2011 жылдың 14 мамырында «Жалпы гигиена және экология», «Эпидемиология» кафедрасының ұйымдастыруымен және «Студенттік басқару ұйымының» ұйымдастыруымен Д. Е



жүктеу 55,14 Kb.
Дата23.10.2016
өлшемі55,14 Kb.
2011 жылдың 14 мамырында «Жалпы гигиена және экология» , «Эпидемиология» кафедрасының ұйымдастыруымен және «Студенттік басқару ұйымының» ұйымдастыруымен Д.Е.Асвалл атындағы аудиторияда «Ұлы жеңістің 66 жылдығы» ,«Қазақстандағы саяси репрессия құрбандарын еске алу» аясында конференция өткізілді.

Лайсханов Уалихан Құдайбергенұлы: Құрметті студенттермен ұстаздар барлығыңызды Ұлы жеңіс мерекесімен құттықтаймыз!

Оспанова Балжан Аманжолқызы: Сіздерді Ұлы жеңістің 66 жылдығымен құттықтай отырып, осы кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер!

Лайсханов У.Қ: Бар сезімін жүректегі ел кернеген,
Отан үшін, ұрпақ үшін жер кернеген,

Ер Бауыржан батыр ғой батылдағы

Отансүйгіш қасиетін кім білмеген?!

Біздің университеттегі Б.Момышұлы атындағы орталықтың өкілі –палковник Калестратов Владимир Сергеевичке сөз кеегін береміз: «Ол – Ұлы Отан соғыс жайлы , ардагерлер жайлы өз ойларын баяндап берді».



Лайсханов У.Қ: Бауыржанның соғыс өмірі аясындағы Ибабаева Гүлжанның баяндамасын тыңдаңыздар: «Бауыржанның соғыстағы ерлігі ,соғыс жүргізу тактикасы және отанға деген махаббаты асқан шеберлікпен жеткізілді »

Оспанова Б.А:

Өзіміздей оқыған осы жерде,

Асфендировтай әйгілі КазНМУде,

Шығыстың шоқ жұлдызы шықпас естен,

Мәншүк атың әр қазақтың жүрегінде,- демекші Дауренбаева Самалдың Мәншүк Маметова жайлы жазылған баяндамасын ұйып тындайық : « Мәншүктің қыз болса да отанға деген ыстық сезімі , жауға деген қатты да қатал сезімін оятқаны, соғыстағы ерлігі ыстық ықыласпен жеткізілді »

Лайсханов У.Қ:

Жерде –Бәукең, әуеде – Талғатым сен,

Елмен жерін қорғап фашистерден,

Ұрпағың еске алып тағы отыр,

Ұшқыш батыр Бигелдинов кетпес естен,- Шондыбаев Бақдаулеттің «Т.Ж Бигелдинов-ұшқыш батыр » тақырыбындағы баяндамасына кезек береміз: « Талғаттың ұшқыш, ержүрек, отансүйгіш қасиеттері, оның қысқаша өмірбаяны көрермендердің көңіліне гүл орнататындай асқан шеберлікпен суреттелді»

Оспанова Б.А:

Мәлік сен әрі ақын,әрі батыр,

Қос қасиетің ұмытылмай келе жатыр,

Төлеген Тоқтаровқа шен әперген,

Ғабдуллин десе еске түсер жеңіс мамыр,- дей отырып Шманов Даулеттің Мәлік Ғабдуллин жайындағы баяндамасын оқуына кезек береміз «Мәліктің КСРО, фашисттік әскерлердің соғыс қимылдары, батырлық қасиеті өзінің ақындық қасиетімен өз майдандастарын рухтандырды, соғыстағы қысқаша аңгімелері осы баяндамада жеткізілді »

Лайсханов У.Қ:

Соғыс жылдар айтылушы ед ән «Катюша»,

Бүгінде айтылсыншы сол «Катюша»,

Бірақ та соғыс емес бейбіт күнде,

Бар көңілмен, жүрекпен ән шырқалса,-

«Қыздар тобы» хормен тамсандыра тындатсын!- «ән хормен құлақтан кіріп бойды алардай өте тамаша түрде айтылды»



Оспанова Б.А:

Жүректегі жырларды домбыра айтар,

Тілі өлі, жаны да жоқ болса дағы,

Жеңіс десе өткен күн еске қайтар,

Елдің күйі домбырамен қанса дағы,- Лұқпанова Әселдің «елге салемі атты» термесіне көңіл қойып құлақ түріңіздер.

«Терме шабыттпен жырланғаны соншалық Әселдің екінші рет ән шырқауына және көрермен ретінде келіп отырған жалпы медицина факултетінің 319 топ студенті Рай Әдемінің Адай күйінің тартылуына себепші болды»

Қазақстандағы саяси репрессия құрбандарын еске алу аясындағы бөлімі

Лайсханов У.Қ:

Соғыс жылдарынан алдын кеңестік саясаттың қатігездігі орын алды. «Бөліп алда билей бар», «Асыра сілтеу болмасын, аша тұяқ қалмасын» деген ұрандарға қазақ ұлтжандылары қарсы шығып сол кездегі қазақ үшін, келер ұрпақ, яғни біз үшін оққа ұшып репрессия құрбандары болды. Енді осы бөлімді репрессия құрбандарына арнасақ орынды болар еді.



Оспанова Б.А:

Ұлтым қазақ, елім КСРО болған жылдар,

Азат күн аңсап ақиқатпен сөз айтқандар,

Кең дүниенің тар жолында тайғақ кешіп,

Қазақ үшін опасыз оққа ұшқандар!,- осы жағдайды еске алу үшін Пулатова Нұргүлдің «30 жылдардағы саяси қуғын сүргін» Жайындағы баяндамасын тыңдап, рухани күш алыңыздар:

«Сталиннің саясаты, Голащекиннің озбырлығы, қазақ ұлтының әлеуметтік – экономикалық, этнографиялық, діни қысымда қалған қазақтардың жағдайын көптеген ұлтжанды ақындар шындықпен сөз айтсада өтірік жала жабылып атылғандар, қамалғандар сол кезде жеткізіліп жария етілмеседе осы кеште жария етілді»

Лайсханов У.Қ:

КАРЛАГ, УЗЛАГ, АЛЖИРмен ЧСИР де бар,

Бұл лагерде ұлтшыл емес ұлтжандылар,

Түзелсін деп қателіксіз қамалғандар,

«Үш бәйтерек» қазақ үшін жаралғандар!

Жүз десе Ақарыс,Бекарыс пен Жанарыстар

Ел десе естен кетпес «Бес Арыстар»!

Озбырлықпен аққа қара жабылғандар

Ұрпағың бар ақтығыңды ақтап алар!,- ендігі кезекте Абилдаева Адияның «Үш Бәйтерек», «Бес Арыс», т.б. қазақ қоғамының нағыз қайраткерлері тақырыбындағы баяндамасына зер салыңыздар:

«Тақырыпқа сай жиналғандардың жанын түршіктіреді ашшыда болса сол кездегі ақиқаттар оқылды»

Оспанова Б.А:

Уақыт өте келе АҚШ жер бетіне Ресеймен қатарлас өз үстемдігін орнату үшін Ирак, Ауғанстан, Жапония мемлекеттеріне өз әскерлерін кіргізіп атом жарылысы сынамасын жұргізді. Енді Американың әлемді билеу саясатына оралсақ.



Лайсханов У.Қ:

Азуын айға білеп арыстандар,

Жер бетін билейміз деп жар салғандар,

Әскери ота жасап Иракқада,

Бейбіт күн қайда кетті АҚШ-тықтар?!,- дей отырып Пирматов Равшанның «Американың Иракқа әскери операциясы» атты баяндамасын тыңдаңыздар: «Бұл тақырыпта қазіргі әлемдік саясат Американың үстемдігі, оған көптеген халықтардың наразылығы т.б. жағдайлар айтылды».

Оспанова Б.А:

Күш сыналып екі ел арасында,

Нагасаки, Хиросима бомбаға ұштың,

Жер беті соғыс үшін жаралғандай,

Себепшісі ед Америка жарылыстың!,- Рахимов Беріктің «Атомная бомбардировка Хиросимы и Нагасаки» жайлы жазылған орысша баяндамасын тындаңыздар: «Американың сонау жер бетін дүр сілкіндіріп зиянын әр заман зарлап айтатындай дәрежеде көркемсөз ретінде жеткізілді ».

Лайсханов У.Қ:

Сонымен бүгінгі «Ұлы жеңістің 66 жылдығына» және «Саяси репрессия құрбандарын еске алу» кешімізді аяқтаймыз.

Жек көріп біз соғысты,

Тыныштықты тілейміз!

Бақыты үшін қазақтың,

Бар күшпенен білейміз!



Қош, Сау-сәлеметте болыңыздар!



©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет