адам екен
Е) Құрметті адам екен
16.Қай қалаға келгенде почта жүргелі тұрады?
А) Аягөз
В) Семей
С) Ақтөбе
Д) Уфа
Е) Қазан
17. Хат кімге арналған?
А) Ибраһимге
В) Халиуллаға
С) Қамаридденге
Д) Құнанбайға
Е) Тәтесіне
Зайсан көлін ертеде монғолша Хуно-Хуто-Нор – «Қоңыраулы көл» деп атапты. Бұл атау алыстан көк толқынның қоңырауша сылдырлап естілуіне байланысты айтылған болар.
Зайсан көлі, әсіресе жаздыгүні өте әдемі болады. Ол жаздың тымық күнінде шексіз теңізге ұқсайды.Көл өте үлкен, жағалай біткен көк құрақ.
Құсы көп, әсіресе жазғытұрым қаз қаптап кетеді. Жұмыртқаларын қамыс құраққа салады. Қайықпен аралап жүріп қаптап алуға болатын. Қамыстарда шағала, үйрек, қаз, бірқазан, әупілдектер, суында құндыз, ондатрлар мекен етеді. Мұнда шабақ балық көп, одан кейін шортан, қарабалық, сазан, алабұға. Міне, Зайсан көлі бұрын осындай еді. (90сөз)
18. Екінші азатжолда не туралы айтылған?
А) Көлді мекендейтін жәндіктер туралы
В) Көлдегі балықтар туралы
С) Көлдің көлемі туралы
D) Көл атауы туралы
Е) Қамысты құрақтағы құстар туралы
19. Көлдің «Қоңыраулы көл» аталуының себебі неде?
А) Көлде жүзген құс үнінің жағымдылығына байланысты
В) Көлдің әдемілігіне байланысты
С) Көк толқындарының жылдамдығына байланысты
D) Көлден шыққан ерекше дыбысқа байланысты
Е) Көл толқындарының бұйрылығына байланысты
20. Берілген мәтін қай стильде жазылған?
А) Ауызекі сөйлеу стиль
В) Ғылыми стиль
С) Публицистикалық стиль
Д) Көркем әдебиет стилі
Е) Ресми іс-қағаз стилі
Достарыңызбен бөлісу: |