Жазушы С. Мүқанов Шоқанның әдебиет теориясы туралы – «Сөз өнері» атты зерттеулерінің қолжазбасы туралы мәлімет береді. «Манас» дастанына айрықша тоқтап, бүл асыл мұраның халықтық сипатына назар аударады, оны орасан жоғары бағалап, «үлкен бір энциклопедия» деп қарайды, «Илиадамен» салыстырады. Зерттеуші осы «Манасты» жыршылар аузынан жазьш та алған. Жырдың варианты соңғы кезге дейін белгісіз болып келген еді. 1965 жылдары бұл жырдың Шоқан жазьп алған нүсқасын ғалым Ә. Марғұлан тауып, табыс етті.
М. Әуезовтің «Әр жылдар ойлары» (1959) атты кітабынан «Манас» туралы зерреуді оқуға боладьы. «...Біз сүлтанның мінезінің оғаштығына таң қалдық, – деп жазады Шоқан. – Ол шатырға семіз қаздай байпаңдап басып кірді. Сөйтті де төрге шығып отыра қап, мелшиіп қатты да қалды, жүрттың бәрін көзімен жедел шолып өтті де, тақпақтап: «Жалайырда қой көп, Жанғазыда ой көп,- деді. Соны айтты да, тағы да мүлгіп, мелшиді де қалды».
Бұл арада Шоқан жалайыр руы сұлтанының тоғышар тұлғасын тамаша танытып отыр. Жанғазының мінезі, сөздері, қозғалысы, жүріс-тұрысы шебер бейнеленіп беріледі. Осындай қызық суреттер қырғыздар тұрмысын көрсетуде де жиі үшырайды.
Шоқанды шебер публицист деген бұл пікірлерді М. И. Фетисов зерттеулері де растайды. Шоқанның Европаға ерте тараған еңбектері Жоңғария туралы жазғандары болатын. Ғалымның «Жоңғария очерктері» мен «Алты шаһардың жай-жапсары» деген еңбектері 1861 жылы, көзінің тірі кезінде, орыстың императорлық география қоғамы жазбаларының үшінші кітабында басылған.
Шоқанның еңбегі ағылшын, неміс, француз тілдеріне аударылды. 1865 жылы
Лондон баспасы оның Жоңғария туралы жазгандарын ағылшын тілінде жариялады.
Шоқан Уәлиханов туралы өткен ғасырдың екінші жартысында француз географы, саяхатшы-ғалым Элизе Реклю көп томды зерттеулерінің төртінші кітабында баяндады.. Ол Шоқанның Орта Азия мен Қашқарияны тиянақты зерттеген атақты ғалым екенін ескертеді. Семенов-Тянь-шаньский сияқты орыс ғалымдарымен қатар қойып, жоғары бағалайды. «Современник» журналы Шоқан туралы өз пікірін 1864 жылы-ақ жариялаған. Мысалы, осы журналда К. Губарев «Қазақ сахарасы» деген мақала жариялап, онда: «...Шоқан Уәлихановтай ерекше қабілетті адам бұратана деп аталатын басқа
халықтардың ешқайсысынан бұрын-соңды шыққан емес», – деп жазған.
А. И. Герценнің «Колоколы» да Шоқан туралы пікірлер қозғап, Шоқандай ұл туғызған халықтың тағдырына жанашырлық білдіреді.
Шоқан туралы орыс жұртшылығының шынайы пейілі Г. Потаниннің естелік еңбектерінде де тамаша айтылған. Оның «В юрте последнего киргизского царевича» атты очеркі 1896 жылы «Русское богатство» журналында басылған-ды. Бүдан кейін 1904 жылы шыққан Шоқан шығармаларының тұңғыш жинағының алғы сөздерінде бұл пікір толық қайталанған.
Шоқан шығармаларының жарық көруімен байланысты 1905 жылы «Тургайская газетада» Шоқанның өмірі мен еңбектері туралы мақала басылды. Қазақтың алдыңғы қатарлы адамдары да оны ерте таныды, 1870—1882 жылдары Ташкент қаласында шығып тұрған «Түркістан уалаятының» бетінде Шоқан туралы мақалалар басылды. «Дала уәлаяты» газетінің 1894 жылғы бір санына басылған «Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов» атты көлемді мақала ерекше назар аудартады. Онда Шоқанның турғанына 60 жыл толғалы отырғаны хабарланады. Өмірбаяны және еңбектері туралы түсініктер беріледі..
Шоқанды толық танытуда Ә. Марғұлан еңбегі ерекше атап көрсетуді керек етеді. Шоқан шығармаларын баспаға даярлау үстіндегі іздену нәтижесінің өзі орасан. Сондай-ақ, жазушы С. Мұқанов та ғалым творчествосын зер сала зерттеп, соны еңбектер жазды. Мысалы, оның «Жарқын жұлдыздар» монографиясы –Шоқан мен Абай творчоствосы туралы соны зерттеу. Жазушы қаламынан туған «Шоқан» пьесасы мен «Аққан жұлдыз»
трилогиясы тамаша ғалымның көркем образын жасап, оның есімін кейінгі ұрпаққа паш еткен туындылар .
Шоқанға бір хатында Ф. М. Достоевский ( 1856 жылғы хатынан бір үзінді): «...Сіз, – дейді Ф. М. Достоевский, – мені жақсы көремін деп жазыпсыз. Ендеше мен туралап-ақ айтайын, мен сізді жанымдай жақсы көремін. Мен Сізді жақсы көргендей ешуақытта да, ешкімді де, керек десе туған аға-інімді де жақсы көрген емеспін, мұның себебін бір құдай білсін»...
Шоқанның еңбектері ғылым ісіне өзіндік үлесін қосқандығы қандай айқын болса, оның азаматтық тұлғасы ұлтжанды қаншама озық ойлы адамдарды тәрбиелей беретіні сөзсіз.
Ағартушылық-демократтық бағыттағы жаңа жазба әдебиет өкілдері. Ағартушы демократтарға тән қасиеттер және қазақ даласына енген замана өзгерістері.
Ағарту саласындағы жаңалықтар.
Алғашқы қазақ баспасөзі.
Қазақ әдебиетіндегі дәстүр жалғастығы.
Әдебиеттегі жаңа беталыстар.
Жаңа адамдар тобының пайда болуы.
Зиялы қауымның халық үшін атқарар қызметі.
Қазақ әдебиетіне әлем әдебиетінен ене бастаған аудармалар. Ш.Уәлихановтың қазақ әдебиетіне қатысты ойлары.
Ш.Уәлиханов – саяхатшы, ғалым. Шоқанның көсем сөздері.
Ш. Уәлиханов мұрасының ерекшелігі.
Шоқан қазіргі дәуір зерттеушілерінің көзімен.
Халыққа қызмет етудің жолдары. Шоқанның гуманизмі.
12-дәріс. Ыбырай Алтынсариннің ағартушылық қызметі мен әдеби мұрасы.
Ыбырай Алтынсарин ҿмірі мен шығармашылығы.
Ыбырайдың ағартушылық қызметі.
Ыбырайдың ҽңгімелері мен новеллалары
Ыбырайдың ҿлеңдері.
Ыбырай Алтынсарин 20 қазанда 1841 жылы Қостанай облысы, Затоболь ауданында
туған. Ҽкесі Алтынсарыдан тҿрт жасында қалған ол атасы Балғожа Жаңбыршыұлының
тҽрбиесінде ҿседі. Кҿзі ашық, үкімет саясатынан хабардар би Орынборда 1844 жылы
ашылады деген мектепке 1846 жылы 5 жасар немересін жаздырып қояды. 1850 жылы 23
августа орыс-қазақ мектебі ашылып, қазақтан алынатын 30 баланың бірі ретінде Ыбырай
мектепке барады Орыс тілін меңгертуге мұнда кҿбірек кҿңіл бҿлінгендіктен, 1857 жылы
Ыбырай мектепті жақсы тҽмҽмдап шығады. Ҿз елінде писарь болып біраз істеп, 1859
жылдан бастап Орынборда тілмаштық қызмет атқарады. Шығыстанушы ғалым, профессор
В.В.Григорьевпен достасып, оның бай кітапханасын қалауынша пайдаланады. 1860
жылдары ол Торғайға мектеп ашу ниетімен келеді. Аңсаған мектебін кҿп
қиыншылықтармен 1864 жылы ашады. Іскерлігімен, жігерлігімен жұрт назарына ілінген
оны 1879 жылы Торғай облыстық мектептерінің инспекторы етеді. 1864 жылдан 1889
жылға дейінгі бар уақытын ол халық ағарту ісіне жұмсайды. 1887 жылы қазақ қыздарына
арналған мектеп-интернатты Ырғыздан ашады. Бұл іс ҿз жалғасын тауып, 1891-96
жылдары Қостанай, Ақтҿбе қалаларынан да қазақ қыздарына арналған училищелер
ашылады.
Жеке басы туралы кішкене мҽлімет: 1866 жылы Достарқызы Айғанысқа үйленіп,
Абдолла \1882\, Абдрахман\1884\, Шҽрипа \1886\ деген ұл-қыздары болады. Абдрахманы
гим-назияда оқып жүргенінде қайтыс болса, екінші ұлы аурулы болған себепті оқи
алмайды.
Ыбырай халық ортасынан шыққан талант иелеріне оң бағыт сілтеп отырған\ Күдері,
Ақмолда, Сейтахмет\, Нұржан т.б.\ Күдері ақын 1879-1880 жылғы жұтты суреттейтін
«Жалпақ қоян» атты шығармасын Ыбырай кеңесімен жазған. Кҿп ақындар Ыбырайды үлгі
тұтып, оның бейнесін ҿлеңдерінде сомдап отырған; мысалы, Сейтахмет ақынның «Бір
нашардың ҽділ тҿреге айтқаны» туындысы.\Қазақ ҽдебиеті тарихының мҽселе-лері жҽне
Абай поэзиясының тілі \42-бет\.
Ыбырайдың пікірлес, істес болған адамдары: В.В.Григорьев, Н.И.Ильминский,
В.В.Катаринский, А.А.Мазохин, уездік қызметкерлер – Яковлев, Караулов т.б. Ыбырай
бұл кісілермен үйлес келмейтін мҽселелерді ҿзінше шешіп отырған. Достарына елеулі,
халқына қалаулы Алтынсарин қайтыс болған соң Н.И.Ильминский «Ыбырай Алтынсарин
туралы есте қалғандар» деген атпен Қазан қаласынан кітап шығарады.
Ыбырай секілді қазақ балаларын оқытып шығарған миссионерлердің ойлары мен
кҿздеген мақсаттарынан Ыбырайдың ойлаған, жүзеге асырған мақсаттары мүлде басқа
болды. Ҿз кезіндегі жағдайларды ескере отырып, Ыбырай алдына екі айқын мақсат
қойған; біріншісі – мектеп ашу, жалпы халық ағарту жұмысы, екіншісі – халықтың санасезімін жаңалыққа бейімдеу жолындағы тҽрбие ісі. 1871 ж. 31 августе Н.И.Ильминскийге
жазған хатында «Қазақтардың білімге қолын жеткізетін ең басты құрал-мектеп. Бірақ
даладағы мектептер шашылыңқы, сондықтан ҽлі пайдалы бола алмай отыр, ҽйтсе де
олардың үміт күтері - мектеп, тек қана мектеп жҽне қазақ халқының болашағы да
мектептермен байланысты»,- деді. Балғожа бидің Ыбырайға жаэған хатындағы ҿлең
жолдары да мектептің қазақ үшін қаншалықты қажеттігін кҿрсетеді. Ыбырай ҿзінің
кҿптеген ҿлең-ҽңгімелерінде жастарды оқуға, ҿнер-білім игеруге шақырды. «Кел,балалар,
оқылық» ҿлеңінен басталатын бұл сарын ҿмірдегі сарқылмайтын мол байлық - білім
екенін дҽлелдейтін бар шығармасының арқауына айналған. «Ҿнер-білім бар жұрттар»
ҿлеңінде ҿнер тек тамақ асыраудың құралы емес, халықты ілгері жылжытатын күш, күн
кҿзіндей қуат екендігі айтылады. Балаға жастай дұрыс тҽрбие беру керектігіне
қазақтардан алғаш арнайы түрде кҿңіл бҿлген де Ыбырай Алтынсарин болатын. Ол
К.Д.Ушинский, Л.Н.Толстой, т.б. ағартушылармен пікірлес болды. 1879 жылы басылған
«Қазақ хрестоматиясында» мынадай мақсаттар басым түскен; орыс алфавиті арқылы
қазақша түсінікті түрде білім тарату, балалардың жастарына лайықтап, материалдарды
іріктеп беру. Кітап мынадай тҿрт бҿлімнен тұрады: 1. балалар ҿмірі туралы жазылған орыс
тіліндегі түрлі хрестоматиялардан үзінділер, Паульсон хрестоматиясынан алынған
үзінділер, 2. ҽр түрлі жастағы адамдардың ҿмірін суреттейтін туындылар, 3. қазақ жыршыақындарының ҿлеңді шығармаларынан үзінділер, 4. қазақтың мақал-мҽтелдері. Зерттеуші
Ҽ.Дербісҽлин Алтынсарин-ның 35 аудармасының бар екенін айқындап, ҽңгімелерінің
кҿпшілігі И.И.Паульсонның «Книга для чтения и практических упражнений в русском
языке» хрестоматиясынан жҽне К.Д.Ушинскийдің «Детский мир», «Родное слово»,
Л.Н.Толстой-дың балаларға арналған кітаптарынан алынған дейді. Аудармалардың бірі
дҽл аудармалар болса, екіншілері тақырыбы мен сюжеті сақталынғанымен еркін
аудармаға жатады, кейбірін қазақ тұрмысына жақындатып ҿзінше жазған. Оқу мен еңбек
тақырыбы – негізгі тақырыптардың бірі. «Ҿрмекші, құмырсқа, қарлығаш» жҽне «Ҽке мен
бала» ҽңгімесінде еңбек ет, босқа жатпа, сҽл нҽрсені қомсынып, кҿптен құр қалма, азға
қанағат ете біл деген ойлар айтылады. «Атымтай жомарт» ҽңгімесінде де еңбек
дҽріптелген. Бұл ел аузындағы аңызға айналған араб ертегісі болатын, соны Ыбырай ҿз
мақсаты үшін шебер түрде ҿңдеген. Тҽрбие жҿніндегі негізгі тақырыптарының бірі- талап.
Талап болмаса, адамзат баласында даму болмас еді. Жастық шақта талаптанып, еңбек ет,
ҿнер тап, оқу оқы, қай ҿнердің соңына түссең, ҿзің үшін де, елің үшін де пайда келтіре біл,
талабыңмен ҿрге шық деген пікірі «Талаптың пайдасы» атты ҽңгімеде айқын. Петр
патшаның назарын аударған сол бала кейін белгілі суретші болыпты, яғни талаптың
арқасында таланттың ашылғанын дҽлелдеу. Ыбырай жас ұрпақтарға жас кезінен дұрыс
тҽрбие беру ісіне ерекше кҿңіл бҿлген. Бағып-қағуда кҿп мҽн бар екендігіне назар
аудартатын бір ҽңгімесі - «Бақша ағаштары». «Баланы жастан»-дегендей, жас күнінен
дұрыс тҽрбие беру оның жақсы болашағын қамтамасыз етеді. Мейірімділік, махаббат
туралы ҽңгімелеріне «Мейірбанды бала», «Шеше мен бала», «Аурудан аяған күштірек»
деген үш ҽңгімесі енеді. Адам деген ардақты атқа ие болу шын бақытты адамның
маңдайына жазылмақ. 13 жасар қыз жазықты болған ҽкесі үшін ҿзінің қолын кесуді
сұраса, Сейіт деген бала ауру қанша жанына батса да анасын аяп, қиналған дыбыс
шығармайды. Мұндай балаларда адамды сүйетін жақсы мінез біртіндеп ҿсе бермек.
Ыбырай ҿз хрестоматиясына ҿзге елдердегі жақсы адамдарды үлгі ету арқылы адам
баласының достығы деген мҽселеге де тоқталған. (Ыбырай аудармаларымен толық
танысқысы келетіндерге сілтеме - Ҽ.Дербісҽлин. «Алтынсариннің жазушылық қызметі
туралы»). Балалар ҽдебиетінің жазбаша нұсқасын алғаш жасаған Ыбырайдың бұл ісі ізсіз
емес, кейінгі «Үлгілі бала», «Қирағаттар» осының айғағы. Фольклорымыздағы ертегі,
аңыз, бесік жырлары, жұмбақ, жаңылтпаштар да хрестоматиядан орын алған. Балалар
ҽдебиетіне тҽн ерекшеліктерді сақтай отырып, жазба балалар ҽдебиетінің үлгісін жасады.
Уақиғалы, қысқа, қызықты, тартымды,түсінікті, жеңіл тілді, тҽлімдік қызметі басым
шығармаларды жазуға шеберлік керек. Балалар ешбір күштеусіз шығарманы қызыға оқи
отырып, жазушының айтпақ идеясын саналарына сіңірулері шарт. \Чувство любви
сильнее боли\ деген Паульсонның ҽңгімесінің кейіпкеріне Сейіт деп ат беріп, түсініктірек
тілмен баяндауы да тҽрбиелік мақсаттан тұрады. Тҿл ҽңгімесіне жататын «Бай мен кедей
баласы» ҽңгімесі - тақырып, идея, сюжет жағынан біртұтас шыққан ерекше туындысының
бірі. Ел кҿшкенде жұртта ұмыт қалған екі баланың бір тҽулікте бастарынан кешірген
оқиғаларын суреттеу арқылы автор үлкен ой түйген. Осы ойды кім таратып айтып береді?
Бұл ҽңгіме сюжеті жағынан орыс жазушысы Салтыков-Щедриннің «Бір шаруа екі
генералды қалай асырады» деген сатиралық ертегісіне ұқсайды. Жазушының бұл жерде
кҿрсетейін дегені биологиялық, психологиялық мҽселе емес, ҽлеуметтік мҽселе. Ҿмірмен
бетпе-бет келгенде Асанның ҽлсіз болуына, Үсеннің ҿз құрдасынан анағұрлым ақылды
болуына да себепші – тұрмыс.Жазушының Үсенге деген ілтипаты да елеусіз емес.
Алтынсариннің «Надандық» ҽңгімесінің кҿлемі шағын болғанымен, айтары қомақты.
Бұл қазақ даласындағы ғасырлар бойы серпілмеген қараңғылықтың кҿрінісі жҽне оның
шала дінмен ұштасуына оқыған адамның кҿрсеткен қарсылығы, жаңа адамның ғылымға
сүйенуі. Алтынсарин ҽңгімелеріндегі тҽрбиенің бір ұшығы үлкендерге де тіреледі. Бұл
жайында «Қыпшақ Сейітқұл» ҽңгімесінің берері зор. Автордың ҿзі Сейітқұл деген кісі
1830 жылдары қайтыс болған. Торғайдың терістігі Қабырға ҿзенінің бойында
қыпшақтардың барлығы жҽне ол жерде «Сейітқұл қорғаны» деп аталатын оба бар екені
рас, ҽрине, бұл ҿмір шындығына негізделген ел аңызының кҿркемдік шындыққа айналуы.
Сейітқұл сияқты адам мен сондай ел болуын аңсау, соған бағыттау. Қай кезде болсын
жазушы фольклордан сюжет негізін алғанда, сол материалдан ҿз пікіріне ҿрістес, бағыттас
мҽселені алып дамытады. Бұл ҽңгімедегі негізгі тақырып-еңбек.,отырықшылық, егінмен
айналысу тҽжірибесі, еңбексіз ұрлықпен күн кҿрудің зияндылығы.
Алтынсарин ҿз ҽңгімелерінде ескіліктің теріс жақтарын кҿрсетіп, сынап қана
қоймайды, онымен күресудің жолдарын да кҿрсетеді. Зерттеушілер оның қазақ ҽдебиетіне
енгізген жаңалығының бірі ретінде табиғат лирикасын кҿрсетеді. Табиғат тек байлық,
сарқылмас қазына ғана емес, кҿркемдік пен сұлулықтың бастауы. Қызара батқан күн,
сарғая атқан таң, дірілдеген сҽуле, сарқыраған ҿзен, үдере кҿшкен бұлт, құлпырған жазық
т.б. бҽрі де адамның эстетикалық сезімін оятарлық күшке ие. Белинскийдің «Табиғат
адамның алғашқы оқытушысы, рух берушісі»- деуі бекер емес. Қазақтың ХІХ
ғасырындағы поэзиясында табиғат, пейзаждық ҿлеңдер аз. Дулат Бабатайұлының
«О,Сарыарқа, Сарыарқа» ҿлеңдері сықылды. Алтынсариннің табиғат лирикасына жататын
ҿлеңдері мыналар: «Жаз», «Ҿзен», «Жаз шыққанда».
Алтынсариннің орыс ҽдебиетінен алған, қазақ ҽдебиетінде іргесін қалаған тағы бір
ерекшелігі - новеллалары. Жазба қазақ ҽдебиетінде Алтынсаринге дейін қара сҿз жазу
үлгісі болған жоқ \ҽрине, бұл жерде кҿне түркі ескерткіштері туралы айтпадық\.
«Надандық» , Қыпшақ Сейітқұл» новелласын зерттеушілер осы жанрдың бастауына
жатқызады. Новелла – эпостық жанрдың ҽріден келе жатқан түрі. Оның ҿзінше даму
тарихы, ҽр дҽуір, ҽр жағдай, кезеңдерге, авторларының дүниетанымына байланысты
түрліше болатыны белгілі. Новеллада ҿмір құбылысының жұртшылық үшін ең керекті, ең
маңызды жағы алынып, ол қысқа сюжетті ҽрі ауызша айтып беруге лайықты оқиғаға
құрылады. Ҽрдайым оқиғаның шешуі, оқиғаның күтпеген жерінен шешіледі.
Ыбырай Алтынсариннің жазу ҽдісі туралы сҿз қозғағанда кҿңіл аударатын бір нҽрсе
– образ, сҿз қолданыстарының ҿмір шындығына сҽйкестігі. Асқақ ҽсірелеу, ҽдемі теңеулер
онда кҿп емес, теңеулері де қарапайым, жұртшылыққа таныс құбылыстар. Мұны
Қ.Жұмалиев бір жағынан, оның ҿмір құбылыстарын суреттеудегі реалистік ҽдісімен нық
байланыстылықтан, екінші-ден, педагог-жазушының қазақ тілін ұлттық тіл дҽрежесінде
сақтау, оның тазалығы үшін күресу идеясымен байланысты деген. 1871 жылы 31 тамызда
Н.И.Ильминскийге жазған бір хатында Ыбырай: «Орыс ҽрпін қолданумен байланысты
қазақ тіліне орынсыз кірген араб, парсы, татар сҿздерінен тазарды. Орыс ҽрпімен
жазғанымызда ғана сҿзіміз дұрыс жазылатын болады. Қазір молдалар оқытып жүрген
араб, парсы, татар тілдерінде шыққан діни кітаптар бізді кер кетіреді, таза ойымызды
кірлетеді, басымызды құммен толтырады, таза тілімізді шұбарлайды» деді.
/Ы.Алтынсарин. Таңдамалы шығар-малары.Алматы, 1943 6-бет\.
Қорыта айтқанда, Алтынсариннің ҿз халқын оқуға, ҿнерге үндеуі, надандыққа,
зұлымдыққа қарсы шығуы, сол кездегі ҽлеумет ҿмірінің бетін ашып, ҿмір шындығын
кҿрсетуі, жастарды жақсылыққа үндеуі, адамгершілікке тҽрбиелеуі оның
шығармашылығының халықтық жағы болды, ҿзі қазақ прозасының, жазба балалар
ҽдебиетінің негізін салды.
13-дәріс. Абай Құнанбаев шығармашылығы.
Абай ҿскен орта мен заман кҿріністері.
Абайдың ақын ретінде қалыптасуы.
Абайдың аудармалары.
Абайдың дастандары.
Абай ҿлеңдерінің ерекшеліктері.
Абайдың қарасҿздері.
Абай ҿскен заман қандай еді? 1868 жылғы жаңа тҽртіп бойынша, қазақ даласындағы
патшалық басқару органдары түрліше болды. Қазақ даласы облыстарға, облыс уездерге
бҿлінді. Уезд болыстыққа, болыстық ауылнайларға /старшиналарға/ жіктелді. Семей
облысы бес уезге бҿлінді – Семей, Қарқаралы, Павлодар, Ҿскемен, Зайсан уездері. Бір
уездің құрамында 20-22 болыстан болды. Семей уезін 20 болыстық құрады. Волостной
управитель деген сҿз Абай шығармашылығында ҽкімдік бҿлікті де, соның басындағы ҽкім
деген мҽнді де білдіреді. Үш жылда болыспен бірге билер де сайланып қойылған.
Бірнеше болыстар арасындағы үлкен дау, қылмысты істерді ҽр болыс, уезд, облыстардан
бҿлініп шығарылған қазақ билерінің сьездері қарады. Бұндай съезд шербешнҽй сияз деп
аталынды.
Құнанбай 1804 жылы туылған. 1850 жылы 72 жасында Ҿскембай ҿлген, жас күнінде
батырлық, жаугершілікке кҿп салынған Құнанбай кесек мінезді, қатал жан болған.
Құнанбай қарадан хан болып, екі жылдай аға сұлтан болған. Аға сұлтан - округ бастығы.
Құнанбай 80-ге келген ҽрі ол туралы ел ішінде аңыз кҿп. Құнанбай аға сұлтан болып
тұрған кезінде Қарқаралы қаласынан мешіт салдырады. 70 жасына таман Меккеге барып,
ҿз пұлына қазақтар түсіп жүрсін деп Тақия салдырады. Абай Құнанбайдың 41 жасында
туған. Құнанбайдың ҽйелдері: Күңке, екіншісі- інісі Құттымұхаметке айттырылған-Ұлжан,
оны інісі ҿлген соң келіндей алады, одан Тҽңірберді, Ыбырай, Ысқақ, Оспан; үшінші
ҽйелі- Айғыз. Одан Халиолла, Ысмағұл деген балалары болған. Тҿртінші ҽйелі
Нұрғанымнан бала жоқ. Ұлжан мен Айғыз бір ауылда болып, Құнанбай осылармен тұрған
уақытта Абай екі шешесінің ортасында болады, сондықтан Телғара деп аталыпты.
Абай он жасқа келгенде ҽкесі Семей қаласына оқуға береді. Семейде алғаш
Ғабдулжапар деген молдадан, одан Ахмет Ризаның медресесіне барады. Мұнда үш жыл
оқыған Абай ҿз бетінше шығыс ақындарын да оқиды. Абай 28 жасқа келгенде үстінен
түскен арыздарға байланысты 1877-1878 жылғы қыста қалаға шақыртылып, 12 үлкен
іспен тергеліп, Семейде 3-4 айдай жатып қалады. Құры тергеуге іліндіргені болмаса,
Абайды жаулары жеңе алмайды. 35-36 жастарының шамасында Абай Семей
кітапханасынан Толстойдың кітабын сұрап тұрғанында Петербургтан айдалып келген
революционер Михаэлис деген кісімен танысады. Михаэлис осы жақта 40 жылдай тұрып
қайтыс болған. Абай оны ҿз ҿмірінің соңғы жылдарында да есіне алып, ―Дүниеге кҿзімді
ашқан кісі – Михаэлис‖ - деп кеткен. Енді қолына түскен кітаптарды талғаумен оқи
бастаған ол философтардан Спенсер, Спиноза, Дарвин, Дрэпер еңбектерін қарайды, Гете,
Байрон сияқты Европа ақындарын орыс зиялыларымен қатар оқиды. Ҿз балалары
Ҽбдірахманды, Мағауияны, кейіннен қызы Күлбаданды да орыс мектебіне оқуға береді.
1890 жылдардан бастап ұстаздық, үгітшілік жолына түскен Абай қара сҿздерін жаза
бастайды. ‖Ғақлия‖ деген ҿсиеттері сол 1890 -1898 жылдары жазылған. Ҿз ҿлеңдерін 1896
жылға дейін жиғысы келмеуі оның ҿлең сҿзге аса үлкен сынмен қарағанын кҿрсетеді.
Ҽуезовтай ғалымның айтуынша, Абайдан қалған 16-17 ҽн бар. 1903 - 1904 жылдардың
қысында Мағауия құрт ауруынан тҿсек тартып жатып қалады да жазғытұрым қайтыс
болады. Ҿмірден де, ҿлімнен де қажыған Абай бір алуан ауруға ұшырап, ешкіммен
сҿйлеспей, емделмей, Мағауияның ҿлімінен кейін қырық күн отырып, 23 июньде қайтады.
Кеннанның ―Сібір жҽне айдау жазасы‖ деген кітабында Абай туралы аздаған дерек
бар, ҿзге орыс оқымыстыларының Абай туралы жазбаларын зеттеушілер елуінші
жылдарға дейін кездестірмеген.
Ҿлеңдері:
Абайдың толық жинағы 1858 жылғы екі ҿлеңінен баста-лады: Біріншісі- ―Иузи –
рҽушан‖, екіншісі- «Фзули, Шҽмси‖. 1864 жылы жазылған ―Ҽліфби‖ деген ҿлеңі бар. 13-
18 жас аралығында шығарғандарынан сақталғандары осылар. Абай бұларды түркі
ҿлеңдерінің үлгісімен жазып отыр. 1889 жылғы ―Қор болды жаным‖ 1891 жылғы
―Кҿзімнің қарасы‖ ҿлеңдерінде де шығыс классиктерінің табы бар. Ақын «Болыс
болдым, мінеки», «Мҽз болады болысың», «Бойы бұлғаң», «Сабырсыз, арсыз, еріншек»,
«Адасқанның алды жҿн, арты соқпақ» ҿлеңдерінде қазақтың жағымпаз, қу, бұзақы тобын
ҿлтіре сынап, олардың екі жүзді бейнелерін жасады, сол топтың іс-ҽрекетіне батыл қарсы
шықты. Ақын қызды біреуге ана, біреуге қарындас, біреудің қорғаны, жанашыры, сүйгені
деп түсіндіріп, оның жарқын мысалын «Масғұт» поэмасында кҿрсетті. Тегінде адам басы
сау бола ма?
Үйінде тексерілмес дау бола ма?
Ері ашу айтса, ҽйелі басу айтып,
Отырса, бұрынғыдай жау бола ма?- деп, поэманың басты кейіпкері
Масғұттың алдына таңдау ұсынғанда дүниедегі ен байлық пен ақыл даналығын алғызбай,
ақын оған ҽйел жұртшылығымен достықты қалауды ұсынады. Абай ҿлеңін оқығанда
ғашық жастардың ішкі сезімі, жүрек сыры, ақ ниет, адал пейілі кҿңілді тербеп, ғашықтық
сырды терең толғауы сол заманнан озық тұрғанын сезіндіреді. Абайдың достық туралы
пікірлері оның гуманизм идеяларымен тығыз байланысты.
Абай ҿлеңдері – еңбек сүйгіштікке тҽрбиелейтін зор идеялы шығармалар.Ҿмірдегі
барлық нҽрсе еңбекпен келерін, адам ҿмірі үшін еңбек ҿте маңызды екендігін, еңбексіз
ҿмірдің адамды аздырарын ескертеді.
Абайдың табиғатты суреттеп жазған ҿлеңдері тек түр жағынан ғана емес, мазмұны
жағынан да ҿзгеше. Классикалық ҽдебиет үлгісінде жазылған бұл ҿлеңдерде табиғат
жалаң емес, ел тұрмысы қоса қамтылады. Табиғаттың кҿктемде оянуына, құлпыруын
нағыз суреткерше бере білген ақын жер—қалыңдық пен күн күйеудің мифологиялық
образдарын жасады.
Күн—күйеуін жер кҿксеп ала жаздай,
Біреуіне біреуі қосылыспай,
Кҿңілі күн лебіне тойғаннан соң,
Жер толықсып, түрленер тоты құстай.
«Еңбекті сат, ар сатып неге керек, Үш-ақ нҽрсе адамның қасиеті: Ыстық қайрат, нұрлы
ақыл, жылы жүрек».
Тоты құс түсті кҿбелек, Жаз сайларда гулемек, Бҽйшешек солмақ, күйремек, Кҿбелек
ҿлмек, сиремек, Адамзатқа не керек: Сүймек, сезбек, кейімек, Харекет қылмақ, жүгірмек,
Ақылмен ойлап, сҿйлемек, Ҽркімді заман сүйремек, Заманды қай Жан билемек, Заманға
жаман күйлемек, Замана оны илемек. Замана талабЫн түсіну, сол ұсынған зор мақсатқа
сай қызмет ету алдыңғы қатарлы адамдаға тҽн нҽрсе.
Абай шығармаларында халық поэзиясының кҿркем тілі, қанатты сҿздері жиі
кездеседі. Мысалы, ―Қар аппақ, буркіт қара, түлкі қызыл, ұқсайды қаса сұлу шомылғанға‖,
―Сен жаралы жолбарыс ең, мен киіктің лағы ем‖, ―Қақтаған ақ күмістей кең маңдайлы‖
деген жҽне осы сияқты ҿлең жолдарындағы теңеу, эпитет, метафоралар дың негіздері
халықтық. ―Кҿркемдік,- деген Н.Г.Чернышевский,- түр мен идеяның сҽйкес келуінен
келіп шығады; шығарманың құндылығының қандай екенін кҿру үшін, оның негіЗі болып
отырған идея ақиқат па? Ҽлде жоқ па? Мүмкіндігінше, осыны ҿте зер салып зерттеу
қажет. Егер идея жалған болса, оның кҿркемдігі жҿнінде сҿз болуы мүмкін емес, ҿйткені
түр де осындай жалған болады‖... Реализмге тҽн бұл ұстанымдар ақын туындыларынан
берік орын алған.
Абай ҿлеңдері ҿзінің реалистігіне қоса асқақ романтизмге тҽн сипаттарымен
ерекшеленеді. ―Ҿзгеге, кҿңілім, тоярсың‖, ―Кейде есер кҿңіл құрғырың‖, ―Жүрегім, ойбай
соқпа енді‖, ―Не іздейсің кҿңілім, не іздейсің‖ ҿлеңдеріндегі ішкі жан дүниесі, сезімі,
арманы, үстем тап қауымына наразылығы, ҿз басының қайғысы ашылады. ―Жалын мен
оттан жаралып‖, ―Жүрегім, нені сезесің!, ―Жапырағы қуарған ескі үмітпен‖, ‖Ішім ҿлген,
сыртым сау‖, ―Ауру жүрек ақырын соғады жай‖, ―Жүрегім менің қырық жамау‖
ҿлеңдерінен ақын романтизмі айқын кҿрінеді.
―Жарқ етпес қара кҿңілім ―, ―Есіңде ме жас күнің‖, ―Асау той, тентек жиын‖, ―Аса,
тойға баратұғын‖, ―Қол жетпеген нҽрсені‖, ―Қараңғы түнде тау қалғып‖ сияқты аударма
ҿлеңдері мен ҿзіндік туындылары нағыз тұнған романтика. Абайдың бұл салалас
еңбектері оның А.С.Пушкин мен М.Лермонтов рухын-дағы ҿзгеше қырын танытады.
Қайғылы шындықтың ауыр ҿкінішін ҿз басының қайғысындай етіп кҿрсетеді.
Ҿлеңнің сыртқы формасы бұрын тҿрт жолды не кҿп жолды шумақтар болса, екі,үш,
тҿрт, алты, сегіз жолды бір шумақтар Абайға тҽн жаңалықтар. Буын саны жағынан да
Абай біраз ҿзгеріс енгізді. ―Сегіз аяқ‖, ―Кҿзімнің қарасы‖, ―Я, құдай, бере кҿр‖, ―Қатыны
мен Масақбай‖, ―Тайға міндік‖ буын саны жағынан да соны.
Абайдың поэмалары туралы шолу.
Ақынның лирикадан оқиғалы, кҿлемді шығарма жазуға ойыса бастағанын кҿрсететін
маңызды еңбектері – поэмалары. Ақын-ның ―Масғұт‖ поэмасы да – жаңа ойға құрылған
шығарма. Масғұт ҿзінің ізгі ниеттілігімен тонаушылар озбырлығынан жҽбір кҿрген шалды
қорғап қалады, яғни жазықсыздарды қорғау – Масғұттың негізгі ұстанымы. Осы ―Масғұт‖
поэмасының мазмұны М.Ҽуезовтің айтуынша, И.Тургеневтің ―Восточная легенда‖
ҽңгімесімен мазмұндас. И:Тургенев аңыздық сюжет желісін Джиаффардың зҽбір кҿріп
жатқан ақсақалды құтқару ісіне құрған. Ал Абай аңыз сюжетін жаңа бір ой айту үшін
пай-даланған. Абайдың аяқталмай қалған ―Ҽзімнің ҽңгімесі‖ поэ-масы араб ертегісі ―Мың
бір түндегі‖ Хасан зергердің ҽңгімесіне ұқсайды. Ақын хикаяны түгел баяндамай,
алданған жас зергердің оқиға тарихын береді.Адамгершілік идеясынан туған пікірлерін
мунда да ескі аңызға жаңа мҽн бере отырып жеткізеді. Қалай да бай болуға құмартып,
оңай олжаға кенелмек болған жастың аңғалдығын сынай отырып, ақша құмар
жылпостардың қолындағы оңай олжаға айналарын кҿрсетеді, олар болса, адам
тағдырымен санаспай, алдап, ҿлімге айдап, сол арқылы байлықтарын молайтуға
ұмтылады. Кішкене оқиғадан ақын үлкен ой түйеді.
Абайдың қарасҿздері мен нақылдары
Бұлар ақынның ҿлеңдерімен ҿзектес жатқан, оларды мазмұны жағынан толықтыра
түсетін жаңа ҽдеби түрмен жазылған туындылар болып саналады. Абайдың қара сҿзге бет
бұруы замана талабынан туындаған еді. Ғылыми трактат, тастих ретіндегі шағын
үлгілерін, Жҽмидің қарасҿз үлгілерін есте ұстағаны даусыз. Сүйіншҽлиев сынды
ғалымымыз Абайдың қарасҿздерінде прозаның мынадай шағын үлгілері бар дейді: 1.
Өсиет-ғақлияға Абайдың адамгершілік, мораль, мінез-құлық туралы мысал жҿнімен
келетін эссе ретіндегі сҿздері мен діни ғибрат ретіндегі біраз дидактикалары жатады.
―Он үшінші‖, ―Жиырмасыншы‖, ―Жиырма сегізінші‖, ―Отыз сегізінші‖ сҿздері; 2.
Тастих /утверждение/ немесе философиялық трактат. Бұған дүниеге кҿзқарасын
білдіретін ғылыми пікірлер айтқан эсселері жатады: ―Жетінші сҿз‖, ―Он жетінші сҿз‖,
―қырық үшінші сҿз‖, ―Қырық бесінші сҿз‖. Бұдан ҿзге ―Жиырма жетінші сҿзі‖ мен ―Отыз
сегізінші сҿзі‖ де трактаттқа ұқсайды, түрі жағынан сҽл бҿлектеу, ҿсиет-сұхбат ретінде,
диалог, кеңес сҿз үлгісінде жазылған. 3. Нақыл , тұспал сөз. /афоризм, изречение/ . Бұл
сҿз-дер ҿлеңдерінде де жиі кездеседі. ―Сақалын сатқан кҽріден еңбегін сатқан бала
артық‖, ―Отыз жетінші сҿз‖; ―Жиырмасыншы сҿз‖ .
4. Әңгіме,кеңес ретіндегі диалог, монологтары. Не екі адамды, не ҿзімен кеңестіре
отырып, біреуге сұрақ қойып, оның жауабын тыңдайды, не ҿзі жауап береді, не жауабы
белгілі сұрақтар қояды. ―4‖,‖5‖, ―8‖, ―9‖, ―10‖, ―12‖, ―25‖,‖ ―27‖, ―‖31‖, ―32‖ 40‖.
5. Публицистикалары: ―1‖, ―2‖, ―3‖, ―14‖, ―24‖, ―26‖, ―29‖, ―33‖, ―39‖ ―41‖, ―42‖ жҽне
―Біраз сҿз қазақтың майдан шыққаны туралы‖ мақаласы. Публицистика – мерзімді
баспасҿздің пайда болуына байланысты туған жанр болғандықтан, мунда саясиҽлеуметтік, мемлекеттік, қоғамдық маңызы бар мҽселелер қозғалады, жағымсыз құбылыс,
мінездер сыналады, кейде ғылыми мҽселелер де кҿтеріледі. Күнделікті қажетті бір
мҽселені қысқаша баяндап беру де мақалаға тҽн қасиет. Памфлетте ирониялы күлкінің,
сатираның элементтері басым болып, адамшылыққа жат қылықтарды сынау кҿп
кездеседі, осыған ―6‖, ―11‖, ―22‖, ―41‖ сҿздері ұқсайды. Қырық бес қара сҿзі арқылы
Абай ҿз заманының бұқарашыл публицисі болды, бұл жанрда Шоқанның орыс тіліндегі
шығармалары барлығы аян. ―Отызын-шы сҿзінде‖ Абай ―қырт мақтанға‖ сипаттама беріп,
бейнесін кҿз алдыңа елестетеді. Абай қолданған қарасҿздің кей үлгілері ертеден бар ескі
формалар, мұнда басты орын мазмұнға берілген. Қазақ ҽдебиетінде белең алып келе
жатқан шұбалаңқы ескі стильге Абай сынмен қарап, ҿз үлгісін ұсынды. Абай
қарасҿздерінің кҿпшілікке танымал стильдік ерекшелігі– лаконизм, белгілі ойды қысқа,
анық, нақты етіп айту қасиеті. Екінші ерекшелігі – нақыл сҿзділік /афористичность/,
үшіншісі– публицистикалық дидактизм,
Абай – музыкалық шығарма жазған композитор. Ақынның музыка саласындағы
ҿнерін А.Жұбанов ―Замана бұлбұлдары‖ /1963/ еңбегінде кеңінен талданған. ―Май‖ жҽне
―Тор жорға ― деген күйлері бар. Абайдың ҿскен ортасы мен ата-бабаның қалыптасқан
тҽрбиесі. Абайдың ақын ретінде қалыптасуына ҽсер еткен жағдайлар мен орта. Абай
сусындаған қайнар кҿздер: қазақ халық ауыз ҽдебиеті, орыс ҽдебиеті, шығыс ҽдебиеті.
Абайдың ҽлеуметтік қызметі. Абайдың аудармалары: Крылов. Лермонтов, Пушкин
шығармалары. Абайдың ҿлеңдерінің жариялану сипаты. Абай ҿлеңдерінің ҿзіне дейінгі
ақындар мұрасынан ҿзгешелігі. Абайдың қазақ ҿлеңінің құрылысына енгізген
жаңалықтары. Абай ҿлеңдерінің кҿркемдік ерекшеліктері. Абай ҿлеңдерінің тақырыптық
ауқымы. Абайдың қара сҿздері.
Абайдың адамгершілік туралы ой-пікірлері. Абай шҽкірттері. Абай жҽне қазақ ҽдебиеті.
Абай мұраларының ҽлемдік кеңістікке шығуы. Абай шығармаларының насихатталу
деңгейі. Абайдың кҿркем ҽдебиеттегі бейнесі. Абайдың философиялық кҿзқарастары.
14-дәріс. Абай мұрагерлері.
1. Абайдың ақын шҽкірттері.
2. Ақылбай Абайұлының ҽдеби мұрасы.
3. Мағауия Абайұлының дастандары.
ХІХ ғасырдың ұлы ғұламасы Абай Құнанбаевтың тағы бір ҿзгешелігі- оның ақындық
мектеп қалыптастырып, ҿзіне лайықты шҽкірттер дайындауында. Сондай озат ойлы
шҽкірттеріне оның ҿз балалары Ақылбай мен Мағауия, туысы Шҽкҽрім енеді. Шҽкірттер
батыстық философтардың «Европаның есею тарихысын», Спенсер, Спиноза сияқты
философ еңбектерін ҿзінше саралайды. Африка, Америка, Австралия елдеріндегі
жағдайлар туралы жазылған туындылардағы қызықты сюжеттерді шҽкірттері ҿздерінше
рухын сақтай отырып, қайыра жыр етеді. «Үш мушкетер», «Он жылдан соң», «Қызыл
сақал», «Король қатын Марго» сияқты аудармалары ел ішінде ертегі сипатында тарайды.
Сондай-ақ, Абай айтқан ҽңімелердің бірі - «Медғат-Қасым». Бұл Африкадағы Ніл дариясы
бойындағы бір Қасым деген құлдың плантатордан кек алуын баян етеді. Бұл тақырып,
Мағауияға қатты ұнаса, Ақылбай ҿзіне ұнаған екінші бір қызық ҽңгімені ҿз шығармасына
арқау етеді. Ақылбай - Абайдың он алты жасында дүниеге келген тұңғыш ұлы. Алғашқы
балалық шағы мен жігіттік шағын Ақылбай атасы Құнанбай қажының қолында ҿткереді,
сондықтан ол Абайға іні есебінде ҿседі. Сондықтан ол орысша емес, мұсылманша оқып,
білімі оқудың ескіше орташа дҽрежесінде болады. Ақылбайдың алғашқы ндерінің бірі
былай:
Бір ҽн тауып Ҽлекең бер деген соң,
Матай алыс бір талай жер деген соң.
Он минутта ойыма осы ҽн түсті,
Қапаш-құпаш қолымды сермеген соң.
Ішік кидім бұлғыннан құндыз жаға,
Жас дҽуренді ҿткіздім бермей баға.
«Ақылжан» деп талай қыз тұрушы еді,
Сұмдық шықты дейтұғын «Ақыл-аға».
Ақылбай негізінен үш поэма жазған. Біріншісі-«Жаррах», тақырыбы шығыс ертегісі
«Жеті үй» дейтін ҽңгімеден алынған, екіншісі - «Дағыстан», үшіншісі - «африкадағы
зұлыстар тіршілігін сҿз еткен «Зұлыс» деген поэма. Алғашқысы мүлде жоғалып кетсе,
екіншісінің бас жағы ғана қалып, қалған қолжазба ҿртеніп кетіпті, қалғаны «Дағыстан»
ғана. Бұл поэмаларды Ақылбай ҿмірінің соңғы кездерінде ғана жазған. Ол- ҽкесінің
қырқын беріп болған түні қайтыс болған талант иесі, яғни ҿз талантының барлық гүлін
аша алмай кеткен дарын.
Бұл поэмада Дағыстанда болған бір оқиға баян етілген. Поэма басы Кавказ тауын
суреттеумен басталады.
М.Ҽуезовтың айтуынша, Ақылбайдың суретшілдігінде, ҿзгеше бір ҿндімелі кеңдік
пен үйлескен анық дҽлдік бар. Қалаларды айта келіп, ақыры бір қала ішіндегі «хананың»
алдына назар аударып, оқиғасын осы арадан ҿрбітеді. Жүзіне қайғы орнаған Жүсіп
қарттың қайғылы түріне тоқталып, енді мұнша қайғы-қасітеттің сырын ашуға ойысады.
Жүсіп ҿзі ер болып ҿскенімен ҿте қызғаншақ жан болыпты. Жазықсыз жақсы жігіт,
мерген Ыбырайымды қапыда ҿлтіріп, сол жігіттің анасының қарғысын естиді, ұлының
жылдары хатқа түсіріп, мезгілсіз қазасынан кемпір құсамен ҿледі. Бұдан кейін ұзақ уақыт
ҿтеді. Жүсіп үйленіп, бес ұлды болады. Жалғыз қызы Зайра ерекше сұлу болып ер жетеді.
Толысып, болып тұрған шағында баяғы кемпірдің қарғысы келе бастайды. Түрлі
тартыстардан оның бес ұлы түгел ҿліп, қабырғасын күйретеді, ақыры қызы да ҿлімші
болып жатып, махаббаты үшін ҽкесіне кінҽлы болған қыз кешірім сұраған ҽкесін кеше
алмай қиналады. Жүсіп осы қайғысы үшін күйіктен ҿртеніп, жылайды.
Бұл - шығарма романтикалық сарынмен жазылған, бұрын қазақ топырағында
болмаған туынды. Қызғаныш, кек сияқты мҽселелер зорайтып кҿрсетіледі. Жүсіп
қызғаныш пен кек құралы болса, қызы Зайра мен Жҽбірейіл махаббатқа бой алдырған
жастар. Ақын бұлдыр нанымдарға да ерекше мҽн берген, мҽселен, кемпір қарғысы, тағдыр
тосқауылы. «Зұлыс» поэмасының басқы бҿліктерін естігендердің еске түсірулері
бойынша 1921-1922 жылы хатқа түсіріліп, 1924 жылы «Сана» журналының екінші
санында басылады. Оқиға сюжеті отарлау, жиһангездік дҽуірді еске салады. Ҽуезов осы
поэманың ең жақындасатын нұсқасы ретінде ағылшын жазушысы Хаггарттың «Копи
царя Соломона» романын атайды. Мұнда Ақылбай ақ жұрт ҿкілдерінен гҿрі адамгершіл
етіп Омпапаны алады, сҿйтіп, ҿзінше жазады. Поэма қандай шытырманға толы болса, осы
уақиғаны жырлаушы ақын тілі де кҿркем.
Зор Зұлыс, содыр Зұлыс түсі суық,
Басына жан бармаған оның жуық.
Күн ашықта кҿрінер жалтыр тасы,
Ақ боран кҿк ала бас, басын жауып...
Бұл шығарма романтикалық леппен жазылып, романтикалық мазмұнына қонымды
кҿріктеу құралдарына толы. Қолжазба түгел 1918 жылы ҿртеніп кетпегенде, жалпы
талдауға болар еді.
Мағауия Абайұлы 1869 жылы Абайдың Ділдадан туылған баласы, орысша да,
мұсылманша да сауатты, ауылда сауат ашқан соң Абай оны Семейдегі Городское
училищеге апарады. Мағауиямен бірге Күлбадан деген қызын да орыс оқуына береді. Екіүш жыл оқыған соң, Мағауия ауыра бастаған соң, оқуын тастап, елге қайтады. Ҿздігінен
іздене жүріп, білімін кеңейтеді. Ел жұмыстарын атқаруда да ол ҽкесінің бір жағына
шығады. Ол да ҿлеңнің қадір – қасиетін бағалай білетін, ҿзінің де қаламының қуаты бар,
адамгершілігі мол, ҽділ жан болып қалыптасады.Ҽке кеңесімен бірнеше поэмалар жазады.
«Еңлік-Кебек», «Абылай» жҽне «»Медғат-Қасым». Кҿбіне Ҽбдірахманға қатысты
шығарған ҿлеңдері сақталған.Оның кҿлемді де кҿркем шығармасы «Медғат-Қасым»
болғандықтан, оқу бағдарламаларына енгізіл-ген.Бұл поэманың тақырыбы да қазақ
тұрмысынан аулақ елдер ҿмірінен алынған. Абай шҽкірттерінің ҿз шығармаларының ҿзегі
етіп ҿзге елдер тірлігін алуының себебі олардың жаңашыл кҿзқарастарында жатыр.
Европа мен орыс қоғам романтизмнің дҽуірлеген кезеңі ХІХ ғасырдың алғашқы
жартысы болды. Романтикалық мазмұндағы роман, поэма, ҿлеңдердің кҿпшілігі сюжетті
шытырман оқиғаларға құрылды. Қаһармандары да реалистік ҿмірден алшақ,
романтикалық стиль бағытында ҽрекет етті. Айналасына, ортасына риза болмаушылық
пен қоса бұл шығармаларға мыналар тҽн: уақиға дағдыдан тыс жерде ҿтеді, қаһармандар
ер, ҿжет, мҽрт болып, жамандыққа да, жақсылыққа да құлай беріледі ҽрі ҿздерінің сыртқы
келбеттері де қалыпты адамдардан ҿзгеше. Ақылбай мен Мағауияның дастандарынан
роиантизмге тҽн белгілерді айқын табамыз. Поэманың желілері де, кейіпкерлердің ісҽрекеттері де сезімге байланысты құрылып, бұл сезімдер қаһармандарды басқарады.
«Медғат-Қасымның» қысқаша сюжеті де романтикалық ҽдіске сай құрылған.
Ал «Еңлік-Кебек» поэмасы - оның үлкен жанрдағы алғашқы ізденісі. Бүкіл ел
Қабекең атандырған Кеңгірбай бидің атына Мағауия осы поэмасымен сын айтады.
... Тобықтыда сол күнде Кеңгірбай би,
Қыз қайнынан астыртын алыпты сый.
Айтады қыз қайнына бітім жерде,
Ҽуелі ұстап алып қызыңды тый...
...Қылжырлықтан атандың биім «Қабан»,
Қабан түбі шошқа ғой, білсең надан.
Үлкен билік алдында сҿйлесермін,
Жазасы не болады бидің арам!
Осы поэмасында да ол адамгершілікті, ҽділдікті бірінші орынға қояды.
Қасым ҿзінің істеп жүрген ҽрекеттерін ҽділет жолындағы күресі есебінде қарайды.
Құл мен қожа арасындағы мұндай бітіспес кек қазақ даласында сирек ұшырайтын, себебі
неде деп ойлайсыздар?
Қорытқанда, Ақылбай мен Мағауияның аталған туындылары ҿз дҽуірі үшін жаңалық
болып саналды, тақырыбы мен құрылысы жағынан ерекшеленіп, тың стильдің бағытымен
жазылды. Ақындық мектеп ұстаздың ҿзі салған жолмен ғана шектелмей, оны ҿздерінше
дамытқан шҽкірттердің еңбектері арқылы нығая, кеңейе берді.
Абайға дейінгі қазақ ҽдебиетіндегі дҽстүр жалғастығы. Абайдың ақындық мектебі.
Абай қалыптастырған орта. Ақылбай Абайұлының ҽндері мен поэмасы. Мағауияның
«Медғат-Қасымы». М.Ҽуезовтың «Абай жолы» эпопеясындағы Абайдың ақын
шҽкірттерінің бейнесі. Абайдың жастарға берген ақыл, ҿсиетттері. Кҿкбай ақын туралы не
білеміз? Абайдың ҿз ҿлеңдерін алғашында Кҿкбай ақын атынан жариялауы. Шҽкҽрімнің
Абайдың шҽкірті екендігі. Абай туралы ХХ ғасырдың басында жазылған мақала,
ҿлеңдер.ХХ ғасырдың басындағы зиялылардың Абайды ҿздерінің кҿш басшысына
балауы. Абай жҽне қазіргі қазақ ҽдебиеті. Абайдың ұстаздық тағылымы.
15-дәріс. Шәңгерей Бӛкеев шығармашылығы.
1. Ш.Бҿкеевтің ҿмірі мен шығармашылығы.
2. Шҽңгерей шығармашылығына қатысты зерттеулер.
3. Ақын лирикаларының тақырыбы.
3. Ш.Бҿкеевтің қазақ ҽдебиеті тарихындағы орны.
Шҽңгерей Сейіткерейұлы қазіргі Орал облысы, Орда ауданында, Жасқұс деген жерде
1847 жылы дүниеге келген, атақты Жҽңгір ханның немересі. Жҽңгір қазақ даласындағы
соңғы билік иесіне саналатын хан /1845/, оның есімі Махамбет, Исатай бастаған шаруалар
кҿтерілісін басып – жаншуға қатысты оқулықтарда жиі аталады. Шҽңгерейдің ҽкесі
Сейіткерей 1852 жылы дүние салып, бала ерте жетім қалады. Ағайын-туыс арасында ол
жоқшылық кҿрмей, молшылықта ҿседі. Сарай маңындағы тҽрбие-тҽлім, оқу мен білім оны
мұсылманша сауатын ашқан соң кҿркемдік ҽлеміне ерте тартады. «Ай белгілі ақ мешіт,
Алпыс бҿлме, жүз есік. Салынған екен кҿк орда, Сол кҿк орданың ішінде, Лҽззат тауып
бір-бірімен, зауықтасқан ата-ана, жолаушыдай шҿл қаққан, Сҿйлес еттім жиһанға»... Осы
жыр жолдары оның мүлде бҿлек отбасыдан шыққандығын айғақтайды. Оның оқу, іздену
сапары оңды болып отырған. Ҽуелі, Астрахань реальное училищесінде, одан соң Орынбор
кадет корпусында оқиды. Саратов, Самар, Орал, Қазан, Уфа шаһарларындағы жергілікті
ұлықтар қатарында қызмет атқарған. Мировой судья/бітім, келісім-кеңесші билігін
жүргізуші/ болып Самарда істейді. Ҽділет үшін күрес жолының оңай еместігіне қызмет
бабында кҿз жеткізеді, осы жұмысынан түскен соң, биліктен біржолата бас тартады.
Патша тарапынан ҿзіне дворяндық атақ алып, мекен-жайға лайықты жер кестіріп, ҿзінің
ойына дұрыс кҿрінген істер жасаған. Л.Толстойдың Ясная Полянасындағы меншікті
шаруашылықтың үлгісін ескере отырып, қазақ жағдайына лайықты жұмыстар жасатады.
Кҿркем Кҿлборсы маңына ҿзіне қарасты туыс, ел-жұртын ҽкеліп, жаңа тұрмыс құруға
тырысады. Мектеп ашып, ҽуелі ҿзі оқытып, кейін мұғалім жалдайды. Кҿптеген шеберхана,
кҽсіп құралдарын жасайтын, темір соғатын, арба жасайтын т.б. істейтін шеберханалар
аштырады, монша, сауық кеш ҿткізетін орын, музыка аспабын жасайтын орын,
суретшілер бҿлмесін жасатады. 25 жасынан бастап шаруашылықты ҿзге адамға тапсырып,
ҿзі таза ҿнермен, саясатшылықпен айналысады. Елдегі аты танымал ҿнер адамдарын
маңайына жиып, Батыс Қазақстанға белгілі бҿкейлік саз, ҽуен қалыптастырады. Бҿкейлік
саздың ерекшелігі мамыржай, қоңыржай, бірқалыптылығында, бапты, сыршыл-дығында
сияқты. Құрманғазы, Дҽулеткерей, Мұхит, Абыл, кейіннен Дина да осы саздың негізгі
ҿкілдері болып саналған. Хан ордасы мен Кҿлборсы зиялы қауым бас қосатын құтты
мекенге айналған. Қазан, Кфа оқымыстылары келіп тұрған.. Жҽңгір хан қазан мүфтиінің
қызын алған соң, ордада дін иелерінің ықпалы болыңқыраған. Шҽңгерейдің орыс, батыс
ҽдебиетімен жете таныс болғандығын барлық зерттеушілер айтып келген. Ол орыстың
Пушкин, Лермонтов, Фет, Тютчев т.б. шығармаларымен таныс болған. Шҽңгерей қазақ
даласының табиғатын жырлауда, оның хайуанаттарын суреттеуде ерекше шеберлік
танытқан. Оның ақындық талғамындағы ерекшеліктер оның оқуы мен тҽрбиесіне де
қатысты. Адамның ішкі дүниесін үңгіп, сырын ашар сезімтал лирика, бейнелі, суретті
кҿрініс Шҽңгерейге тҽн. Ол қоғам қайшылықтарын, ҽлеуметтік жағдайларды беруден гҿрі
ҿзге биікке бет қояды. Жеке адамның тіршілігін, пҽнимен үндестікті толғана жырға
айналдырады. Ақын қоғамдағы адамдарды топқа бҿлмей, жалпағынан алып қарайды. Оған
адамның дҽулетінен гҿрі адамдығы, жеке қасиеттері ұнайды. Тіпті, қоғамдағы орыннан да
жеке қасиеттерді жоғары бағалайтындай. Адамның жан дүниесінің тазалығы, ҽділдігі,
батылдық пен кісілігі, сыртқы-ішкі ҽлемнің жарасымдылығын суреттейді. Шҽңгерей
шығармаларындағы негізгі арқау- ақындық «мен». Ол барлық шығармаларында ҿзінің
жайын, ҿмір жолын айтар ойына ұштастыра келіп, образдар арқылы терең толғаған. Кейде
ҿз атынан суреттей отырып, оны ҿзгенің не хайуанаттың атынан бейнелейді. Бұны
аллегориядан гҿрі кейіптеуге, салыстыруға кҿбірек ұқсас дейді Х. Сүйіншҽлиев. Ол
ойларын баяндаудан гҿрі кҿркем кестелеуге ұмтылған. Оның мақсаты кҿркемдігі жоғары
туындылар жасау болғандай ҽрі бұл қадамы ізсіз кетпей, ол қазақ ҽдебиетінің тарихында
бейнелі , сұлу суретті поэзиясымен қалды. Оның Бұл бағыттағы ізденістерін Бернияз
Күлеев пен М.Жұмабаевтар жалғастырды.
Ақындық «менді» даралау басым дегенбіз. Ақын «мен» деген сҿзге философиялық
мҽн беріп, оны дүниенің ҿзгерісімен, дҽулеттің тұрақсыздығымен, ҿмірдің ҿткіншілігімен
байланыс-тырады.
Кімсің? - деп біреу сұраса,
Ҿзім болып «Мен» деген.
«Мен» деген кетсе дүниеден,
Ҿзім болып «Менмін» деп,
Жауап берер қай адам?»
«Менмін» деген – сол менмін,
Жалпылама, алаш, ҽр заман,- деп, «Мен» деген сҿздің мағынасы, жалпы халық, адам
баласы дейді. Бұл Абайдың «Ҿлсе ҿлер табиғат, адам ҿлмес» ҿлеңдеріндегі пікірлерімен
үндес.
«Қиямет, мақшар күн туса, Ҿзім қайта «мен» болып, Мен болармын қайтадан, Қайтадан
жаным- қайтадан адам. «Бұл сҿзің қалай» десеңіз, Ҽуелінде бар болып, Ақырында жок
болмақ, - Шариғатқа қилап заң».
Қандай заман болса да адам мүлде жоғалып кетпейді, оның орнын келесі «мен»
басады, ҿзгеріс болғанмен, жойылып кету жоқ дегенді ақын осылай жеткізеді. Ал ,жеке
адамның ҿмірі қысқа, жалған. Біраз жас балалықтан ер жетуге дейін ҿтеді. Саналы тұстың
ҿзін адам қадірлей білмейді. Ҿмірін кҿбі бос ҽуремен ҿткізеді. «Ҿмірдің ҿтуі», «Жалғаншы
жарық дүние», «Бұл дүние пҽнилығын етеді екен», т.б. ҿлеңдерінде ҽр нҽрсенің пайда
болуы, ҿсуі, ҿркендеуімен қоса солуы, кебуі, қурауы, қартаю, қажуы, жоғалуы бар, бірақ
бұл дүние бірінің орнын бірі үздіксіз басып жатқан ҿмір керуені сияқты үздіксіз қозғалыс
деген ойларды кҿңілге түйдіреді. « Бұл дүние пҽнилығын етеді екен, Бір дҽурен ҿтіп, бірі
жетеді екен. Жұрт болар бір күндері жоқ адамдар, Ескілер бірден-бірге бітеді екен».
Дүние, ҿмір ҿткінші дей отырып, соның бҽрінің адамға ҽсері болатынын айтады, еңбек
нҽтижесі ескерусіз қалмақ емес.
«Құйрық атып құлия» ҿлеңінде де ақын дүние, дҽулеттің тұрақсыздығын айтып
налиды. Шҽңгерей туындылары терең ойға құрылған шығармалар, бірден мағынасын
аңдамай қалу да мүмкін. Осы ҿлеңінің басқы ұйқас соңы «ия»-ға аяқталып тұр, бұл да бір
ҿзгешелік. Адам ақылы шексіз, қиялы қанатты болатынын ол «Таудағы тас ұядан»
ҿлеңінде шебер бейнелейді. Таудағы тас ұядан, Лашындай сарыққан қиядан, Шалқып
сҿзім шығады, Ойласам, пікір-қиялдан. Аспалап қиял кетеді, Шыққан оқтай жаядан.
Жасындай барып жалт етіп, Кҿк қақпасын ашады, Жарығына алданып, Дидарға қадам
басады... Ақын шығармалар-ындағы адамгершілік тақырыбы, адал достық сатылған
достықтан ҽрқашан таза болуы керек деген ойлар былайша ҿрнектелген.
Шҽңгерей лирикасы – махаббат тақырыбын кең қамтитын дүниелер. Ҿз ҿмірінің
деректеріне негіздей, не меншіктей отырып ол құштарлық мҽселесін беріле жырлаған.
Жеке бастың құштарлығы мен жан-тҽннің рахатын құлшына жырға айландырды ол. Ҿзі
туған ҿлкесінің ерке серісі болған ол жалған дүниенің алдамшы сипатынан сезініп, оқшау
күн кешті. Аң аулады, ит жүгіртіп, құс салып ҿзінің саятшылық ҿнерін ұзақ қызықтады.
Түрлі аспаптарда ойнап, ел-жұртын ҿнер мерекесіне бҿлеп отырды. Ҽкімшіліктен
кеткенімен, елдің құрмет-сыйына бҿленуде болды.
«Жігіттің болса алған жақсы жары, Сен болсаң бір аллаға еткен зары. Баладай
риясыз еркелеген. Сен болсаң тағы сонда ынтызары... Ақылы жамалына болса лайық,
Жігіттің сол емес пе жан дидары»... Ақын шын махаббатты кҿрсе қызарлыққа қарсы
қояды. Кҿрінгенге кҿз сүзбей, таңдап су ішетін тағылар ға ұқсап, сүйгеніңді дұрыс
таңдауды, бағалауды ұсынады. Жатып ішерлік, жасықтық жігітке лайық емес деп, ҿзінше
жақсы жігіт сипатын береді.
Ол да ҿзінің туған жер, ҿскен еліне тамаша жыр жолдарын арнаған. «Қайран жерім»,
«Кҿлторғай», «Кҿлборсы», «Нарын туралы» толғауларында табиғат кҿріністері жақсы
кҿрініс тапқан.
Ҽр түрлі ҿлең ҿсіп кҿгеріңкі,
Мақпалдай тҿсеп салған туған жерім... Жап-жасыл жер жүзінің қоштығына, Аспанда
торғай шырлап еткен сайран. Бір сағат саф ауасын татқан адам, Табады неше түрлі дертке
дҽрмен. Сейіл етіп арумен жүрсең мұнда, Кҿкіректе қалмас еді-ау титтей арман... Ақын
ҿзге ақындар сияқты ғылым қуып, ҿнерлі болуға жастарды шақырады. «Ғылым»,
«Эдиссон» атты ҿлеңдерінің мақсаты - осы. Ҿнер-білімді игерген адам ғана жансызға жан
бітіреді, ағылшын ғалымы- Эдиссон сондай жан, ол телефон, телеграф ҿнерінің жетігі.
«Эдиссон мұны істеген – ғалым адам, Оқымас, жалқау біздей емес надан. Кҿп сырлар
ашты түпсіз дариядан, Періште-міз оң жақтағы ҿсер еді, Солардай болып ҿтсек
дүниеден»... Талапты жас бірден нағыз ғылымды үйренуге күш салу керек.
Қазақ жастарына ҿнеге ретінде тау шеркештерінің ерлік ҿлімдерін үлгі етеді.
Лермонтовтан «Беглецті» аударуы кҿңілге кҿп ой салады. Ал күрескер халықтың ерлікті
қолдайтынына сүйсінеді, қорқақты қорлап, қашқын Һарунның бейнесін жасап, олардың
жазасы ҿлім екенін айтады. Һарун туған елінің қарғысына ұшырап, бірде-бір адам оны
үйіне кіргізбейді, ақыры ҿзін-ҿзі ҿлтіреді, сүйегіне дейін ит-құстың жемі болып, балалар
мазағына айналады.
Адамнан артық ажар, ақыл, айлаң,
Ажары ақ бетіңнің асқан айдан,
Адасқан арық қудай болдым асық,
Айдындай ақ тҿсіңе, асыл айнам.
Ақынның ҿлеңі бейнелі, суретті дегенді дҽлелдеу үшін қосаяқ туралы ҿлеңіне кҿркемдік
жағынан талдау жасайық .
Шҽңгерей ақын жырлары ХХ ғасырдың басында ғана баспа бетін кҿрді. Ақын 1917
жылы бар байлығы мен қоныс-мекенін тастап, Тайпақ ауданы, Тҿре тҿбесідегі туыстарына
келеді. Қаратҿбеге қарасты Ақбақай деген жерде, сүзек ауруынан 1920 жылы қайтыс
болады, яғни кеңес үкіметінің қанды қырғынына ұрынбайды.
Кей ақындар жинақтарына жекелеген шығармалары еніп жүрді. Ғұмар Қарашевтің
1910 жылы шыққан /Орынбордан/ «Шайыр», «Кҿксілдір» деген кітабында үзінділері
берілген. «Шҽңгерей ҿлеңдері» жинағы 1934жылы Манаевтың бастыруымен Алматыдан
шыққан. Е.Ысмайыловтың 9 класс оқушыларына арналған оқу құралында /1939-1940/,
«Үш ғасыр жырлайды» /1965/, «Бес ғасыр жырлайды» /1989/ жҽне қазақ ҽдебиетінің
тарихына қатысты еңбектерде «ҿнер-ҿнер үшін» деген теорияны жақтаған ақын ретінде
мысалға келтіріледі.
Шҽңгерей шығармалары жазба поэзияда ҿзіндік орны бағалы туындылар екендігін
жыл ҿткен сайын кҿрсетіп келеді.
Ш.Бҿкеев шығармашылығы туралы жарияланған кейінгі баспасҿз материалдары.
«Ҽдеби мұра» жинағындағы Шҽңгерей шығармашылығына қатысты айтылған ойлар.
«Таза ҿнер» теориясы мен Шҽңгерей ойларының ұқсастық жақтары. Шҽңгерейдің
ақсүйектік сҽн-салтанатының оның шығарма-шылығына тигізген ҽсері. «Ясная поляна»
сияқты Шҽңгерейдің жеке шаруашылығы. Шҽңгерей қалыптастырған бҿкейлік саз.
Сұлулық пен ҽдемілік, табиғи үйлесімнің ақын мұрат-мақсатына айналуы. Шҽңгерейдің
«Қосаяқ» ҿлеңіне кҿркемдік талдау жасау. Шҽңгерейдің «Ұршық» ҿлеңінің
философиялық мағынасы. Символизм бағытының Шҽңгерей ҿлеңдеріндегі кҿрінісі.
Шҽңгерейдің сүйген жарға деген махаббатының кҿрінісін бейнелейтін «Қатшекейге»
ҿлеңі, махаббат лирикасы.
Жалпы адамзат мүддесінің жырлануы. «Ғылым», «Эдиссон» ҿлеңдерінің мҽні.
Табиғат лирикасы: «Кҿлторғай», «Кҿлборсы», «Қайран жерім», «Нарын». Шҽңгерейдің
М.Ю.Лермонтовтан «Беглецті» аудару арқылы білдіретін ойы. Жастарды оқу, білімге
шақыру жҽне жалпы адамзаттық гуманизм.
Достарыңызбен бөлісу: |