1. Науқастың жағдайының ауырлауының себебін көрсетіңіз



Дата06.02.2022
өлшемі15,81 Kb.
#80870
Байланысты:
Есеп 1,2


Есеп 1
12 жасар қыз балада жүре пайда болған құрылып жатқан жүрек ақауының (митральді қақпақшаның стенозы мен жетіспеушілігі, сол жақ жүрекшенің дилатациясы) фонында ревмокардиттің қайталамалы шабуылы, түнде кеудеде ауру сезімінің пайда болғанына, ауаның жетіспеушілігі сезіміне,үдемелі әлсіздікке шағымданды. Қарап тексергенде: қыздың жағдайы ауыр, қорқыныш сезімі бар, жата алмайды – тұншығады, терісі боз – сұр түсті, тынысы өте шулы, жөтелі ылғалды қызғылт көпіршікті қақырық бөлінумен. Өкпесінің екі жағында да ылғалды сырылдар, ТЖ 42 минутына, ЖЖЖ 126 минутына. Жүрек үндері тұйық, пресистоликалық шу.АҚ 90/55 мм с.б.б., ОВҚ 90 мм су б.б. Іші жұмсақ, бауыры пальпацияланбайды қабырға қырының бойымен орналасқан. Диурезі төмендеген.
1. Науқастың жағдайының ауырлауының себебін көрсетіңіз.
Кардиогенді өкпе ісіну
2. Жедел емді тағайындаңыз.

  • Науқастың басын жоғары көтеріп жатқызу;

  • Жоғарғы тыныс жолдарын тазарту;

  • 95% спиртпен ингаляция жасау, 33% спиртті көк тамырға
    енгізу 1 мл/ баланың әр жасына;

  • Лазикс 3-5мг/кг;

  • Аяқтарына жгут байлау;

  • 15-20% маннитолды 1г/кг к/т тамшылатып енгізу;

  • 2,4% эуфиллин 0,1мл/кг к/т енгізу;

  • 0,05% строфантин 0,1 мл /кг физ.еріт;

  • 3% 2мг/кг преднизолон;

  • тез арада ауруханаға жатқызу.

Есеп 2
14 жасар қыз бала қатты қорқыныштан кейін жүрек қағысын,үдемелі әлсіздікті, бас айналуын сезді. Обьективті: тері жамылғысының бозаруы, көзі мен аузының айналысында цианоз, ТЖ 24 рет минутына, өкпесінде өзгеріссіз. Жүрек үндері тұйықталған, ЖЖЖ 150 рет минутына. Пульс ырғақты, a.radialis нашар анықталады. АҚ 100/60 мм с.б.б. Іші жұмсақ, бауыры қабырға доғасынан шықпаған. Диурезі аздап жоғарлаған.



  1. Клиникалық диагнозды қойыңыз.

Проксималды тахикардия

  1. Жедел шараларды қолданыңыз.

верапамил 0,25% – 2-4 мл венаға баяу егу, қажеті болса 10-15 минуттан соң АҚ қадағалау арқылы қайталау;

  1. АТФ 1% 0,6 мл (6 мг) венаға 3-5 сек жылдамдықта егу, көмек болмаса 2–5 минуттан соң 12 мг қайталау;

  2. новокаинамид 10% 5–10 мл (1000 мг) венаға минутына 50-100 мг жылдамдықта егу;

  3. коргликон 0,06% – 1 мл венаға баяу егу 10–20 мл 5% глюкоза не 0,9% натрий хлориді ерітіндісінде егу. Миокардтың жіті инфарктында қолдануға болмайды!!!

  4. обзидан 0,1% 5 мл венаға 10–20 мл 5% глюкоза не 0,9% натрий хлориді ерітіндісінде егу;

  5. магния сульфат 25% 5 –10 мл венаға 10–20 мл 5% глюкоза не 0,9% натрий хлориді ерітіндісінде егу;

  6. осы емдер тиімсіз болса (реципрокты жүрекшелік не АВ-тахикардияны тойтару үшін) – өңештік электрокардиостимуляция жасау керек.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет