1306000 – «Радиоэлектроника және байланыс» мамандығына Тақырыбы: «ТMN негізінің дамуы»
Сабақтың түрі:Сайыс сабақ
Оқыту әдісі: «Іскерлер ойыны»
Сабақтың мақсаты: «Қазіргі заманғы TMN негізінің дамуы» стандарттарын жүйелеу және жобалау
-білімділік: Автоматты басқару жүйесі стандарттарын салыстыру анализі, студенттерді ынталандыру.
-дамытушылық:студенттерге әр түрлі тапсырмалар бере отырып, техникалық ойлау дәрежесін қалыптастыру; өз ойын жүйелі айта білуін дамыту, қорытынды аттестацияға дайындау.
-тәрбиелік:студенттердің болашақ мамандығына деген көзқарасын қалыптастыру, өздігінен білім алуға тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс: «Көпканалды беру жүйесі».
Сабақтың көрнекілігі:әр-түрлі ойындар, слайдтар.
Керекті құралдар: интерактивті тақта, дербес компьютер, көрнекті құралдар.
Қолданылған әдебиет: Гребешков А. Ю. «Управление сетями электросвязи по стандарту TMN» Сабақтың құрылымдық – логикалық схемасы:
Ұйымдастыру кезеңі 2-3 мин
Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру 3-5 мин
Үй тапсырмасын тексеру. 8-10мин
Жаңа тақырыпты түсіндіру. I Сайыс Сұрақтарға жауап беру. 25-30 мин
II Сайыс «Блум диаграммасы» және «Венн диаграммасы» 8-10мин
III Сайыс «Ой жүйрік» 5-7мин
IV Сайыс «Машықтану» 6-7мин
VI Сайыс «Телекоммуникацияның даму жоспары» 5-8мин
Эссе «ТMN негізінің дамуы». 4-7мин
Сабақты қорытындылау 1-3мин
Үйге тапсырма
Сабақ барысы Ұйымдастыру кезеңі
Студенттермен сәлемдесу, пән бойынша қысқаша шолу.
Студенттерді кезекті тақырыбы және мақсатымен, сайыс барысымен таныстыру. Білімді бағалау жүйесі туралы айтып кету.
I Сайыс Сұрақтарға жауап беру. Бұл сайыста студенттерге сұрақтар беріліп, сол сұрақтарға толық жауап беру.
II Сайыс «Блум диаграммасы» және «Венн диаграммасы». Екі топ плакат бетіне берілген берілген тапсырманы содан ары тақтаға шығып қорытындылайды және екінші топпен бақ сынасады.