1. Молшылық ұғымымен қатар құдіреттілік пен күштің бейнесі болып табылатын үй жануары: a жылқы



бет1/2
Дата21.12.2022
өлшемі26,33 Kb.
#163691
  1   2
Байланысты:
9-nuska 3


ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ

1. Молшылық ұғымымен қатар құдіреттілік пен күштің бейнесі болып табылатын үй жануары:
A) Жылқы.
B) Сиыр.
C) Бұқа.
D) Қой.
E) Ешкі.

2. Қандай мал түрін ірі қара деп атаймыз?
A) Ешкі.
B) Сиыр.
C) Жылқы.
D) Қой.
E) Түйе.

3. Үйсін мемлекеті қанша бөлікке бөлінді?
A) 4.
B) 3.
C) 5.
D) 7.
E) 2.

4. Жер-жерде даладағы дәстүр бойынша кімдердің өкілдерін хан сайлаған?
A) Қарасүйектердің.
B) Батырлардың.
C) Ақындардың.
D) Кедейлердің.
E) Ақсүйектердің.

5. Қазақ КСР-ң Қазақстан Республикасы болып аталған уақыт:
A) 1991 жыл 23 тамыз.
B) 1991 жыл 16 желтоқсан.
C) 1991 жыл 10 желтоқсан.
D) 1991 жыл 25 қазан.
E) 1991 жыл 1 қыркүйек.

6. Аса ұзаққа созылған алғашқы тарихи кезең.
A) Қола дәуірі.
B) Мұз дәуірі.
C) Алтын дәуірі.
D) Темір дәуірі.
E) Тас дәуірі.

7. Ұйғыр қағанаты қай жылдары өмір сүрді?
A) 756-940 ж.ж.
B) 942-1210 ж.ж.
C) 700-756 ж.ж.
D) 1128-1213 ж.ж.
E) 744-840 ж.ж.

8. 1227 жылы Жошы өлген соң оның орнына отырған:
A) Үгедей.
B) Шайбан.
C) Орда.
D) Батый.
E) Төле.

9. Шығыс Дешті-Қыпшақ аумағында ХІІІ ғ. мен ХV ғ. басында қандай мемлекет өмір сүрді?
A) Моғолстан.
B) Көшпелі өзбектер.
C) Ақ орда.
D) Ноғай ордасы.
E) Көк орда.

10. Қазақ хандығының негізін салушылар:
A) Әбілқайыр мен Барақ.
B) Жошы және Шағатай.
C) Жәңгір мен Тәуке.
D) Есім мен Тұрсын.
E) Жәнібек пен Керей.

11. 1836-1838 ж.ж. Ішкі Ордада шаруалар көтерілісін басқарған қолбасшылар:
A) Наурызбайұлы, Жанболатұлы.
B) Тайманұлы, Өтемісұлы.
C) Нұралыұлы, Байжанұлы.
D) Жәнібек Қандыбайұлы.
E) Еділұлы, Тайсойғанұлы.

12. 1867-1868 ж.ж. реформа бойынша Жетісу және Сырдария облыстары қай генерал-губернаторлыққа біріктірілді?
A) Батыс Сібір.
B) Орынбор.
C) Шығыс Сібір.
D) Астрахань.
E) Түркістан.

13. Абайдың оқуын аяқтатпай еліне әкесі Құнанбайдың алып кету себебі.
A) Анасы Ұлжан ауырып жатты.
B) Шоқынып кетеді деп қорықты.
C) Елдегі балаларды оқыту үшін.
D) Үйлендіруге.
E) Ел билеу ісіне тарту үшін.

14. Шетелдердегі Қарсыласу қозғалысына қатысып даңқын шығарған, Кеңес Одағының Батыры атанған қазақстандықтарды атаңыз:
A) Г.Жұмабаев, А.Ерелиев.
B) Қ.Сыпатаев, Л.Беда.
C) И.Павлов, С.Луганский.
D) А.Егоров, З.Құсайынов.
E) Р.Қошқарбаев, Д.Болатов.

15. 1870ж.Маңғыстау көтерілісінің жеңілуіне байланысты Хиуа хандығына көшіп кеткен адай қазақтары шаңырақтарының саны.
A) 1000
B) 2500
C) 2000
D) 3000
E) 3500

16. Х1Хғ. соңындағы жұмысшы қозғалыстарының саяси әлсіздігінің себебі.
A) Қазақстандағы тап күресінің әлсіз болуы.
B) Қазақтар арасындағы рулық-патриархалдық құрылыстардың сақталуы.
C) Өндіріс орындарының ұсақтығы, жұмысшылар санының аздығы.
D) Әлеуметтік құрамы әркелкі болды.
E) Ұлттық құрамы әртүрлі болды.

17. Х1Хғ. исламдық мектептерді шектеуге арналған арнайы шыққан құжат.
A) «Орал, Торғай, Семей, Ақмола және Сырдария, Жетісу оболыстарын басқару туралы» ереже.
B) «Орынбор қазақтарының жарғысы».
C) «Сібір қазақтарының жарғысы».
D) «Ресейдің шығыс бөлігінде мұсылмандықпен күресу жөніндегі шаралар» .
E) «Жетісу және Сырдария облыстарын басқару туралы» ереже.

18. Күйші, сазгер Дәулеткерей Шығайұлының өмір сүрген жылдары:
A) 1818-1889 жж.
B) 1810-1880 жж.
C) 1820-1887 жж.
D) 1815-1885 жж.
E) 1820-1890 жж.

19. 1910ж. Қазан қаласында жарық көрген «Бақытсыз Жамал» романының авторы, 1905-1907 жж. қозғалыстарға қатысқан қазақ зиялысы.
A) М. Әуезов.
B) М. Жұмабаев.
C) М. Дулатов.
D) Ж. Аймауытов.
E) М.Ж. Көпеев.

20. ХХ ғ. басында қандай басылым ағарту мен білім идеяларын насихаттады?
A) Айқап .
B) Сарыарқа.
C) Сібір телеграфы.
D) Сібір өмірі.
E) Облыстық Ведомство.

21. Қазревкомның баспасөз органы:
A) Шаруа газеті.
B) “Алаш” газеті.
C) “Абай” журналы.
D) “Ұшқын” газеті.
E) “Қазақ” газеті.

22. 1924 ж. ақша салығының негізгі қиындығы түсті:
A) Кедейлер шаруашылығына.
B) Кулак пен байларға.
C) Орташа шаруаларға.
D) Отырықшы халыққа.
E) Көшпелі және жартылай көшпелі халыққа.

23. Ұжымдастыру саясатына қарсы шыққандар бір жерге жинала бастады. Оған тек оңтүстік аудандардан ғана емес, Орталық Қазақстаннан да келіп, көтерісшілер саны 5000-ға жетті. Бұл қай жерде еді?
A) Шемонаиха.
B) Қарақұм.
C) Қатон-Қарағай.
D) Мойынқұм.
E) Созақ.

24. 1995ж. дейін үстем болған ауыл шаруашылығының үлгілерінің түрі
A) Совхоздар.
B) Фермер шаруашылықтары.
C) Кооперативтер.
D) Колхоздар.
E) Крестьян шаруашылықтары.

25. Дене бітімі қазіргі адамдарға ұқсас адамдар қалыптасқан дәуірді атаңыз.
A) Кейінгі палеолит.
B) Неолит.
C) Орта палеолит.
D) Ерте палеолит.
E) Мезолит.

26. Патша үкіметі шекаралық аймақтарда тұратын халықтың санын көбейту мақсатымен XVIII ғ. II жартысынан бастап әскери бекіністерге көшіріп әкелді:
A) Дон казактарын.
B) Тұтқындағыларды.
C) Драгундарды.
D) Саудагерлерді.
E) Башқұрттарды.

27. 1917 жылдың жазында эсерлер партиясының қарамағында бүкіл Түркістан өлкесінің кеңестері қандай ұранмен өтті?
A) ’’Фабрика мен зауыттар мемлекеттендірілсін’’
B) ’’Банктерді мемлекеттің меншігі деп жариялау’’
C) ’’Қазақтармен одақ жасасын’’
D) ’’Жерді кім өңдейді, соған берілсін’’
E) ’’Барлық билік кеңестерге берілсін’’

28. Соғыстан кейін Республикада еңбек резервтерінің мектептері мен училищелерінің ашылу мақсаты:
A) Жұмысшы күшінің жетіспеушілігін жою үшін .
B) Аралас мамандықты игеру .
C) Жұмысшы мамандардың біліктілігін көтеру.
D) Халықты жұмысқа жұмылдыру үшін.
E) Кәсіптік білімді ұйымдастыру.

29. 1965 ж. шаруашылық реформасы аясында 1966 ж. қанша кәсіпорын жоспарлаудың жаңа тәртібіне көшірілді?
A) 11.
B) 8.
C) 12.
D) 6.
E) 10.

30. Қазақ КСР-інің Тіл туралы заңы қабылданды:
A) 1990ж. 28 қаңтарда.
B) 1989ж. 22 қыркүйекте.
C) 1991ж. 16 желтоқсанда.
D) 1988ж. 7 қазанда.
E) 1986ж. 22 тамызда.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет