1 Мәтінді түсініп оқы. Тілашар



Дата12.03.2018
өлшемі109,01 Kb.
#39227
Бекітілді: Келісемін: ӘБ қаралды және бекітілді:

Мектеп директоры Оқу – тәрбие жөніндегі орынбасары


Вознесенка орта мектебінің 9 сыныпқа арналған

қазақ тілінен мемлекеттік емтихан материалдары

2015-2016 оқу жылы

1



Мәтінді түсініп оқы.

Тілашар

Әр отбасы баласы жеті жасқа толған соң медресеге, мектепке оқуға береді. Бұл да бала өміріндегі елеулі оқиға, есте қаларлық елеулі кезең болып табылады. Осы күні балаға жаңа киім кигізіп, оқу-жабдықтарын дайындап, шағын той өткізеді. Мұны дәстүрлі «тілашар» тойы деп атайды. Үлкен-кішілер балаға өсті, азамат болды, «ғалым бол», «ақын бол» деген сияқты тілек білдіріп бата береді. Жаңа киіміне байғазы ,ақша ұсынады.Бұл тәрбиеден бала өскендігінің белгісін ұсынады, оқуға құмарлығы артады. Тілашар тойына арнап шашу шашады.

2

Мәтінді түсініп оқы.

Әдеп

Әдепке тәрбиелеу негізінен отбасынан басталады. Жағымды дәстүр, үлкендер-дің үлгі-өнегесі әдетке,дағдыға айналады. Мысалы: сауап, кесір,обал,ысырап – күнделікті тәрбиеде өқолданылатын ереже.

Сауап – басқаға жақсылық істеу, табиғатқа қамқорлық жасау.

Кесір – қалыптан тыс анайы, теріс әрекет, ақымақтықтың көрінісі.

Обал – жақсы нәрсенің қадір – қасиетін білу, аяққа баспа, тастама деген ұғымды білдіреді.

Ысырап- әр заттың құнын, бағасын білмей, босқа шашуды білдіретін ұғым.

Әдеп сақтау – этикет, яғни мінез – құлық пен қарым – қатынастың қалыптасқан халықтық ережесі. Ол ереже бұзылса, халықтың дәстүрі де бұзылады. Ал оны сақтау, құрметтеу, қастерлеу адамгершілік борышты өтеу болып табылады.

3



Мәтінді түсініп оқы.

Музыка аспаптары

Музыка аспаптарының мұражайлары көптеген елдерде бар. Қазақ музыка аспаптары мұражайында «өлі» экспонат жоқ. Мұнда әр музыкалық аспаптың үнін естуге, ойнау тәсілімен көзбе-көз танысуға мүмкіндік жасалған.Музыкалық аспап-тардың ойналу сипатына, дыбысына қарай төрт топқа жіктелген. Ішекті аспаптарға домбыра, қобыз,сазген,жетіген,адырна жатқызылса, үрмелі аспаптарға сыбызғы, керней,сазсырнай,уілдек,қамыссырнай,үскірік жатқызылады. Ал дабылды –шулы аспаптар тобына дабыл, тоқылдақ,асатаяқ,қоңырау,дауылпаз және тұяқтас жатады. Сарнамалы аспаптарға ауызсырнай, сырнай жатқызылады.


4 Мәтінді түсініп оқы.

Ақылыңа ақыл қос!

Әкең мен анаң саған өмір сыйлайды. Олардың есіл-дерті – сен бақытты болса екен деу. Екеуінің денсаулығын сақта,бабын тап. Сенің адал өмір сүруің, еңбексүйгіштігің, оқуда маңдай алды болуың, еңбектегі табыстарың – ата-аналарың үшін айтып жеткізгісіз зор бақыт. Өз үйіңнің бағын жандыра біл.

Анаң сен үшін түн ұйқысын төрт бөліп, таң атырады. Сондықтан да, анаңның жүрегін сезе біл, анаңның көз жанарынан көңіл хошы мен тыныштықты, бақыт пен қуаныш нұрын, беймазалық пен әбігершілікті, қиналыс пен кейістікті көре біл.

Жастайыңнан анаңның көзінен жан дүниесіндегі кейістікті көре білуге үйренбе-сең, сен ғұмыр бойы адамгершілік тұрғысынан ақ көз болып өтесің.

Ана мен әке алдында шыншыл бол. Ешкімнің ала жібін аттама! Ата-анаңның құптауынсыз істеуге болмайтын нәрсеге олардың рұқсат, ризалығын ал.

Сен өзіңнің бірінші жалақыңды алғанда анаңа, әжеңе сыйлық алып бер. Бұл сыйлық – өзің айтар алғыстың белгісі.


-------------------------------------------------------------------------------------------------------------
6

Мәтінді түсініп оқы,сұрақ қой.

Мұқан Иманжанов – жазушы

М.Иманжанов 1916 жылы Қарағанды облысының қазіргі Ұлытау аудан-ында туған. Қарсақпайдағы ауыл мектебінде және Алматыдағы Есеп-санақ

техникумында оқыған. Жоғары білімді С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекет-тік университетінде алды.

1938 жылдан бастап Иманжанов журналистік қызметпен шұғылданды.Ол республика баспаларының редакцияларында жауапты қызметтер атқарып жүріп, әдебиетіміздің проза және драматургия саласында аса жемісті еңбек етті.

М.Иманжановтың жастар мен жасөспірімдерге,балаларға адамгершілік тәрбие беру ісіне қосқан үлкен үлесін жоғары бағалап,үкіметіміз оны Қызыл Жұлдыз орденімен және медальдармен марапаттады.

Жазушының «Ораз бен Боря», «Жол үстінде», «Талап», «Кішкентай көрші», «Қорқақ», т.б. әңгімелері «Тыңдағылар»жинағына енгізілген.


8

Мәтінді түсініп оқы.



Қадыр Мырза Әлі

Қадыр Мырза Әлі 1935 жылы 5 қаңтарда Орал облысының Қаратөбе ауданы Жымпиты ауылында дүниеге келген. Шығармашылығы мектеп қабырғасында жүргенде басталады. Қадырдың тұңғыш өлеңі 1952 жылы аудандық «Қызыл ту» газетінде, ал екінші өлеңі 1953 жылы облыстық «Екпінді құрылыс» газетінде, ал үшінші өлеңі 1954 жылы республикалық «Пионер» журналында басылып шықты. Алғашқы өлеңдер жинағы 1959 жылы «Көктем» деген атпен жеке кітап болып жарияланды.

Ақын Қ.Мырза Әлі 1953 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетіне түсіп, оны 1959 жылы аяқтайды. Еңбек жолын сол кезде жаңадан ашылған балалар журналы «Балдырғаннан» бастайды. 1962 жылы «Жұлдыз» әдеби журналының редакциясына ауысып, онда поэзия және сын бөлімінің меңгерушісі, жауапты хатшы, бас редакторы-ның орынбасары болып істеген.

9



Мәтінді түсініп оқы.
Мектеп оқушысының киімі

Оқушының оқушы екендігін білдіретін нышан ретінде арнайы мектеп формасы болады. Мысалы, бұрын оқушы қыздар қызыл қоңыр түсті көйлектер мен фартук киіп, алмалы-салмалы жағалар тағынып жүрген.

Кейінірек қыз балалар мереке күндері қызыл қоңыр түсті көйлектерімен ақ фартук тақса, қарапайым күндері қара фартук тағып,бастарына бантик байлап жүретін болды.

Қазіргі күндері қазақстандық мектеп оқушылары бірыңғай мектеп форма-сын киеді.Ол міндетті болып саналады. Киімнің бірыңғай формасы,біріншіден, мектеп оқушысы деген нышанды білдіреді; екіншіден, тәртіптілікті көрсетеді. Оның ықшамды,қолайлы, сәнді болуы ескерілген.



------------------------------------------------------------------------------------------------------

11



Мәтінді түсініп оқы,сұрақ қой.

Нұрғиса Тілендиев

Нұрғиса АтабайұлыТілендиев 1925 жылы Алматы облысы Іле ауданының Шилікемер деген жерінде дүниеге келген. Ол – қазақ композиторы, дирижер, домбырашы, Қазақстанның халық артисі, Халық Қаһарманы.

Н.Тілендиев П.И.Чайковский атындағы Мәскеу консерваториясының дирижер-лік факультетін бітірген. 1953-1961 жылдары Қазақстанның опера және балет театрында істеді. «Қазақфильм» киностудиясы музыкалық редакциясының бас редакторы болды.

Ол – төрт жүзге тарта ән мен романстардың, «Достық жолымен» балетінің, «Алтын таулар» операсының, «Ата толғауы» поэмасының, т.б. көптеген шығарма-лардың авторы.

------------------------------------------------------------------------------------------------------------

12



Мәтінді түсініп оқы.

Сәкен Сейфуллин

Сәкен Сейфуллин 1894 жылы Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданында көшпелі кедейдің отбасында туған. Болашақ ақынның әкесі домбырашы, сөзге шешен бол-са,анасы аңыз әңгімелерді,ертегілерді көп білетін өнерлі адам болған. Кішкентай кезінен ұғымтал болған Сәкен ауыл молдасынан хат таниды. Әкесі тоғыз жасар Сәкенді тіл үйренсін деп, Нілдідегі таныс орысының үйіне тұрғызады. Бала Сәкен сол үйдің таусылмайтын қара жұмысын тиянақты атқара жүріп, бір жыл орыс тілін үйренеді. 1908 жылы Ақмоладағы приход мектебі мен үшсыныптық қалалық училищені бітіреді. 1913-1916 жылдары Омбыдағы мұғалімдер семинариясында оқиды. Сәкен – көптеген лирикалық өлеңдерді дүниеге әкелген ақын.

Сәкен Сейфуллин – қазақтың көрнекті ақыны, жазушысы, мемлекет және қоғам қайраткері.

---------------------------------------------------------------------------------------------------------------

13

Мәтінді түсініп оқы,сұрақ қой.
Шоқан Уәлиханов

Ш.Уәлиханов 1835 жылы қараша айында қазіргі Қостанай облысының Құсмұрын бекетінде дүниеге келген.Жасында ауыл мектебінен мұсылманша хат таныған ол кейін Омбыдағы кадет корпусында оқиды.Онда әскери сабақтарға қоса жалпы және Ресей географиясы мен тарихы,батыс философия-сы,физика негіздері,шетел тілдері оқытылған.Шоқан үздік оқыды.

Шоқанның зерттеушілік қабілеті оқып жүргенде оянған. Жазғы демалыс кездерінде ол ел ішіндегі аңыз,әңгімелерді,халықтық жырларды жазып алумен айналысады.

Шоқан қазақ тарихын зерттеуге ерекше ден қойды. Ол әсіресе XV-ші ғасыр-да қазақ халқының ұйытқысы болған Үйсін,Қаңлы,Қыпшақ,Керей,Найман руларын жан-жақты зерттеді. Шоқанның тамаша еңбектерінің бірі – «Алтын шаһардың жайы туралы» деген шығармасы.

14

Мәтінді түсініп оқы.

Қазақ – қонақжай халық

Қазақ үшін қонақты қарсы алмау, күтпеу – ұят. Қонақты қарсы алуға,шығарып салуға ерекше мән береді. Қонақ келгенде үй иесі алдынан шығып қарсы алып, есікті өзі ашып, үйге кіргізіп, өзі қонақтардан кейін кіріп, есікті жабуы керек. Бұл-қонақпен келген «құт», «ырыс» бірге кірсін дегені.

Қонақ күту – қазақ халқының ең жауапты ісі. Оларды риза етуге тырысады. Ең алдымен, қонақтарға сусын (қымыз,шұбат) беріледі. Содан кейін шай ішіледі. Шайдан кейін қонақтардың көңілді отыруына үй иесі бар жағдайды жасайды. Ауылдағы әнші-күйшілерді шақырып, қонақтардың көңілін көтереді. Қонақты жақсы қарсы алған үйді «мырза үй», ал дұрыс қарсы алмаған үйді «сараң үй» дейді.
15

Мәтінді түсініп оқы.

Наурыз мейрамы

«Наурыз» -парсы сөзі. Қазақша айтқанда «жаңа күн» деген сөз.

22 наурыз – бүкіл Шығыс халықтарының бас мерекесі. Наурыз- жаңа жыл тойы,көктем мерекесі, күн мен түннің теңелу сәті, халықтардың ынтымақ күні.

Наурыз-табиғаттың мейрамы. Наурыз-қазақта бірінші айдың аты. Наурыз күні халық таза киініп қыдырады, бірін-бірі құттықтап, қуаныш дастарқанын мол жая-ды.Адамдар бір-бірінің қатесін кешіріп, татуласады, оның соңы ойын-сауық,ән-жырға жалғасады.

Қазақтың наурызы-дін мейрамы емес, тұрмыс мейрамы,шаруашылық мейрамы.

22 наурыз Қазақстан Республикасында ұлттық мереке әрі демалыс күні болып белгіленген.

16

Мәтінді түсініп оқы,сұрақ қой.
Қазақтың атақты күйшісі Құрманғазы Сағырбаев

Күй атасы, сазгер, асқан дүлдүл домбырашы, қазақтың аспаптық музыка-сының классигі XIX ғасырдың 23 жылдары (1823 ж) қазіргі Атырау облысы, Құрманғазы ауданындағы Жиделі деген жерде дүниеге келген. Әкесі Сағырбай кіші жүздегі Қызылқұрт руынан шыққан.


Құрманғазы жастайынан домбырашылығымен көзге түседі. Оның күйшілік өнердегі алғашқы ұстазы, бүкіл Қазақстанға танымал болған Ұзақ күйші болды.
Сол кездегі дәстүрге орай Құрманғазы ұстазымен бірге ел аралап, домбыра-шылық өнер сайысына түсіп, жұртшылық назарына ілігеді. Жас домбырашы Бөкей Ордасының атақты күйшілері Байжұма, Баламайсаң, Байбақты, Соқыр Есжан, Шеркештің күйлерін үйреніп, шеберлігін шыңдай түседі. Олардан тәлім алып өскен Құрманғазы қазақ халқының ұлы сазгері атанды.
-------------------------------------------------------------------------------------------------------------

17



Мәтінді түсініп оқы,сұрақ қой.
Киіз үй

Киіз үй – қазақ халқының ертеден келе жатқан баспанасы. Ол көшіп-қонғанда тез жиып, шапшаң тігуге ыңғайлы. Жазда ацуасы таза әрі салқын. Қыста қазақтар киіз үйдің сыртқы киіздерін қабаттап жауып, қыстап шыға берген. Киіз үй ұйытқып қатты соққан дауылдан жығылмайды, нөсерлеп жауған жаңбырдың суын өткізбейді.

Халқымыз XVIII-ші ғасырдың екінші жартысында ғана балшықтан, шымнан қыстық үй сала бастағанымен, киіз үй осы күнге дейін бірге жасасып келе жатыр.

Қазақтың киіз үйі ішкі қаңқасы мен сыртқы жамылғысына қарай төрт қанат,алты қанат,сегіз қанат,он екі қанат болып бөлінеді.



------------------------------------------------------------------------------------------------------

20



Мәтінді түсініп оқы,сұрақ қой.

Мұқан Төлебаев 
Мұқан Төлебаев — қазақтың аса көрнекті композиторы, педагог,қоғам қайраткері, КСРО халық артисі, КСРО мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Әнұраны авторларының бірі.

Мұқан Төлебаев 1913 жылы 13 наурызда Алматы облысының Сарқанды ауданындағы Қарашыған ауылында дүниеге келген.

1933 жылы Алматы педагогикалық училищесін бітіріп , одан кейін 1938-1941 жылдары Москва консерваторяисы жанынан ашылған Қазақ студиясында оқиды. 1941 жылдан 1946 жылға дейін Евгения Брусиловскийден композициялық сабақ алады.Ұлы Отан соғысы жылдарының басында Мәскеу қаласындағы халық елеулілерінің қасында жүріп, 1941 жылы денсаулығына байланысты Алматы қаласына оралады.

1942-1944 жылдары Алматыдағы қазақтың халық аспаптар оркестрінің дирижері қызметін атқарады.

1951 жылы Маяковский мен Ференнің композициясы класы бойынша Мәскеу консерватория-сын бітіріп шығады.

1953 жылдан бастап Алматы консерваториясында педагогтік қызмет атқарды.

1956-1960 жылдары Қазақстан Композиторлар одағы басқармасының төрағасы болды.

---------------------------------------------------------------------------------------------------------------

23

Мәтінді түсініп оқы.

Бата

Бата –біреуге тілек ретінде айтылатын сөз. Батаны жасы үлкен адамдар береді.

Халықтың тілек-бата сөздері жас ұрпақты әдепті,сабырлы,зерделі,арлы болып өсуге баулиды. Дәулетті,бақытты,кешірімді болуын тілейді. Жерін,елін қорғауға шақырады.Тілек-бата сөздер – халықтың ежелгі мұрасы. Бұлар – халықтың бірлігін,салт-дәстүрін,адамгершілік қасиеттерін сақтауда ерекше қызмет атқарады. Солардың бірі – наурыз баталары.

24



Мәтінді түсініп оқы,сұрақ қой

Әуезов мұражайы

1963 жылы М.Әуезовті мәңгі есте қалдыру жөніндегі Қазақстан Республи-касы Үкіметінің арнаулы қаулысымен құрылған. Мұражай жазушының соңғы он жыл бойы тұрған үйінде орналасқан. Онда жазушының өмірінен,шығарма-шылық қызметінен толық мағлұмат беретін аса бағалы тарихи, әдеби материал-дарға толы мемориалдық бөлмелер бар. Онда жазушының қолжазбалары,дүние жүзінің 30 тілінде басылған «Абай жолы» эпопеясының нұсқалары қойылған.

Әуезов мұражайы жазушының әдеби мұрасын жинау,жариялау,зерттеу жұмыстарын жүргізеді.Мұражайдың негізгі қоры - Әуезовтің өзінің жеке мұрағаты.

------------------------------------------------------------------------------------



25

Мәтінді түсініп оқы.
Қабанбай батыр

Қабанбайдың шын аты – Ерасыл. Оның Қабанбай аталуы да қызық. Бірде жайлауға қарай көшіп келе жатқан қалың көшке жабайы шошқалар жол бермей қояды.



Көшке жастармен бірге ойын-сауық құрып жүрген Ерасыл да келеді. Осы елдің әйгілі жүйрік атын мінеді де шоқпарды қолына алып, қабандарға қарсы ұмтылады. Жүйрік атпен арлы-берлі шауып, екі қабанды да ұрып құлатады. Қалған шошқалар тым-тырақай қашады. Осыдан бастап ол Қабанбай атала бастайды.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет