«Ағылшын сабағында жаңа әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану жолдарын үйрену»



Дата08.09.2017
өлшемі68,12 Kb.
#31160
І. Кіріспе.

«Ағылшын сабағында жаңа әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану жолдарын үйрену»
ІІ. Негізгі бөлім.

«Бастауыш сыныптардағы ағылшын тілін оқытуда, жаңа технологияларды қолданудың маңыздылығы»




ІІІ. Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер.

Ағылшын тілі – халықаралық тіл. Ағылшын тілі қазіргі таңда халықаралық қарым-қатынас тілі және де дүние жүзіне кең таралған тіл болып танылады. Қазіргі кезде ағылшын тілі  Америка Құрама штаттары, Ұлыбритания, Канада, Австралия сияқты көптеген дамыған мемлекеттердің ресми тілі, БҰҰ алты тілінің біреуі. Ағылшын тілін білген адамға болашақта мүмкіндігі зор, сондықтан оны көптеген елдерде үйретудің маңызы зор. Дамыған елу елдің ішіне кіру үшін бәсекеге қабілетті жан-жақты дамыған маман дайындауға көп мән беруде.

Қазіргі кезде бәсекеге қабілетті маман дайындау үшін үш тілді жетік меңгеру керек. Сондықтан елімізде ағылшын тілін үйретуде көптеген жұмыстар жүргізілуде. Мысалы, ағылшын тілін бастауыш сыныптан бастап оқыту.

Ағылшын тілін бастауыш сыныптан бастап оқытудың маңызы зор, себебі бала жастайында тез қабылдайтын болғандықтан оған тілді үйрену жеңіл болады.

Қазіргі кезде мектептерде ағылшын тілін меңгеруге аса көп көңіл бөлінген. Барлық мектептерде дерлік ағылшын тілі бастауыш сыныптардан бастап оқытыла бастады. Мектеп оқушылары ағылшын тілінде еркін сөйлеуді мақсат етеді, себебі олар өзінің болашақ оқуы мен қызметіне шетел тілінің кажет екендігінін жақсы түсінеді. Қазіргі таңда ағылшын тілі мұғалімдерінің басты мәселесі оқушылардың шет тілін оқуға деген қызығушылығын дамыту болып саналады.

Мен биылғы 2015/16 оқу жылында мектепте деңгейлік бағдарламасы бойынша өткізіліп жатырған жұмыстарға (коучингтер, ашық сабақтар) қатысып, қызығушылығым туындады. Тәлімгерлік етуге Сулейменова Зуара апайға ұсыныс білдірдім. Ол кісі қуана келісіп, жұмыс жоспарын құрды. Осылай іс – әрекеттегі зерттеу жұмыстарын бастап кеттім. Атап айтсақ 24 желтоқсанда өткізілген «Қалыптастырушы бағалау» тақырыбында, 14 қаңтарда «АКТ» тақырыбында, 22 қаңтардағы «ОМЖ» тақырыбындағы коучингтерге қатыстым. 28 қаңтарда өткізілген тарих пәнінің ашық есік күні болған Ағыбаева Айгүлдің сабағына, 30 қаңтарда математика пәнінің мұғалімі Таубаева Сауле апайдың, 27 ақпан күні ағылшын тілі мұғалімі Сүлейменова Бақыткүл апайдың сабақтарына қатыстым. Осыдан кейін тәлімгеріммен бірге зерттеу сабақтарының жоспарын құрдық. Зерттеу сыныбына 3 «А» сыныбын алдым. Анықталған фокустарға сүйене отырып мен тізбектелген үш сабақтан тұратын орта мерзімді сабақ жоспарын құрдым.

Менің зерттеудегі тақырыбым: «Жаңа тиімді тәсілдерді қолдану арқылы оқушылардың ағылшын тілі пәніне қызығушылықтарын арттыру».

Менің іс-әрекеттегі зерттеу тақырыбымды деңгейлік бағдарламасының жеті модулімен байланыстырып алдым.

Бұл тақырыпты таңдаудағы мақсатым: «қазіргі заман талабына сай оқушылардың сабақта әр-түрлі тәсілдерді пайдалану арқылы пәнге қызықтыру және білімді тиянақты меңгерту». Зерттеу жұмыстарымды жүргізуде мынадай сұрақты басшылыққа алдым.

Оқушыларды ағылшын тілі пәніне қызықтыру, ойландыру, ойларын ашық айту үшін, олардың арасында ынтымақтастықты, ұйымшылдықты орнатуға қандай әдістерді қолдансам болады?

Осы зерттеу сабағымда қолданған әдіс-тәсілдерім:


  • ой қозғау;

  • топтастыру;

  • жеке жұмыс;

  • қалыптастырушы бағалау;

  • топтық тапсырмалар;

  • деңгейлік тапсырмалар;

  • диалогтік тапсырмалар;

  • ойын технологиясы.

Сабақ өткізу кезінде «Ақылды доп», «Кім жылдам», «Тез ойла» ойынын ұтымды пайдаландым.

Сонымен қатар сабақта электронды кітаптарды пайдаланудың да маңызы болды. Себебі ол оқушының танымдық көзқарасын қалыптастыруға, ізденісін ұлғайтуға, шығармашылық қабілетін арттыруға, өзіндік жұмыстарды тез орындауға көмектесті.

Сабақ өткізу барысында осы қысқа мерзімді жоспар құрдым. Оқушылардың білім бағалауды қалыптастыруда, бағалау түрін пайдаландым.

Кембридж бағдарламасының басым бөлігі, түрлі тәсілдер қарастырылғанына қарамастан, сындарлы оқыту теориясы негіздерін қамтыған. Бұл теория оқушылардың ойлауын дамыту олардың бұрынғы алған білімдері мен жаңа немесе сыныптағы түрлі дерек көздерінен, мұғалімнен, оқулықтан және достарынан алған білімдері мен астастырыла жүзеге асады деген тұжырымға негізделген.

Сындарлы теорияның тиімділігін жақтаушылардың басым бөлігі оны дайын білімді беруге негізделген оқыту тәсілдерімен салыстыра қарап, дайын білімді беруге негізделген оқыту тәсілдерінің білімді меңгеруі былай тұрсын, олар бойынша терең түсінік қалыптастырып, бастапқы білімді жаңа біліммен өзара байланыстыруға да мүмкіндік тудыра бермейтінің тілге тиек етеді.

Сындарлы оқытуға негізделген сабақтар оқушыларға өз білімдері мен ұстанымдары жайында ойланып, сұрақтар қойып, білімін толықтырып, белгілі бір тақырыпты оқып – білу кезеңінде өз түсінігін өзгертуге мүмкіндік береді. Оқытудың бұл түрінде оқушылар өте маңызды рөл атқарады: олар құрбы-құрдастарымен әлеуметтік байланыс жасау арқылы белсенді түрде білім жинақтайды.

Қолданыстағы дәстүрлі білім беру жүйесіне қарағанда, біршама өзгешелеу деп айтуға болады. Бастысы, егер педагогтар алған білімін өз сабақтарына дұрыс қолдана білсе, курстың берері мол деп ойлаймын.


  • тіл үйренушілердің барлығы жұмыс жасайды;

  • бос отырған үйренуші болмайды;

  • өздігінше жұмыс жасау дағдысы қалыптасады;

  • тілді үйренуге деген қызығушылығы арта түседі;

  • сабақ барысында тілді үйренуге деген белсенділігі арта түседі.

Қорыта айтқанда, шетел тілін меңгеру өте маңызды. Ол оқушылардың ой-өрістерін кеңейтеді, халықаралық достыққа, мәдениетке тәрбиелейді. Оқушының жеке тұлға ретінде дамуына жағдай жасауға бағыт алып отырған бүгінгі білім беру жүйесінде әлемдік стандарттар талабының негізгі компоненттерінің бірі деп танылған көптілдік оқытуға көңіл бөлу бүгінгі заман тапсырысы болып табылады. Шетел тілінің мұғалімі оқытудың жаңа технологиясын жан-жақты меңгеріп, соңғы жарық көрген ғылыми әдістемелік әдебиеттердегі тәжірибелі ұстаздардың оқыту әдістерін оқып үйреніп, оларды өз жұмысында орынды қолдана білуі керек. Елбасымыз Н.А.Назарбаев айтқандай “Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында”.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. Новые педагогические и информационные технологии в системе образования. Под ред. Полат Е.С. М., 1999.

2. М.Ф. Стронин Ағылшын тілі сабағында қолданылатын жаттығулар.

3. Шетел тілін оқыту әдістемесі №4 2008ж 27 бет

4. Мектептегі шет тілі №3 2006ж 44 бет

Қармақшы аудандық білім бөлімінің «275 орта мектебі»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі


БАЯНДАМА
«Бастауыш сыныптардағы ағылшын тілін оқытуда, жаңа технологияларды қолданудың маңыздылығы»


НУРЖАНОВА ЖАДЫРА ЖАНАБЕРГЕНОВНА



ағылшын тілі мұғалімі


Байқоңыр, 2016

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет