Білім берудегі жаңа технологияларды қолданудың маңыздылығы



Дата05.06.2017
өлшемі343,09 Kb.
#17745
Білім берудегі жаңа технологияларды қолданудың маңыздылығы

Жас ұрпақ-ел тірегі ертеңіміздің кепілі. Әрбір ұстаздың міндеті мектеп оқушыларын отан сүйгіштікке, ақыл-ойын жан-жақты дамытуға, ұмтылуға тәрбиелеу. «Қыран - түлегіне қайыспас қанат сыйлайды, ұстаз - шәкіртіне талап сыйлайды» деген халқымыздың қанатты сөзі ұстаз арқылы дарыған талаппен ұрпақтың алысқа ұшатынын меңзеген.


«Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздың қолында» деп білім қызметкерлерінің бірінші құрылтайында сөйлеген сөзінде Елбасы айтқандай ұстаздарды өз Отанын шексіз сүйетін, еліміздің болашығына, оның гүлденуіне аянбай үлес қосатын білімді жеткеншектерді даярлау міндеттері күтіп тұр.
Қазіргі танда біздің Республикада білім берудің жаңа жүйесі дайындалып, әлемдік білім беру кеңістігінде енуге батыл қадамдар жасалынуда. Білім берудің мазмұны жаңарып, оларды технологиялық-педагогикалық тұрғыдан жетілдіру қажеттігі туындауда. Білім беру деңгейіндегі озық технологияларды пайдаланудың мақсаты үйрете жүріп, үйрену.
Білім беру саласында озық технологиялардың енуі мұғалімнің ойлану стилін, оқыту әдістемесін өзгертеді.Менің биология пәнін оқытуда озық технологияларды пайдаланудың басты мақсаты – оқушыларға білім беру процесінде көмектесу. Оған: оқыту бағдарламалары, оқытуда қолдануға арналған электрондық оқулықтар, тексеру бағдарламалары мен тестік, өзіндік жұмыстар ерекше орын алады.
Оның мақсаты: жаңа ақпараттық дамыған қоғамда оқушыларды белсенді шығармашылық іс-әрекетке дайындау. Бұл мақсатқа жету үшін жаңа  технологияларды сабақ беру процесіне енгізу болып отыр.
Сабақта жаңа  технологияларды тиімді пайдалану оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырады, шығармашылық қабілетін дамытады, қоршаған ортаны танымдық зерттеу барысында дидактикалық мақсаттар іс жүзінде асырылады.
Педагогикалық ізденіс барысында оқушыларды тәрбиелеу мен оқытуда жаңа әдістемелерді қолдануды оқу үрдісіне енгізудің маңызы ерекше. Сабақтың тиімділігін оқушылардың танымдық қызығушылығын арттыру үшін тақырып материалдарын оқып үйренуде, олардың әртүрлі ізденушілік бағыттағы тапсырмаларды орындауларынан байқауға болады. Оқытудың осындай жаңа әдіс-тәсілдерін пайдалануда мұғалімде, оқушыда табысқа жетіп, білімін шыңдай түседі.
Жас ұрпақтың жаңаша ойлануына, олардың біртұтас дүниетанымының қалыптасуында әлемдік сапа деңгейіндегі білім, білік негіздерін меңгеруіне ықпал ететін жанаша білім мазмұнын құру жалпы білім беру жүйесіндегі өзекті мәселе . Бүгінгі орта білім беру ісіне қойылар талаптар қай кездегіден де күрделі маңызды. Өйткені бізді дамудың жаңа кезеңі күтіп тұр. Сол кезеңге лайық ұлттық санасы жаңғырған жаңа ұрпақ тәрбиелеу міндеті мойынымызда. Барлық кедергілерді жеңу табысқа талпыну өз қолымызда деп білемін. «Оқусыз – білім жоқ, білімсіз күнің жоқ» деген халық даналығы ешқашан мәнін жоғалтпайды.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы Заңында»: «Білім беру жүйесінің негізгі міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық, ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» – деп көрсетілген . Бұл міндеттерді жүзеге асыру барысында білім ордаларында жаңа педагогикалық технологияларды пайдаланудың негізгі мақсатын айқындап алуда, яғни «берілген үлгі бойынша өнім алу», оқытудың тиімділігін, сапасын көтеру.

Оқыту жаңа технологиясы білім берудің тиімді жолдарын зерттейтін ғылым ретінде оқыту үрдісінде қолданылатын тәсілдер, принциптер мен айқындаушы жүйе, нақты оқыту процесі ретінде сипатталады. Осыған орай, бүгінгі күні білім беру мекемелері мен педагогика ғылымы алдында білім берудің философиялық негіздеріне, білім жүйесінің стратегиялық бағыттарына, мақсаты мен мазмұнына, оны орындаудың әдіс-тәсілдеріне деген жаңа көзқарастар қалыптасуда.

Сондықтан білім беру саласы да өзінің дамуы үшін жаңа қадамдарға баруда. Осыған байланысты тұлғаға ақпараттар ке­ңістігінде дұрыс бағытты таң­дауға мүмкіндік жасай алатын оқытудың жаңа технологиялары пайда болып отыр. Жаңа ақпа­раттық технологиямен орындалатын қызмет өзінің кез келген нақты формасында тиімдірек орындалады, адам өркениетті бола бастайды.


Педагог мамандарды ақпа­рат­тық-коммуникациялық техно­логия негiзiнде дайындауда ке­­лесi қағидалар негiзге алынған:
– вариативтiлiк – әрбiр бi­лiм беру қызметкерлерiнiң жа­сақ­та­ған материалдарына сәйкес бi­лiк­тiлiктi көтеру жүйесiн ба­ғыт­тайды;
– болашаққа негiзделген –күтiлетiн нәтиженi анықтайтын кезеңдiк бағдарламалардың ба­ғытын орнықтырады және жеке тұлғаға бағытталған курстың жалпылама мақсатын анық­тайды;
– рефлексивтi-креативтi – жа­ңа ақпараттық технологиялар­ды меңгерту бiлiмдерiн ұй­ым­дас­ты­руда курстың бағыты да­ра­лық-шығармашылық негiзге бағыт­талуы қажет;
– iзгiлiктiлiк – бейiмделген оқыту жүйесiн құруды талап ете­дi, бiлiктiлiктi көтеру жүйе­сiнiң құрылымы мен нақтылы нәтижесiн анықтау;
– тәжiрибеге бағытталған – оқыту көздерiнiң бiрi ретiнде оқытушылардың тәжiрибесi қол­дану ой-пікірі жүзеге асырылады және нақытылы iс-әре­кет­тер бойынша тыңдаушылардың танымдық үдерістерінің өзара байланыстылығы мен олардың жеке тұлға ретiнде қалыптасу деңгейi анықталады;
– жекелеген кеңес беру – тыңдаушыларға кеңес беру ұсы­нылады.

Білім беру жүйесінің барлық саласында жаңа  технологияны жоспарлы түрде енгізіп, жүйелік интегралды өткізу немесе қамтамасыз ету қажеттілігі туындап отыр. Қазіргі замандағы  технология әрбір тұлғаның білім алу үдерісінде шығармашылық қабілетін дамытуға айқын мүм­кіндіктер береді. Дәл осы жаңа  технология мен әрбір тұлғаның өзіндік білім алу траекториясын таңдауына жол бе­ретін анық білім беру жүйесін құруды, оқу бағдарламаларының бағдарламалануы және өзгер­ме­лі бейімделінуі есебінен оқу үдерісінің біртұтастығын сақтай отырып оны дараландыруға мүм­кіндік беретін компьютердің маңызды дидактикалық қасиеті негізінде тұлғаның оқу үдері­сінде танымдық қызметін тиімді ұйымдастыру арқылы жаңа бі­лім алу технологиясын түбегей­лі өзгертуді тығыз байланыстырады.


Бiлiм берудi ақпараттан­ды­ру­дың негiзгi мақсаты Қазақстан Республикасында бiртұтас бi­лiм­дiк ақпараттық ортаны құру болып табылады. Олай болса, бiлiм беру саласында жаңа ақ­па­раттық технологияны пайдала­ну­ға, Қазақстан Республика­сын­дағы ақпараттық кеңiстiктi әлем­дiк бiлiм беру кеңiстiгiмен са­бақтастыруға мүмкiндiк бередi.
Бiлiм берудi ақпараттанды­рудың негiзгi мiндеттерi:
–  ақпараттық және телеком­му­никациялық техникалық құ­ралдармен қамтамасыз ету;
–  бiлiм берудi ақпараттан­дыру бойынша практикалық шараларды анықтап, жүзеге асыру;
–  оқу-тәрбие үдерісіне жаңа ақпараттық технологияны ен­гi­зу­дi қамтамасыз ету бойынша ғылыми-iзденушiлiк және оқу-әдiстемелiк жұмыстарын жүр­гiзу;
– пәндер бойынша жасақта­латын жалпыға мiндеттi бiлiм стандарттарының және оқу-әдiс­темелiк кешендерiнiң мазмұнын ақпараттық технологияны пайдалану мүмкiндiктерiмен жетiл­дiру бiлiм берудi басқаруда ақ­параттық жүйенi құру;
– бiлiм беру мекемелерiнiң қызметкерлерi үшiн бағдарла­ма­лық-техникалық құралдарды қам­тамасыз ету және мульти­ме­диа­лық бағдарламаларды, элек­трондық оқулықтарды жасақтау;
– педагог кадрларды жаңа ақпараттық технологияны өз қыз­меттерiне еркiн пайдалана бiлуге дайындау және жүйелi түрде бiлiктiлiктерiн көтеру.
Білім беруді ақпараттандыру жағдайында педагог мамандар­дың біліктілігін көтеру – бүгінгі күннің негізгі міндеттерінің бірі екендігі даусыз. Педагог маман­дардың біліктілігін көтеруді ақ­параттандыру, қажеттілікті шешу барысында педагог маман­дардың біліктілігін ақпараттық технологияны өз қызметтеріне пайдалану, педагог мамандар­дың ақпараттық сауаттылығын, ақпараттық мәдениетін және ақпараттық құзырлығы сияқты қабілеттіліктерді қалыптастыру мәселесі бүгінгі күннің өзекті мәселесіне айналып отыр.
Әлемдік өркениетке қадам басқан Қазақстанның қоғамдық-саяси, экономикалық, мәдени да­мудағы жаңа бастамалар мен түбегейлі өзгерістер білім беру жүйесіне өз әсерін тигізіп, білім деңгейін, оқыту әдіснамасын же­тілдіруде тың ізденістер жа­сауға мүмкіншілік туғызып отыр­ғандықтан  алдыма мынадай мақсаттар қойдым.

– жаңа  технологияны қолдану арқылы бiлiмнiң сапасын көтеру;


– жаңа ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды енгiзу арқылы бiлiм беру мазмұнын жаңарту;
– жаңа  технологияны қолдану саласы бойынша оқушылардың мамандыққа баулу механизмiн құру;
– бiздiң елiмiздегi  жинақталған ақпарат­тық ресурстарға жедел ену;
– мультимедиалық электрон­дық оқулықтарды пайдалану.
– отандық бiлiм беру жүйе­лерiн бiртұтас әлемдiк ақпарат­тық бiлiмдiк кеңiстiкке ену ар­қылы сабақтастыру және т.б.
Қазір «Ғасырдың мектебі мен мұғалімі қандай болу керек?» деген негізгі сұраққа жауап ізделуде. Білім берудің ұлттық моделіне көшкен қазіргі мектепке ойшыл, зерттеуші, тәжірибелік қызметте педагогикалық үйлестіруді шебер меңгерген іскер мұғалім қажет екендігі аз айтылып жүрген жоқ. Қазір заман да, қоғам да өзгерген. Бүгінгі балалардың мақсаттары да, құндылықтары да, идеялары да бұрынғыдан мүлде басқаша. Өйткені олар – өзінің болашағына тиімділік тұрғысынан қарайтын, іскерлікке бейім, жоғары талап қоя білетін адамдар.
Олай болса, бұл қоғам кез келген педагогтан өз пәнінің терең білгірі ғана болу емес, теориялық, нормативтік – құқықтық, психологиялық – педагогикалық, дидактикалық әдістемелік тұрғыдан сауатты және ақпараттық компьютерлік технология құралдарының мүмкіндіктерін жан – жақты игерген ақпараттық құзырлығы қалыптасқан маман болуын талап етіп отыр.
ХХІ ғасыр – техниканың озық дамыған ғасыры. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың сындарлы саясатының арқасында бүкіл мектеп компьютермен қамтамасыз етілді.
Компьютер оқушы үшін қоршаған әлемді танудың табиғи құралы болып табылады. Олай болса барлық сабақтарды компьютердің қуаттануымен жүргізуді үйрену – бүгінгі күннің кезек күттірмейтін өзекті мәселелерінің бірі. Білім беру жүйесін ақпараттандыру дегеніміз – берілетін білім сапасын көтеруді жүзеге асыруға бағытталған процесс, яғни еліміздің ұлттық білім жүйесінің барлық түрлерінде кәдімгі технологияларды тиімді жаңа комплекстік технологияларына алмастыру, оларды сүйемелдеу және дамыту болып табылады.
Электрондық есептеуіш технологиясымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті құралдарды қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламасына негізделеді. Ақпараттық әдістемелік материалдар коммуникациялық байланыс құралдарын пайдалану арқылы білім беруді жетілдіруді көздейді. Интерактивті тақтаның мүмкіндіктері мұғалімдерге баланы оқытуда бейне және ойын бағдарламаларын тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.
Ақпараттық қоғамның негізгі талабы – оқушыларға ақпараттық білім негіздерін беру, логикалық – құрылымдық ойлау қабілеттерін дамыту, ақпараттық технологияны өзіндік даму мен оны іске асыру құралы ретінде пайдалану дағдыларын қалыптастырып, ақпараттық қоғамға бейімдеу. Демек, ақпараттық бірліктердің білімге айналуы әлемнің жүйелік – ақпараттық бейнесін оқушылардың шығармашылық қабілеттері мен құндылық бағдарларын дамыту арқылы қалыптастыруды көздейтін, адамның дүниетанымының құрамдас бөлігі болып табылатын интеллектуалды дамуды қалыптастырудың бір жолы.
Қазіргі білім беру жүйесі ақпараттық технологиялар мен компьютерлік коммуникацияларды белсенді қолдануда. Әсіресе қашықтан оқыту жүйесі жедел қарқынмен дамуда, бұған бірнеше факторлар, ең бастысы – білім беру мекемелерінің қуатты компьютер техникасымен қамтылуы, оқу пәндерінің барлық бағыттыры бойынша электрондық оқулықтар құрылуы және Интернеттің дамуы мысал бола алады.
Оқытудың әр сатысында компьютерлік тесттер арқылы оқушыны жекелей бақылауды, графикалық бейнелеу, мәтіндері түрінде, мультимедиалық, бейне және дыбыс бөлімдерінің бағдарламасы бойынша алатын жаңалықтарды іске асыруға көп көмегін тигізеді. Электрондық оқулықтарды қарапайым оқулықтарға қарағанда пайдалану ыңғайлы және оларда өзін – өзі тексеру жүйесі бар. Осы электрондық оқулықтың артықшылығы болып табылады. Сондықтан, өзін – өзі тексеру жүйесі оқушы мен оқытушының арасындағы байланысын алмастырады.
Электрондық оқулықтарды пайдалану оқушылардың, танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды.
Осы уақытқа дейінгі білім беру саласында тек мұғалімнің айтқандарын немесе оқулықты пайдалану қазіргі заман талабын қанағаттандырмайды. Сондықтан қазіргі ақпараттандыру қоғамында бұл оқулықтарды пайдаланбай алға жылжу мүмкін емес.
Оқыту үрдісінде оқыту әдістерін тиімді пайдалану, білім беру жүйесін тұтастай жаңа оқыту технологиясын енгізу оқыту процесінде толыққанды дамуына мүмкіндік жасайды. Оқыту процесінде компьютерге негізделген жеке әдістемелер оқу мақсаттары мен жағдайларына байланысты тиімді қолданылуы қажет.
Оқытудың тиімділігі оқытудың жеке тұлғалық стиліне, яғни, оқушыға оқу материалын тиімді сипаттайтындай қабылдау механизміне тәуелді болады. Осыған байланысты оқу іс-әрекетін тиімді қамтамасыз ету бәрінен бұрын оқушылардың өзіндік іс-әрекетін, оқытушының әрбір оқушымен жеке тұлғалық оқу іс-әрекетін сүйемелдеуді және жобалар мен оқу жұмыстарын оқытушылармен бірге ұйымдастыруды жобалайды.
Осылайша жаңа технологиялардың дамуы жаңа әдіс-тәсілдердің пайда болуына көмектеседі және сонымен бірге оның сапасын жоғарылатады.
Бұл технологияның өзектілігі қоғамның ақпараттандыру жылдамдығының артуымен сипатталады. Әр түрлі пән сабақтарында жаңа  технологияны пайдалану білім мазмұнын жаңартумен, ақпараттық ортаны қалыптастыруымен, сондай-ақ сапалы білім беру мүмкіндігінің жоғары болуымен ерекшеленеді.
Соңғы кезеңде қазіргі заманғы педагогикалық ғылым мен практика түбегейлі өзгерістерге ұшырауда. Соның ішінде оқыту үрдісі ақпараттық – коммуникациялық жағдайларда жаңа көрініс алу жолында басқаша жаңалаған жолмен ХХІ ғасыр талаптарына сай білгір, уақытты үнемдей алатын тұлғаны қалыптастыруға бағытталады.

Қазіргі оқыту үрдісіне жаңа педагогикалық технологиялар кеңінен енуде.Оқушыны пәнге қызықтырумен қатар, саналы ойлауға тәрбиелейтін, қоғамдық көзқарастарын қалыптастыра алатын, өзіндік пікірі бар, қоғамдағы болып жатқан түрлі қарама-қайшылықтарды түсіне білетін, еркін  сөйлеп, өз пікірін ашық айта алатын ойлы ұрпақ тәрбиелеуде сабақтың  маңызы зор. Сол сабақ атты театрдағы басты кейіпкеріміз – оқушы болса, онда барлығымыздың бағытымыз бір, бағдарымыз байсалды болмақ. Әр мұғалім оқушыға көпқырлы сабақ беретін болған соң, қазіргі жаhандану саясатына сәйкес жаңа технологияны өз ыңғайына, пәніне лайықтап пайдалануы тиіс.Мұғалім шеберлігі – ізденіс нәтижесі. Сондықтан, орыстың  ұлы педагог-ғалымы К.Д.Ушинскийдің “Мұғалім – өзінің білімін үздіксіз  көтеріп отырғанда ғана мұғалім, оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімдігі де жойылады” – деген. Бұл  “Ұстаз” атты ұлы сүрлеуге соқпағын  салып жол тартқан көкірегі ояу, көзі ашық әрбір адамға берілген елеулі ескерту.  Сабақты тартымды өткізіп, оқушылардың қызығушылығын арттыру үшін әр сабағымызды түрлендіріп отыру шарт. Ол үшін тек бір технологиямен шектеліп қалмай,әртүрлі технологияның элементтерін пайдалану қажет.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңы.  2007 ж.

2. Еркебаева Г.Ғ.Қазақстан Республикасының ұлттық білім беру жүйесінің міндеттеру, бағыттары мен мазмұны. Халықаралық ғылыми-практикалық конференция. Шымкент, 2011. – Б.6-9.

3. Смирнова С.А. Педагогика: теории, системы, технологии. –М., 2006.

4. Беспалько В.П. Слагаемые педагогической технологии. – М., 1989.

5. Халықова К.З., Абдулкәрімова Г.А. Педагогикалық информатика /білім беруді ақпараттандыру. –Алматы, 2007.




Жасөспірімдердің дұрыс тамақтану негіздері



Бала еңбегін қанауға жол жоқ!



Ы.Алтынсаринның педагогикалық-психологиялық еңбектері



Биология сабағында жаңа технологияларды қолдану нәтижесі


Қазіргі кезде дүние жүзінде білімнің әлеуметтік рөлі артып, адамның болашағы оның алған білімінің сапасына, ойлау деңгейіне байланысты болып отыр. Осы тұрғыда жаңа технологияның тиімді әдіс-тәсілдерін жас ұрпақтың бойына сіңіре отырып, қоршаған ортаны қорғау арқылы экологиялық тәрбие беру ұстаздардың басты міндеті болмақ. Ол үшін әрбір ұстаз үнемі шеберлігін арттырып отырмаса, бала деңгейінің дамуы төмендейді. Осының бәрі бір күннің іс-әрекеті емес, оған уақыт керек. «Адамның адамшылығы ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады» деп ұлы Абай  атамыз айтқандай «білім беру жүйесінің басты міндеті оқытудың жаңа технологияларын енгізу білім беруді ақпараттандыру, халықаралық коммуникациялық желілерге шығу, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарды ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау» . (Н.Назарбаев Жолдауынан).Жалпы білім беретін биология пәнінің негізі бастауыш білім беру сатысында дүниетану пәні негізінде құрылады. Бұл пән бойынша оқушыларға еліміздің табиғаты, табиғи байлығы, экономикасы, ғылымы мен мәдениеті, этика, эстетика, адам-адам, адам-қоғам, адам-табиғат арасындағы қарым-қатынас түрлері жайында ғылыми стандарттық ұғымдар беріледі.  Қазіргі кезде қоғамның әлеуметтік-экономикалық өміріндегі түбірлі өзгерістерге байланысты білім жүйесінде және оның мазмұны мен оқыту технологиясында да өзгерістер болып жатыр. Бүгінгі күнгі ұрпақ шексіз мүмкіндік туған заманда өмір сүріп жатыр. Бүгінгі оқушыны әлемде болашағына дұрыс таңдау жасай алатын, ұтымды шешім қабылдай алатын, сондай-ақ өзінің өміріндегі өзгерістер ағымына икемделе білетін қабілетіне байланысты өмір сүру тәртібі күтіп тұр. Мектептегі білім беру міндеттерінің  негізгілерінің бірі‒оқушының шынайы әлем жағдайындағы өмірге дайындау. Бүгінгі күнгі білім беру жүйесі алдында оқушыны ойлануға үйрету, қай жаста болмасын алдынан шығатын түрлі мәселені шешуге қажетті әрекет тәсілдерін үйрету міндеті тұр. Қазіргі мектепті философтар „Адамзаттың өзіне-өзі қойған қақпаны‟ деп айтып жүр.

Қазіргі мектеп тәжірибесінде оқушыны тапсырманы айнытпай орындаушы ретінде тәрбиелеу басым бағыт алып отыр.Ол оқушының өз бетімен ойлануына, өзіндік пікірін білдіруіне кері ықпал етіп, білім алуға деген қызығушылығын төмендетеді. Сондықтан бүгінгі күні еліміздің білім  жүйесінде оқыту үдерісін тың идеяларға негізделген жаңа мазмұнмен қамтамасыз ету міндеті тұр.



Биологияны  оқыту әдістемесі мен оқу нәтижесі:

-биологияны  оқыту әдістемесі,атынан көрініп тұрғандай, әдістемелік, демек  жаратылымдық емес, қоғамдық пән болып табылады.Білім салаларының ішінде оған теориялары мен дидактиканы оқыту,тәрбиелеу  және қызығушылығын арттыру жатады. Демек,психологиямен педагогикада бар табыстар,сонымен қатар жоғарыда келтірілген ой-тұжырымдар биология мұғалімінің біліктілігіне тікелей қатысы бар.

Осы тұжырымдарға сүйене отырып,тарихты оқыту нәтижесінде қалыптасуға тиіс білік-дағдыларды атайық.

Биология сабағындағы пәнаралық байланыс.


Жас ұрпаққа саналы тәрбие, сапалы білім беру – бүгінгі күннің өзекті мәселесі екенін қоғамның қазіргі даму кезеңінде болып жатқан әлеуметтік – саяси және жаңа технологиялық өзгерістер, тәрбие мен білім беру жүйелерінің ісін жаңа сатыға көтеру үшін білім саласында жаңа, тиімді әдіс – тәсілдерді қолданудың қажеттілігі дәлелдеп отыр.
Жалпы білім беру жүйесіндегі және мектеп мұғалімінің алдында тұрған көлемді әрі жауапкершілігі мол міндеттердің бірі – оқушыға тиянақты білім беру болып табылады.
Өз мамандығын шын сүйетін, өзі оқытатын пәнін жақсы көретін мұғалім әрбір сабағын ерекше дайындықпен және үнемі ізденіс үстінде жүргізеді. Оқушылардың ынтасын арттыру, пәнге қызығушылығын дамыту, білімді берік те саналы жеткізу жолында жаңаша әдіс – тәсілдерді ізденіп қолданады.
Мемлекеттің күшеюі мен ұлттық гүлденуі дарындыларға, таланттыларға тәуелді екені белгілі. Ал дарындылар тәлім – тәрбиенің алдыңғы шегінде жүрген мұғалімдер алдынан шығатыны сөзсіз. Оқыту мен тәрбиелеу мақсатында жүргізілген жұмыстың тиімді көрсеткіштерінің бірі – оқушының белсенділік қабілеттері және пәнге деген қызығушылығын ояту, терең де мазмұнды білім беру, ой – өрісін, шығармашылық ізденісін дамытып, қазіргі нарық заманы бәсекесіне төтеп бере алатындай білікті тәрбиелі шәкірт, азамат тәрбиелеу.
Қазіргі кездегі қоғамдағы өзгерістер білім беру жүйесіне де ықпал ететіні сөзсіз. Мұғалімге білімді біржақты формада емес, оқушылардың оқуын басқару, бағыт – бағдар көрсетіп, жол сілтеп, кеңес беріп отыру қызметін жүктейді. Түрлі тапсырмалар мен жаттығулар арқылы теориялық түрлі мәселелер, қағидалар меңгертілуі тиімді болып табылады.
Сабақта оқушы қызығушылығын арттыру үшін ойын – сабақтарын жүргізу өте тиімді. Ойын жөнінде белгілі педагог В. А. Сухомлинский: «Ойынсыз ақыл – ойдың қалыпты дамуы жоқ және олай болуы мүмкін емес. Ойын дегеніміз – ұшқын, білуге құмарлық пен еліктеудің маздап жанар оты» деген болатын. Сондықтан да ойын түрлерін кірістіре отырып өтілген сабақ оқушының пәнге деген қызығушылығын арттыра түседі. Яғни, мұғалім оқушымен сабақ барысында үздіксіз жұмыс істеуі керек. Сонымен бірге оқушының сабақ барысындағы ролін арттыра түсу қажет. Сонда ғана оқушының дарындылық қабілеті шыңдала түседі. Ойын баланың көңілін өсіріп, ойын сергітіп қана қоймай, сонымен қатар оның таным түсінігін арттырады. Балалар ойын арқылы бір бірімен тез тіл табысып, жақсы ұғысады, бір бірінен ептілікті, тапқырлықты үйренеді.
Оқытып тәрбиелеудегі негізгі мақсат – оларды мектептегі оқуға, ұйымшылдыққа, еңбек етуге даярлау, олардың бойына адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру, ойлау, сөйлеу қабілетін дамыту. Сабақ үстінде жүргізілетін жұмыс түрлері, тақырыпқа сай алынған тәрбиелік мәні бар ойын түрлері оқушының ойлау белсенділігін қажет етеді. Ойын арқылы оқушы өз бетімен жұмыс істеуге, өздігінен қорытынды жасауға үйренеді.
Биологиялық білім нәтижесінде – ойлай алу, сөйлей алу дағдылары, эмоционалдық ерік-жігер, шығармашыл әрекет ету дағдылары қалыптасады, дами түседі. Осылайша білім алу нәтижесінде оқушы талдауға (анализдеуге),жинақтауға(синтездеуге),білімді жүйелеуге, бақылауға, қорытынды жасауға, нәтижені тексеруге үйренеді және осы білік-дағдыларын шыңдайды. Практикада осындай салаларды қалыптастыруға болатындығына көз жеткіздік. Бұның айғақ ретінде келесідей жағымды өзгерістер динамикасын атай аламыз.

1.Оқушылар тапсырмаларды жүйелі орындауға үйренеді;

2.Біртіндеп күрделендірілген тапсырмаларды орындауға дағдыланады. Демек,өмірде кездескен танымдық тосқауылдарды, қиындықтарды жеңуге үйренеді;

3.Олар жоспар құрып, қорытынды шығарып, негізгі ойды бөліп алуға тырысатын болады;

4.Оқытуда пайдаланылатын проблемалық сұрақтар өмірден алынатындықтан, осындай мәліметтерді тәжірибеде қолдану дағдылары қалыптасады;

5.Оқушылар өз білімдерін өздері бағалап, өз деңгейлерін анықтауға мүмкіндік алатындықтан, білім алуға деген жауапкершілікті сезінеді;

6.Әр түрлі ақпарат көздерімен жұмыс істеу дағдылары қалыптасады;

7.Айтылғанның барлығы оқушыларды өзіндік ой қорытуға, ойын жүйелеуге, нәтижесін шығарып, сыни бағалауға үйретеді.



Сыни тұрғыдан ойлау


Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы

Благовещенка №2 орта мектебінің

бірінші деңгей мұғалімі

Ипова Акмарал Сулейменовна

Коучингтің тақырыбы: «Сыни тұрғыдан ойлау»

 

Сыни тұрғыдан ойлау модулі бойынша  коучинг сабағының жоспары.

 Қыркүйек 2014 жыл

3апта

4-ші күн

Коучинг тақырыбы:

Сыни тұрғыдан ойлауға алғашқы қадамдар

Мақсат:

 Сыни тұрғыдан ойлауға алғашқы қадамдар жасау

Сілтеме:

Мұғалімдерге арналған нұсқаулық 20-21 б.

 


Күтілетін нәтиже:

Әріптестеріме сыни тұрғыдан ойлау модулі туралы түсінік қалыптасады; Оқу мен оқыту үрдісін жақсарту мақсатында сабақтарында сыни тұрғыдан ойлау модулін қолданатын болады.

Сабақта қолданылатын материалдар:

 

Слайд-презентация, үлестірме қағаздар, суретшілердің суреті,

түрлі-түсті стикертер


Оқыту әдістері:

Жаңа әдістер

Сұрақ-жауап, түсіндіру әдісі

«Болжау» стратегиясы,

«Ой толғау» тапсырмасы



Дерек көздері:

Мұғалімдерге арналған нұсқаулық

Тапсырмалар:

Топтық  талдау, болжау, тапсырмаларға ат қою, салыстыру,  зерттеу

 

Сабақ бойынша коуч пен мұғалімдердің іс-әрекеті

І. Психологиялық ахуал туғызу (2 мин)

Коучтың іс-әрекеті

Көтеріңкі көңіл орнату үшін «Мен елімді сүйесін» тренингін ұйымдастырамын.

Егер сіздің досыңыз болса, көршінің басын сипаңыз;

Егер сіздің үйіңізде мысық болса, өз басыңызды сипаңыз;

Егер сіз, иттерді жақсы көрсеңіз көршіңізді құшақтаңыз;

Егер сіз құстарды жақсы көрсеңіз, қолыңызды созып, құстарша қанат қағыңыз.

Егер сіз өз мектебіңізді жақсы көрсеңіз, аяғыңызды топырлатыңыз;

Егер сіздер Отанымызды жақсы көрсеңіздер, алақандарыңызды соғыңыздар!

Рахмет.


Мұғалімдердің  іс-әрекеті

Мұғалімдер жүргізушінің соңынан сұрақтарға іс-қимылдар арқылы жауап беріп отырады.



Ұйымдастыру кезеңі

Топтарға бөлу



«Менің ұнататын әуенім». Осылайша тәуелсіз топтарға бөлінудің арқасында әртүрлі адамдар бір топтың астына бірігеді.

 Жүргізуші әртүрлі әндердің аттары жазылған қағаздарды қатысушыларға таратады. Әуен жүрген кезде қолдарында жазылған ән аттары бойынша топтарға бөлінеді. Тапсырмалар орындаған кезде топ мүшелері өзара ақпараттармен алмасады, пікірталас  жүреді.

       

Коучтың іс-әрекеті

Мұғалімдердің  іс-әрекеті

«Болжам» стратегиясы

Топтарға бірдей тапсырма беріледі.Тапсырманың тақырыбы: «Аққу».  Оларға тірек сөздері таратылады: аққу, ұя, балапан, жұмыртқа.(Слайд 3)Осы тірек сөздерді пайдаланып әңгіме құрастыру керек.

 Топ спикерлері тапсырмаларды қорғайды. Топтардың жауаптарын тыңдап болғаннан кейін слайдқа «Аққу» тақырыбына жазылған мәтін шығады (Слайд 4) Әрбір топ тапсырмаларын қорғағаннан кейін басқа топтар бағалап отырады. Топтардың бір-бірін өзара бағалауында қиындықтар туындады. Себебі оларға алдын ала бағалау критерилері берілмеген-ді.Осы жерде бағалаудың түрлерін, бағалау критерилеріне тоқталып, талқыланды.

 

Коучтың  іс-әрекеті

Мұғалімдердің  іс-әрекеті

«Ой толғау?» тапсырмасы

Топтарға  әртүрлі суреттер беріледі. Суреттерге зерттеп, ондағы ой мен мағынаны ашу керек.

Әріптестерім ең алдымен жұпта, кейін топтың ішінде суреттердіталқылайды. Осы сурет арқылы автор не айтқысы келгенді туралы толғанады. Әртүрлі көзқарастар айтылады.

 

Коучтың  іс-әрекеті

Мұғалімдердің  іс-әрекеті

Суреттерді қорғау

Уақыт өткеннен кейін әрбір топ өздеріне берілген тапсырмаларды қорғайды.

Топтар өздерінің пікірін, көзқарасын білдіреді.

Рефлексия

«Аспаз»


Қатысушыларға «Аспаз» кері байланысы ұсынылды. (10 слаид)

 


 Мұғалімдер бүгінгі сабақ арқылы не білгендігі туралы, әлі де қарастыратын мәселелері жайлы жазады. Әркім өз пікірлерін ұсынады.

 

КОУЧИНГ ӨТКІЗУ ЖОСПАРЫ №1

Күні: 12.02.2014жыл

Коуч: Ф.Мешітбаева

Сабақтың тақырыбы

Сыни ойлау- ойды шыңдау.

Жалпы мақсаты:

-  Сабаққа бала қызығушылығын ояту жолдарын білу.- білім беруде  педагог мамандардың біліктілігін көтеру.

Оқытуда күтілетін нәтижелер

-Қисынды ойлау қабілеті дамиды.;-Мақсат қоюдың жаңа әдiстерi мен формаларын танып-білу;

-қойылған мақсат,міндеттер қолжетімді болуы керектігін,белгілі бір уақытқа бағынуы керектігін,шынайы болуы керектігін түсіну.



Дереккөздер

-       Мұғалімге арналған нұсқаулық-       «күріш өсіру»

–       “Аралас,топтас,жұптас “ойыны

–        видеороликтер

 


Ресурстар

Стикерлер, маркерлер, қағаз, интераткивті тақта

Түйінді идеялар

Оқушынының қызығушылығын қалай ояту керектігін біледі.

Жаттығулар мен бірлескен жұмысқа негізделген тәсілдер

Жаттығулар

Жаттығудың мазмұны

Жұмыс әдісі

уақыт

Бастапқы байланыс

Жағымды ахуал туғызу

Танысу ойыныӘріптер сөйлейді

8 мин

Топқа  бөлу

Алфавиттің алғашқы бес әріпі І топ ,келесі бес әріп ІІ топ,келесі бес әріпі ІІІ  топқа бөлінеді.




2 мин

Коучингтің тақырыбын негіздеу

Постер қорғау

 «Күрішті өсіру»Түрткі сауал: Сыни тұрғыдан ойлай отырып,оқу әдісіне байланыстырыңыз.

 


Постер қорғау

17 мин

Кері байланыс

“Менің атым Қожа” видеоролик.  Сұрақтарға жауап беру. 

видеоролик

10 мин

Сергіту сәті

Балапан биі




3 мин

Қысқаша рефлексия

-      Мені қызықтырған…, – Біз бүгін мына мәселелерді талдадық



















Біз қартайғандықтан ойын ойнауды тоқтатып тұрған жоқпыз,

ойын ойнамағандықтан қартаямыз”.

Бернард Шоу

 

Барысы:

 

1.«Танысу» ойыны 
Мақсаты: Топта жұмыс жүргізу үшін жағымды ахуал орнату, қарым – қатынысатың белсенді стилін және кері байланыс немесе алу меңгеру;
– Алдымен танысайық, біз оны былай жасаймыз: дөңгелене отырып, сағат тілі бойынша, кезек – кезек әр қатысушы өз атын және өзінің нақты сүйікті ісін айтады. Екінші ойыншы өзі туралы айтпас бұрын алғашқы адамның сөзін қайталап айтуы керек. Содан кейін өзі туралы айтады. Ал үшінші адам бірінші, екінші адамның айтқанын қайталап, сонан соң өзі жайында хабарлайды. Ойын осылай жалғаса береді.

 

 



Талқылау: 
1. Қай ойыншының есімі, сүйікті ісі сенің есіңде жақсы сақталады?
2. несімен жақсы сақталады деп ойлайсың?
3. Қай қатысушыны еске түсіруі қиынға соқты?
4. Не үшін қиын болды деп ойлайсың?
5. Қатысушылардың сені есінде сақтай алмауы қалай әсер етті? Және т.б

Әріптер сөйлейді”



Мақсаты:Әріптестер кез-келген әріпті таңдап алып, қойылған сұраққа  қолдарындағы әріптен басталатын сөзбен жауап беруі тиіс.

  • Бүгінгі көңіл күйіңіз қандай?

  • Оқушының пәнге деген қызығушылығын қалай оятасыз?

  • Сабағыңызда қандай әдіс-тәсілдер қолданасыз?

  • Үш деңгейлік курсқа барғыңыз келе ме?

  • Курстан өзіңізге керекті әдіс-тәсілдер ала аламын деп ойлайсыз ба?

  • Тренингке не мақсатпен келдіңіз?

  • Тренингкте кездескен сұрақтарға қалай жауап беремін деп ойлайсыз?

  • Тренингке немен келдіңіз?

  • Маған айтар ұсынысыңыз…

 

Топқа бөлу: Алфавиттің алғашқы бес әріпі І топ ,келесі бес әріп ІІ топ,келесі бес әріпі ІІІ  топқа бөлінеді.

 

2. “Күріш өсіру”  Шетелдің ғалымы  үш бірдей 2 литрлік банкіге бірдей көлемде су құйып , күріш салып,аузын жауып қояды.Күнделікті сол банкілерге барып бірінші банкіге  «Сен қандай кереметсің,сұлусың,адемісің,жақсысың,тамашасың», екінші банкіге «Сен жақсысың,жарайсың», деп  үшінші банкіге мүлде көңіл бөлмейді.Бір апта өткеннен кейн банкілерді тексереді.Сонда бірінші банкі құлпырып,жайқалып тұр, екінші банкі орташа қалыпта тұр, ал үшінші банкі мүлде өспей шіріп кеткен.



Түрткі сауал: Сыни тұрғыдан ойлай отырып,оқу әдісіне

байланыстырып постер қорғау.Бағалау:(Екі жұлдыз,бір ұсыныс)



3. Кері байланыс:”Менің атым Қожа” видеоролик.Сұрақтарға жауап беру.

Б.Соқпақбаевтың сценариі негізінде жазылған режиссер  А.Қарсақбаевтың  «Менің атым-Қожа»фильмінен үзінді көрсетілуімен басталды.



Тақырыпқа шыққанан кейін мұғалімдерге арнайы дайындалған  сұрақтар қойылды:

1)Фильмдегі мұғалім туралы ойыңыз,ол қандай адам?

2)Кинодағы мұғалімге баға беріңіз

3)Қазіргі мұғалім қандай болу керек?

Критерий арқылы бағалау.

 

4.Сергіту сәті: The Chicken Dance- VINCI Preview



5. Қысқаша рефлексия. “Мені қызықтырған ……..,-

ңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы
№2 дарынды балаларға арналған мамандандырылған үш тілде оқытатын мектеп-интернаты
Коуч: Кененбаева Динара Ахметжановна
«Оқу процесінде сын тұрғысынан ойлау әдісін қолдану тиімділігі»
 
Коучинг сессия жоспары
7 модуль бойынша:
 
Сабақтың тақырыбы: Оқу процесінде сын тұрғысынан ойлау әдісін қолдану тиімділігі


Сілтеме: Мұғалімге арналған нұсқаулық. 41-49 беттер
Интернет желісі
Оқу нәтижесі: Сын тұрғысынан ойлауды оқу процесінде қолдана білулеріне ықпал ету,бақылау мен тыңдау арқылы дәлелдер жинастыру және шешім қабылдау, талапқа сай өлшемдерді қолдану дағдыларын дамыту,топтық жұмыс орындату арқылы ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.
Түйінді идеялар: Сын тұрғысынан ойлай отырып, логикалық ойлау, шығармашылық қабілеттерін дамыту
Сабақта қолданылатын материалдар: Үлестірмелі материалдар, А3 қағазы, стикер, АКТ,түрлі-түсті магниттер
Оқыту әдістері: Миға шабуыл
Жеке жұмыс
Блум таксономиясы
Критериальды бағалау
Кері байланыс



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет