Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі



бет1/7
Дата05.11.2016
өлшемі2,02 Mb.
#447
  1   2   3   4   5   6   7
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

МӘДЕНИЕТ, ДӘСТҮР ЖӘНЕ ӨЗІНДІК ЕРЕКШЕЛІК
Студенттік топтар кураторларына көмек ретінде
3-жинақ
2-ші басылым, өңдел. және толық.


Қарағанды 2015
ӘОЖ 168.522 (524)

ҚБЖ 71 (5 Каз) ҚК 90

М 35
ҚР ҰҒА академигі А.М. Ғазалиевтың редакциясымен

Құрастырушы-авторлар: Т.И. Сүлейменов, К.З. Сарекенов, Л.Г. Матвеенкова, А.К. Мубаракова, А.Е. Даниярова, М.Ж. Сулейменова, Қ.С. Қалыбекова, Қ.Ж. Шәбденова, С.А. Кенжеғалиев, Н.А. Смағұлова, Г.С. Байпелова,

М.М. Хасен, Г.М. Әбілқасов, Ш.А. Жетпісбай, С.Б. Иманбаева, Э.К. Түсіпбекова, Н.М. Әубәкіров, К.К. Нұржанова, М.Т. Оспанғалиева.

М 35 Мәдениет, дәстүр және өзіндік ерекшелік. Студенттік топтар кураторларына көмек ретінде. 3-жинақ / ҚР ҰҒА академигі А.М. Ғазалиевтың редакциясымен. – 2-ші басылым, өңдел. және толық. – Қарағанды: Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің баспасы, 2015. – 97 б.

Жинақ мәдениеттің, дәстүрдің және өзіндік ерекшеліктің негізгі кезеңдері туралы айтатын мақалаларды қамтиды.

Жинақ материалдары кураторларға «Жаңа Қазақстандық Патриотизмді Қалыптастыру» Патриоттық тәрбие беру тұжырымдамасын іске асыру аясында куратор сағаттарын және басқа да шараларды дайындау үшін ұсынылады.

ӘОЖ 168.522 (524)

ҚБЖ 71 (5 Каз)

© Қарағанды мемлекеттік

техникалық университеті, 2015

Кіріспе
Қазіргі қоғамдағы ұлттық және мемлекеттік сана-сезімнің интеграциялық компоненті тарихи-мәдени мұра болып табылады. Халықтың тарихи естеліктерін сақтай және қайта жаңғырта отырып, оның жалпы адамзаттық мәдениетте болуын қамтамасыз етеміз. Елбасы

Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан-2050: Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауында патриоттық тәрбие беру саясатын іске асыру бағытын анықтай отырып, негізгі факторлар ретінде мәдениетті, тіл саясатын, ұлттық интеллигенция ролі мен дін ролін атап өтті. Сондай-ақ, ол Қазақстанның бірегей ел екендігін, біздің қоғамымызда әртүрлі мәдени элементтер бірігіп, бір-бірін өзара толықтырып тұратындығын да айтып кетті.

Дәстүр мен мәдениет – бұл ұлттың генетикалық коды болып табылады. Қазақстан мен еліміздің аумағында тұрып жатқан басқа ұлт өкілдері патша өкіметінің, революциялық өзгеріс пен тоталитаризмнің барлық ауыртпалықтары мен азаптарына қарамастан, өздерінің мәдени ерекшеліктерін сақтап қала алды. Және де тәуелсіздік жылдары жаһандану мен батыстануға қарамастан біздің мәдени іргетасымыз айтарлықтай нығайды.

Әрине, жаһанданудың қоғамның дамуының қалыпты процесі ретінде терісімен қатар, оң жақтары да болады. Дегенмен оның салдарынан рухани салада тек жеке тұлғалардың ғана емес, сондай-ақ, бүкіл халық даралығының көмескіленуі орын алады. Бұқаралық ақпараттың электрондық құралдары, бір жағынан, кез-келген ақпараттық қол жетімді етеді, ал екінші жағынан, өмір салтының, құндылықтар жүйесінің жаһандық бір үлгіге түсуіне алып келетін жаңа бұқаралық стереотиптерді бекітеді.

Бізге ұлттық мәдениет пен дәстүрлерімізді сақтап, мәдени игілігіміздің түйірлерін жинақтау қажет.

Бұл жинақта Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің оқытушылары әзірлеген Қазақстанның ерте заманнан қазіргі заманға дейінгі тарихи-мәдени дамудың негізгі кезеңдерін, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының қазіргі кездегі жаһандану мәтініндегі мәдени саясатының негізгі бағыттарын сипаттайтын материалдар ұсынылған. Олар кураторларға «Мәдениет, дәстүр және өзіндік ерекшелік» тақырыбы бойынша кураторлық сағаттарды дайындау және өткізу кезінде ақпараттық көмек көрсетеді.


М.А. Әзілханов,

Қазақстан Республикасының

Дін істері жөніндегі

агенттігінің төрағасы




КЕЛІСІМ – БІЗДІҢ ДАМУЫМЫЗДЫҢ НЕГІЗІ
Көп ғасырлық тарихи кезең ішінде қалыптасқан діни және мәдени әр алуандығымен ерекшеленетін Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігімен бар әлемге әртүрлі конфессиялар мен ұлт өкілдерінің татулықта қатар өмір сүріп жатқандығын 22 жыл бойы көрсетіп келеді.

Қазақстандағы бейбітшілік, мәдениет пен діннің диалогы әлемдік эталон ретінде мойындалған. Қазақстан халқының конфессияаралық келісімінің формуласын барлық алдыңғы қатарлы адамзат таныған, ал модельдің өзі көптеген шет мемлекеттер үшін үлгі, әлемдік деңгейдегі сарапшылар, ғалымдар мен саясаткер үшін ғылыми зерттеу объектісіне айналды.

Қазақстандық табыс феномені Отанымыздың және халқымыздың ерекшеліктерімен, ал конфессия аралық келісімнің дамуы Ұлы Еуразияның орта бөлігінде әртүрлі типтегі өркениеттің көп ғасырлық өзара сіңісу процестерімен тікелей байланысты.

Өз кезегінде мемлекет құраушы ұлт өкілдеріне тән дәстүрлік төзімділік, басқа мәдениет және конфессия өкілдеріне тілектестік қарым-қатынасы және сыйластығы жаңа мыңжылдықта жас зайырлы мемлекеттің жасампаздығы мен өркендеуі үшін берік және сенімді іргетасына сеп болды.

Өткен жылдар ішінде өзара түсіністік, төзімділік және келісім негізінде халық бірлігінің мызғымас негізі қалыптасты. Нақ осы рухани біріктіргіш көп жағдайда Қазақстан қалыптасуының негізі болды.

Бұл жетістіктердің ауқымы мен тереңдігі туралы шынайы түсінік ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының XVII сессиясындағы «Қазақстан жолы ұлттық табыстың үлгілік моделі болды. Бұл барлық қазақстандықтардың еңбексүйгіштігі мен ауызбірлігінің нәтижесі, бұл нағыз пассионарлық жарылыс, бұл тек мықты халыққа тән зор қабілет» сөздерімен расталады. Бұл, әсіресе, жаһандану процесі, халықаралық құқық негіздерінің босаңсуы мен болашақ әлемді құрудың әртүрлі түбегейлі тұжырымдамаларының пайда болуы аясында өзекті.

Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХ мерейтойлық сессиясында , 2013 жылдың сәуір айында ұлтымыздың Көшбасшысы былай деді: «Біз осындай халыққа айналдық және осы биіктікте қалуға тиіспіз! Қазақстан – бұл біртұтас жер, біртұтас халық, біртұтас болашақ… Алдымызда үлкен жоспарлар тұр. Оларды жүзеге асыру жаһандық құбылулардың күрделі жағдайларында жүретін болады. Оған бүгіннен бастап дайын болып, халық бірлігін бүкіл күш-жігермен бекемдеу қажет».

«Қазақстан-2050» стратегиялық бағдарламалық құжатты қабылдаған күннен бастап бір жыл өтті, онда біздің еліміздің әлемнің 30 озық мемлекеттер қатарына қосылудың мақсаты мен міндеттері көрсетілген.

Соңғы кезде біз заманауи жаһанданушы әлемде көптеген бөлу сызықтарының пайда болуына куә болдық: аймақтық және конфессиялық, әлеуметтік және мәдени, тілдік және этникалық, бұлар мемлекет, қоғам ішіндегі жаңа шиеленіс бастамаларында көрініс тапты. Қазақстан халқы Стратегияны жүзеге асыруға кіріскен қиын жағдайда, біз, еуразиялықты зерттеуші Лев Гумилевтің көзқарасынан: «этникалық көп түрлілік – адамзаттың оңтайлы өмір сүру формасы», қазақстандық қоғам көп түрлілігін оның пайдасына асыруымыз керек.

Ұлтымыздың Көшбасшысы, Қазақстанның болашағын қалыптастыра отырып, мемлекеттің, қоғамның және діннің тиімді өзара әрекеттесі моделін табу қажеттілігіне баса назар аударды: «азаматтарды ар-ождан бостандығымен қамтамасыз ете отырып, мемлекет, дегенмен қоғамға өз бетімен біздің дәстүрімібен заңдарымызға қайшы келетін әлдебір қоғамдық нормаларды тықпалайтын әрекеттерге өте қатаң қарсы тұратын болады». Сондықтан мемлекеттік органдар мен қазақстандық қоғам алдында этника аралық және конфессия аралық келісім негізінде зайырлы, толерантты қоғамды әрі қарай құру сияқты маңызды және жауапты міндеттер тұр.

Мемлекет басшысының мазмұны мен ой пішіні бойынша жарқын мына сөздері: «…бізде зайырлы қоғам дәстүрі бар екендігін және Қазақстанның зайырлы мемлекет екендігін ұмытпағанымыз жөн» «зайырлылық» санатын түсінікті етеді.

Қазақстандық қоғам дамуындағы саяси, мәдени және рухани-адамгершілік басымдықтары мен құндылық бағыттарын анықтайтын бұл принциптердің ҚР Конституциясының 1-бабына негіз болғандығы белгілі. Негізге алынатын бұл құжаттың бөлімдерінде адамның өз діни ұстанымына сәйкес өмір сүру еркіндігі мен құқығы туралы ережелер бар.



Зайырлы Қазақстан «Діни қызмет және діни бірлестіктер» ұлттық Заңындағы ар еркіндігі, діни бірлестіктерді мемлекеттен бөлу, мемлекеттік немесе жалпыға міндетті діннің жоқтығы, діни бірлестіктердің заң алдындағы теңдігі, мемлекет пен діни бірлестіктердің әлеуметтік маңызы бар мәселелерді шешудегі өзара әрекеті сияқты нормалардан шығатын өзінің сапалық белгілерімен сипатталады.

Тәуелсіздің жылдары рухани дәстүрлер мен діни құндылықтар қайта өркендеді, жаңа діни ғимараттар салынып, ескілері қайта жаңғыртылды: мешіттер, шіркеулер, ғибадатханалар, синагогалар. Құрбан айт және Рождество Христово сияқты діни мейрамдар Қазақстанда демалыс күндері болып жарияланды.

Қазақстан халқына ортақ тарихи өткені мен Қазақстан этностарының этномәдени дәстүрлері діни дәстүрлердің сипаты мен ерекшеліктеріне шешуші әсерін тигізді. Зерттеушілер атап айтқандай, бір-біріне деген өзара ұмтылыс оның басты ерекшелігі болып табылады.

Бұл процестердің мемлекеттегі саясаттың заңды әрі логикалық нәтижесіне айналғандығы даусыз. Ол мемлекет пен оның институттарының зайырлы, конфессиялық бейтарап сипаты, адам мен азаматтың дінге қатыссыз құқығы мен еркіндігінің теңдігі, діни немесе зайырлы бірлестіктерге қатысы, этномәдени құндылықтарды құрметтеу, қазақстандық тұрғындар топтарының менталитет ерекшеліктері сияқты іргелі принциптерге негізделеді.

Бүгінгі таңда Қазақстанда жасалған мемлекет пен діни бірлестіктер арасындағы өзара қарым-қатынас моделі діндарлардың құқығы мен еркіндігін демократиялық құрметтеу принциптеріне, қоғамдық және діни мүдделер балансына, серіктестік пен өзара түсіністікке ұмтылу қатынастарына негізделген. Бұл Мемлекет басшысының мақсатты саясатының маңызды нәтижесі екендігі даусыз.

Республикадағы әрекетті мемлекет саясатының, конфессия көшбасшыларының жауапкершілігінің арқасында этника аралық жанжалдар мен діни қарсылықтарға орын жоқ. Сондықтан діни бірлестіктер – бұл зайырлы Қазақстанның әлеуметтік құрылымының ажырамас бөлігі, азаматтық қоғамдағы маңызды институттардың бірі. Сондықтан бүгінгі таңда өзара түсіністік, толеранттылық пен ынтымақтастық, конфессия аралық кедергілерді жеңе білу және көп мәдени әлем үндеулеріне қарсы тұра алу зор мәнге ие болып отыр.

Нәтижесінде мемлекет діндарлар мен діни бірлестіктерді олардың қоғамға қызмет етуі мен адамдарға әлеуметтік пайдалы қызмет көрсетуінде қолдайды және ынталандырады. Әлеуметтік мәселелерді шешуде, дәлірек айтқанда, алкоголизммен және нашақорлықпен күресуде, қылмыскерліктен сақтауда, салауатты өмір салтын қалыптастыруда, жанұяны нығайту мен қоғамдағы рухани және адамгершілік орта орнатуда ынтымақтастық көзделеді.

Мемлекет діни бірлестіктерге мәдени және тарихи маңызы бар діни ғимараттар мен нышандарды қалпына келтіруге, жөндеуге көмектеседі. Ал діни бірлестіктер өз кезегінде тұрмысы төмендерге, науқастарға, мүгедектерге, зейнеткерлер мен балалар үйлеріне қамқорлық жәрдем көрсетеді.

Сонымен бірге мемлекетті жаһандандыру процестерін күшейту діни экстремизммен және терроризммен күресуде күрделі шаралар қабылдайды. Бұл жұмыста діни бірлестіктерге де міндет жүктеледі.

Қазақстан Президенті атап өткендей, Конституцияны, заңнаманы сақтау және ел бірлігін нығайту мәселесі туындаған жағдайда ешқандай бөлінулер болмау керек. Сондықтан мемлекет республикадағы барлық конфессиялардың қызмет етуіне арналған құқықтық кеңістікті дамытуды жалғастыруда және өзі де діни бірлестіктермен әрекет етудің заңды түрде рәсімделген нормаларын ұстанады. Мемлекеттің зайырлы сипаты діни саладағы дәл осындай саясатты қолдайды.

Осы мәселелерді жүзеге асыру кезінде екі онжылдық мерзімде біздің мемлекетіміз үшін сенімді тірек болған іргелі идеяларға сүйену керек: бірлік, келісім және өркендеу – біздің басты құндылықтарымыз; Қазақстан – толерантты қоғамы бар зайырлы мемлекет; патриотизм, ұлттық дәстүр мен мәдениет – ұлтымыздың рухани негізі.

Рухани-діни құндылықтар, қоғамдағы толеранттылық пен әр түрлі конфессиялар адамдарының арасында өзара құрмет қамтамасыз ете отырып, Қазақстан дамуының мақсаттарына қол жеткізу негізін құрау керек.


«Казахстанская правда», 2013, 28 желтоқсан



Каталог: wp-content -> uploads -> 2016
2016 -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры, ел қамқоры, халқымыздың біртуар перзенті
2016 -> Сабақтың тақырыбы Үш бақытым. Мұқағали Мақатаев Туған тілім. Дихан Әбілов Жалпы мақсаты
2016 -> «Алаштану негіздері» таңдау курсы Түсінік хат «Алаштану негіздері»
2016 -> Сабақтың атауы Н.Әлімқұлов Қоңырау Мақсаты
2016 -> Силлабус Пән: Педагогика тарихы Курс: 4 Мамандық: 5В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» Кредит саны: 2 Экзамен: 7 семестр Семей-2015 «Педагогика тарихы»
2016 -> Сабақтың атауы Бейнелеу өнерінің түрлері Сілтеме Сабақтың жабдығы
2016 -> Сабақтың тақырыбы: Менің Отаным Қазақстан
2016 -> Сабақтың тақырыбы: Абайдың өмірі


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет