1. Мәтіндік кеңістіктің бірнеше түрі болады және тіл білімінде оны бөлудің бірнеше тәсілі қалыптасқан. Ең алдымен, мәтін материалдық объект ретінде қосөлшемді кеңістікті құрайды. Бұл кеңістікте мәтінді құрайтын тілдік бірліктер белгілі



Дата24.09.2024
өлшемі17,33 Kb.
#205023
Байланысты:
29-билет (копия)



1. Мәтіндік кеңістіктің бірнеше түрі болады және тіл білімінде оны бөлудің бірнеше тәсілі қалыптасқан. Ең алдымен, мәтін материалдық объект ретінде қосөлшемді кеңістікті құрайды. Бұл кеңістікте мәтінді құрайтын тілдік бірліктер белгілі тәртіппен, кезекпен орналасқан. Кеңістіктің осы түріне сана сферасынан екінші бір кеңістік сәйкес келеді. Нақ осы кеңістік семантикалық кеңістік деп аталады. Бұл кеңістік виртуальды және актуальды деген екі бөліктен құралады.
Мәтінге осы тұрғыдан келу іс жүзінде мәтінді өзіндік сипаты бар, өзіндік табиғаты арқылы ерекшеленетін, мәтіннің мазмұнын атау (номинациялау) үшін таңдалынып алынған терминдермен, тірек сөздермен бекітілген және толыққан, ментальды туындыға, кеңістікке айналдырады. Мысалы, Махамбет өлең мәтіндерін шартты түрде ұлт мүддесі, атажұрт, азаттық үшін күрес, Еділ мен Жайық, Исатай мен Махамбет ерлігі деген семантикалық кіші бөліктерден, кеңістіктерден құралатын ментальды тұтас түзілім деп ұғынуға болады.
Сонымен, мәтіннің семантикалық кеңістігі дегеніміз – ментальды тұтас жасалым (түзілім). Мәтіннің (оны қабылдау кезінде) оқырман тарапынан интерпретациялануы (актуальды семантикалық кеңістік) қатысады. Айталық, Махамбет өлеңдері адам (Исатай Махамбет, Жәңгір), уақыт (ұлт азаттық көтеріліс кезеңі), кеңістік (тар заман) ұғымдарын интерпретациялау арқылы түсінікті бола түседі.
Қосымша
Көркем әдебиетте баяндаудың сәтті шығуына автордың дүниетанымы, шығармашылық ұстанымы, композиция мен сюжет, кеңістік пен уақыт ұғымдары арасындағы байланысты көрсете білуі ерекше маңызға ие болады.
Академик Р. Сыздық романды (әңгімені, повесті) тарихи стиль тезіне салғанда, автор өзі суреттеп отырған тарихи кезеңге сәйкес зат, бұйым, құбылыс, әрекет атауларын келтіруге тиіс, кейіпкерлерін мүмкіндігінше сол кезеңге сәйкес сөйлетуі керек, оның өзінде де әр кейіпкерді өзінің әлеуметтік орнына, тәрбие-танымына, жасына, жынысына қарай «сол кезеңше» сөйлетуі керектігін айтады
2. Т.Ахтановтың “Шырағың сөнбесін” романы кейіпкердің жан дүниесін, қуаныш пен қайғыда өзін ұстау ерекшелігін ашып, адам жанының небір түкпіріне үңіліп, терең психологизмге құрылған.
Романда шығарма мәтіні субъективтік тұлғалардың күрделі, өзара әрекетшіл қарым-қатынастарынан тұрады: автор арнайы әңгімелеуші және кейіпкер. Автордың әрекет ету аймағы ауызекі сөйлеу нормаларына негізделген баяндаудан тұрады. Автор негізгі кейіпкер Нәзира атынан сөйлейді.
Шығармада кейіпкердің ішкі ойын немесе кейіпкерді сөйлетудің бір тәсілі ретінде монологтық сөйлеу түрі қолданылады. Сонымен қатар оқиғаны көркем баяндаудың таптырмас амалы ретінде троптар мен фигуралар кеңінен қолданылады.
Автор шығарма тілінде сөйлеу тіліне тән қарапайым лексикалық бірліктерді қолданады. Ол шығарманың жеңіл оқылуына мүмкіндік береді. Мысалы, Оның келіншегі Света, орысша айтқанда, менің подру­гам.Екеуміздің қаншалықты жаңын дос екенімізді өзім де әлі мықтап ажыратқаным жоқ» дегенде подруга варваризмі, мықты, шынашақтай ғана, қит етсе, тентек бала сияқты деген қарапайым тұрмыстық лексикажанама мінездеуде жиі қолданылады,кейіпкер тілінде ауызекі сөйлеу стиліне тән «өтіп баратқан» деген жергілікті тілдік ерекшелікке құрылған грамматикалық сипаттағы сөздерде кездеседі.

Сонымен қатар романда, қазақы тәрбие, ұлттық салт-дәстүрді танытатын ақпаратты қазақ халқының өзіндік психологиясын, ұлттық ерекшелігін, болмысын ұлттық дүниетанымды көрсететін тілдік құралдар мол қолданылған. Мысалы. «Дариға қазақтың салты бойыншаменің атымды атамайды, бірақ меншіктеп ен салып, ат та қоймайды, жәй «қыз-ау» дейді.


Шығармадағы көркемдеуіш құралдар шығарманың оқиғасын баяндауда оқырманға әсер ету, оқиғаны шынайы жеткізу, сюжетті дамыту, мәтін түзу сияқты мақсатында молынан қолданылып, шығармада белгілі бір авторлық ұстанымға сәйкес пайдаланылғанын көреміз.

3. Публицистикалық стиль

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет