Әліппе
Күні:
Сабақтың тақырыбы:Менің Отаным Қазақстан
Сабақтың мақсаты:Әліппе оқулығының авторларымен таныстыра отырып, нені оқып, білетініміз жайлы мағлұмат беру. Елбасы, еліміздің рәміздері туралы түсінік беру.
Н. Ә.Назарбаев сөзімен таныстыру.Мектеп ішінде жүріп –тұру ережесін үйренуге баулу.
Сабақтың көрнекілігі: Елбасы-Нұрсұлтан Назарбаевтың суреті.Мемлекеттік рәміздер.
Сабақтың әдісі: Сұрақ –жауап, әңгімелеу.
Сабақтың мазмұны:
І .Ұйымдастыру: Оқушыларды партада отыруға, мектеп тәртібіне үйрету.
ІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.
ІІІ. Жаңа сабақ:
Оқушы білімін тиянақтау.-ҚР-ның президенті кім?-Қазақстан Республикасының астанасы қай қала?-ҚР-ның рәміздерін ата.
ІҮ. Жаңа сабақтан түсінгенін тексеру кезеңі:-Назарбаев кім?-Көрсете отырып, шартты белгілерді атату.
Міне, балалар,біз сендермен бүгінгі сабақта білім күні туралы мағлұмат алдық. шартты белгілермен таныстық.. Әліппе кітабымыздан нені үйренетінімізді білдік.
1.Әліппе кітабы туралы мағлұмат бару.2. ҚР-ның президентінің сөзімен таныстыру Айналайын!
Қолыңдағы әсем кітап «Әліппең»-аяулы ана тіліңнің мөлдір бастауы, білім шыңына жол ашар ақылшың. Білім есігін ашқан алғашқы қадамың құтты болсын!Еңбегіңмен алған білімің өзің үшін де, елің үшін де таусылмас асыл қазына болмақ.Елін, жерін сүйетін, жаны ізгі жақсы азамат болып өсетініңе сенемін.
Қазақстан Республикасының президенті: Н. Назарбаев.
Қорытындылау: Балалар, біз бүгінгі сабағымызда не жайында білдік? ҚР-ның рәміздерін атап көрейік.Әнұранның сөзімен таныстыру. Әнімен айтып беру.
2. Сабақтың тақырыбы: Мектеп
Сабақтың мақсаты :Білім күні. Айналамен таныстыру.Ынтымақ, достыққа, үлкенді сыйлауға еңбек ете білуге өз отбасына, туған жеріне құрмет көрсетуге баулу.
Танымдылық қабілетін арттыру,түсінігін баяндай білуге,ойланып тиянақты жауап беруге баулу.
Сабақтың көрнекілігі: мектеп, сынып туралы суретттер.
Сабақтың әдісі: Сұрақ –жауап, әңгімелеу.
Сабақтың мазмұны:
І .Ұйымдастыру: Оқушыларды партада отыруға, мектеп тәртібіне үйрету.
ІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.
ІІІ. Жаңа сабақ: 1. «Білім күні» мұғалімнің кіріспе әңгімесі.
Оқушы білімін тиянақтау.-ҚР-ның президенті кім?-Қазақстан Республикасының астанасы қай қала?-ҚР-ның рәміздерін ата.
Әліппедегі шартты белгілермен таныстыру:дыбыс,дауысты дыбыс,дауыссыз дыбыс,
сөз,сөздің буынға бөлінуі,сөйлем
ІҮ. Жаңа сабақтан түсінгенін тексеру кезеңі:-Назарбаев кім?-Көрсете отырып, шартты белгілерді атату.
Ү Бекіту кезеңі: Міне, балалар,біз сендермен бүгінгі сабақта білім күні туралы мағлұмат алдық. шартты белгілермен таныстық.. Әліппе кітабымыздан нені үйренетінімізді білдік.
Күні:
Сабақтың тақырыбы: Оқу құралдары
Сабақтың мақсаты: Оқу құралдарымен таныстыру.Жыртпай таза ұстауға, яғни ұқыптылыққа баулу.Танымдылық қабілетін арттыру.
Сабақтың көрнекілігі: Оқу құралдары
Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру, әңгімелеу.
Сабақтың мазмұны:
І .Ұйымдастыру: Түгендеу, партаға дұрыс отыру. Сабаққа назарын аудару.
ІІ. Мақсат қою: Тақырыбын, мақсатын хабарлау.
ІІІ. Жаңа білімді меңгерту:
а) Оқу құралдарымен таныстыру.1. дәптер, қалам 2. Сызғыш, өшіргіш 3. Пенал портфель 4. Бояу ә) Оқу құралдарды қалай пайдаланамыз? б) Кезекші не істейді?
Сергіту сәті
ІҮ. Жаңа білімді түсінгенін тексеру.-Балалар, кәне кім оқу құралдарын атап береді? -Дәптер не үшін керек? -Қандай дәптердің түрлерімен таныстық?-Пенал деген не?
-Оқу құралдарын неге салып тасимыз? -Бояумен не істейміз?
Ү. Білімді бекіту:Біз оқу құралдарына құрметтей қарауымыз керек екен.
Біл олардың көмегі арқылы білім аламыз. Оқулықтарды жыртуға, құртуға болмайды.
Оқушы туралы өлең жаттау.
Күннің нұры шуақты,
Сергітеді денемді.
Құрдастарым сияқты,
Оқушымын мен енді.
ҮІ .Сабақты қорытындылау: Оқу құралдары сенің көмекшің. Сондықтан оқулығыңды ұқыпты ұста.
4.Сабақтың тақырыбы: Мектептің спорт алаңы.
Сабақтың мақсаты: 1. Спорт түрлерімен таныстыру. Спорт зал,спорт ойын өткізу тәртібімен таныстыру. 2. Салауаттылыққа баулу.3. Спорт оындарына қызығушылығын арттыру.
Сабақтың көрнекілігі: Доп, хоккей ойынына қажетті заттар.
Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру, әңгімелеу.
Сабақтың мазмұны:
І. Ұйымдастыру: Түгендеу, партаға дұрыс отыру. Сабаққа назарын аудару.
ІІ. Мақсат қою: Тақырыбын, мақсатын хабарлау.
ІІІ. Жаңа білімді меңгерту:а) Спорттың қандай түрлерін білесіңдер?
ә) Серуенге алып шығу.(мектебімізде спорт алаңы, спорт залы)
Сергіту сәті: б) Денені шынықтыру денсаулыққа пайдалы екеніне тоқталу.
Ерте тұрып ертеңгілік жаттығу жасау керек екенін айтып, дағдыға айналдыру.
в) Өткен олимпияда жайында мағлұмат беру.
ІҮ. Жаңа білімді түсінгенін тексеру. Біз қандай спорт түрлерін білеміз?
Олар қандай жерлерде өтеді? Спортпен шұғылданған адамның денсаулығы қандай болады?
Ү. Білімді бекіту: Балалар, бүгін біз сендермен спорт жайында танысып, білдік. Бұдан былай денсаулығымыз күшті болу үшін спорттың әр түрімен айналысуымыз керек.
ҮІ.Сабақты қорытындылау: Спорт алаңында өткізілетін қандай спорт ойындарын білесіңдер?
5. Сабақтың тақырыбы: Күн режимі.
Сабақтың мақсаты 1. Күн режимі. Тамақтану мерзімі туралы түсінік беру.
2. Салауаттыққа тәрбиелеу, адамгершілік қасиетті бойына сіңіру. 3. Сана сезімін ояту,ой-өрісін дамыту.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер.
Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру, әңгімелеу.
Сабақтың мазмұны.
І. Ұйымдастыру: Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ІІ .Өткенді еске түсіру.Уақыт, мезгіл туралы.
ІІІ .Жаңа сабақ:а) 12-беттегі сурет бойынша әңгіме.ә) 13 бет. Қыз баланың бір күнгі іс-әрекеті туралы айтып беремін.б) Жеке бас гигиенасына қажетті заттарды атату.
Жеке бас гигиенасына қажетті заттарды дұрыс пайдалануға үйрету.Таза ауаның денсаулыққа пайдасы туралы түсінік беру.в) Оқушыларды мектеп асханасымен таныстыру. Дастархан басында өзін-өзі ұстау. Мәдениетті, тазалықты сақтау.Тағамдардың құндылығы .оны талғаммен пайдалану туралы түсінік беремін.
Сергіту сәті.
Бір, екі үш Бір,екі үш
Бұлшық етте күш.
Мен ұшамын кептерше
Еңкейемін жерге қолым жеткенше.
д) Әдептілік және әдемілік кітапшасынан «Дастархан басында»әңгімесін оқып беру.е) Дәптермен жұмыс: Қоңырау, алмұрт, алма сөзіне сөйлем құрату. Сыртын қоршап сызу.
Сабақты қорытындылау: Біз бүгін сендермен нені білдік?
6.Сабақтың тақырыбы: Менің бос уақытым.
Сабақтың мақсаты: 1. Бос уақыт туралы түсіндіру. 2 Еңбекке баулу
3 Оқуға деген ынта жігерін арттыру, еңбекке деген қызығушулығын ояту.
Сабақтың көрнекілігі: Суреттер.
Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру, әңгімелеу.
Сабақтың мазмұны:
І. Ұйымдастыру: Түгендеу, партаға дұрыс отыру. Сабаққа назарын аудару.
ІІ. Өткенді еске түсіру.-Сендер мектепке қай уақытта келесіңдер?-Сабақ қашан бітеді?
-Таңертең, түс, кеш сөздері арқылы біз нені білеміз?
ІІІ. Мақсат қою: Тақырыбын, мақсатын хабарлау.
ІҮ. Жаңа білімді меңгерту: -Енді бүгін боса уақатымыз жайлы әгімелесіп көрейік.Сендер бос уақыттарыңда не істейсіндер?
Ү Оқулықпен жұмыс: (сурет бойынша әңгіме.)-Балаларға ат қойғызу.-Айнұр, Асхат-Айнұр мен Асхат бос уақытында не істеді?- Әсем мен Айша не істеді?-Ернат ше?-Айбек бос уақытында немен айналысады екен?
ҮІ. Жаңа білімді түсінгенін тексеру.
Балалар, бүгін біз бос уақытымызды қалай өткізетінімізді айтып көрейікші.
Өздерің бос уақыттарың жайлы айтып беріңдер?
ҮІ І.Сабақты қорытындылау: Бүгінгі сабақта нені білдік?
7. Сабақтың тақырыбы: Көшеде жүру тәртібі:
Сабақтың мақсаты: 1. Көшеде жүру тәртібі, жолда жүру, қөлік аттарымен
таныстыру. 2. Адамгаршілік тәрбие беру. 3. Қоғамдық көлікте өзін-өзі ұстай білуге үйрету.
Сабақтың көрнекілігі: Суреттер.
Оқыту әдісі: Әңгімелеу, сұрақ-жауап.
Сабақтың мазмұны.
І. Ұйымдастыру.1. Оқушыларды түгендеу 2. Зейінін сабаққа аудару.
ІІ. Өткен сабақты еске түсіру:
-Бос уақытты қалай өткіземіз? (әңгімелеу)
ІІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.
ІҮ. Жаңа сабақ:а) Үйден мектепке келу жолын әңгімелеп, қанша жол қиылысынан өтетінін айту.ә) Бағдаршаммен таныстыру.б) Көшеден өткенде арнайы жолақшамен сызылған жерінен өту керектігін айту.в) Жер асты жолы метромен таныстыру.Сергіту сәтін өткізуг) Сөздерді буынға бөлу.
Ме-тро сөзін буынға бөлу. Ме-2 дыбыс бар. М+е тро-3 дыбыс бар т+р+о
Дауысты дыбыстар: е,о.Дауыссыз дыбыстар:м,т,р.
Сөзде неше дауысты дыбыс болса., сонша буын болады.Ва-гон (талдау)д)
Көліктермен таныстыру.1 Ұшақ, тікұшақ- әуе жолы көлігі.2 Кеме, қайық су көліктері.
3 Машина, автобус, трамвай, троллейбус жеңіл машиналар жерде жүретін көліктер.
Ү. Жаңа білімді бекіту:-Бағдаршамның неше көзі бар?-Қызыл көзі нені білдіреді?-Сары және жасыл көзі нені білдіреді?
ҮІ Сабақты қорытындылау: Міне,балалар біз сендермен жол ережесімен таныстық.
Күні:
Сабақтың тақырыбыАңдар. Үй жануарлары.
Сабақтың мақсаты:1. Аңдар, үй жануарлары туралы түсінік беру 2. Экологиялық тәрбие беру.3. Олардың пайдасы мекен орнымен таныстыру.
Сабақтың көрнекілігі: Суреттер.
Оқыту әдісі: Әңгімелеу, сұрақ-жауап.
Сабақтың мазмұны.
І. Ұйымдастыру. 1. Оқушыларды түгендеу 2. Зейінін сабаққа аудару.
ІІ. Өткен сабақты еске түсіру
ІІІ .Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.
ІҮ. Жаңа сабақ:а) Жануарлар туралы түсінік беру.ә) Жануарлар екіге бөлінеді.
1. Үй жануарлары. 2. Жабайы жануарлар.
ә) Жабайы жануарларды көрнекілік көмегімен атау.б) Аң: жираф,арыстан , жолбарыс, сөзін бынға бөлу.
Ү. Жаңа білімді бекіту:-Жабайы жануарлар туралы не білесіңдер?-Үй жануарлары неге үй жануарлары деп аталады?в) Бір-бір жануарларды ата, сол сөзді буынға бөл.А-рыс-тан, түл-кі, қас-қыр, жол-ба-рыс г) Бұл сөздерде неше дауысты дыбыс бар?
Үй жануарлары туралы түсінік беру.ә) Үй жануарларының атын атап, дауысты дыбыстарды анықтау.
Үй жануарларының пайдасы.-Үй жануарлары деп аталу себебі не? б) Дыбыстық талдау жасау: Мына сөздерде қанша дыбыс бар? Жылқы, Түйе. Сиыр.Қой. Ешкі. д) Дәптермен жұмыс
Сөзде неше дауысты дыбыс болса, сонша буын болады.Сергіту сәтін өткізу.
д) Дәптермен жұмыс
ҮІ. Сабақты қорытындылау: Бүгін біз сендермен жабайы жануарлармен үй жануарлары туралы білдік
9. Сабақтың тақырыбы: Құстар .
Сабақтың мақсаты: 1. Құстар туралы түсінік беру. 2. Экологиялық тәрбие беру.
3. Олардың пайдасы мекен орнымен таныстыру.
Сабақтың көрнекілігі: Суреттер.
Оқыту әдісі: Әңгімелеу, сұрақ-жауап.
Сабақтың мазмұны.
І .Ұйымдастыру.1. Оқушыларды түгендеу 2. Зейінін сабаққа аудару.
ІІ. Өткен сабақты еске түсіру: -Жануарлардың қандай түрлерін білесіңдер?-Жабайы жануарларды атаңдар?-Үй құстары деп қандай құстарды айтамыз? Атаңдар.
ІІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.
ІҮ. Жаңа сабақ:а) Құстар туралы түсінік беру.ә) Құстар екіге бөлінеді:1. Үй құстары.2. Жабайы құстар.б) Үй құстарын көрнекілік көмегімен атау.
Ү. Жаңа білімді бекіту: -Қандай үй құстарын білесіңдер?-Қандай құстар жабайы құстар деп аталады? б) Үй құстарына дыбыстық талдау жасау: Мына сөздерде қанша дыбыс бар?
Қаз,әтеш,тауық,үйрек, балапан,үндік. в) Бір құсты ата, сол сөзді буынға бөл.
Сөзде неше дауысты дыбыс болса., сонша буын болады.Сергіту сәтін өткізу.
д) Дәптермен жұмыс
ҮІ .Сабақты қорытындылау:Бүгін біз сендермен құстар,үй құстары туралы білдік.
Жұмбақ шешу.
10. Сабақтың тақырыбы: Үй жануарлары. Дыбыстық талдау.
Сабақтың мақсаты: 1. Үй жануарларын таныстыра отырып, түсіндіру.2. Еңбек етуге баулу.3. Малдың қасиеттері, пайдасы, оларды күту,туралы түсініктерін кеңейте түсу. Үй жануарларын танып білу.
Сабақтың көрнекілігі: Суреттер.
Оқыту әдісі: Әңгімелеу, сұрақ-жауап.
Сабақтың мазмұны.
І .Ұйымдастыру. 1. Оқушыларды түгендеу 2. Зейінін сабаққа аудару.
ІІ.Өткен сабақты еске түсіру: -Жануарлардың қандай түрлерін білесіңдер?-Жабайы жануарларды атаңдар?- Үй жануарлары деп қандай жануарларды айтамыз? Атаңдар.-Үй құстарын ата.
ІІІ .Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.
ІҮ. Жаңа сабақ:а) Үй жануарлары туралы түсінік беру.ә) Үй жануарларының атын атап, дауысты дыбыстарды анықтау.Сергіту сәті.. « Төлдер»
Ү. Жаңа білімді бекіту:-Үй жануарларының пайдасы.-Үй жануарлары деп аталу себебі не? б) Дыбыстық талдау жасау: Мына сөздерде қанша дыбыс бар? Жылқы, Түйе. Сиыр.Қой. Ешкі. д) Дәптермен жұмыс
ҮІ .Сабақты қорытындылау:Бүгін біз сендермен құстар,үй құстары туралы білдік.
Дидактикалық ойын: «Таптым, таптым.»М...с...қ, ...т. б...т... , қ...з... , қ...л...н, л..қ, б...з...у.
Күні: 13.09.2014ж
Сабақтың тақырыбы:Көкөністер.Жеміс-жидектер.
Сабақтың мақсаты: 1. Көкөніс,жеміс-жидектермен таныстыра отырып, қайда өсетіндігі, пайдасы туралы түсіндіру. 2. Тазалыққа үйрету , салауаттылыққа баулу
3. Дәрумендер осы жемісте екенін жете білу.
Сабақтың көрнекілігі: Суреттер.
Оқыту әдісі: Әңгімелеу, сұрақ-жауап.
Сабақтың мазмұны.
І .Ұйымдастыру.1. Оқушыларды түгендеу 2.Зейінін сабаққа аудару.
ІІ .Өткен сабақты еске түсіру: -күз дақылдарының қандай түрлерін білесіңдер-күз дақылдарының пайдасы қандай?
ІІІ .Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.
ІҮ. Жаңа сабақ:а) Көкөніс, жеміс-жидек туралы түсінік беру.ә) Жемістер туралы оқушылардың білетінін анықтау.-Жемістер қайда өседі?-Сендер жемістерді білесіңдер ме?
-Алма, алмұрт, шие, жүзім, қарақат,алхоры т.б.
Ү. Жаңа білімді бекіту:-Балалар, қане кім әңгімелеп береді?-Сендердің бақта қандай жемістер өседі?-Жемістерді қысқа қалай сақтайды?-Одан біз қандай пайдалы жағын қажетімізге жаратамыз?-Көкөністер қайда өседі?-Көкөністерді ата?д) Дәптермен жұмыс
ҮІ. Сабақты қорытындылау:Бүгін біз сендермен көкөністер, жеміс-жидектер туралы білдік?
Дидактикалық ойын: «Таптым, таптым.» ..лм..., ...р...к,
Ана тілі
1. Сабақтың тақырыбы: Тіл және сөйлеу.Ананың тілі-аяулы үні
Сабақтың мақсаты: а) Сөйлеу мәдениетіндегі тіл қызметі ана тілінің құдіреттілігі туралы түсінік беру. ә) Оқушылардың ана тілінде сөздік қорын қалыптастырып, логикалық ойлау қабілетін дамыту б) Ана тілін құрметтеуге, оны шұбарламай таза сөйлеуге тәрбиелеу . Оқушылардың патриотттық сезімін қалыптастыру
Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгерту сабағы
Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар: плакаттағы сурет, ана тілі туралы нақыл сөздер, автордың портреті, автордың өмірбаяны
Сабақта пайдаланатын әдіс-тәсілдер; сұрақ-жауап, әңгіме, магнитофон немесе баян
Пәнаралық байланыс: музыка
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі Оқушылармен амандасу.Сыныптың сабаққа дайындығы.Оқушыларды түгендеу.Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру, олардың назарын сабаққа аудару.
II.Мақсат қою кезеңі -Балалар , біз сендермен 1 кезең «Әліппе кезеңін» аяқтап бүгін сендермен 2-кезең «Ана тілі кезеңімен» таныс боламыз.
III. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі -Бүгінгі өтетін жаңа тарау «Тіл және сөйлеу». -Балалар, сөйлеу не үшін қажет?Сөйлеуде тіл қандай қызмет атқарады?
Бүгінгі өтетін тарау бастамасы С.Торайғыровтың «Сүйемін туған тілді анам тілін » өлеңімен басталады.Өлеңді мен сендерге мәнерлеп оқып берейін, содан кейін талдаймыз.
Сүйемін туған тілді-анам тілін, Бесікте жатқанымда-ақ берген білім
Шыр етіп жерге түскен минутымнан, Құлағыма сіңірген таныс үнім
Оқушылардың өздеріне тізбектей оқытамын
Анамның тілі-аяулы үні Ш.Смаханұлы, өлеңді оқи отырып әнімен айтқызу.Өлең арқылы ақын не айтқысы келді? Сергіту сәті.
IV.Жаңа материалдар бойынша түсінгендерін зерттеу кезеңі -Балалар , өлеңде не туралы айтылған? Сөз неден құралады? Сөйлеу қалай жүзеге асырылады? -Дұрыс .Сөйлеу тіл арқылы жүзеге асырылады.Ал енді мына суретке мән берейік.суретте не көріп тұрмыз? -Кім маған сурет бойынша шағын әңгіме құрап береді?
V.Бекіту кезеңі -Балалар, біз сендермен қандай жаңа тарау бастадық? Өлең не туралы айтылады?-Сөйлеу не үшін керек? -Өзің айтқың келген пікіріңді, тілегіңді өзгелерге қалай білдіресің?
VI. Үйге тапсырма .Бағалау.өлеңді жаттап келу, бағалау жауаптарына қарай, сабаққа қатысқандарына қарай бағалаймын
Ана тілі
2. Сабақтың тақырыбы: Сөйлем. Сөз. Қыс
Сабақтың мақсаты: а) Сөйлеммен сөздің арасындағы байланысты түсіндіру.Қыс өлеңі туралы түсініктерін қалыптасты ә) Оқушылардың сабақ барысында есте сақтауын алыптастырып, сөздік қорын дамыту б) Сөйлем мен сөздің арасындағы ерекшелікті айыра білуге үйрету .Жыл мезгілдеріне деген сүйіспеншіліктерін қалыптастыру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар: кеспе сурет «Қыс келбеті»,қима қағаз
Пайдаланатын әдіс-тәсілдер; сұрақ-жауап,
Пәнаралық байланыс: дүниетану
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, класс бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу, оқушылардың сабаққа дайындығы тексеру, олардың назарын сабаққа аудару
II.Үй тапсырмасын сұрау -Балалар , кім айтады үйге қандай тапсырма берілді? -Өлеңді бәріміз жаттап келдік пе? -Кім айтады? Өлеңдер жатқа сұралады. -Балалар, осы өлеңде не туралы айтылады?
III.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі -Сөйлеу не үшін керек? -Тілдің қызметі қандай?
IV. Мақсат қою кезеңі Суретке қарап әңгіме құрау, -Суретте жылдың қай мезгілі бейнеленген? -Дұрыс.Қыс.
V. Жаңа сабақ - Ендеше бүгінгі өтетін тақырыбымыз да Қыс туралы болмақ -Суретке қарайық, не көріп тұрмыз? -Балалар, не істеп жатыр? -Суреттегі балаларға ат қойып, әңгіме құрастыру. –ал, енді назарымызды оқулығымыздың 5 бетіндегі 1-жаттығуға қараймыз. Оқушыға оқытамын.Әрбір сөйлемнен соң дауыс кідірісін жасап оқыңдар Қыс келді.күн суытты.Қар көп жауды.Өзенге қалың мұз қатты. Сергіту сәті
VI. Жаңа материалды пысықтау -Балалар, Енді 2-жаттығуға қарайық. Әр сөйлемнің бірінші сөзін бас әріптен бастап жазып, соңына нүкте қойып көшіру .Қаңтар.Қаңтар айы болды күн суытты қалың қар жауды боран соқты.Дәптерге тыныс белгіні дұрыс қойып көшіру.Тақтаға бір оқушыны шығарып жаздыру.
VII. Бекіту кезеңіҚыс өлеңі
Ақ киімді денелі, ақ сақалды, Соқыр, мылқау танымас тірі жанды.
Үсті-басы ақ қырау түсі суық, Басқан ізі сықырлап келіп қалды
Өлеңді мәнерлеп оқып талдау
Жаңылтпаш
Қар аппақ, Дала аппақ-
Бәрі аппақ.... Қарап бақ.
Екі-үш мәрте оқытып, тілдерін жаттықтырту
VIII. Үйге тапсырма Абайдың Қыс өлеңін оқу, жаңылтпашты жаттау.Бағалау сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды бағалау.
Ана тілі.
3. Сабақтың тақырыбы: Сөйлем.Сөз.Аққала»
Сабақтың мақсаты:а) Сөйлем мен сөздің арасындағы байланысты түсіндіру. Өлең туралы түсініктерін қалыптастыруә) Оқушылардың сабақ барысында есте сақтауын, сөздік қорын дамытуб) Сөйлем мен сөздің арасындағы ерекшелікті айыра білуге үйрету.
Жыл мезгілдеріне деген сүйіспеншіліктерін қалыптастыру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар: кеспе сурет «Қыс келбеті», қима қағаз
Пайдаланатын әдіс-тәсілдер; сұрақ-жауап,
Пәнаралық байланыс: дүниетану
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, класс бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу, оқушылардың сабаққа дайындығы тексеру, олардың назарын сабаққа аудару
II.Үй тапсырмасын сұрау -Балалар, үйге қандай тапсырма берілді ,қане,кім айтады? -Сөйлем дегеніміз не?- Сөз дегеніміз не? -Сөйлем сөздің қандай ерекшелігі бар?
Үйге берілген тапсырманың бірі Абайдың «Қыс» өлеңін мәнерлеп оқу, жаңылтпашты жаттау. -Өте жақсы - Ендеше, кім дайын?
III.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі-Жылдың қанша мезгілі бар? - Қазір жылдың қай мезгілі? - Қысқы табиғатты кім сипаттап береді? - Қыс туралы қандай ақындардың өлеңдерін оқыдық? - Кім айтады?Сергіту сәті
IV. Мақсат қою кезеңі-Балалар, қыс қызығын кім айтады? -Қыста сырғанақ тебеміз, тағы аққала жасаймыз.
V. Жаңа сабақ-Бүгінгі өтетін тақырыбымыз да қыс мезгіліне байланысты болмақ.Оқулығымыздың 7 бетіне қарап 3-жаттығуға қараймыз. Әрбір сөйлемнен соң дауыс кідірісін жасап оқыңдар. Сырғанақ
Қыс қызығы басталды.Айбол жылы киінді.Ол шанасын алды. Төбеге барды. Онда сырғанақ тепкен балалар көп. Ойын қызықты болды.
2. Әңгімеде неше сөйлем бар? 3. Бірінші сөйлем қанша сөзден құралған?
3. Екінші сөйлемде кім туралы айтылған? Соңғы сөйлемде не туралы айтылады?Сергіту сәті 4-жаттығу 1. Сөйлемдерді оқыңдар. Неше сөйлем бар екенін анықтаңдар. Күн суытты қар жауды аяз болды су қатты. 2.Әр сөйлемнің бірінші сөзін бас әріптен бастап жазып, соңына нүкте қойып көшіріңдер. Келесі тапсырма . Өлеңді мәнерлеп оқу. Аққала
VI. Жаңа материалды пысықтау5-жаттығу. Берілген сөздерден сөйлемдер құрастыру керек.Балалар, сырғанақ, жылы, олар, киінді, тепті.
Әр сөйлемнің бірінші сөзін бас әріптен бастап жазу. Сөйлем соңына қандай тыныс белгісін қойдыңдар.
VII. Бекіту кезеңі «Қысқы ойын» тақырыбына әңгіме құрастырып айту.
VIII. Үйге тапсырма, бағалау
6-жаттығу, 9 бет, жауаптарына қарай бағалау.
Ана тілі
№ 4сабақ. Сабақтың тақырыбы: Сөйлем.Сөз.Қысқы дайындық
Сабақтың мақсаты: а) Сөйлем, сөз туралы алған білімдерін пысықтау,жыл мезгілдері
туралы түсініктерін қалыптастыру ә) Оқушылардың сабақ барысында есте сақтауын сөздік қорын дамыту, логикалық ойлауын дамыту б) Сөйлем мен сөздің арасындағы ерекшелікті айыра білуге үйрету. Жыл мезгілдеріне деген сүйіспеншіліктерін
қалыптастыру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар: кеспе сурет «Қысқы орман», қима қағаз
Пайдаланатын әдіс-тәсілдер; сұрақ-жауап,
Пәнаралық байланыс: дүниетану
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, класс бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу, оқушылардың сабаққа дайындығы тексеру, олардың назарын сабаққа аудару
II.Үй тапсырмасын сұрау -Балалар, үйге қандай тапсырма берілді, қане, кім айтады? -жаттығуды қалай орындау керек еді? - Сөйлем деген не? Сөз дегеніміз не? Еске түсірейікӨте жақсы- Ендеше, кім дайын?
III.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі-Жылдың қанша мезгілі бар? - Қазір жылдың қай мезгілі? - Қысқы табиғатты кім сипаттап береді? - Қыс мезгіліндегі жануарлар, құстар тіршілігі туралы не білеміз?Сергіту сәті
IV. Мақсат қою кезеңі-Балалар, қыста құстарға қандай көмек жасаймыз? -Иә, ұя жасап , жем шашамыз.
Достарыңызбен бөлісу: |