Қазақстан Республикасының пионерінің «Жұлдыз» бағдарламсы



Дата06.11.2016
өлшемі80,48 Kb.
Қазақстан Республикасының пионерінің

«Жұлдыз» бағдарламсы.
Қымбатты жас дос! Жер бетіндегі кез – келген адамның бақытты болуға тырысатыны бәрімізге белгілі. Сол сияқты сенің де бақытты болғың келетіндігі сөзсіз. Бұл, әрине, заңды да тамаша мақсат. Бірақ, нағыз бақытқа қол жеткізу екінің бірінің маңдайына жазыла бермейді. Тек бүкіл әлемге, адамзатқа қуанышы мен нұрын аямай сыйлай білетін, жарқын да қайталанбас өз жұлдызын тапқандар ғана бақытты бола алады.Бақытқа, өз жұлдызына апарар жол сені әдемілікке, мейірімділік пен адалдыққа, өмір үндестігіне, сондай – ақ өзіңді - өзің тәрбиелеп, жетілдіруге жетелейді. Бұл алғаш ашуыңның, яғни пионердің жолы. Ол өте қиын, ауыр және ұзақ. Бірақ есінде болсын, бұл жол сені өз жұлдызыңа, өз бақытына бастайды. Бұл жолда саған көп нәрсе білу керек қой. Міне, осы жолдан адаспау үшін саған сенімді бастаушы, дұрыс бағыт қажет. Себебі, сенің алдында, азғырушылық, қиындық, тіпті қауіп – қатер, әр түрлі сынақтар мен шытырман оқиғалар, қуаныштар мен реніштер кездесуі мүмкін. Мұнының бәрінен, әрине сенің қорықпауын керек. Ендеше, сәт сапар! Бұл орайда саған көмекші бола алатын «Жұлдыз» бағдарламасы бар. Сенің басты бағытың – мейірімді іс, айқын жаңалықтар ашу, сондай ақ өз бойындағы жалқаулықты, әлсіздікті, қорқақтықты, білімсіздікті, шешім қабылдай алмаушылықты, ынжықтықты жеңе білу болмақ. Сонда ғана сен өзт жұлдызыңды таба аласың.

«Жұлдыз» бағдарламасы сенің жарын өмір сүруіне, қиындықтарды жеңуіне, нағыз достар тауып, бақытты болуына көмектеседі. Бірақ, ең бастысы - өз жұлдызыңның биік шынына шығу тек өз қолында екенін ұмытпа. Ол үшн өзіне өзің көмектес .

Өз жұлдызыңның шығына шығу жолы төрт кезеңнен тұрады : «Балапан» 6-8 жас; «Балдырған» 9-11жас; «Жас Ұлан»12-14 жас; «Мұрагер» 15-18 жас.

Өз жұлдызыңның төменгі ғажайып жетті сәулесі сенің жолдан адаспауына көмектесетін болады.

Өз шыққан тегінің түп төркінін танып білуге саған «Жанұя» сәулесі көмектеседі. Сенімді, адал дос табуына , өзіңнің де адал болуыңа көмектесетін «Достар» сәулесі көмектеседі.

Туған жеріңді , Отаныңды сүюге, халқының адал ұл – қызы болуына «Жер» сәулесі көмектеседі.

Көп біліп, көп нәрсені оқып үйрену үшін «Білім мен іскерлік» сәулесі көмектеседі.

Бос уақытыңды қызықты пайдалы өткізуге «Құштарлық» сәулесі көмектеседі.

Өмірден өз орныңды, нағыз өз ісіңді табуға саған «Мамандық» сәулесі көмектеседі.

Әдемі болып, лайықты өмір сүруге, өмірге қуана білуге «Үндестік» сәулесі көмектеседі.

Қасиетті жеті саны «Жұлдыз» бағдарламасының символдарында да кездеседі. Өз жұлдызыңның шыңына шығатын жолдағы әр кезеңнің өз символы бар.

Бірінші кезең «балапан» символы – «Рауан», айналасы жарық нұрға бөлеп, атып келе жатқан таң шапағы.

Екінші кезең «Балапан» символы – «Алтын дән» , әр бір дән саған күш, сенім беріп, мейірімді, жомарт және қарапайым болуына көмектесетін қасиетті алтын масақ.

Пионерлік жолдың үшінші кезеңі «Жас Ұланның » символы «Шұғыла» күн мен нұрға тазалық пен үйлесімділікке ұмтылдырушы жеті түсті шұғылалы кемпірқосақ.

Сенің пионерлік жолыңның төртінші кезеңі «Мұрагер» символы «Жұлдыз». Бұл сенің жұлдызың. Сенің өзің. Сенің қабілетің адамдарға жақсылық пен қуаныш сыйлауға қызмет етсін!

Сен өз тағдырың мен бақытыңның қожасы болуға тиіссің.




ЖАС ҰЛАН
Бұл бағдарлама Балапан мен Балдырған бағдарламаларын ойдағыдай игеріп, көп нәрсе үйреніп, көп нәрсе білген, өздеріңнің өмірлік тәжірибесін кіші пионерлерге үйретуге дайын. 12-14 жастағы балаларға арналған. Бұл кезеңнің белгісі – жер әлемді өзінің алуан түсті нұрына бояп тұратын – ШҰҒЫЛА.

Жас Ұлан өзінің мейрімді, жомарт адамдарға қуаныш сыйлаушы жақсы азамат болу керектігн біледі. Оның өзі шыңына шығар жұлдызы өз сәулесімен өмірлік маңызы бар жеті жолды жарық қылып тұр.Бұл өзін - өзі жетілдіру жолы.Өзіңе - өзің берік бол!

Әлсізге көмек бер! Өз күшіңе, арманыңа, өз жұлдызыңа сен! Табыс тілейміз! Сенің сәуле бағдарламаң төмендегідей:


  1. ЖАНҰЯ

Жас Ұлан:

-Өз ата – анаңның жақсы ұл – қызы болып, оларды мақтан тұтады және оны өз ісімен қуаттайды;

- өз әулетін жеті атаға дейін біліп айта алады;

-үй шаруасының экономикасымен танысады,өз жанұясының бюджетіне қамқор болып, үлес қосады;

- үй жұмысындағы өз міндетн біледі ата –анасын ренжітпей, басқа да жанұя мүшелерінің құқығына нұқсан келтірмей, өзінің адамгершілік сезімін сақтай отырып, теріс бұрмай, оны пайдалануын үйретеді;

-жанұяның дәстүрін сақтап, қорғайды оны байытады;

-ата – анасының еңбек жолын біледі, олардың еңбектегі табыстарын мақтан тұтады;

-өз жанұясының фотоальбамын жасайды;

-өз жанұясының достарын біледі, жақындарының туыстық қарым – қатынасын, достығын бағалайды;

-кішкентай іні – қарындастарын этикаға өздерін жақсы ұстай білуге үйретеді, оларды тәрбиелеуге көмектеседі, қамқор болады;



-ұқыпты немере, өз ісімен, табысымен әділеттің мұрагері болуға дайын екедігімен, жанұя ошағымен сақтаушы бола алатындығымен жанұядағы үлкендерді, аталар мен әжелерді қуантады.


  1. ДОСТАР

Жас Ұлан:

  • аулада, мектепте, пионер лагерінде, саяхатта республиканың түпкір – түпкірінде, одан тысқары жерлерде өзіне сенімді де адал достар табады;

  • интернационалист, барлық халықтардың салт – дәстүрлерін, тарихын сыйлайды;

  • өз сөзін адал, оны нақты істермен дәлелдейді;

  • адамдармен қарым – қатынас жасау, әңгімелесу, хат жазысу мәдениетін игереді, шетел тілдерін оқып үйренеді;

  • табиғаттың адал досы, оның әдемілігіне, байлығына қамқор болып, оны қорғайды;

  • рухани жан серік, сенімді дос бола алатын кітаптарды қадір тұтады;

  • ерік -жігер, намыс, өзіне деген талап, мейірімділік, жомарттық – пионердің өзін өзі жетілдіруіндегі нағыз сенімді көмекшілер;

  • өз достарыңды мазақтама, ренжітпе;

  • әрқашан өз достарыңды есінде ұста, олармен жиі араласып тұру, достықты қадірлей біл.



  1. ЖЕР

Жас Ұлан:

  • туған жерінің, еліңнің, Отаныңның адал ұл – қызы;

  • өз халқының мәдениетін, салтын біледі;

  • туған жерінің, Отаныңның, халқыңның тарихын оқып -үйренуге қызығады;

  • «Атамекен» бағдарламасын игеруде, орындауда кіші пионерлерге көмек береді;

  • Зерттеушілердің, іздеушілердің қозғалысына қатысады,

  • өлкетану музейлеріне, халық шығаромашылығы көрмелеріне барады;

  • туған ауылына, қаласына саяхат жасайды;

  • өз Отанының абзал азаматы болуға дайындалады. Мемлекеттік жалау, Елтаңба, Әнұрандарға құрметпен қарайды, оларды мақтан тұтады. Мемлекеттік символдарға қатысты салт – жораларды орындауды үйренеді:

  • салт –дәстүрлерді сақтай отырып, халықтық мерекелерді дайындауға, өткізуге ат салысады;

  • көркемөнерпаздар үйірмесіне белсене қатысады.Ұлттық музыка аспаптарында ойнайды, халық әндерін айтады, билейді, айтысты жақсы көреді;

  • өз селосын, қаласын гүлдендіруге , сондай – ақ «Экология үшін» деген қозғалысқа қатысады;

  • батыр жерлетерінің, ауылының, қаланың белгілі адамдары мен өз халқының атақты азаматтарының өмірбаянын мақтан тұтады;

  • саяси жағдайлардан, ауылының, қаланың, облыстың, Республиканың қоғамдық өмірінен хабарлар болады.


4.БІЛІМ МЕН ІСКЕРЛІК

Жас Ұлан:

  • білім байлық, блім өнер шырағы екенін түсіне отырып, мектепте ғылым негіздерінің саналы түрде игере бастайды;

  • өзінің таным –түсінігін, білімін кеңейтуге тырысады;

  • кітапханалардың тұрақты оқырманы;

  • ақыл – ой еңбегінің мәдениеті жайлы ойлайды;

  • өз мінезінің ерекшеліктерін, өз мүмкіндігімен қабілетін біледі, өз - өзімен жұмыс істейді;

  • балалар қоғамдық қозғалысының, пионер ұйымының тарихын біледі;

  • әңгімлесе және әңгімені тындай біледі;

  • өз ісін, жұмысын жоспарлай алады;

  • өзін - өзі ұстай алады, қызбалыққа, оғаш қылықтарға жол бермейді;

  • алғашқы дәрігерлік көмекті көрсете алады;

  • велосипедпен, басқа да көліктермен жүргенде жол қозғалысы ережелерін сақтайды;

  • балаларға, кіші пионерлерге жол жүру ережелерін оқытуды ұйымдастыра алады;

  • суда жақсы жүзе алады, суға кетушілерді құтқару отрядының мүшесі бола алады.

  • Туристердің, саяхатшылардың ережесін біледі, оны сақтайды;

  • өзін - өзі қызмет көрсету әдеттерін біледі, оны балаларға үйретеді;

  • кез келген оқиғаны алдын – ала біледі, өз қиындықтарын басқаға жүктемейді.

  • Қызықты да пайдалы істердің жақсы ұйымдастырушысы;

  • Санды дұрыс қабылдайды, өзіне көрсетілген көмекті алғыспен қабылдайды;

  • әр түрлі еңбек құралдарымен істей алады;

  • байқағыштықты, жер жағдайын бақылай білуді, табиғаттың кейбір ерекшеліктеріне қарап ауа райында болатын өзгерістерді болжап айтуды, күнге қарап уақытты шамалауды үйренеді;


  • жұлдыз аспанның картасын үйренеді;

  • «Батырпауыш» сондай -ақ балалар үшін қызықты ойыншықтар жасайды;

  • Кез келген өзі бастаған істі соңына дейін жеткізеді.



  1. ҚҰШТАРЛЫҚ

Жас Ұлан:

-өзін жетілдіру мен өзін - өзі тәрбиелеу бағдарламасын жасап, оны орындаумен шындап айналысады;

- музыка, би, коллекция жинау сияқты сүйікті ісін ары қарай жалғастыра береді;

- спортпен айналысады, әрдайым жаттығады, спорттық ойындарды ойнағанды ұнатады;

- туған өлкесіне саяхат жасауды ұнатады;

- техника тілін біледі, техникалық шығармашылықпен айналысады;

- сәнді болуға тырысады, өз бойына қанағатшылық сезімін, әдемілкке деген талампаздықты сіңіре біледі;

- үйінде жұмыс істеген жерінде жайлы, ыңғайлы әдемі жағдай туғызуға тырысады;

- өлең, шағын әңгіме жазумен айналысады;

- өзінің істері, ой – пікірлері жайлы күнделік жүргізеді;

- өзінің жақсы болғысы келеді және басқаларды жақсы көргісі келеді;

- әр түрлі творчествалық ойындарға, конкурстарға қатысады;

- темекі шегу, өсек айту, дөрекі болу сияқты жаман әдеттерден аулақ салып, өз мінезін, ерік- жігерінің күшін дәлелдей алады;

- бос уақыт қызықты, әрі тиімді өткізеді;



- өз арманына жетуге, дарынды қайталанбас тұрғы болуға тырысады;
6. МАМАНДЫҚ

Жас Ұлан:

  • өзінің болашақ мамандығы жайлы ойланады, үлкендердің, мамандардың ақыл – кеңесіне құлақ асады;

  • жанұяның еңбек дәстүрін сақтауға тырысады;

  • үйірмелердің, клубтардың жұмысына қатысу арқылы өзінің болашақ мамандығы жайлы білімін тереңдетеді;

  • бас қосулар мен экскурсиялар өткізеді, достарын кіші пионерлерді қызықты мамандықтармен таныстырады;

  • өз білімін жетілдірумен, өзін - өзі тәрбиеленуімен айналысады, өз бойында болашақ мамандығына керек ерекше қасиеттерді топтастыра алды.


7.ҮНДЕСТІК

Жас Ұлан:

  • сұлулық пен үндестік заңын негізге алып, өмір сүруге тырысады;

  • өз айналасындағыылардың бәрімен жақсы қарым – қатынас болуға тырысады, ұрысу, төбелесу, айғайласу сияқты дау – жанжалдардан аулақ жүреді;

  • өз қылықтарын, іс - әрекеттерін талдап, жіберген қателіктерін мойындап, оны тез арада түзей алады;

Каталог: wp-content -> uploads -> 2016
2016 -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры, ел қамқоры, халқымыздың біртуар перзенті
2016 -> Сабақтың тақырыбы Үш бақытым. Мұқағали Мақатаев Туған тілім. Дихан Әбілов Жалпы мақсаты
2016 -> «Алаштану негіздері» таңдау курсы Түсінік хат «Алаштану негіздері»
2016 -> Сабақтың атауы Н.Әлімқұлов Қоңырау Мақсаты
2016 -> Силлабус Пән: Педагогика тарихы Курс: 4 Мамандық: 5В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» Кредит саны: 2 Экзамен: 7 семестр Семей-2015 «Педагогика тарихы»
2016 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
2016 -> Сабақтың атауы Бейнелеу өнерінің түрлері Сілтеме Сабақтың жабдығы
2016 -> Сабақтың тақырыбы: Менің Отаным Қазақстан


Достарыңызбен бөлісу:


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

енгізу | тіркеу
    Басты бет


материалдарды жүктеу