БӨЖ 9. Орыс философиясы.
Реферат:
1.П.Чаадаевтың «Философиялық хаттарының» негізгі идеялары.
2.Славянофилдік және батысшылдық.
Н.Чернышевскийдің философиялық көзқарастары.
Петр Яковлевич Чаадаев (1794-1856) - орыс жазушысы, философы, қоғам кайраткері. Орыс діни философияның негізін қалаушы. Чаадаевтың ғылыми-творчествалық кызметін негізінен үш кезеңге бөлуге болады: бірінші 1828 жылға дейінгі декабристік, екінші «Философиялық хаттар» циклін аяқтау (1836), үшіншісі өмірінің ақырына дейінгі кезеңдер.
Чаадаев «Философиялық хаттарын» жариялағанға дейін де қоғамда танымал тұлға болды.
1829—1831 жылдары өзінің басты шығармасын жазады— «Философиялық хаттар». Олардың бірі «Телескоп» журналында 1836 жылы басылып шықты. бұл шығармадан соң басшылық бірден қанағаттанбайды, себебі ол Ресейдің «әлемдік адам тәрбиесінен алшақтатылғандығы» туралы жазады. Журнал жабылып, Надеждин баспагері айдауға жіберіліп, Чаадаевты — «алжыған» деп жариялады.
Н. Н. Раевского-үлкеннің қызы Екатерина оны (шамамен1817 жылы), ең әйгілі, шүбәсіз, талассыз, Петербургтегі барлық жастардың арасындағы ең жарқын тұлға болды деп сипаттайды. Білімділігімен қатар ол өте тәрбиелі, жағымды мінезді болатын (М.Жихарев сөзері бойынша). Оның достығын іздеп, достығымен мақтанатын. 1819 жылы Пушкин олмен Евгений Онегинді салыстырады, себебі өзінің батырын сол сияқты сипаттағысы келеді: «Екінші Чадаев, менің Евгенийім…». Оның дұшпаны болған Вигель оны «генийлікке таласқан жасөспірімдердің алғашқысы» деп сипаттаған.
Чаадаевтің шығармашылығын түсіну үшін оның жеке тұлғасының басынан өткен дағдарыстарын есепке алу керек. «1823-ші жылдарға дейін Чаадаевте ең алғашқы рухани дағдарыс кезең болды - діни жағына қарай. Чаадаев, бұған дейін онсыз да көп оқыған мистикалық әдебиетке қызығып кетеді. Оған Юнг-Штиллинг шығармалары қатты ықпал етті. Оның денсаулығы тым қатты рухани қысымдылықтан қозғалып кетіп, оған денсаулығын қалпына келтіру үшін шетелге кетуге тура келді. Ол жақта1826-шы жылға дейін болды. (бұл оны өлімнен құтқарып қалды, себебі ол әйгілі декабристтермен жақындасты). Шетелден оралған кезінде Чаадаев тұтқындалып кетті, бірақ аз уақытта бостандыққа шығып, Мәскеуге қайтып келді. Бұл жерде ол өзінің екінші дағдарысын басынан өткізді.
Николай Гаврилович Чернышевский (24.7.1828, Саратов қ. — 29.10.1889, сонда) — Ресей философы, публицист, жазушы, әдебиет сыншысы.
Саратов діни семинариясында (1842 — 45), Санкт-Петербург ун-тінің тарих-филол. бөлімінде оқыған (1846 — 50). Ч. ун-тте оқып жүрген кезінде өз бетімен білімін жетілдірумен шұғылданып, тарих (Ф.Гизо, Ж.Мишле), философия (Г.Гегель және Л.Фейербах), социология (А.Сен-Симон, Ш.Фурье) туралы еңбектерді мұқият зерттеді. Ч. көзқарасының қалыптасуына орыс әдебиетшілері А.С. Пушкин, М.Ю. Лермонтов, Н.В. Гоголь, т.б. үлкен ықпал етті. “Отечественные записки” (1853) журналында мақалаларымен көрінген Ч-ді Н.А. Некрасов “Современник” журналына тұрақты қызметке шақырды. Осында жүріп 1855 ж. “ґнердің болмысқа эстетикалық қатынасы” деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғады. Сол жылы “Орыс әдебиетінің Гогольдік дәуірінің очерктері” атты еңбегін жариялады. В.Г. Белинскийдің әдеби-сын саласындағы дәстүрін жалғастырған ол бірте-бірте журналдың идеялық жетекшілерінің біріне айналды. Осы журналда жүріп Н.А. Добролюбов, Некрасовпен бірге Ресейдегі қоғамдық-саяси өмірге белсене араласып, саяси, экон., тарихи және әдеби шығармалар жариялады. А.И. Герценмен саяси байланыста болуы себепті 1862 ж. тұтқындалып, Петропавл қамалына жабылды.
Ол қамауда отырған кезде “Не істеу керек?” романын (1862 — 63) жазды. Тұтқындалуға үкім кесіліп (7 жыл каторгалық жұмысқа және Сібірде өмір бойы тұруға), Мытинск алаңында (1864 ж. 19 мамыр) қара бағанға таңылып жазаланғаннан кейін Ч. көп кешікпей Сібірге жер аударылды. Жиырма жылдан астам айдауда жүргенімен шығарм. жұмыспен шұғылдануын тоқтатқан жоқ. 1889 ж. Саратовқа қоныс аударып, көп кешікпей қайтыс болды. Ч. табиғат пен қоғамға өзінің филос. көзқарастарының негізі антропол. принцип деп санаған. Қоғам даму заңдылықтарын түсіндіруде Ч. идеализмі алдыңғы қатарда болды. Ол адам табиғатының тума қабілеттері және “жалғандық пен шындық” туралы идеяларды көтерді. Ч-дің “Даналық эгоизмі” теориясы ағартушылық рационализмге негізделген. Ол көркем өнердің шынайы мақсаты халықты рухани адамгершілік, ізгілік қасиеттерге шақыру деп түсінді. Өзінің диссертациясында және эстетика туралы басқа да еңбектерінде “таза көркемөнер” тұжырымдамасына қарсы болды, “әдемілік деген өмір” эстетиканың негізгі арқауы — объективті болмыстың қадір-қасиеттері деген ой-пікірді жүйеледі. Ч-дің Лессинг, Пушкин, Лермонтов, Гоголь, В.Г. Белинский, М.Е. Салтыков-Щедрин, Некрасов, И.С. Тургенев, Г.И. Успенский, Л.Н. Толстой шығарм-тары туралы еңбектері маңызды ой-тұжырымға толы. Ч-дің “Бір қыздың тарихы”, “Барбарустар ұрпағы”, т.б. повестері мен әңгімелері, “Шешусіз драма”, “Жаны ғажап күйеу” пьесалары бар. Кеңес өкіметі тұсында Ч. тұлғасы мен еңбектері патшалық Ресейдегі халықтың азаттық күресіне дем беруші күш ретінде бағаланды.
Н.Г.Чернышевский (1828-1889) орыс шаруашылық қоғамының идеологының бірі болды. Ол Россияның капитализмнен социализмге өтуін мүмкін деп болжады. Алайда Чернышевскийдің социализмі өркениетті сырып тастап, Россияны бастапқы кезіндегідей сақтап қалу еді.
Антропологизмге негізделген Чернышевскийдің философиясы, ғылыми дәлелденген, адамзат идеясының бірлігі идеясынан шығады. Чернышевский үшін адамгершілік- қоғамның күшімен жүзеге асатын физиологиялықтың құрылымдық түрі. Сондықтан адам кейбір жағдайда жақсы, кейбір жағдайда жаман қылықтар көрсетеді. Сондықтан адамды адамгершілікке бейімдеу үшін, ең алдымен оның жеке өмірін ескере отырып, қоғамға бейімдеу керек.
Адамгершілік әлем, Чернышевскийдің ойынша, физикалық әлем сияқты, себептілік заңына бағынышты. Онда болып жатқан жағдайлардың барлығы адам табиғатымен тікелей байланысты. Ойлау-сезу мен елестетуден басталып, ойлаушы организмнің қажеттіліктерін қанағаттандырады. Барлық адамдар тумысынан эгоист болып келеді, олар үнемі өздеріне ғана жақсылық жасауға бейім тұрады. Қажеттілік бәріне тән болғандықтан, жақсылық- үлкен пайда болып табылады.