Мерзімі: 23.11.2015ж
|
Сабақтың тақырыбы: Көркем әдебиет стилі
|
Сабақтың мақсаты: Көркем әдебиет стилінің өзіндік ерекшелігін тани алады
|
Күтілетін нәтиже:
Көркем әдебиет стилінің ауызекі стильден айырмашылығын біледі
Өзіндік жұмыс арқылы өзара талқылау жүргізеді
Өз пікірлерін ашық айта алады
|
Сабақтың әдісі: «Мен сияқты жаса» жаттығуы (сергіту);Топқа бөлу «Мен таңдаған стиль»,«Ыстық орындық» әдісі, «Жигсо» әдісі, «Болжау» стратегиясы, «РАФТ» стратегиясы
«Суретті кеспелер» әдісі.
|
Уақыты
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушылардың іс-әрекеті
|
Ресурстар, көрнекі құралдар
|
3 мин
|
Кіріспе.Ұйымдастыру кезеңі.
«Мен сияқты жаса» жаттығуы (сергіту). Топқа бөлу «Мен таңдаған стиль»
|
Оқушылар жасалған жаттығуды қайталайды. Үш топқа бөлінеді.
|
Бейне көрсетілім, кеспе қағаздары
|
7 мин
|
Өткен тақырыпты тексеру үшін «Ыстық орындық» әдісі арқылы үй жұмысын пысықтау.
|
Оқушылар өтілген тақырыптар бойынша бір-біріне сұрақтар қояды
|
|
5 мин
|
Негізгі бөлім.Мағынаны тану:
Жаңа тақырыпты оқып «Жигсо» әдісі арқылы түсінуге бағыт беремін.
|
Топ оқығандары бойынша бір-біріне түсіндіреді және талқылайды.
|
Оқулық
|
10 мин
|
«Бақыт» тақырыбына сурет салуды ұсынады
|
Оқушылар топпен ақылдасып, өз суреттерін салады.
Топтар бір-бірлерінің жұмыстарын «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі бойынша бағалайды.
|
А3 қағаз, маркер
|
10 мин
|
«Болжау» стратегиясы
Бір күні бір бай кісі халық арасында жарыс жариялайды: бақыт сезімін қағаз бетіне түсіре алатын ең жақсы суретшіге мыңдаған ақшаны жүлде береді. Жарысқа көптеген суретші қатысады. Бірнеше апта бойы бір-бірінен өткен әдемі суреттер салынады. Жарыс соңында барлық жұмыстарды іріктеп болған соң, қазылар алқасы екі суреттен ең жақсысын таңдай алмай қиналып қалады:
Суреттердің бірінде тұнық бір көлдің суреті болды. Көлдің бетіне айнадай болғаны соншалық айналасындағы таулардың бейнесі шағылып тұрды. Көлдің үстінде аппақ, мақтадай ақ бұлттар бар. Суретке кім қараса бірден “қандай жарастық, тыныштық. Бақыт осы болар” деп ойлайды. Басқа суретте таулар салынған. Бірақ тік, күрделі таулар. Күн күркіреп, жаңбыр жауып тұр. Тау бөктерінде сарқырама бар. Қысқасы сурет еш ғанибет суреті емес-ті.
Бірақ, бай кісі суретке қарап сарқыраманың қасында кішкентай құстың бейнесін көреді. Қасында құс ұясы да салынған екен. Кішкентай құс судың ортасында ұя құрған. Бақыт пен ғанибеттің керемет үлгісі. Бірден жеңімпаз болып осы сурет атанды. Өйткені, бақыт қиындық пен тапшылықтың болмаған жерінде емес, барлық қиындықтарға қарамастан жүрегімізде жарастық таба білуде жатады.
|
Мұғалім мәтінді бөліктерге бөліп, оқушыларға жалғасын жазуды ұсынады, оқушылар әрқайсысы өз ойларын қағазға түсіреді.
«РАФТ» стратегиясы бойынша бай адамның атынан хат жазу ұсынылады, оқушылар ол адамның атынан хат жазады
|
Мәтін бөліктері,
Оқушыларға арналған парақшалар
|
5 мин
|
Қорытынды. «Суретті кеспелер» әдісін қолдана отырып сабақты қорытындылаймын.
|
Сурет бойынша көркем әдебиет стиліне тән сөйлемдер құрастырады
|
Суреттер
|
3 мин
|
Бағалау. Бағалау парағы(табыс критерийі) бойынша жиынтық бағалау қойылады.
|
2 мин
|
Кері байланыс: «Сабақ бойынша ойыңды білдір»
|
Сабақта білгенін және білгісі келетінін стикерге жазып жабыстырады.
|
Стикер
|