Тақырыбы: Тәрбиелі ұл-абыройлы әке.
Мақсаты: Отбасы- шағын мемлекет екенін түсіндіру.Отбасындағы әкенің ролі, тәлім-тәрбиесінің маңызы туралы айта отырып ұлтжанды, мықты, батыр , тәрбиелі, саналы тұлға қалыптастыру.
Кіріспе бөлім: әдемі безендірілген залға балалар әуен ырғағымен кіреді.
Тәрбиеші: Ата-бабамыз бала тәрбиесіне ешқашан да бей-жай қарамаған. Ұл баланы ертеңгі абыройлы әке, қадірлі отағасы, елді қорғайтын ер, батыр, би, ақын, ұлттың намысты азаматы ретінде әділдікке, қайсарлыққа, кең, кешірімді болуына, өнерге, білімге, салт-дәстүрімізді сақтауға тәрбиелейтін болған. Әр отбасы – жеке мемлекет. Бұл мемлекеттің іргетасын қалаушы, оны басқарушы, отағасы – абыройлы әке.
Олай болса «Тәрбиелі ұл-абыройлы әке» сайысына қош келдіңіздер дей отырып ортаға сайысқа қатысушы әкелерімізбен олардың балаларын шақырамыз.
1-ші номерлі:
2-ші нөмерлі:
3-ші номерлі:
Біздің сайысымыздың жеңімпазын анықтау үшін әділ қазылар алқасымен таныстырайын.
1- бөбекжай-бақшаның меңгеруші: Динара Кәдірханқызы.
2- әдіскер: Света Жайшылыққызы.
3- психолог: Сания Жалғасбайқызы.
Сайыс шарттарымен таныстырып өтейін:
1.Таныстыру.
2. «Мақалды жалғастыр» ережесі: берілген мақалдың жалғасын табу.
3. «Көп шар» ережесі: 2минут уақытта бірнеше шар үрлеп жіпсіз байлау, әкесі мен баласы бірге.
4.«Балабақшаға жиналдық» ережесі: 2минут ішінде бірнеше баланы киіндіру.
Сайысымыздың 1-ші шарты таныстыру, ортаға:
1-ші сайскерімізді шақырамыз
2-ші сайыскеріміз
3-ші сайыскеріміз
1-ші сайысымыздың бағасын сұрайық.
Отбасының мәдени-рухани, материалдық жағынан құлдырамай, мықты болуы -әкеге байланысты. Ұлы күш пен сабырлықтың иесі болып табылатын да – әке, олай болса, әкелерімізді ортаға шақырып 2-ші сайысымызды бастайық:
«Мақалды жалғастыр».
2-ші сайысымыздың бағасын сұрайық.
Ұл бала – қазақта шаңырақ иесі, ата-ананың ұрпағын жалғастырушы, әлсіздерге пана, еліне қорған. Олардың мойындарына артылған жүк те ауыр. Ер балаларымыз
әкесіне қалай көмектеседі екен? 3-ші сайысымыз: «Көп шар», ортаға сайысқа қатысушыларды шақырайық.
3-ші сайысымыздың бағасын сұрайық.
Әділ-қазылар алқасы қорытынды бағаны шығарғанша барлығымыз бірге «Қара жорға» биін билейік. Әкелер мен балалары бар өнерін салып көрермендер көңілінен шығып билеу қажет.
Әділ-қазылар алқасына сөз кезегін берейік.
Қорытынды:
Ұл бала әкесіне ұқсас болғанын қалайды. Ұл бала әкесін үлгі тұтады. Әкенің мінез-құлқына қарап өседі. Қазақта біреудің баласы жақсы азамат болса: оның әкесі немесе атасы жақсы кісі еді, көргенді бала екен, өнегелі жерден шыққан ғой деп мақтайды. «Ұл тәрбиелей отырып, жер иесін тәрбиелейміз»деген , демек, алдымен жанұя жағдайы, онда қалыптасқан татулық пен өзара түсіністік, сүйіспеншілік пен сыйластық, отбасы мүшелерінің бір-біріне деген құрмет сезімдері арта берсін деп сайысымызды аяқтаймыз. РАХМЕТ!
«Ең жүйрік, ең білімді , ең мықты» номинациялар.
Анаң — күнің, жүрегің, Әкең — өмір тірегің. Сен — бақытты ұлансың, Бәрі саған қуансын!
Әжең — асыл ардағың, Атаң — дана қорғаның. Сен — бақытты ұлансың, Бәрі соған қуансың!
Ағаң — қамқор асқарың, Інің — мөлдір аспаның
Сен — бақытты ұлансың, Бәрі соған қуансың!
Қарындасың — қанатың, Ел-Отаның — жаннатың. Сен — бақытты ұлансың, Бәрі соған қуансың!
Атам не айтсам көнетін, Апам көңіл бөлетін. Мен осы үйдің кенжесі, Бәрі жақсы көретін.
Әкеден-ақыл, анадан-мейір.
Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер.
Әке- асқар тау, ана- етегіндегі бұлақ, бала-жағасындағы құрақ.
Ерді намыс өлтіреді, қоянды қамыс өлтіреді.
Ағасы бардың- жағасы бар, інісі бардың- тынысы бар.
Атадан ұл туса игі, ата жолын қуса игі.