1-Модуль. ХІХ ғасырдың басындағы ақындар мен зар заман ақындары


«Түркі тілдерінің ішіндегі ең тамашасы қазақ өлеңдерінің нақышы деуге болады. Онда араб тіліндегідей жасанды, бояма сөздер жоқ, бүл таза тіл» - деп ой түйді ол



бет9/10
Дата06.02.2022
өлшемі169,98 Kb.
#80132
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Лекция

«Түркі тілдерінің ішіндегі ең тамашасы қазақ өлеңдерінің нақышы деуге болады. Онда араб тіліндегідей жасанды, бояма сөздер жоқ, бүл таза тіл» - деп ой түйді ол.
Шоқан – халық әдебиетін көп жинап, орыс тілінде ең алғаш рет қазақтың халық әдебиеті туралы пікір қалдырған ғалым. «Ауыз әдебиетінде халықтың басынан кешкен ұлы оқиғалары, әдет- ғұрыптары, тарихы, рухани тіршілігі, көркем сөз үлгісі айқын көрінеді, ол деректі тарихи мәлімет беретін бай материал», –деп Шоқан өте орынды ескертулер жасайды.
Шоқан өзі тұстас ғалымдар арасында орын алып жүрген сюжет ауысу, не ұқсас сюжеттер жайын зерттеуге де назар аударады. Бүл мәселеде көп айтылып жүрген әзіргі қисындарды қолдай салмай, өз тұжырымдарын жасайды. Зерттеушінің ойынша, әр елдің әдебиеттегі сюжет, түр ұқсастықтары көбінесе қарым-қатынастан ауысудан, бірыңғай ұқсас өмір сүруден, шаруашылық пен түрмыстарының бірыңғайлығынан болатын құбылыс деп біледі. Шоқан араб пен қазақ — көшпелі ел, бұл екеуіндегі кейбір ұқсастық төркіні де сондай себептерден. Ал орыс және басқа славян халықтарындағы ұқсастықтың олардың көршілік, тілдік аралас-қүраластығынан деп дұрыс түсіндіреді.
Ғалымның өлең туралы зерттеулері де маңызды. Ол қазақ өлеңдерінің түрлерін жіктеп берді. Қазақ өлеңдерін: жыр, жоқтау,толғау, қайым өлең, қара өлең, өлең деп бес түрге бөледі.
«Ру жіктері» деген мақаласында ол қырғыз ауыз әдебиетінің үш түрін атап көрсетеді. Олар: ертегілер, эпостық жырлар (сага), өлеңдер. Осы жанр түрлеріне жататын әдебиет мысалдарын келтіріп, бұл туралы өз тұжырьмдарын баяндайды. «Манас» жырында қырғыз әдебиетінің барлық жанр түрлерінің қамтылатынын атап көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет