|
Менің ойыншықтарым» Ересектер,
|
Дата | 24.04.2017 | өлшемі | 7,09 Kb. | | #14713 |
| - «Менің ойыншықтарым»
- (Ересектер, «Құлыншақ» тобына ұйымдастырылған ашық оқу іс-әрекеті)
- Бекітемін:
- МКҚК «Айгүл» балабақшасының
- әдіскері ___________А.Баянова
- Тәрбиеші: Батырова Г
- 11 Қараша 2015 ж
- Білім беру саласы: Әлеуметтік орта.
- Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Көркем әдебиет.
- Тақырыбы: «Менің ойыншықтарым»
- Мақсаты: Ойыншықтар туралы білімдерін дамыту, сөздік-тілдік қорын байыту; ойыншықтар туралы түсінік беру, ойыншықтар туралы тақпақтар жаттауға үйрету.
- Білімділік:Ойыншықтардың атын,түсін,және қандай заттан жасалғанын жекеше, көпше атауларын үйрету.
- Дамытушылық: Балаларды сөзді анық айтуға, дұрыс сөйлеуге баулу.Сөздік қорларын дамыту.
- Тәрбиелік: Олармен қалай ойнау керектігін түсіндіріп ұқыптылыққа эстетикалық талғамдарын кеңейту талдау әдемілікке тәрбиелеу.
- Көрнекіліктер: Ойыншықтар, доп,қуыршақ,жұмсақ ойыншықтар, көліктер
- Билингвальді компонент: Ойыншық-игрушка
- Сөздік жұмыс: Ойыншық-балалардың құралы.
- Әдіс-тәсілдері: Көрсету, түсіндіру, сұрақ жауап.
- Күннің көзі ашылды,
- Көкке шуақ шашылды.
- Құтты қонақ келіпті,
- Төрімізге еніпті.
- Амандасу үлкенге,
- Тәрбиенің басы ғой,
- Ал, қанекей бәріміз,
- Сәлем-дейік, үлкенге.
- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Күз неше ай қонақта болады?
- Күз айларын атайық?
- Күз еркешелігін ата?
- Бүгін аптаның қай күні?
- Күз туралы жыр-шумақтар:
- Бану: Ибраһим:
- Ой, балалар, балалар, Сарғайды тоғай,
- Қоңырқай күз келіпті. Сап-сары маңай.
- Қурап жапырақ солыпты, Соңғы әнін айтып,
- Ел егінін орыпты. Құс кетті қайтып.
- Ой, балалар, балалар,
- Ойналықта күлелік,
- Енді оқуға кірелік.
- Іңкәр: Аяулым:
- Алма пісіп, алмұрт түсіп, Жайдары күз, жарқын күз,
- Күзде бақтар жайнайды. Аяулы күз, алтын күз.
- Құстар қайтып, қош айтысып, Дәнге толы ен далам,
- Қимас үнмен сайрайды. Дариядай шалқып жүр.
- Мерейлі күз, мырза күз,
- Сыйлығыңа ризамыз.
- Рауан : Тіл үйірген алмұртпын,
- Таңсығымын бар жұрттың.
- Жақсы өсіре алмайды,
- Қараса егер салғырт кім.
-
- Інжу : Апорт деген алманың,
- Таттың ба, сен, бал дәмін?
- Апорт- деген тәтті алма,
- Өседі ол бақтарда.
- Алатауда өседі ол,
- Оған тең жоқ деседі ел.
- Дидактикалық ойын
- “Үлкен және кіші”
- Балалар, бізге қонаққа кім келді?
- Біз қандай ойыншықтармен таныстық.
- Кімге қандай ойыншық ұнайды?
- Оқу іс-әрекетінен көріністер
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|