«Алаштану негіздері» таңдау курсы
Түсінік хат
«Алаштану негіздері» курсы Алаш қозғалысы тарихы мен қайраткерлерінің әдеби,тарихи,мәдени мұрасын ғылыми зерттеулерге сүйеніп оқытуды мақсат етеді.Себебі,ХХ ғасырдың алғашқы ширегі Қазақстан тарихының «ақтаңдақ» беттері Алашордаға тікелей байланысты. Алаш мұрасын жете меңгерту үшін қазақ қоғамын дамытуға баға жеткісіз үлес қосқан қайраткерлер жөнінде нақты деректерді көбірек беруді мақсат еттім.
Адам баласының ғылыми дүниетанымын,көзқарасын қалыптастыруда тарих пәнінің маңызы зор.Тарихымыз өзгерістерін білдіре отырып бала санасына дұрыс дүниетанымды қалыптастырамыз.Тарихи оқиғаларды айтылған,жазылған күйінде қабылдамай,ғылыми тұрғыдан,дәлелденген түрде түсіну қабілетін дамытамыз.
Қазақстан тарихы курсында Алаш қозғалысы туралы мәліметтер тапшы.Алаш мұрасын танытатын оқытудың біртұтас әдістемелік жүйесі жасалмаған.Сондықтан қосымша қолданбалы курс бағдарламасы негізінде оқыту тиімді.
Пәнаралық байланыстар
Қазақ тілі және әдебиеті – сөз мәнері,сөз шеберлігін пайдалану
Қоғамдық білім негіздері – ХХ ғасыр басындағы қазақ зиялыларының мемлекет,қоғам және адам туралы көзқарастары мен танысып,өмірде үлгі тұтып пайдалану
Курстың мақсаты
А) Білімділік
Алаш қозғалысының тарихы мен зерттелуі, Қазақстан тарихында алатын орны туралы, Алаш қайраткерлерінің өнегелі өмірі мен халқы үшін жасаған,әртүрлі ғылым салаларына қосқан үлесі,еңбектері туралы қосымша әдебиеттер негізінде тиянақты білім беру.
Ә) Тәрбиелік
Оқушыларды патриотизмге, ұлтжандылыққа, адалдыққа, ізгілікке, адамгершілікке тәрбиелеу.
Б) Дамытушылық
Оқушылар бойында дүниеге ғылыми көзқарасын қалыптастыру,тарихи тұлғалардың өмірі мен қызметін танып білу, қосымша деректермен толық-тыру, оған баға беру арқылы Отан тарихына деген қызуғышылығын арттыру.
Курс міндеттері
Оқушылардың білімі, біліктілігі және дағдыларына қойылатын талаптар
1.Оқушылар төмендегідей дағдыларды игеруі қажет:
- Тарихи материалдар, құжаттар,хаттар , ережелермен танысып зерттей білуі;
- Оқиғалардың алдын немесе кейін болғанын айыра білуі;
- Карта, хронологиялық картадан қажетті мағлұматтарды ала білуі;
- Өз білімдерін ұқсас, ұқсас емес жағдайларда қолдана білуі;
- Пәнаралық байланысты таба білуі ;
- Тарихи тұлғалардың тарихи жағдайлардағы іс-әрекетіне баға бере білуі;
- Тарихи тұлғалардың идеал образын жасай білуі ;
- Тапсырмалар бойынша баяндама реферат, хабарламалар дайындай білуі;
- Оқушылар конференциясы немесе семинар сабақтарда өз материалдарымен қатысуы;
- Тарихты зерттеген ғалымдар,саяхатшылар,тұлғалар туралы нақты деректер бойынша байланыстарды көрсете білуі;
- Саяси, әскери, мәдени территориялық, әлеуметтік, экономикалық құбылыстардың себептері мен салдарына зерттеу жүргізе білуі;
- Әр тарихи тұлғаның тарихтағы орнын нақты білуі;
- Тарихи тұлғалардың қай салада , қай заманда еңбек еткендігін, олардың өмірлік мұратын, қоғамды дамытудағы ерекшелігін айыра білуі;
- Тарихи тұлғалардың образына сипаттама бере білуі;
- Хронологиялық жағдайлар жіне тұлғалар туралы материалдарды көркем, саяси, шығармашылық және деректемелік әдебиеттер мен бұқаралық ақпарат құралдарынан таба білуі қажет ; Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтижелер:
- ХХ ғасырда өмір сүрген тарихтағы тұлғалардың қоғам, ғылым, әдебиет,экономика, мәдениетті дамытудағы еңбегі мен үлестері туралы терең түсінік қалыптасады;
- Тарихи дерек көздерімен жұмыс жүргізуге дағдыланады;
- Тарихтағы тұлғалармен саяси оқиғалар мәнін салыстырып, баға бере алады;
- Ғылыми жұмыстар орындауға икемділіктері қалыптасады ;
- Өз білімдерін пікірталас , дискуссия, диспут кездерінде қолдана алады;
-Рефераттар, хабарламалар дайындай алады және ақтаңдақтар бойынша материалдар іздестіру қажеттігін ұғынады;
- Сайыс, байқау, тест кезінде өз білімдерін көрсете алады;
- Қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар мамандықтарын таңдаған оқушылар қосымша білім , бағыт алады;
Курс мазмұны
1. Кіріспе.
«Алаштану» курсының мақсаты мен міндеттері.
2.Қазақ тарихындағы Алаш атауы туралы.
Алаш (ежелгі түрік сөзі ) – көне заманда, түркі халықтары бөліне қоймаған қауым кезінде дүниеге келген. Алаша хан аңызы, Алаша хан қаласы, Алаша хан күмбезі.«Алты Алаш» ұғымы. «Алаш» атауы қазақ халқының синонимі. «Алаш» -демократиялық ағартушылық бағыттағы алғашқы басылымдардың бірі.
II. Алаштану
1.Алаш қозғалысының тарихнамасы.
Алаш қозғалысының тарихнамасы немесе зерттелу жағдайы.Алаш қозғалысына арналған алғашқы пікірлер мен зертттеулер.
2. Алаш автономиясы. 1917 жыл 5- 13 желтоқсанда Орынборда өткен
2 – жалпықазақ съезінде жарияланған қазақ халқының ұлттық- территориялық мемлекеттігі. Алаш автономиясының үкіметі - Алашорда төрағасы Әлихан Бөкейханов.
3. 3.Алаш қозғалысы. ХХ ғасыр алғашқы жылдарынан 30- жылдарға дейінгі кезеңді қамтиды.
4. Алаш партиясы.Қазақтың тұңғыш ұлттық- демократиялық партиясы. (1917-1920) Алаш партиясының өмірге келуі тарихи қажеттіліктен туды.
5. Алашорда. Алаш автономиясының үкіметі немесе Ұлт Кеңесі.Алашорданың мүшесі 25 болып, 10 орын қырғыз-қазақ арасындағы басқа халықтарға қалдырылды. Алашорданың құрамы.
6. Алаш милициясы. Халықтық милиция – 1917 жыл 5 – 13 күндері Орынборда өткен 2- жалпықазақ съезінің шешіміне сәйкес құрылған Алаш автономиясының қарулы жасақтары.
7. « Алаш ісі». 1928 жылдан бастап Алаш қозғалысына қатысқандарды Кеңес үкіметінің тұтқынға алып, 1930 -1932 жылдардағы сот процестерінің шешімдері арқылы түрмелер мен концлагерлерге қамауы.1937 -1938 жылдардағы «халық жауы» деген жалған айыппен атылуы.
III. ХХ ғасыр бірінші ширегіндегі саяси партиялар мен ағымдар
1.1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс кезеңіндегі «Алаш» қоғамдық-саяси ұйымының мақсаты .Ұйым Кеңесінің 1916 жыл 7 тамызда Орынборда өткен мәжілісінде патша үкіметіне 17 тармақтан тұратын талап-тілектерінің құжатын жолдады.
2.«Алаш» партиясы және 1917 -1918 жылдардағы саяси партиялар мен ағымдар. 3.Алашорда және Түркістан Автономиясы. Түркістан Автономиясы – Қазақстан тарихының құрамдас бөлігі.
4.Алашорда және Кеңес үкіметі. Біртұтас қазақ автономиясын құрып үлгірмеген және барлық қазақ жерлерін біріктіре алмаған Алашорда бірлігінен айрылып қалды. Кеңес үкіметі күшейіп жатқан кезде амалсыздан онымен байланыс орнатуға мәжбүр болды.
IV. ХХ ғасыр басындағы ұлттық интеллигенция – әмбебап мамандар Қоғамдық – саяси қызметтер атқарумен қатар , олар: оқу – ағарту ісі-мен, қазақ тіліндегі басылымдар дайындау ,ғылыми-шығармашылық жұмыспен де айналысты.
V. Алаш арыстарын саяси қуғындау
1.1928-1929 жылдары түрмеге жабылғандар саны 47 адам,20 адам ату жазасына кесіліп, кейін он жылдық концлагерьмен алмастырылды. А.Байтұрсынов, Ә.Бөкейханов, М.Дулатов, Х.Ғаббасов, Ж.Аймауытов, Ғ.Бірімжанов, М.Жұмабаев, А.Юсупов, М.Есполов, т.б.
2. 1930-1932 жылдары қуғындау. Жалған жаламен істі болған қазақ зиялылары саны 20-дан астам адам. М.Тынышбаев, К.Кемеңгеров, Х.Досмұхамедов, А.Үмбетбаев, Ж.Дос-мұхамедов, Ж.Күдерин, С.Қыдырбаев, М.Мурзин, Ш.Құдайбердиев, т.б.
3.Тергеуге алынып жасырын бақылауда болғандар: М.Әуезов, У.Омаров, Б.Сүлеев, т.б. 4. 1937-1938 жылдары «халық жаулары» атанған қоғам және мемлекет қайраткерлері: С.Сәдуақасов, С.Сейфуллин, Т.Рысқұлов, С.Меңдешов, С.Қожанов, Н.Төреқұлов, О.Жандосов, С.Асфендияров,т.б.
5. 1940-50 жылдардағы қуғын-сүргіннің жаңа толқыны: Қ.Сәтбаев, Е.Бекмаханов, Ә.Марғұлан, Б.Сүлейменов, Е.Ысмайылов, т.б.
6. Алаш арыстарының шетелге қуғындалуы. М.Шоқай – тұңғыш рет Еуропада түркістандық саяси эмиграциялық қызметтің негізін қалаушы. Р. Мәрсеков – заңгер, Алаш қозғалысының қайраткері.
VI. Алашорданың бөлінуі
1.Алашорданың шығыс бөлімі.Алаш көсемі – Ә.Бөкейханов.
2.Күнбатыс бөлімі. Ойыл уәлаяты. Батыс Алашорда үкіметінің төрағасы – Ж. Досмұхамедов. 3.Алашорданың Жетісу бөлімі. Сатылған Сабатаев және Нұх Рамазанов Абай мен Міржақып өлеңдерінің алғашқы аудармашылары.
VII. Алаш қозғалысының зерттелуі
1.Тәуелсіздік жылдарындағы Алаш қозғалысына жаңаша көзқарас. М.Қойгелдиев, К.Нұрпейіс, Т.Омаров, т.б.
2.Халықаралық «Алаш» сыйлығы. Қазақ елінің туын алғаш көтерген қалам қайраткерлеріне ескерткіш ретінде Қазақстан жазушылар одағы тағайындаған.
Тақырыптық жоспар
№
|
Тақырыбы
|
Сағат саны
|
Мерзімі
|
I
|
Кіріспе
|
|
|
1
|
Алаштану курсының мақсаты мен міндеттері
|
1
|
|
2
|
Қазақ тарихындағы «Алаш» атауы туралы
|
1
|
|
II
|
Алаштану
|
|
|
3
|
Алаш қозғалысының тарихнамасы
|
1
|
|
4
|
Алаш автономиясы
|
1
|
|
5
|
Алаш қозғалысы
|
1
|
|
6
|
Алаш партиясы
|
1
|
|
7
|
Алашорда
|
1
|
|
8
|
Алаш милициясы
|
1
|
|
9
|
Алаш ісі
|
1
|
|
III
|
ХХ ғасыр бірінші ширегіндегі саяси партиялар мен ағымдар
|
|
|
10
|
1916 жылғы ұлт азаттық көтеріліс. « Алаш» қоғамдық – саяси ұйымының талап тілектері
|
1
|
|
11
|
«Алаш партиясы» және 1917 – 1918 жылдардағы саяси партиялар мен ағымдар.
|
1
|
|
12
|
Алашорда және Түркістан Автономиясы – Қазақстан тарихының құрамдас бөлігі
|
1
|
|
13
|
Алашорда және Кеңес үкіметі
|
1
|
|
IV
|
ХХ ғасыр басындағы ұлттық интеллигенция
|
|
|
14
|
ХХ ғасыр басындағы ұлттық интеллигенция – әмбебап мамандар
|
1
|
|
V
|
1928 – 1929 жж Алаш арыстарын саяси қуғындау
|
|
|
15
|
Ә. Бөкейханов – теңдік туын көтерген Алаш көсемі
|
1
|
|
16
|
А. Байтұрсынов – Алаш қозғалысы жетекшісі, аса көрнекті ғалым – түрколог, көркемсөзші, педагог, аудармашы
|
1
|
|
17
|
М. Дулатов – аса ақын, прозаик, көркемсөзші, баспагер
|
1
|
|
18
|
Ж. Аймауытов – көрнекті жазушы, аудармашы, әдебиеттанушы ғалым, педагог
|
1
|
|
19
|
С. Торайғыров – ақын, ағартушы демократ
|
1
|
|
20
|
Ш. Құдайбердіұлы – прозашы, аудармашы, тарихшы, философ, ұлы ақын
|
1
|
|
21
|
М. Жұмабаев – қазақ әдебиетінің жарық жұлдызы
|
1
|
|
VI
|
1930 – 1932 жылдары қуғындалған қазақ зиялылары
|
|
|
22
|
Х. Досмұхамедов – Алашорда жетекшілерінің бірі, әскери дәрігер, көркемсөзші, ғалым
|
1
|
|
23
|
Ж. Досмұхамедов – Батыс Алашорда үкіметінің төрағасы, жоғары білімді дәрігер
|
1
|
|
24
|
М. Тынышбаев – қоғам қайраткері, қазақтың тұңғыш инженері, тарихшы ғалым
|
1
|
|
VII
|
1937 – 1938 жылдары «халық жаулары» атанған қоғам қайраткерлері
|
|
|
25
|
С. Асфендияров – мемлекет қайраткері, әскери дәрігер, тарихшы ғалым, педагог
|
1
|
|
26
|
Т. Рысқұлов - мемлекет және қоғам қайраткері
|
1
|
|
27
|
С Қожанов – Орта Азия мен Қазақстанның қоғам қайраткері
|
1
|
|
VIII
|
1940 – 1950 жылдардағы қуғын – сүргіннің жаңа толқыны
|
|
|
28
|
Қ. Сәтбаевтің 1940 – 50 жылдары қуғынға ұшырауы
|
1
|
|
29
|
Е. Бекмаханов – ғалым, тарих ғылымдарының докторы, профессор
|
1
|
|
30
|
Н. Төреқұлов – Алаш қоззалысы жетекшілерінің қамқоршысы
|
1
|
|
31
|
М. Әуезов және «Алаш жастары» одағы
|
1
|
|
IХ
|
Шетелге қуғындалған Алаш арыстары
|
|
|
32
|
М. Шоқай – тұңғыш рет Еуропада Түркістандық саяси эмиграциялық қызметтің негізін салушы
|
1
|
|
Х
|
Алашорданың бөлінуі
|
|
|
33
|
Алашорданың шығыс бөлігі. Күнбатыс бөлігі. Ойыл уәлаяты. Алашорданың Жетісу бөлігі
|
1
|
|
XI
|
Алаш қозғалысының зерттелуі
|
|
|
34
|
Тәуелсіздік жылдарындағы Алаш қозғалысына жаңаша көзқарас. Халықаралық «Алаш сыйлығы» Қазақстан Жазушылар одағы тағайындаған
|
1
|
|
Сілтемелер
1.Марат Ескендір – Әбдешев . Қазақ портреттерінің тарихы , 7 бет.
2-3-4. Кеңес Нұрпейіс .Тарихи тұлғалар .61,62,66 беттер.
Пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер тізімі
1.Қазақстан ұлттық энциклопедиясы . Алматы – 1998 – 2008 ж. 1-10 т.
2. «Қазақ әдебиеті» энциклопедиялық анықтамалық. Алматы – 2005 ж.
3. «Қазақ мәдениеті» энциклопедиялық анықтамалық. Алматы-2005ж.
4.М.Жолдасбекұлы, Қ.Салғараұлы, А.Сейдімбек. Елтұтқа,Астана-2001
5.С.Ізтілеуұлы. «Тұлғалар» Ш.Құдайбердіұлы,Алматы-2007ж.
6. «Алаш мұрасы» М.Дулатұлы 5томдық щығармалар, Алматы-2003
7.Кеңес Нұрпейіс «Тарихи тұлғалар» Алматы-2007ж.
8.М.Қойгелдиев. «Ә.Бөкейханов» шығармалары,Алматы-1994 ж.
9.Жолтай Әлмашұлы «С.Қожанов» Алматы-1994 ж.
10.М.Шоқай «Түркістанның қилы тағдыры» Алматы-1992 ж.
11.Қ.Аллаберген.Ж.Нұсқабайұлы «Алты Алаштың ардақтылары» Алматы-1994 ж.
12. Марат Ескендір-Әбдешев.Қазақ портреттерінің тарихы ,Алматы-2008ж
13.Ордалы Қоңыратбаев. «Т.Рысқұлов» Алматы-1994 ж.
14.Елемес Күзембаев «Тұрар» Шымкент-1992 ж.
15.С.Қирабаев, Қ.Мырзағалиев. Қазақ әдебиеті,оқулық Алматы-1997 ж
16.Б.Матекова «Өз өмірін елінің болашағы үшін құрбан еткен...» Қазақстан тарихы әдістемелік журнал №10 2005ж.
17.Г.Абдрахманова «Ә.Бөкейханов-теңдік туын көтерген Алаш көсемі» Қазақстан тарихы әдістемелік журнал №8 2007 ж.
18.Қансейіт Әбдезұлы «Алаш перзенті» Егемен Қазақстан газеті, 2008
19. «Ш.Құдайбердиев» Мырза газеті, №10 қазан 2008ж.
Мерізімі:__Тақырып_1_Кіріспе.__Алғы_сөз'>Мерізімі:
Тақырып 1 Кіріспе.
Алғы сөз
Құрметті оқушылар!
Ұсынылып отырған «Алаштану негіздері» таңдау курсы бағдарламасы негізінде жасалған оқу құралы Алаш қозғалысы туралы білімдеріңді толықтырып,азаматтық ұстанымдарыңды айқындауға көмектеседі.Бұл оқулық ұлт тұлғаларының өмір сүрген ортасын тереңірек түсінуге,олардың тарихи тағылымын есте сақтауға мумкіндік береді.
«Бұл қазақ жоқшы, жоғын іздеген қуғыншы »,-деп Ахмет Байтұрсынов айтқандай,қазақтың ұлттық тарихында «ақтаңдақтар» мен парақталмаған қатпар-қатпар беттері қаншама? [ 1 ]
Кеңестік кезеңде Алашорда тарихы сталиндік репрессия зардабынан ұзақ, 60жылдай уақыт «жабық тақырып» болып, шындық айтылмады. Осының салдарынан1930-1980 жылдардың соңына дейін Алаш қозғалысын жаппай қаралайтын,оның жетекшілерін «буржуазияшыл ұлтшылдар» , «халық жаулары»деп жамандайтын пікірлер жазылып,шындыққа сай келмейтін жалған сөздер айтылып келді.Алаш қозғалысы туралы шындықты айтқан М.Шоқай,Х.Оралтай еңбектері шетелдік басылымдарда жарық көргенмен,Қазақстанға жетпей жатты.
ХХ ғасырдың алғашқы ширегіндегі Қазақстан тарихының «ақтаңдақ» беттерінің біразы «Алаш» партиясы мен Алашордаға тікелей байланысты. «Алаш»партиясы мен Алашорда тарихын арнаулы әдебиетте Алаш немесе Алашорда қозғалысы тарихы деп атайды. Ғасырлар бойы аңсаған тәуелсіздігімізді алғалы тарихи «ақтаңдақтар» бойынша іздену, еңбек ету үшін мүмкіндіктер туды.
1988 жылы 30-40 жылдары жазықсыз сотталған халқымыздың даңқты өкілдерінің есімі халқына қайтарылды. Әсіресе Ш. Құдайбердіұлының,
А. Байтұрсыновтың,М. Жұмабаевтың,Ж. Аймауытовтың,М. Дулатовтың шығармашылық мұраларының ақталуы жұртшылық арасында зор қолдауға ие болды.
Алаш қозғалысы туралы тақырыпқа алғаш қалам тартқандар: А.Байтұрсыновтың «Революция және қазақтар» мақаласында ол «1917 жылы қазақтар қауымы большевизмді қабылдаған жоқ» [2] деген тұжырым жасаған.С. Сейфуллиннің «Қазақ интеллигенциясы» мақаласында ол Алашорда үкіметінің және Алаш партиясының нақтылы іс-әрекетіне коммунистік идеология мен таптық тұрғыдан баға берген «Алаш қозғалысына қатысушылар оңшылдана және реакциялана берді» [3] деп тұжырымдайды.Республикалық мемлекеттік баспасының директоры А.Бочагов(«Алаш-Орда.Қызыл-Орда,1927ж) кітапшасында Алашорданы жамандаудан аспады. «Алашты» ұсақ ұлттық-буржуазиялық партия деді.Арнайы тапсырмамен 1929 жылы екінші баспаға дайындаған ВКП(б) қазақ өлкелік комитетінің насихат бөлімінің меңгерушісі Н. Мартыненко да Алаш қозғалысына теріс баға берген.Бұл Кеңестік кезеңде тарихты белгілі бірмақсатқа,қоғамдық-саяси партияның мүддесіне сай бейімдей баяндау тән еді.1989 жылы шілдеде Қазақстан КП ОК жанындағы партия тарихы институты «Алашорда»: пайда болуының,қызметі мен күйреуінің тарихы» деген тақырыпта пікір алысу ұйымдастырды.М.Қозыбаев жарты ғасырдан астам уақыт бойы «Алашты» ұлтшыл саяси ұйым деп айыптаудың негізсіз екенін баса көрсетті.
Соңғы жылдары Алаштың ұлт зиялыларына жаңа көзқарас қалыптастыруда батылда дәлелді пікірлер айтушылар М.Қойгелдиев пен Т.Омарбеков. Олардың пікірінше «Алаш қозғалысының көшбастаушылары негізгі екі мақсатты- қазақ елін отарлық езгіден азат ету мен қазақ қоғамын ортағасырлық мешеуліктен өркениетті әлеуметтік-экономикалық және мәдени даму жолына шығу міндеттерін көздеді.Сондықтан алаштық интеллигенцияны ұлттық -демократиялық интеллигенция деп, ал «Алаш» партиясын ұлттық- демократиялық партия деп анықтау шындыққа сай келеді» [4]
2008 жылы «Алаш қозғалысының 90 жылдығы» және Ш. Құдайбердіұлы-ның-150 жылдығы республикалық деңгейде атап өтілді.
Орта мектептің Қазақстан тарихы пән оқулықтарында Алаш қозғалысы туралы мәліметтер тапшы.Сондықтан қосымша қолданбалы курстар бағдарламалары негізінде оқыту тиімді.
ХХ ғасыр бірінші жартысындағы күрделі тарихи кезеңді оқытқанда сол кезеңнің көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлерінің саяси қызметі мен шығармашылық мұрасына сүйену – оқыту тәсілдерінің бірі.
Алаш мұрасын танытатын жинақталған ғылыми әдебиеттердің молдығына қарамастан оны оқытудың біртұтас әдістемелік жүйесі жасалынбады. Алаш тарихына қатысты тарихи білім мазмұны жалпы тақырыптарда қосалқы дерек ретінде оқытылып келеді.
Қазіргі кезде Алаш қозғалысы арнайы курс ретінде жеке пән етіп оқытылмағанмен оған қатысты білім мазмұнын таратудың тәсілдері жеткілікті. Оқу бағдарламаларында арнайы тақырыпқа уақыт бөлінбегендіктен «Қазіргі заман Қазақстан тарихы» курсының жеке тақырыптарына қосып қарастыруға болады.Алаш қозғалысы қайраткерлерінің өнегелі өмірі мен қызметін,мәдени мол мұрасын пайдаланып,оқушыларды отансүйгіштікке,елжандылыққа тәрбиелеуде ұстаздар еңбегі зор үлес қосады,шәкірттердің бойына көрнекті тұлғалардың ізгі қасиеттерін бойына сіңіреді. Бағдарлама жасағанда «ҚР-ның 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы», ҚР-ның мемлекеттік білім стандарты мен «ҚР-ның азаматтарына патриоттық тәрбие берудің 2006-2008 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» құжаттары және «Білім туралы » Заңы талаптары есепке алынды.
Мен сенемін жастарға,
Алаш атын аспанға.
Шығарар олар бір таңда,
Мен жастарға сенемін,-деп ақын Мағжан жырлағандай,еркін елдің білімді жастары Алаш көшбасшыларының аманатын тарихи-ізденімпаздық салада жалғастырар деп сенеміз.
Мерізімі:
Тақырып 2 Қазақ тарихындағы Алаш атауы туралы Алаш (ежелгі түрік сөзі- бауырластар,қандастар,туыстар) – көне заманда,түркі халықтары бөліне қоймаған қауым кезінде дүниеге келген ұғым.Ортағасырлық және одан ерте кезеңдегі деректерде қазақтар өз алдына ел болып хандық құрғанға дейінгі ежелгі тайпаларының ортақ атауы.Алаш аты тарихта кездесетін еі көне атаулардың қатарына жатады.Кеген тас жазуында (б.з.б.4ғ.) «Қаған алты бөріг алаш(а) ертті» деген жолдар бар.Алтай тауының Сібір жағында (Тува) Алаш атты өзен,тау сілемдері бар.Кеген тас жазуында «алты бөріг» (алты қасқыр) деген сөздің «алта алаш» мағынасын беретіні жөнінде (үйсін,қаңлы,қырғыз,хакас,татаб-татар,сяньби-ғұн тайпалары) ғылыми болжам бар.
Алаш туралы аңыздарда мал-мүлікке жеке меншік болмаған кездегі қауым тұрмысының сілемі байқалады.«Алаш-алаш болғанда,Ала тай ат болғанда »деп келетін сөздер осыған меңзейді.Алаша есімімен байланысты Саққұлақби шежіресін ,Ә.Диваевтің, Г.Н.Потаниннің, Ш.Уәлихановтың,А.Янушкевичтің,Ш.Құдайбердиевтің,М.Тынышбаевтың ел арасынан жинаған аңыз-әңгімелерін,күнделік жазбалары мен ғылыми мақалаларының бірінде-алапес болып туған бала,екіншісінде- алашаға отырғызып көтерген хан,үшіншісінде- Ұлытаудан асырып тастаған баланың әскербасы болғаны,төртіншісінде-қалмақты қорқыту үшін «Алаш» сөзін ұран еткені айтылады.Соның қай-қайсысыда да Алаштың хан болғандығын,қара халықты соңына ертіп,айбарының асқандығын дәріптейді.Ескі шежіре деректерінде Алаш атауы қазақ халқының синонимі ретінде келтіріледі. Мысалы,Қ.Жалайри өз еңбегінде қазақтың орнына Алаш атауын қолданады.Шежірелердің бірінде Алашқа өзбек, түркмен, қарақалпақ,қырғыз,қазақ,ноғайды жатқызады.«Қамбар батыр» жырында («Тамашаға жиылсын,алты Алаштың баласы»),Бұқар жыраудың Абылай ханға айтқанында(«Он сан Алаш баласын,жұмсап бір тұрсын»),Махамбеттің («Алты сан Алаш ат бөліп,тізгінін берсе қолыма») өлеңдерінде Алаш сөзі қазақ атауының баламасы ретінде берілген.«Атамыз –Алаш,керегеміз-ағаш» деген қазақ халқы ұлттық тәуелсіздік жолындағы күресінде ежелгі Алаш ұғымына қайта оралып,оны бостандықпен бірліктің ұраны етіп алды.Соның дәлелі ретінде «Алаш қозғалысы»,«Алашорда»,«Алаш» деген ұғымдарды атауға болады.«Алаш азаматы» деу қазақ халқының ауыз бірлігіне,елдің,жердің тұтастығына меңзейді. «Алаш»-демократиялық-ағартушылық бағыттағы алғашқы қазақ басылымдарының бірі.1916 жылы 25 қарашада Семей қаласында ерлі-зайыпты Көлбай,Мариям Төгісовтердің басшылығымен 1-ші саны жарық көрген.Революция қарсаңындағы Ресейдің ішкі-сыртқы жағдайынан хабардар етуді максат еткен,Алаш азаматтарын бірлікке шақырған.Оған қазақ зиялылары Н.Құлжанова,Ғ.Жанайдарова,М.Әуезов,С.Торайғыров,т.б.белсене атсалысқан. Алаша хан-халық аңызы бойынша « Алты алашты» құрған тайпалардың түп атасы.Қазақ шежіресінде Алаш ханның шыққан тегі қарапайым кісі болған делінеді.Оның есімі 9ғасыр туындысы «Қорқыт» дастанында айтылады.Орта ғасыр мұраларындағы Алаша хан 14ғасырдың 2-ші жартысы мен 15ғасырдың 1-ші жартысында өмір сүрген әрі батыр,әрі би,әрі ұлыс билеушісі.Алаша хан ел жадында жауынгер тайпалар-көшпелі түркілерді біріктіріп,тұңғыш Алаш мемлекетін құрған ұлы қайраткер ретінде қастерленеді.Әбілғазы шежіресінде Алаша ханның әкесі Көк хан болғандығы,ұрпақтарының бірінің есімі Қара хан,ал немересі-оғыздардың түп атасы-Оғыз хан аталғандығы жазылады.Рашид ад-Дин мен Әбілғазы Алаша ханның өмір сүрген жері-Дешті Қыпшақтың орталық бөлігі деп көрсетеді.Бұл тарихи деректер ел аузындағы Алаша хан ордасы Ұлытау төңірегінде болған деген тұжырыммен ұштасады.Ұлытау өңіріндегі «Алаша хан ордасы» аталатын үлкен сарай-қамалдың қалдығы (Жанғабыл өзенінің бойында) және Қара кенгір өзенінің жағасындағы «Алаша хан күмбезі» аталатын 10-11ғасырларда салынған ғимарат әлі күнге дейін сақталған.Алашахан-орта ғасыр қаласының орны.Қарағанды облысы Ұлытау кентінен 18км жерде,Қаратал өзенінің солтүстік жағасында орналасқан.Ә.Х.Марғұлан ашып,тұнғыш сипаттамасын жасады,кейінірек С.Ж.Жолдасбаев,Ж.Е.Смайлов күрделі зеріттеу жұмыстарын жүргізді.Қала тұрақты мекен жай,қоныс қызметін атқармаған,тек ерекше жағдайларда пайдаланылатын арнаулы қамал ретінде болған.Алаш ескерткіштерінің түрлі құрылымдық ерекшеліктерін ескере отырып,ғалымдар оны 15-17ғасырға жатқызды.
Достарыңызбен бөлісу: |