Сабақ жоспары Жүргізушінің сәлемдесуі. Ойын ережелерімен таныстыру. Ойынды жүргізу



Дата15.09.2017
өлшемі195,58 Kb.
#33027
түріСабақ
«Химия сағаты» викториналық ойыны

Ойынның мақсаты:

1. Өткен тақырыптар бойынша білімдерін жалпылау

2.Оқушылардың химия пәніне қызығушылығын арттыру

3. Ойын барысында жеңіске жету сезіміне тәрбиелеу.



Мақсаты: Өткен тақырыптар бойынша білімдерін жалпылау,

Оқушылардың химия пәніне қызығушылығын арттыру, ойын барысында жеңіске жету сезіміне тәрбиелеу.

 

Сабақ жоспары


  1. Жүргізушінің сәлемдесуі.

  2. Ойын ережелерімен таныстыру.

  3. Ойынды жүргізу.

1 тур. «Жауап таңдау»

І. Экранда – заттар формуласы: 1) NaHCO3; 2) KOH; 3) МgSO4; 4) NaCl; 5) Na2CO3; 6) СаCO3.

Сұрақтар:

1) Кай формула аспаздық тұздың формуласы?

2)Ас тұзының формуласын табыңдар?

3)Жер шарында ең кең таралған қосылыс. Бор, мәрмәр, әктас сияқты белгілі минералдардан тұратын қосылыс.

4)Ең ащы тұз деп белгілі болған зат, бұл тұз медицинада әлсіреткіш ретінде қолданылады. Теңіз суының қосылысымен ащы дәм береді.

ІІ.Экранда - Ғылымдардың суреттері:

1)М.В.Ломоносов;

2)Д.И.Менделеев;

3)Г.Кавендиш;

4)Й.Я.Берцелиус:

5)Н.Н. Бекетов;

6)Э.Резерфорд.

Сұрақтар

1.Атомның планетарлық моделін жасаған ғалым

2. Химиялық элементтердің таңбасын ұсынған ғалым

3.Сутекті алғаш рет алған ғалым

4.Металдардың активті қатарын жасаған ғалым

5.«Металдар туралы 12 кітап» жазған металлургия саласында белгілі ғалым және дәріге

6.Фамилиясында төрт «о» әріпі бар ғалым ІІІ.Экранда – металдардың химиялық таңбалары: 1) Au; 2) Zn; 3) Cu; 4) Ag; 5)Hg; 6) Fe.



Сұрақтар:

1)Латын тілінен аударғанда – «таңғы нұр»деген мағынаны беретін металл.

2)Бұл металдың негізінде балқыманы қола деп атайды.

3)Сұйық агрегаттық күйде болатын жалғыз металл .

4)Темірді коррозиядан сақтауға кең қолданылатын металл.

5)Ертеде ас ыдыстарын жасауға пайдаланған металл

6)Басқа металдардан ерекше қасиеті бар металл
Бірінші тур бітті. «Жұлдызша » санын есептеп, қорытынды жасаймыз. Бұл турдың қорытындысы нәтижесінде 2 қатысушы біздің ойынымыздан шығады.

2 тур. «Сөз құра».

Қатысушылар назарына келесі әріптер беріледі:



к, а, в, д, и, с, о, п, л, е.

Тапсырма. Тек осы әріптерді қолданып химиялық сөздер құрастыру қажет. Жетпей тұрған бір әріптің орнына бір «жұлдызша» беруге болады. Ең ұзын сөз үшін қатысушы бір «жұлдызшаға» ие болады. «Жұлдыз» саны аз және ең қысқа сөзді атаған қатысушы ойыннан шығады

Жауабы: су, құм, сода, тұз («ь» үшін- «жұлдызша»), кислота(«т» үшін - «жұлдызша»), оксид.

3 тур. «Тұжырым дұрыс па?»

Қатысушылар назарына тұжырымдар беріледі. Оған«ия»немесе «жоқ» деп жауап беру керек, сәйкес карточканы көтеру керек.



Тұжырымдар:

1)Өршіткі реакцияның жүруін жылдамдатады,бірақ өзі жұмсалмай қалады.

2)Алюминий оксиді амфотерлі қасиет көрсетеді.

3) Авогадро саны – 22,4 л тең

4) Протон ,нейтрон,электрон саны өзара тең.

5) Электрондарды беру процесі тотығу деп аталады.


3 турдың қорытындысы бойынша тағы «жұлдызшаны» ең аз жинаған 1 қатысушы ойыннан шығады,

«Мәре»

2 қатысушы қалды. Олар 1 минут ішінде Жұмбақтың шешуін қазақша –орысша –латынша айту керек.Кім дұрыс айтады , сол ойында жеңіске жетеді.



 

4. Марапаттау.



Ойын біткенде жеңімпазға грамота беріледі және «жұлдыздың» суреті бар шар тапсырылады.

 

«Химия сағаты» байқауының әділқазы



алқалары



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет