Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры, ел қамқоры, халқымыздың біртуар перзенті



бет1/21
Дата04.11.2016
өлшемі5,71 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21


Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің ұйымдастыруымен

Қазақ хандығының 550 жылдығына орай

Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры, ел қамқоры, халқымыздың біртуар перзенті Ж.А.Тәшеневтің

100 жылдығына арналған

«Ұлттық рухтың символы –

Жұмабек Тәшенев»

республикалық ғылыми-практикалық

конференциясы.
Конференция 2015 жылдың

9 қазанында өтті.

ҚҰТТЫҚТАУ СӨЗ

ҒАЗАЛИЕВ А.М.

ҚарМТУ ректоры,

ҚР ҰҒА академигі,

ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты




Құрметті конференцияға қатысушы қонақтар!

Құрметті әріптестер мен студент жастар!
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Өткен тарихымызға тағзым да, бүгінгі бақытымызға мақтаныш та, гүлденген келешекке сенім де «Мәңгілік Ел» деген құдіретті ұғымға сыйып тұр. Отанды сүю – бабалардан мирас болған ұлы мұраны қадірлеу, оны көздің қарашығындай сақтау, өз үлесіңді қосып, дамыту және кейінгі ұрпаққа аманат етіп, табыстау деген сөз. Барша қазақстандықтардың жұмысының түпкі мәні – осы!» деп атап көрсетті.

ҚР Тұңғыш Президентінің білім ордасы – Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінде болашақ мамандарды тәрбиелеу ісіне үлкен көңіл бөлінеді. Терең уәждемелі дәйектемеге және оқу мен оқудан тыс қызметтің барлық түрлерінде жастармен жұмыстың интерактивті нысандары мен әдістерін пайдаланатын жаңа технологияға негізделген патриоттық тәрбиені ұйымдастырудағы жүйелі тәсілдеме түлектеріміз бойында жоғары азаматтық ұстанымды, азаматтық жауапкершілік сезімін, яғни отаншылдықты құрайтын қасиеттерді қалыптастыру үдерісін қалады.

Міне нақ сондықтан ҚарМТУ студент жастарды тәрбиелеудің жаңа үлгісін талқылаудың республикалық платформасына айналды. Жаңа Қазақстандық Патриотизмнің идеялық негізі осы мемлекет құраушы, жалпыұлттық құндылықтарда жатыр. Оқу-білім үрдісінде тарихты тұлғалар арқылы тану бұрыннан бар десек те, соңғы үш-төрт жыл бедерінде біздің білім ордасында жас ұрпақты осындай тұғырлы тұғырлардың үлгі-өнегесі тұрғысында тәрбиелеу тәжірибесі қалыптасты.

«Озық тәжірибе – көпке ортақ» дегендей, университетімізде берісі облыс, әрісі республика жұртшылығының назарын аударарлық игілікті де ілкімді іс-шаралар жиі өткізіліп тұрады.

Осы орайда, ұлт пен ұлысымыздың бірегей тұлғаларының бірі, ірі мемлекет қайраткері, ел қамқоры, халық ардақтысы – Жұмабек Ахметұлы Тәшеневтің 100 жылдығын алқалы жиынмен атап өткенді жөн көрдік.

Конференция жұмысына ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, экономика ғылымдарының докторы, ҚарМТУ-дың құрметті профессоры Тұрсынбек Қазенұлы Өмірзақов, Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі, Халықаралық өндірісті ұйымдастырудың ғылымы мен практикасы академиясының академигі, экономика ғылымдарының докторы, ҚарМУ профессоры, тәшеневтанушы Рашит Саттарұлы Каренов, ҚазМУ профессоры, тарих ғылымдарының кандидаты Фатима Садыққызы Тәшенева, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ профессоры, тарих ғылымдарының докторы Мақсат Алпысбес, белгілі ақын, драматург, мәдениет қайраткері Баянғали Әлімжан, ҚР БҒМ ҒК Мемлекет тарихы институтының аға ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының кандидаты Қанат Еңсенов, ҚР Ұлттық мұражайының бөлім бастығы Жанар Сағымбайқызы Бейісова, ҚР БҒМ ҒК Мемлекет тарихы институтының жетекші ғылыми қызметкері, педагогика ғылымдарының кандидаты, «Жұмабек Тәшенев» кітабының авторы Сейтқали Жахияұлы Дүйсен, жазушы, тәшеневтанушы Мейрам Жолтайұлы Байғазин және басқа да құрметті меймандарымыз қатысып отыр.



«Өлі риза болмай, тірі байымайды» деген нақыл бар халқымызда. Алаш елінің біртуар перзентінің ерлік ісі мен өміршең өнегесін ардақ тұтып, ұлы рухын ұлықтау – кейінгі ұрпақ үшін киелі парыз. Осы ретте, Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ел қамқоры, ұлт жанашыры – Жұмабек Ахметұлы Тәшеневтің 100 жылдық мерейтойына арналған республикалық ғылыми-практикалық машықтық конференцияны ашық деп жариялаймын.


ҚҰТТЫҚТАУ СӨЗ




Оспанова қ.б.
Незабываемые встречи – естен кетпес кездесу
Для потомков и истории…
Жұмабек тәшеневтің өмірі мен қызметі ақындар шығармаларында
Куандыкова а. (каргту, бт-15-5) науч.рук: ст.преподавтель нуржанова к.к.
Кенжеғұл ж.м. (караганда, каргту) балгабекова а
Жұмабек тәшеневке

Каталог: wp-content -> uploads -> 2016
2016 -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Сабақтың тақырыбы Үш бақытым. Мұқағали Мақатаев Туған тілім. Дихан Әбілов Жалпы мақсаты
2016 -> «Алаштану негіздері» таңдау курсы Түсінік хат «Алаштану негіздері»
2016 -> Сабақтың атауы Н.Әлімқұлов Қоңырау Мақсаты
2016 -> Силлабус Пән: Педагогика тарихы Курс: 4 Мамандық: 5В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» Кредит саны: 2 Экзамен: 7 семестр Семей-2015 «Педагогика тарихы»
2016 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
2016 -> Сабақтың атауы Бейнелеу өнерінің түрлері Сілтеме Сабақтың жабдығы
2016 -> Сабақтың тақырыбы: Менің Отаным Қазақстан
2016 -> Сабақтың тақырыбы: Абайдың өмірі


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

енгізу | тіркеу
    Басты бет


материалдарды жүктеу