«Толқындық қозғалыс» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
1 - н
1-тапсырма
Тұрғын толқын дегеніміз_______________________________________________
_____________________________________________________________________ [1]
2-тапсырма
Суретте скрипканың ішегінің қозғалысы нәтижесінде пайда болған тұрғын толқын графигі бейнеленген.
жоғарыда көрсетілген суреттегі қандай әріп шоғырды көрсетеді? [1]
жоғарыда көрсетілген суреттегі қандай әріп түйінді көрсетеді? [1]
берілген суретті пайдалана отырып, тұрғын толқын ұзындығын анықтаңыз. [2]
3-тапсырма
Тұрғын толқынның теңдеуі берілген y= 10 sin x cos 5 t
Толқынның циклдік жиілігін есептеңіз [1]
Толқынның периодын есептеңіз [1]
Толқын амплитудасын есептеңіз [1]
Толқынның ұзындығын есептеңіз [1]
Толқынның таралу жылдамдығын есептеңіз [1]
4-тапсырма
Толқын көзінің тербеліс теңдеуі х = 2sin200t. Тербелістердің ортада таралу жылдамдығы 100 м/с. Толқын ұзындығы,периоды,амплитудасы табыңыз [3]
5-тапсырма
Екі когеренттік толқын көзі 300 Гц жиілікпен бірдей фазада тербеледі. Толқындардың ортада таралу жылдамдығы 1,5 км/с. Бірінші толқын көзінен 20 м, екіншісінен 30 м қашықтықта орналасқан нүктедегі интерференция нəтижесі(әлсірейді немесе күшейеді) және к мәні[2]
«Толқындық қозғалыс» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
2 - н
1-тапсырма
Көлденең толқын дегеніміз_____________________________________________________
__________________________________________________________________________[1]
2-тапсырма
Суретте скрипканың ішегінің қозғалысы нәтижесінде пайда болған тұрғын толқын графигі бейнеленген.
жоғарыда көрсетілген суреттегі қандай әріп шоғырды көрсетеді? [1]
жоғарыда көрсетілген суреттегі қандай әріп түйінді көрсетеді? [1]
берілген суретті пайдалана отырып, тұрғын толқын ұзындығын анықтаңыз. [2]
3-тапсырма
Тұрғын толқынның теңдеуі берілген y= 12 sin x cos 0,1 t
Толқынның циклдік жиілігін есептеңіз [1]
Толқынның жиілігін есептеңіз [1]
Толқын амплитудасын есептеңіз [1]
Толқынның ұзындығын есептеңіз [1]
Толқынның таралу жылдамдығын есептеңіз [1]
4-тапсырма
Толқын көзінің тербеліс теңдеуі х = 0,8 sin500t. Тербелістердің ортада таралу жылдамдығы 10 м/с. Толқын ұзындығы,периоды,амплитудасы табыңыз [3]
5-тапсырма
Бір түзудің бойында жатқан, тербеліс көзінен 12 м жəне 14,7 м қащықтықтағы нүктелердің тербеліс фазаларының айырымы 3/2 рад. Тербеліс көзінің периоды
2 с болса, берілген ортадағы тербелістерінің таралу жылдамдығы және жиілігі [2]
Достарыңызбен бөлісу: |