Қорытынды
Қорыта айтқанда, Қазақстан экономикасын алға жылжытуда және әлеуметтік, макроэкономикалық мәселелерді оңтайлы шешуде шағын және орта бизнесті орны маңызды. Ендігі мәселе шағын және орта бизнесті ұйымдастыру және дамыту бойынша Заңнамалық базаны нығайту болып табылады. Осы орайда: «Меншікті тіркеу», «Лицензиялау туралы», «Инвесторларды қорғау», «Салық салу» өлшемдері бойынша Заңдарды оңтайлы нәтижелерікөрініс болады.
Шағын және орта бизнес ел тұрақты тығыны, ондағы саяси және әлеуметтік экономикалық жағдайдың орнықтылығының тірегі ретінде атап көрсетуге болады.
Мемлекеттік саясат кәсіпорын өзінің қызметінің тұрақты қаржылық құрылымын қалыптастыру үшін мүмкіндіктер беруге бағытталуы тиіс. Кәсіпорын қызметінің сыртқы ортасында жағымды жағдайларды жасау үшін қаржылық және банктік секторлардың дамуын ынталандыруы, нарықтық инфрақұрылымды, сақтандыру және қор нарығын қалыптастыруды жылдамдату керек. Бұдан басқа, кәсіпорындарды қолдау мақсатында амортизациялық және инвестициялық саясатты қамтитын реттеу әдістерін қайта қарауы қажет, бұл негізгі қорға қаражттарды салуға көмектеседі.
Қазақстанға шағын және орта кәсіпкерліктің пайдасы қандай?Біріншіден, кез келген мемлекетке шағын және орта кәсіпкерліктің ең үлкен пайдасы салық болып есептеледі. Ежелден мемлекеттердің экономикасын көтеріп отырған-салық.Қазақстанда шағын және орта кәсіпкерліктің көлеміне арналған үш салық түрі бар. Олар:
1. Бір шағын және орта кәсіпкерлікте бір ғана адам жұмыс жасаса, одан оның табысының 2%-тін салық алынады.
2. Егер жұмыс орнында 25 адамға дейін қызметкер жұмыс жасаса, ол компаниядан табысының 3%-ті мемлекетке беріледі.
3. Компанияда 25 адамнан көп қызметкер бар болса, ол компания өзінің пайдасынан
20% салық төлейді.
Екінші пайдасы, жұмыссыздар санын азайтуға өз септігін тигізеді.Үшінші, импортты азайтып, мемлекеттің қажеттіліктерін қамтамасыз етеді.
Шағын және орта бизнес – тұрақты азаматтық қоғамның діңгегі. Барша қазақстандықтар әл – ауқатының көтерілуі оның дамуымен тығыз байланысты. Статистика агенттігінің үстіміздегі жылғы мәлімет бойынша, қазіргі таңда елімізді 627779 белсенді компания мен жеке кәсіпкерлер тіркелген. Шамамен олардың 99 пайызы шағын және орта бизнестің шаруасын шалқытып жүргендер болып есептелінеді. Соның ішінде барлық субъектілердің 61,1 пайызын жеке кәсіпкерлер, 27,1 пайызын шаруа (фермерлік) қожалықтары, 10,4 пайызын шағын кәсіпкерліктің, ал 1,4 пайызын орта кәсіпкерліктің заңды тұлғалары құрайды
Достарыңызбен бөлісу: |