4. СҒЗЖ тапсырмасы: Кәсіпорынның Қазақстан экономикасындағы рөлі
Қазақстан экономикасының дамуы жағдайында шағын және орта кәсіпкерліктің қызметін арттыру негізгі бағыттарының бірі болып табылады. Шетелдік тәжірибе көрсетіп отырғандай шағын және орта кәсіпкерлік мемлекеттік деңгейде жүйелі қолдауға ие. Әр түрлі мемлекетте шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау шараларының барлығы дерлік бірдей, бірақ ұлттық мәдени ерекшеліктерін ескере отырып әр қайсысында өзінше ерекшелік бар.
Шағын және ортакәсіпкерлік кәсіпорынның экономикалық дамуының маңызды факторы болып, ұлттық экономиканы одан әрі дамытуға ықпал етеді.
Шағын және орта бизнесті дамыту іс-шаралары шағын және орта кәсіпкерліктің дамуына қолайлы жағдай жасауға жәрдемдесуге және қолдауға, шағын бизнесті дамыту үшін жағдай жасауды қамтамасыз етуге, халықтың өзін-өзі жұмыспен қамтуын ұйымдастыру үшін мүмкіндіктерді толық пайдалануға, жұмыс орнының санын арттыруға, ресми және жасырын жұмыссыздықты азайтуға, халықтың өмір сүру деңгейін көтеруге, сонымен қатар, облыстық және жергілікті деңгейдегі қолдау шараларының сапасы мен тиімділігін арттыруға және шағын бизнес секторындағы проблемаларды жоюға бағытталған.
Шағын және орта кәсіпкерлік бұл тиімсіз өндірістері жабылып, орнына жаңа өндіріс орындары қалыптасып, әрдайым қайта құрылу процестері жүзеге асырылып отыратын, шаруашылық қызметтің ең өзгермелі түрі. Бұл экономикалық өсім қарқының, тұрғындардың жұмысбастылық жағдайын, жалпы ұлттық өнім сапасы мен құрылымын анықтайтын, жалпы экономикалық дамудың басты экономикалық факторы болғандықтан, бірқатар әлеуметтік мәселелерді шешуге көмектеседі. Атап айтсақ, біріншіден, жұмысшыларға жалдамалылар қатарынан шығып өз кәсібінің қожасы болуға мүмкіндік туғызады. Екіншіден, жергілікті шикізат ресурстары мен өндіріс қалдықтарын тиімді пайдалануға көмектесіп, ірі кәсіпорындардан босатылған тұрғындарды жұмыспен қамтамасыз етудің жаңа мүмкіндіктерін қалыптастырады. Үшіншіден, шағын кәсіпкерліктің өркендеуі аймақтық монополияны жеңуге көмектесетін, көп капиталды қажет етпейтін аз сериялы өндіріс негізінде тауар өндіруді ұлғайтып, қызмет көрсетуді дамытуға және нарықтың тауарлармен тез толуына жол ашады. Төртіншіден, ғылыми техникалық прогрестің жетістіктері өндірісте жылдам меңгеріліп, өндіріс шығындарының төмендеуіне ықпалын тигізеді.
Шағын және орта кәсіпкерліктің мемлекеттік қолдау саясатын жүзеге асыру нәтижесінде шағын кәсіпкерлік облыс экономикасында өз орнын тауып, экономиканың өркендеуіне қолайлы жағдайлар жасауда сонымен бірге, кәсіпкерлердің белсенділігі артуына байланысты жергілікті ресурстарды пайдалану және жаңадан жұмыс орындарын құру, рынокта тауарлар мен қызмет көрсетулерді дамыту нәтижесінде бәсекелестік ортаны қалыптастыруға өз әсерін тигізуде.
Қазіргі уақытта шағын және орта бизнестің дамуы бізде негізінен күрделі қаржы жұмсалымдарын аса қажет етпейтін салалар мен делдалдық салада орын алып отырғандығы да өркендеудің бір мәселесі болып отыр. 1 суретте шағын және орта бизнес негізінен сауда, қоғамдық тамақтандыру, азаматтық нысандар құрылысы, техника мен машиналарды ұсақ жөндеу, ауыл шаруашылығы салаларында шоғырланған. Ал ғылыми-техникалық жаңалық пен ақпарат саласы секілді аса күшті нарық игерілмей отыр.
Сурет 1. ҚР шағын және орта бизнесте тіркелген салалар құрылымы
2018 жылғы 1 желтоқсанға жағдай бойынша жұмыс істеп тұрған ШОК субъектілер саны өткен жылғы тиісті кезеңдегі сәйкес мерзіммен салыстырғанда 6,7%-ға өсті. ШОК субъектілерінің жалпы санында дара кәсіпкерлер үлесі 65,5%, шағын кәсіпкерліктегі заңды тұлғалар – 18,7%, шаруа немесе фермер қожалықтары – 15,6%, орта кәсіпкерліктегі заңды тұлғалар – 0,2%-ды құрады.
2019 жылғы 1 ақпанға жағдай бойынша жұмыс істеп тұрған ШОК субъектілер саны өткен жылғы тиісті кезеңдегі сәйкес мерзіммен салыстырғанда 10,1%-ға өсті. ШОК субъектілерінің жалпы санында дара кәсіпкерлер үлесі 65,6%, шағын кәсіпкерліктегі заңды тұлғалар – 18,4%, шаруа немесе фермер қожалықтары – 15,8%, орта кәсіпкерліктегі заңды тұлғалар – 0,2%-ды құрады.
Шағын және орта кәсіпкерліктегі жұмыс істеп тұрған субъектілерінің саны ҚР-да 2019 жылы 1 274 818-ге жетті. Оның ішінде Шымкент қаласында 63 296, Түркістан облысы бойынша 134 726.
Шағын және орта кәсіпкерліктердегі Қазақстанда жұмыспен қамтылғандар саны 3 233 273. Оның ішінде Түркістан облысы бойынша 342 477 адам жұмыспен қамтамасыз етіліп отыр.
Сурет 2. ҚР ШОК белсенді (жұмыс істеп тұрған) субъектілері
2 суретте- шағын және орта кәсіпкерліктің (жұмыс істеп тұрған) субъектілердің саны бойынша 2005-2015 жылдар аралығындағы статистикалық көрсеткіштер берілген. Бұл көрсеткіштердің 2014 және 2015 жылдарын салыстыра келе, шағын кәсіпкерліктегі жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалардың көрсеткіштері 2014 жылы 74829 мың заңды тұлғалар белсенді жұмыс жасаса, бұл көрсеткіш 2015 жылы 175679 мың субъектіні құрайды және де 134%ға ұлғайған, орта кәсіпкерліктегі заңды тұлғалар 2014 жылы 4559 заңды тұлға ал 2015 жылы 2097 ғана субъекті ғана жұмыс жасауда және де 54%-ға төмендеген. Осы деректер бойынша дара кәсіпкерліктегі субъектілер 2014 және 2015 жылдарда 27%-ға ұлғайған және де соңғы шаруа немесе фермер қожалықтары бойынша 18,6%-ға артқан. Статистикалық мәліметтерге сүйенер болсақ, Қазақстанда тіркелген жеке кәсіпкерліктің (ЖК) 726 мыңы ауылда болса, 564 мыңы қала халқына тиесілі. Дегенмен үкімет қалаға қарағанда ауыл халқының іскер келетінін ескермей отырғанға ұқсайды. 2016 жылдың қорытындысына жүгінсек, Қазақстан қалаларында еңбек ресурсы құрылымындағы 15,4 пайыз азамат қана өзін-өзі жұмыспен қамтушылар болса, ауылдағы бұл көрсеткіш 39 пайызға тең. Сонымен қатар ауылдағы кәсіпкерлердің еңбек өнімділігі де артып келеді. Дәлірек айтсақ, ауылдағы өзін-өзі жұмыспен қамтушы азаматтардың 52 пайызы жеке кәсіпкер. Салыстыру үшін айта кетейік, 2013 жылы бұл көрсеткіш 35 пайыз болған. Ауыл халқының кәсіпкерлікке деген ынтасының жоғарылығына қарамастан, банктер қалалық жердегі азаматтармен көбірек жұмыс істегенді жөн көреді. Ауыл кәсіпкерлері үшін арнайы несие түрінің жоқтығы да ауыл бизнесінің несие алуына кедергісін келтіріп отыр.
Достарыңызбен бөлісу: |