Лекция тақырыбы: Қарым-қатынастың интерактивті жағы Лекцияның мақсаты мен міндеттері



Pdf көрінісі
бет1/4
Дата07.02.2022
өлшемі309,84 Kb.
#93145
түріЛекция
  1   2   3   4
Байланысты:
№11 лекция



№11 Лекция тақырыбы:
Қарым-қатынастың интерактивті жағы 
Лекцияның мақсаты мен міндеттері:
Студенттерге интеракция туралы түсінік беру 
және оның түрелерімен таныстыру. Сендіру, иландыру, еліктеудің тұлғаралық қарым-
қатынастағы маңызын түсіндіру. 
Лекция мазмұны:
Психологиялық әсер етудің мәні. Психологиялық әсер ету түрлері. Әсер ету механизмдері: 
жұқтыру, еліктеу, сендіру. Сендіруді тиімді ету факторлары. Психологиялық әсер етудің 
негізгі тәсілдері мен әдістері: демонстрация, жалған ақпарат тарату, қауесеттерді тарату, 
қорқыту, БАҚ-тағы манипуляция. 
Қарым – қатынастың интерактивті жағы – адам аралық қарым -қатынастың, 
адамдардың бір –бірімен әрекеттесуі мен байланысты аспектілерін белгілеуге арналған 
шартты термин. Қарым – қатынас барысында қатынасқа түсу үшін тек мәліметпен 
алмасып және ӛзара түсініксіздікке қол жеткізумен шектелу жеткіліксіз, әрекеттермен 
алмасу, ортақ іс - әрекетті жоспарлап, бірлескен әрекеттердің формалары мен нормаларын 
қалыптастыру да маңызды. Қарым – қатынастың осы жағы сипаттағанда жеке адамаралық 
қарым – қатынастың түрлерін талдау мен қарым –қатынасқа түсушілердің әрекеттесудің 
қай түрін таңдауға итермелейтін мотивтерін де қарастыру керек. Қарым- қатынастың 
интерактивті жағына адамның ӛзара әрекетімен олардың ортақ іс-әректті 
ұйымдастырумен байланысты қарым- қатынас компоненттері кіреді. Ӛзара әрекет бұл тек 
белгі және ақпаратпен алмасу ғана емес, сонымен қатар топтағы ӛзара әрекет 
ұйымдастыру әректтері жатады. Қарым- қатынастың интерактивті жағы бұл адамның 
ӛзара әрекетімен байланысты сипатталатын шартты термин болып табылады. Ӛзара 
әрекетпен алмасу себептерінің бірнеше түрлері бар: 
Жалпы ұтысты көбейту (кооперация) 
өзінің ұтысын көбейту (индивидуализм) 
мүмкін ұтысты көбейту (бәсекелестік) 
басқаның ұтысын көбейту (альтруизм) 
басқаны ұтысын азайту (агрессия) 
Ұтыстың арасындағы айырмаларды азайты (тепе- теңдік) 
Ӛзара әрекет адамның мақсатына сәйкес келгенде қарым- қатынас нәтижелі болады. Ең 
ұтымсыз мотивтер индивидуализммен агрессия боып табылады. Қарым –қатынас серігінің 
қызығушылығы мүлдем назарға алынбаған жағдайда қорғаныс стратегиясы қозу үстінде 
болыды, қарым- қатынасқа қатысушылардың әлеуметтік мотивіне және ӛзара әрекетіне 
қарай 5 негізгі стратегияны кӛрсетуге болады: 
Қарсыласу 
Қашу 
жол беру 
Компрамисс 
Ынтымақтастық 
Қарсыласу стратегиясы бұнда қарым- қатынас партнерінің әрбіреуі ӛз ұтысын кӛбейтуге 
тырысады Адам тек ӛзінің қойған мақсатына бағытталады «саған емес маған». Қашу 
стратегиясы ӛзгенің ұтысын азайту мотивіне сәйкес келеді. Ӛзгенің байланыстарына бой 
бермеу, ӛзгенің ұтысын азайту үшін ӛзінің мақсатына жетпеу. Компромисс ұтыстың 
айырмасын азайтуға сай келеді. Қарым- қатынас серігі тең болу үшін ӛз мақсатына 
жетпейді. «саған қанша болса маған сонша». Ынтымақтасттық стратегиясы кооперация 
мен бәсекелестік мотивін жүзеге асыру. Ортақ әрекетке қатысушылар қажеттілігін толық 
түрде ӛтейді. Қарым-қатынастың интерактивті жағының негізгі мазмұны- серіктеске әсер 
ету, ӛзара әсерлесу бақылауға және түсінуге бағытталады. Ӛзара әрекеттің негізгі 
сипаттары:
Ӛзара әрекет қажетті және міндетті біріккен әрекеттің тәсілін ойлап табу; 


Ӛзара әрекеттің негізі әртүрлі бейнелер тұлғаарлық контакт және әрекет құрайды. Оларға 
жанамалы және тікелей кездейсоқ және алдын-ала ойластырылған, жеке және бұқаралық, 
ұзақ және қысқа мерзімді, вербальды және вербальды емес әрекеттер жатады. Ӛзара 
әрекетке серіктестің бір-біріне тәуелділігі тән. Егер әр адамның әрекеті ӛзгелермен бір 
уақытта жүргізілсе, ӛзге қатысушыларға да әсерін тигізеді. Осы серіктестік арасында 
ӛзара байланыс пайда болады. Осы мақсатқа байланысты мінез-құлықтар мынадай 
стратегияға бӛлінеді:
Бірлесу – ол қатысушының ӛзара әрекет кезінде ӛз мақсатына максимальды түрде жетуін 
кӛздейді.
Қарсыластық, бәсекелестік – мұнда сыбайластарӛз мақсатын кӛздейді.
Компромисс – мұнда сыбайластар тең жағдайды сақтап қалу үшін әрекет етеді.
Жол берушілік – сыбайластың мақсатына жету үшін ӛз қажеттілігіңді құрбан ету.
Қашқақтау – қарым-қатынаста алшақтау, ӛзге адамның жеңіп шығуы үшін ӛз мақсатыңнан 
бас тарту.
Басқарушылық әрекеттің түрлері тӛмендегідей:
Сендіру
Иландыру
Еліктеу
Күштеу
Манипуляция
Сынау
Сендіру – бұл іс-әрекетін тудыру себебінде ақпаратты беру және еркін қабылдауды мақсат 
еткен интеллектуалдық, психологиялық әсер. Басқаша айтқанда сендіруде тек ақпаратты 
қабылдау ғана емес, онымен іштей келісу және соңғы қорытындыны, ақпаратты ӛздігінен 
қабылдаушы жасау керек. Сендіру әсер ету әдісі ретінде иландыру, жұқтыру 
механизмдерінен бұрын әлеуметтік практикада жайырақ қолданыла бастады. Ақпаратты 
қабылдау немесе қабылдамау түскен сыни игерудің қажеттігі адамның интеллектуалдық 
дамуының жоғарғы деңгейде екендігін кӛрсетеді. Сендіру әсері процесінің қиындығы, 
рационалды әсер ету сияқты тұлғаның эмоциялық сферасына да әсерін әсер етуші 
инициатор мен адресаттың бірлескен белсенді әрекетін бастайды. Сендіруге кӛбінесе 
мына адамдар беріледі:қиялы ашық, ӛзіне қарағанда басқаларғабағытталатын, ӛзін-ӛзі 
бағалауы тӛмен адамдар. Сендіру тиімділігі мына талаптарды сақтау керек: 
-контакт орната білу, сенімділік тудыру;
-шыдамдылық, тӛзімділік, такт; 
-дәлелдеу, түсіндіру, жоққа шығара алатын; 
-бұрын игерген нәрселермен байланысатын жаңа идеялар беру; 
-тұлғалық ашықтық; 
-екі жақ қолданатын терминдерді, түсініктерді бірдей түсіну; 
-сендіретін адамның жеке тұлғалық ерекшелігі мен шағын топтың психикасын есепке алу. 
Сендіру 3 әсер ету түрінен тұрады: ақпараттық, түсіндіру, дәлелдеу немесе жоққа шығару 
Ақпараттық тыңдаушының нақты іс-әрекет тудыруға қажетті оған фактілер мен 
қорытындыны жеткізу мақсатында ақпаратты бейнелі, әсерлі түрде жеткізу,жұмысшыға 
бар нәрсені айта отырып, индуктивтік немесе дедуктивтік жолдарды таңдап алады. 
Біріншісі, жалпылау қорытындысы бар фактілерді, құбылыстарды, оқиғаларды қарастыру. 
Дедуктивтік жол – бірінші жалпы жағдайдың ӛзін айтып, содан кейін фактіге 
дәлелдемелер 
келтіру. 
Түсіндірудің 
бірнеше 
түрін 
кӛрсетеді: 
1. Инструктивтік – жұмысшы жеткен ақпаратты игеріп, есінде сақтауы керек. 
2. Хабарлау – жұмысшыға фактілер, шынайы әңгіме ретінде түсіндірді – бұл белгілі бір 
сәйкесті қорытындығы алып келеді. 


3. Талдау – жұмысшының ойлау әрекеті, оған бірнеше сұрақтарқою арқылы 
белсендендіреді, ол логикалық талдауға және керекті қорытынды жасауға алып келеді. 
4. Мәселелік – басшы қойылған сұрақтарға жауап бермейді. Жауапқа жұмысшының ӛзі 
келеді., бірақ түсіндіруге қажетті материалдар басшыны қорытындыға итермелейді. 
Сендіруге дәлел логикалық заңдылықта, қарым-қатынаста жеткілікті негізде құрылады. 
Дәлел тиімді болады, егер ӛз мәнінде дұрыс болып келетін фактілерге сүйенсе немесе 
жұмысшы дұрыс деп қабылдаса. Логиканың кӛзқарасымен қарасақ, жаққа шығару да 
дәлел сияқты сипат алады. Бағынышты адамдарға бір идеяны дәлелдей отырып, басшы 
басқасын жоққа шығарады. Психологиялық жағынан айырмашылық анық байқалады. 
Дж.Майерстің пікірінше, сендіру әсерінің жүзеге асуында Кім? Не? Қалай? Және кімге 
беретінін есінде сақтау маңызды.
2.Иландыру – эмоционалды ерікті сипаттағы психологиялық әсер ету тәсілі. Тұлғаның 
ақпаратты мақсатты түрде сыни емес тұрғыда қабылдау. Иландыру мәні адамның сезіміне 
әсер ету арқылы оның ақылы мен еркіне әсер ету. Иландыруға бейім тұратындар 
суггестивті деп аталады. Қарым-қатынас процесінде бір мезгілде формасына, мазмұнына 
негізделеді. Иландырудың әсер ету мазмұны «жабысқақтылығымен» ерекшеленеді. Ол 
иландырылған жағдайдағы бірігушілік пен түзету мағынасында қиын беріледі. Ол 
гетеросуггестиялы (яғни жан-жақтан) және аутосуггестиялы (ӛзін иландыру) формалары 
арқылы жүзеге асады. Иландырудың объектісі – үлкен топпен бұқара болуы мүмкін. 
Иландыруда ең үлкен эффекті мынадай жағдайда болады, егер де иландырылып берілген 
ақпарат адамның қажеттілігі мен қызығушылығына сәйкес келген жағдайда. Іскерлік 
қарым-қатынаста әр адам әртүрлі деңгейде иландыра алады, қабылдау деңгейі әртүрлі, 
иландыруға бейімділігі де әртүрлі адамдар болатынын әрдайым есте сақтау керек. 
3.Еліктеу деп – бір адамның сыртқы құлқын қабылдаудағы бірнеше психикалық қалыптың 
тууы және сонымен қатар сол адамның құлқын белгілерін ӛзінде қайталау. Ӛзгелерге 
еліктеу негізінен санасыз болады, бірақ кейде бір мақсатқа жету барысында саналы 
қолданылады. Біреуге еліктеу ерікті және еріксіз түрде де болады. Еліктеу баланың 
әлеуметтену 
механизмінің 
негізгі 
бӛлігі 
болып 
табылады. 
Еліктеуді ғылыми тұрғыдан зерттеген, негізін салған француз психолог-социологы – 
Г.Тард. Оның тұжырымдамасы бойынша, еліктеу, қоғам дамуының негізгі принципі 
болып табылады. Сонымен қоса, еліктеу – «қайталаудың әлемдік заңдылығы». Жануарлар 
әлемінде бұл заңдылық тұқым қуалау арқылы болса, адамдар қоғамында еліктеуарқылы 
болады. Г.Тардтың кӛзқарасынша, еліктеу – прогресстің кӛзі: жұрттың еліктеуі арқылы 
кезең мен қоғамда ӛнер туыдылары жасалуда. Бұл туындылар мен ашылулар қоғам 
құрылымына еніп, еліктеу арқылы меңгеріледі. Еліктеу психологиялық әсер етудің тәсілі 
ретінде нақты заңмен жүзеге асады: 
- Біріншіден, еліктеу іштен сыртқа бағытталады, яғни ішкі бейнелер сыртқыға қарағанда 
тез жүреді.
- Екіншіден, әлеуметтік баспада тӛмен тұрғандар жоғарыдағыларға еліктейді. 
- Үшіншіден, неғұрлым адам ересек және білімді болған сайын еліктеудің қарапайы 
белгілеріне икемді. Мысалы, балалармен салыстырғанда ересектердің әлемді 
қабылдаудағы адамның ішкі жеке сипаттамасына үңілмей, сыртқы бейнесіне негізгі кӛңіл 
аудару. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет