|
Байланысты: ҰБТ - 2021 docx(1) Molekulalyk fizika Iliyasov, Зертханалық жұмыстар«Жарлы болсаң, арлы болма»
дейді. Ардан кеткен соң, тірі болып жүрген құрысын. Егер
онысы жалға жүргеніңде жаныңды қинап еңбекпенен мал тап деген сөз болса, ол - ар кететұғын
іс емес. Тыныш жатып, көзін сатып, біреуден тіленбей, жанын қарманып, адал еңбекпен мал
іздемек - ол арлы адамның ісі.
«Қалауын тапса, қар жанады»
,
«Сұрауын тапса, адам баласының бермейтіні жоқ»
деген - ең
барып тұрған құдай ұрған сөз осы. Сұрауын табамын, қалауын табамын деп жүріп қорлықпенен
өмір өткізгенше, малды не жерден сұрау керек, не аққан терден сұрау керек қой.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|