Оқушының аты-жөні: __________________________________
Пән: әдебиеттік оқу
Сынып: ___________________________
Мерзімі: __________________________
«Өзім туралы» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Орындау уақыты 20 минут
1. Мәтінді мұқият тыңда.
Досжан қолына шелек алып, құдыққа қарай беттеді. Құдық басында кісі көп екен. Жетпістегі Қалтай қария бүкшеңдеп су тартып жатыр. Бір-екі бала анадайда состиып қарап тұр. Досжан оларға алара бір қарады. Ол қарияның шелегін сұрап алды. Атын суғарып берді. Бағила әжейдің шелегін суға толтырып, үйіне дейін апарып берді. Қариялар Досжанға алғыс айтып, батасын берді.
Берілген жоспарға сүйеніп, мазмұнда.
Жоспар:
1. Құдық басында
2. Досжанның көмегі
2. Берілген сөз тіркестерінің қай кейіпкерге қатысты екенін анықтап, кестеге жаз.
Сөз тіркестері: состиып тұр, алара қарады, ентігіп қалыпты.
Досжан
|
|
Қалтай қария
|
|
Балалар
|
|
3. Досжан қандай бала деп ойлайсың? Неліктен?
Оқушының аты-жөні: __________________________________
Пән: Әдебиет
Сынып: ___________________________
Мерзімі: __________________________
«Менің отбасым және достарым» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Орындау уақыты 20 минут
Тапсырма
1. Мәтінді оқы.
Ораз бен Асқар есік алдында ойнап жүр. Екеуі допты әрі-бері тепті. Біраздан кейін ашық тұрған қораның есігін қақпа етіп алды. Енді допты соған дәлдеп ұрды. Қатты тебілген доп қораның ішіне кіріп кетті. Ораз добын іздей бастады. Қараңғыда допты әрең тауып алды. Сыртқа шыға бергенде бұрышта тұрған шелекті қағып кетті. Ішіндегі сүт төгіліп қалды. Ораз не істерін білмей тұрып қалды.
- Қорықпа, сүтті мысық төгіп кетіпті дейміз, - деді Асқар.
- Жоқ. Мен өтірік айтпаймын. Байқаусызда төгіп алдым деймін, - деді Ораз.
1) Мәтінге ат қой _________________________________________
2) Мәтіндегі негізгі ойға сәйкес келетін мақалды анықта.
А) Балалы үйдің ұрлығы жатпас.
В) Күлме досыңа, келер басыңа.
С) Ойыннан өрт шығады.
D) Қолмен істегенді мойныңмен көтер.
2. Саған қай кейіпкердің іс-әрекеті ұнамады? Неліктен? Сөйлемді толықтырып жаз.
Маған____________________________________________________,
себебі ________________________________________________________________ .
3. Берілген сұрақтарға сүйене отырып, мәтінге жоспар құр.
Мәтіннің бөліктері
|
Сұрақтар
|
Жоспар
|
Басы
|
Оқиға неден басталды?
|
1.
|
Ортасы
|
Ары қарай не болды?
|
2.
|
Соңы
|
Оқиға немен аяқталды?
|
3.
|
Оқушының аты-жөні: __________________________________
Пән: Әдебиет
Сынып: ___________________________
Мерзімі: __________________________
«Әдебиеттік оқу» пәнінен 1-тоқсанға арналған жиынтық бағалау
Достарыңызбен бөлісу: |