Білім саласы: Шығармашылық
Бөлімі: Сурет
Тақырыбы: «Киіз үй»
Мақсаты:Киіз үй жайында алғашқы түсінік беру, оның қалай жасалуы туралы
таныстыру; Шаңырақ, уық, кереге деген сөздерді еркін айтуға жаттықтыруға үйрету, мағынасын түсіндіру. Рәміздерді еске алу.
Тіл белсенділігін арттыру, зейін қабілеттерін дамыту. Балаларды бейнелеу өнеріне қызығушылық танытуға баулу.
Көрнекілік: суреттер, ту, елтаңба, киіз үйдің нұсқасы; қылқалам, салфетка.
Пәнаралық байланыс: сурет
Жаңа сөздер: киіз үй, керегк, уық, шаңырақ,есік, түндік, жиырылады, ұстап тұрады.
І.Ұстаз:
- Балалар далаға қарайықшы. Не көріп тұрсыңдар?
- Қар. Ағаштың бетін қар жапты.
- Ал, ендеше, қай жыл мезгілі?
- Қыс мезгілі.
«Ғажайып айналым» ойыны. Жыл мезгілін қайталау.
Балалар дөңгеленіп тұрып:
Нұрын төкті күн көзі,
Қуанатын күн келді.
Армысың, шуақты күн!
Армысың, достарым!
Ұстаз:
- Балалар, қане, айтыңдаршы біздің Отанымыз қалай аталады? Менің Отаным Қазақстан!
- Ал, Қазақстан Республикасының мемлекеттік Рәміздеріне не жатады? Ту, елтаңба, әнұран (Суретпен жұмыс)
- Қай рәміздің суретінде шаңырақ бейнесі бар?
- Дұрыс, Елтаңбада.
ІІ.
- Енді, бүгінгі тақырыпқа көшеміз. «Киіз үй».
- Мынау киіз үй. Ол керегеден, уық және шаңырақтан құрылады. Кереге жиырылады. Уық иіледі, ортадағы шаңырақты ұстап тұрады.Мынау түндік, шаңырақты түнде жауып қояды.
- Мынадай тілек жаттаймыз:
«Шаңырағың биік болсын» (Бәрі бірге айтады).
Сергіту сәті: «Киіз үй» (Бәрі тұрады)
Көтеріліп шаңырақ,
Уықтары шаншылар.
Керегелер керіліп,
Өрімдей боп өрілер.
Бәріміз жүрсек айналып,
Киіз үй боп көрінер.
ІІІ. Ойын: «Хан талапай»
Бес асық түрлі – түсті (сары, ақ, қызыл, жасыл, көк). Сол түсті конверттер. Жаңа сөздің суреті жасырылады. Асықты сандық ішінен қарамай алып, түсті анықтап болған соң, сол түсті конвертті ашады. Суретті қазақша атайды. Дұрыс атаған балаға дөңгелекше таратылады.
- «Киіз үй» мультфильмі. (компьтерден киіз үйдің суреті, кереге, уық, шаңырақ, түндік, есігі көрсетіледі). Балалар бірге қайталап отырады. Сөздік жұмысы.
Тоқпақ жаттау:
Киіз үй дөп – дөңгелек,
Жыққан кезде ол бөлек.
Шаңырақ, уық, кереге,
Есік, түндік, текемет.
- Балалар, қазір, сурет саламыз «Шаңырақ» немесе «Кереге». Сурет сала отырып тақпақ оқу.
ІҮ. Қорытындылау: Балалар, бүгін сабақта киіз үй, киіз үйдің жасалуы туралы өттік, таныстық.
Достарыңызбен бөлісу: |