|
Сабақтың тақырыбы: Логика және логикалық амалдар. Мақсаты
|
Дата | 24.04.2017 | өлшемі | 25,35 Kb. | | #14897 | түрі | Сабақ |
| Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Мерзімі: 06.10.2016ж
Пән: Информатика
Сынып: 8а
Сабақтың тақырыбы: Логика және логикалық амалдар.
Мақсаты:
Білімділігі: Компьютердің логикалық негіздері, логикалық пікірлердің негізгі түсініктері логикалық операциялары туралы білімдерін қалыптастыру.
Тәрбиелігі: Жауапкершілікке баулу, дәлдікке үйрету.
Дамытушылығы: Оқушының әрбір сабаққа ынтасы мен қабілетін біріктіріп,
пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Күтілетін нәтиже: Компьютердің логикалық негіздері, логикалық пікірлердің негізгі, логикалық операциялары туралы білімдері қалыптасады.
Ресурстар: оқулық, тақта, стикерлер.
Әдіс тәсілдер: сұрақ-жауап, ЖИГСО әдісі, жеке жұмыс, топтық жұмыс.
Сабақ кезеңдері
|
Мұғалімнің әрекеттері
|
Оқушы әрекеттері
|
І. Проблема айқындау (Қызығушылықты ояту, Мотивациялау, Қажеттілік тудыру)
|
Ұйымдастыру, топқа бөлу, оқушыларды сабақтың басталуына дайындау.
Оқушылар өткен материалды қайталау арқылы жаңа сабаққа шолу жасау.
|
Оқушылар мұғаліммен сәлемдесіп, топқа бірігеді.
Өткен материал бойынша топтасып еске түсіру арқылы қорытынды жасау.
|
ІІ. Проблема шешу
(Операционалдық кезең: материалмен танысу, оны игеру, сол бойынша жұмыс жасау, мағынаны ашу)
|
ЖИГСО әдісі бойынша Оқушыларға көрсетілімде берілген материалды түсінгенін топ бойынша қорғауға тапсырма беру:
І-топ: Логиканың негізгі түсініктері
ІІ-топ: Логиканың түрлері
ІІІ-топ: Логикалық амалдар
|
Әр топ берілген тақырыпты талқылап, басқа топқа түсіндіріп, талдайды.
|
ІІІ. Проблема шешімін қорытындылау (білгенін ортаға салу, қандай ой, пікір, әсер туындағанын талқылау, талдау, қорытындылау)
|
3) Негізгі әрекетті талдау.
«Сұрақ-жауап» әдісі арқылы жаңа тақырыпты өз бетімен меңгеру үшін тапсырмаларды орындауды тапсырады.
|
3) Негізгі әрекетті талдау.
«Сұрақ-жауап» әдісі арқылы жаңа тақырыпты өз бетімен меңгеру үшін тапсырмаларды орындайды.
|
ІV.Бағалау. Рефлексиялық-бағалау кезеңі:
|
Критерий арқылы бағалау
Жиынтықтап, суммативті бағаны шығару
|
Топтарға өздеріне критерий қоя отырып бағалату, суммативті бағалау.
|
V.Кері байланыс.
|
Екі жұлдыз, бір тілек арқылы топтар бір-біріне кері байланыс беру.
|
Топтар бір-біріне кері байланыс береді.
|
VI.Үйге тапсырма.
|
Логика. Логикалық амалдар.
|
Оқушылар күнделіктеріне жазады.
|
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|