Сабақ нөмірі: № Пән атауы: Қазіргі қазақ тілі Оқытушы аты-жөні



Дата10.06.2017
өлшемі113,88 Kb.
#18458
түріСабақ
Сабақ жоспарының конспектісі


Курс:

ІІІ

Топ:




Сабақ нөмірі:



Пән атауы:

Қазіргі қазақ тілі

Оқытушы аты-жөні:




Мамандығы/

Біліктілігі:




Уақыты:




Өткізілетін орны:




Сабақтың тақырыбы:

Салалас құрмалас сөйлемнен өткенді қайталау

Сабақ мақсаты:

  • Білімділік:

Салалас құрмалас сөйлем туралы түсінік алады, жасалу жолының ерекшелігін таниды, жаттығу жұмыстары арқылы тыныс белгілерін ажырата алады.

  • Тәрбиелік:

Оқушыларға туған жерді қадірлеуге, халқын қызмет етуге, ақыл-парасаттылыққа, үлкенді сыйлап, кішіні сыйлауға, сөз қадірін терең ұғынуға тәрбиелейді.

  • Дамытушылық:

Оқушылардың қоғамға деген өзіндік көзқарастарының қалыптасуына ықпал етеді, өз ойларын еркін, нақты жеткізе білуге, тіл байлықтарын ізденуге, ой қорытуға дағдыландырады.

Сабақ түрі:

Практикалық сабақ (Брифинг сабақ)

Сабақ типі:

Білім, білік дағдыны қалыптастыру сабағы

Оқыту әдістері, тәсілдері, оқыту технологиялары:

Түсіндіру, «Суреттер сөйлейді» тренингі, мозайка әдісі, сұрақ-жауап, альтернативті тест, Эйлер дөңгелегі, талдау, жинақтау, бес саусақ тәсілі, ментальды карта,

Қолданылатын дидактикалық материалдар, техникалық құралдар:

Ноутбук, плакаттар, электронды оқулық, мектеп оқулығы, маркер, ақ парақтар, қобдиша

Қолданылатын негізгі әдебиеттер

  1. А. Байтұрсынұлы. Тіл тағлымы. Алматы, - 1992 жыл

  2. Қ. Жұбанов. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. – Алматы, 1966 жыл

  3. С. Аманжолов. Қазақ тілі синтаксисінің қысқаша курсы. – 1940, 1950, 1994 жыл



Қосымша әдебиеттер:

  1. Т. Сайрамбаев, Б. Сағындықұлы. Құрмалас сөйлемнің теоориялық негіздері. – Павлодар, 2002 жыл

  2. Р.Әмір, Ж.Әмірова. Жай сөйлем синтаксисі. - Алматы, «Санат», 1998 жыл




Сабақ барысы

Уақыты

Сабақ барысындағы оқытушы іс-әркеті

Сабақ барысындағы студенттің іс-әрекеті

Қажетті оқу-ресурстық құралдар

1

2

3

4

5

І.Оқу іс-әрекетін ұйымдастыру, мотивация

5 минут


-Оқушылармен сәлемдесу,

-түгендеу,

-оқу-құралдарын тексеру;

-бағалау парағын тарату;

-топ басшысын сайлау

Тренинг

«Суреттер сөйлейді»

Әр топ оқушылары сурет таңдау арқылы бір-біріне жылы тілектерін жеткізеді.


Студенттер оқытушымен амандасады, оқу-құралдарын шығарып, сабаққа әзірленеді.
Студенттер арасында ынтымақтастық педагогикасы орнайды.

Оқулықтар


Оқу құралдары



ІІ.Үй тапсырмасын сұрау (өткен сабақпен байланыс)

25 минут


Зерттеушілер тобы

Салалас құрмалас сөйлемнің зерттелуі, ғалымдар пікірі



Сарапшылар тобы

Салалас құрмалас сөйлемнің түрлері, жасалу жолдары, ерекшеліктері




Қолданушылар тобы

Салалас құрмалас сөйлемнің түрлеріне байланысты тапсырма дайындау



1-тапсырма

Зерттеушілер тобы салалас құрмалас сөйлемді зерттеген ғалымдар пікірі туралы слайд топтамаларын көрсетеді.



1-тапсырма

Сарапшылар тобы салалас құрмалас сөйлемнің түрлеріне ментальды карта үлгісін ұсынады.


Қолданушылар тобы салалас құрмалас сөйлемнің түрлеріне тапсырма түрлерін ұсынады.

1-тапсырма

Мозайка әдісі арқылы ереже құрастыртады.



2-тапсырма

Интерактивті тақтада бейнефильм көрсетіледі. Көрініс бойынша салалас құрмаластың түрлеріне мысалдар айтады.


3-тапсырма

Сызба бойынша салалас құрмалас сөйлемдерді құрастырады.



Интерактивті тақта

Ментальды карта

Интерактивті тақта

Оқулықтар

Қима қағаздар



ІІІ. Білім, іскерлік, дағдыларды қалыптастыруға керекті білімдер

  1. минут




ТАҚТАМЕН ЖҰМЫС

8-сынып Қазақ тілі оқулығынан берілген жаттығу жұмыстары

103-жаттығу.



Шарты: Сөйлемдердің қайсысын мезгіл мәнді, қайсысын себеп мәнді құрмалас етіп құрауға болатынын ойланып, бірінші мен екінші топтағы сөйлемдерді құрастырыңдар.

ДӘПТЕРМЕН ЖҰМЫС

105-жаттығу.



Шарты: Берілген жай сөйлемдерге ойларыңнан қарама-қарсы мәнді жай сөйле ойлап жазып, қарсылықты салалас құраңдар.
ЭЛЕКТРОНДЫ ОҚУЛЫҚПЕН ЖҰМЫС

Ыңғайлас салалас құрмаласқа байланысты тапсырма № 2

Шарты: Көп нүктенің орнына тиісті шылауларды қойып, ыңғайлас салалас сөйлемдердің тыныс белгісін қойыңдар.


Түсіндірмелі салаласқа байланысты тапсырма № 2

Қызылмен жазылған әріптерден түсіндірмелі салалас сөйлемдерді табыңдар, тыныс белгісін қойыңдар.



Талғаулы салаласқа байланысты тапсырма №1

Талғау мәнді жалғаулықтардың қайсысы талғаулы салаласты, қайсысы бірыңғай мүшелерді байланыстырып тұрғанын ажыратыңдар.



Кезектес салаласқа байланысты тапсырма №1

Шарты: Берілген сөйлемнің сыңарын табыңыз


Оқушылар жаттығу жұмысын тақтаға орындап, морфологиялық талдау жасайды.

Үлгісі: Тереңге балық уылдырық шаша алмайды, неге десең, онда уылдырық оралатын не балдыр, не шөп, не қамыс жоқ.

Оқушылар жаттығу жұмысын дәптерлеріне орындайды.



Үлгісі:

Жел саябырлаған сияқты,......

Теңіз тынышталды,................

Тау астындағы көлдің үңгірі жолдан алыс емес екен,..........

Студенттер сөйлемде қалып қойған шылауларды қойып, тыныс белгілерінің қойылу ерекшелігіне тоқталады.

Тапсырма үлгісі:

1.Жаздың жайма шуақ күнінде Шолпан әжей жолға ұзақ қарады да, көл жағасына қарай бет алды.

2.Көлдің беті толқындап тербеледі, әрі жылы жел бетті желпиді.

3.Әжей алысқа көзін тікті де, жаулығының ұшымен жасаураған жанарын сүртті.

4.Есіне ұзатылған қызық Баян түсті де, әскердегі ұлы Үсенді ойлады.
Топтық жұмыс жүргізіледі. Әр топтың жауаптары тексеріледі.

Кілт сөз: Өтірік сөз жарақат сияқты: жазылса да орны қалады.

Оқушылар сөйлемдерді екі түрлі себетке салу арқылы ажыратады.

Оқушылар кезектес салаластың екінші сыңарын табады.

Тапсырма үлгісі:

Күздігүні кейде жауын көп болады, ...

Сасқанымнан біресе әкеме қараймын, ...

Бірде адамды тұрмыс билейді, ..



Қазақ тілі. Жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған оқулық / С. Аманжолов, А. Аманжолов, Г. Қосымова – Алматы:Мектеп, 2016.




Электронды оқулық

ҚАЗАҚ ТІЛІ

8-сынып

Электронды оқулық

ҚАЗАҚ ТІЛІ

8-сынып

IV.Білімді бақылау, бағалау

5 минут

Білімді бақылау түрі альтернативті тест жұмысы арқылы жүзеге асырылады.

Оқытушы бағалау парағын топ басшысынан жинап алады.



Оқушыларға тест парақшалары таратылады.

Топ басшысы сабақ кезеңдерінде белсенділігі, сұрақтарға дұрыс жауап беруіне байланысты ұпай беріп, жинақтап оқытушыға тапсырады.



Тест парақшалары

Қаламсап

Бағалау парағы

V. Қорытынды (рефлексия)

15 минут


Оқытушы «Эйлер дөңгелегі» арқылы әр топқа салалас түрлерін бөліп береді.

Зерттеушілер тобы

Сарапшылар тобы

Қолданушылар тобы

Оқытушы «Бес саусақ тәсілі» арқылы сабақты қорытындылайды.

Бас бармақ – басты мәселе. Бүгін сабақта ең құнды мәселе қандай болды?

Балалы үйрек – бірлесу. Мен топта/жұпта қалай жұмыс жасадым? Кімге көмек бердім?

Ортан терек – ойлану. Мен бүгін қандай білім мен тәжірибе алдым?

Шылдыр шүмек – шынайылық. Сабақ маған ұнады ма? Неліктен?

Кішкентай бөбек – көңіл-күй ахуалы. Мен сабақта өзімді қалайша сезіндім?




Әр қатардың топ басшысы келіп, стикерлерді таңдайды. Таңдалған салалас құрмаластары бойынша алған білімдерін жинақтайды.

Оқушылар параққа алақандарын қойып, оны жиегімен айналдырып өтеді. Осыдан соң, олар сабақ туралы сұрақтарға жауап береді.




Плакаттар

Маркер

А4 форматындағы парақтар

VІ. Үй тапсырмасын беру

Теориялық тапсырма

5 минут


Салалас құрмаласқа байланысты ғалымдар пікірін жинақтау, картотека әзірлеу

Оқушылар үш бағытағы үй тапсырмаларын жазып алады.

Оқулықтар

Оқу құралдары

Практикалық тапсырма

8-сынып Қазақ тілі оқулығынан

№106,107-жаттығуларды жазып келу, синтаксистік талдау жасау



Шығармашылық тапсырма

Көркем әдебиеттен салалас құрмаластың түрлеріне 20 мысал жазу

Студенттердің білім көрсеткіші:













Оқытушының өзін-өзі бағалауы:

















Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет