Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры, ел қамқоры, халқымыздың біртуар перзенті


НЕЗАБЫВАЕМЫЕ ВСТРЕЧИ – ЕСТЕН КЕТПЕС КЕЗДЕСУ



бет4/21
Дата04.11.2016
өлшемі5,71 Mb.
#219
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21

НЕЗАБЫВАЕМЫЕ ВСТРЕЧИ – ЕСТЕН КЕТПЕС КЕЗДЕСУ
Абдушкурова Лилия Бекенқызы

Астана қ.

Мне посчастливилось много раз видеть, разговаривать и встречаться с Жумабеком Ахметовичем Ташеневым.

Это были незабываемые встречи. Дядя Жумабек приезжал по работе в Целиноград. Закончив рабочие дела, он ненадолго приходил в гости к старшему брату, и мы родственники, тоже приходили сюда. Мы наслаждались его рассказами, которые и по сей день являются для нас уроками жизни.

Дядя Жумабек был прост в общении. Был одинаков со всеми. Детей спрашивал об учебе, о досуге, об увлечениях, о спортивных достижениях. Всегда говорил: «Учитесь, не останавливайтесь на достигнутом». А если кого-то из детей похлопает по спине – это было высшей наградой. И дети старались соответствовать его пожеланиям. У меня спрашивал: трудно ли работать в школе, по сколько учеников в классе, нужна ли какая-нибудь помощь. Никого из сидящих за столом не оставлял без внимания.

Дядя Жумабек бережно относился к родственникам, всегда морально их поддерживал, давал нужные советы. В доме у дяди Жумабека всегда жили родственники. Вот и мой будущий супруг жил и учился в Этом доме. Жаль, что такие встречи были короткими. Но домой мы всё равно уходили окрыленные и уверенные в себе.

В 1979 году дядя Жумабек ездил на свою Малую Родину в Аршалинский район (тогда этот район назывался Вишнёвским). Побывал в совхозе Михайловском, где жили его племянник и двоюродная сестра. Этот приезд дяди Жумабека надолго остался в памяти односельчан и стариков.

18 ноября 1986 года пришло печальное известие об уходе из жизни Жумабека Ахметовича. Мы тяжело и болезненно перенесли потерю близкого и дорогого человека.

Жумабек Ахметович был и остаётся великим и чистым перед людьми. Светлая память об этом удивительном человеке всегда останется в сердцах тех людей, кто его знал.



Жумабека Ахметовича Ташенева можно по праву назвать достоянием нашей республики.


ХАЛҚЫНА ТІРЕК БОЛҒАН,

ҰЛТЫ ҰЛЫҚТАҒАН ҚАЙРАТКЕР
Дүйсен Сейтқали Жахияұлы

Мемлекет тарихы институтының

жетекші ғылыми қызметкері,

педагогика ғылымдарының кандидаты

Астана қ.

Өткен XX ғасырдың ұлы қайраткерлерінің бірі, үнді халқының азаттық жолындағы күресінің көсемі Махатма Ганди елі тәуелсіздік алған алғашқы жылдары былай деген екен: «Біздің халық ұзақ жылғы отарлық езгіден небір асылы мен қымбатынан айрылды. Солардың арасынан біз бір қасиетті дүниемізді таяу арада қайтара алмаймыз ба деп қорқамыз. Ол - халықтың рухы».

Үш ғасырға созылған отаршылдық кезінде қазақ ұлты да талай асылы мен қымбатынан айрылды, ұлттық рухы әлсіреді. Елімізде тәуелсіздіктің арқасында ғана ұмыт бола жаздаған ұлт қайраткерлерінің есімдері қайта жаңғыруда.

Кешегі кеңестік отаршылдық кезінде халқының қамын ойлаған, рухын көтеруге еңбек еткен асылымыздың, сол кездегі саясаттың ықпалымен есімі ұлтының жадынан бүркемеленген қаһарманның бірі - Жұмабек Ахметұлы Тәшенев (1915-1986) еді.

Қазақ Республикасының үлкен бір бөлігін (5 облысын) Ресейге қоспақшы болғанда, Кеңес Одағының сол кездегі басшысы Н.С. Хрущевпен айтысып «Елім, халқым үшін жан пида» деп премьер-министрлік қызметінен (1960-1961) қуылса да елінің тұтастығын қорғап қалған қаһарман Ж.Тәшенев болды [1, 309 ]. Егер сол кезде Қазақстанның солтүстігіндегі бес облыс Ресей Федерациясына берілгенде, Қазақстанның үштен бірі және қазіргі астанасы да болмас еді.

Қазіргі уақытта әкім қаралардың қызмет ауыстырғанда жанына командасын ертіп жүретіні әдетке айналды. Жұмабек Ахметұлы басшылық жұмыстарда мұндай әдеттен ада болған. Ол өзі басшылық жасайтын салаларға жергілікті кадрларды тартып отырды. Бір қасиеті жақсы мамандарды ұлтына қарап бөлмей қабылдады және тәрбиелеп өсіріп отырды. Қарамағындағы қызметкерлеріне өте жайлы, қамқор және мейірімді болатын. Қолынан келген жақсылығын бұлданбай жасайтын. Қажымас қайратты, жасымас жігерлі басшы бола білді.

Жұмабек Ахметұлы қызметте тәні мен жан тазалығын тең ұстады. Жүріс-тұрысымен, мінез құлқымен көпшілікке үлгі болды. Ол жақсылығы алдынан шығып отырған кездері де болды. Замандастарының естеліктеріне қарағанда Жұмабек Ахметұлының ел тарихы, өнер мен әдебиет, саясат пен экономика, мәдениет туралы ең кем дегенде әр саланың ғылым кандидаттарындай білімі болған.

Ж.Тәшенев қарапайым еңбек адамдарының адал еңбектерін бағалауға ерекше мән берген. Оларға түрлі марапаттаулар ұсынып, оны көпшіліктің көзінше салтанатты түрде тапсырып құттықтауға мән беретін болған. Ондай салтанатты сәттер марапат иелерінің мәңгі есінде қалады және отбасы дос-жарандарының арасында беделін көтереді, адамдардың еңбекке деген құштарлығын арттырады деп білген.

1958 жылы Мәскеуде өткен Қазақ өнері декадасының негізгі ұйымдастырушысы да Ж.Тәшенев болды. Қазақ мәдениетің жанашыры болған қайраткер қолайлы сәтті пайдаланып бірқатар адамдарға түрлі марапаттар, жоғары атақтар бергізеді.

Кеңестік заманда колхоз басқаруда ерен ұйымдастырушылық еңбегімен Қазақстан ғана емес бүкіл Кеңес Одағына әйгілі болған, екі мәрте Социалистік Еңбек Ері атағын алған Нұрмолда Алдабергенов, Жұмабек Ахметұлы премьер-министрлік қызметінен босатылып, Шымкентке төмен қызметке жіберілгеннен кейін: «Осы күні атқа мініп жүрген қазақ азаматтарының көпшілігін білемін. Талайымен араластым. Бірақ Жұмабек Тәшеневтің орны бөлек. Алғыр қазақ. Жігіттің арланы ғой. Басын кесіп алса да еш нәрседен қаймықпайтын жолбарыс қой. Нағыз ұлтжанды, қазақтың маңдайына сыймай кеткен, әулие азамат», - деп бағалапты [2, 175-176].

Осы әңгіменің сол кезде куәсі болған жазушы Кәрішал Асанов Ж.Тәшенев туралы естеліктер кітабының атын бейнелі түрде «Шынжырда өткен жолбарыс» деп қойған. Кітаптың алғашқы нұсқасы алғашқыда санаулы ғана таралыммен Ресейде басылыпты. Кейін 2004 жылы «Үш қиян» баспасынан шығарды [3].

Қызметі төмендетіліп Оңтүстік Қазақстанда еңбек еткен жылдары облыс басшылары ел ішінде кездесетін дау-дамай, арыз-шағымдарды реттеуге Жұмабек Ахметұлын жіберіп отырған. Ол қазақтың дәстүрлі ақсақалдық жолымен, шағымданушыларды сабырға шақырып, беделімен, ақылмен осындай келеңсіз істерді жоғары жақтарға арыздандырмай, екі жақты да келістіріп сәтімен шешіп отырған. Сондықтан Оңтүстік өңірінің азматтары көбіне түрлі мәселелермен облыстық партия комитетіне емес Жұмабек Ахметұлына баратын болған.

Шымкент облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы Александр Васильевич Ливенцов 1964 жылы желтоқсанда ҚКП Орталық Комитетіндегі Мәскеудің өкілі қатысып отырған мәжілісте: «Жұртқа белгілі, Хрущев Ж.А. Тәшеневті Министрлер Кеңесінің Төрағасы қызметінен өзім білермендікпен босатып, айтқанға көнбейтін асау премьердің намысына тиіп, масқаралау үшін бізге облатком төрағасының орынбасары етіп жіберді. Алайда Тәшенев өзінің таңғажайып қабілетінің арқасында Оңтүстік Қазақстандағы ең құрметті адам болып отыр», - деп ағынан жарылған [2, 261].

Жұмабек Ахметұлы биліктің берген қызметінен ұлтының алдындағы парызын жоғары қоя білген азамат еді. Ұлттық кадрлардың қатарын көбейтуді, тәрбиелеп өсіруді бірінші кезекке қояды.

Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің бұрынғы төрағасы Мәсімхан Бейсебаевтың көмекшісі болған Нұрсұлтан Бейсебаевтың естелігі бойынша Ж.Тәшенев Үкімет басшысы болып тағайындалысымен-ақ орталық аппаратқа 12 жас қазақ жігітін қабылдайды және кейбіріне үй бергізеді [2, 172].

Қарамағындағы қызметкерлерінің жағдайына сергек қарап, амандық-саулығын, үй-тұрмысын үнемі сұрастырып, көмектесіп отыратын болған. Сонымен бірге жұмыс тәртібін қатаң бақылаған және оны өзі бас болып сақтаған. Қарамағындағылардан берілген тапсырманы уақытында, дәл және сапалы орындауды талап ететін, іскерлігімен ерекшеленетін. Түрлі сылтаулар айтып жұмысты сөзбұйдаға салатын адамдарды бірден жөнге салатын. Өзіне тиісті мәселені тез шешетін, көп сөзділікті ұнатпайтын. Мәжілісті даурықпасыз, нақтылы режимде, еш созбай тездетіп өткізетін. Басқару тізгінін еркін, мықты ұстайтын басшы бола білді.

Жұмабек Ахметұлы өмірде ерекше қарапайымдылығымен көзге түсетін. Бұрын облыс, республика деңгейінде қызмет атқарғанын айтып міндетсімеген және мақтанбайтын. Облыстық деңгейдегі қызметін қомсынбай өзінен жоғары басшылар қандай тапсырма берсе де шын ниетімен, уақытында және адал орындайтын.

Сонымен қатар Ж.Тәшенев ешкімге намысын таптатпайтын ірі мінезді азамат болған. Мәскеудегі жоғары басшыларға жалтақтап, жағынбайтын. Ол сол кездегі Кеңес Одағының басшысы Н.С. Хрущевпен КСРО министрлері мен ведомство басшыларымен бірнеше рет бетпе бет айтысқан кездеріндегі сөздерінен байқалады.

Өмірден өткеніне 30 жылдай уақыт өтсе де Ж.Тәшенев есімі мен ерлігін халқы ұмытпай аңыз етіп айтуда.

Біз 2012 жылы Ж.Тәшенев туралы жазған кітабымызда халықтан шыққан қаһарман туралы аздап болса да кеңестік кезеңде және тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында бұқаралық ақпарат құралдарында, жекелеген кітаптарда осы халық қаһарманы туралы мақалалар мен естеліктер және замандастарының естеліктер жинақтары шығарғанын жазғанбыз. Әсіресе 80, 90 жылдық мерейтойлары кезінде Жұмабек Ахметұлының есімін ұлықтауда ерекше белсенділік көрсеткен Шымкент өңірінің ұлтжанды азаматтарының еңбектерін ризашылықпен атап көрсеткенбіз [4].

2010 жылы Ж.Тәшеневтің 95 жылдығында сол кездегі Қазақстан Республикасы Парламентінің сол кездегі депутаттары Бауыржан Смайылов пен Жарасбай Сүлейменов мемлекет және қоғам қайраткері Ж.А. Тәшеневтің есімін есте қалдыру, ерлігіне, қаһармандығына сай іс-шаралар ұйымдастыру мәселесін көтеріп, Үкіметке депутаттық сауал жолдады [5].

Жұмабек Ахметұлының 100 жылдық мерейтойын атап өтуге ҚР БҒМ ҒК Мемлекет тарихы институты ғалымдары өзіндік үлесін қосты. 2012 жылы «Жұмабек Тәшенев» туралы ғылыми-танымдық еңбек жазған институт ғалымдары С.Ж. Дүйсен мен Қ.Ә. Еңсенов институттың директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор Б.Ғ. Аяғанның редакторлығымен Ж.Тәшеневтің туған күні қарсаңында қайраткерге арналған естеліктер жинағын шығарды [6].

Кітапқа Жұмабек Ахметұлы Тәшеневтің көзін көрген, жүздескен замандастарының естеліктері және «тәшеневтанушылардың» мақалалары, ақындардың қайраткерге арнаған дастандары мен өлеңдері топтастырылған. Жинаққа бұрын жарияланбаған құжаттар және фотосуреттер енгізілген. Ж.Тәшенев туралы республиканың орыстілді азаматтарына да мәліметтер қолжетімді болуы үшін орыс тіліндегі материалдар да берілген. Институт ұжымы өз күшімен елордадағы академиялық кітапханада осы кітаптың тұсаукесерін өткізіп, елорданың зиялы қауымын Ж.Тәшенев әулеті өкілдерімен жүздестірді.

Парламент депутаттары да Жұмабек Ахметұлының мерейтойын атап өтуге өз үлестерін қосты. Еңбек ұжымдарының, Ақмола облысы мен Астана қаласының еңбек ардагерлері ұйымдарының және жекелеген азаматтардың өтініш хаттары бойынша Парламент депутаттары К.Н. Бұрханов, А.Б. Тасболатов, Ж.А. Ахметбеков, Ж.Дүйсебаев сияқты халық қалаулылары Үкіметке депутаттық сауал жолдап 2015 жылы болатын Жұмабек Тәшеневтің 100 жылдық мерейтойын лайықты атап өтуді өтінді.

Үкіметті С.Ахметов басқарып тұрған тұста 2015-2017 жылдары республикалық деңгейде өткізілетін мерейтойлар мен атаулы күндердің тізбесіне 2014 жылы 18 наурыздағы № 20-11/1076 шешімімен: «...Қазақ елінің тарихында ерекше орны бар тұлғаларымыздың бірі Ж.Тәшеневті есте қалдыруға қатысты мүдделі мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарға мерейтойды дайындау және өткізу жөнінде тиісті шаралар қабылдауға тапсырма берілді», - деген тапсырма берілген еді [6, 158].

Өкінішке орай үкіметтің сол шешімі әлі күнге дейін толық іске аспай тұр.

Бірақ Ж.Тәшеневтей ерін халқы батыр қайраткерді ардақтауға ат салысуда Ж.Тәшеневтің жерлесі, саясаттанушы Ерікболат Қабылдин қайраткердің туған ауданындағы «Жібек жолы» ауылында 95 жылдығына арналған аудандық деңгейде конференция ұйымдастырды. Бұқаралық ақпарат құралдарында Жұмабек Ахметұлының өмірі мен қызметін насихаттауға арналған ондаған мақалалар жариялады.

Мектептің 9-сыныбына арналған «Қазақстанның қазіргі заман тарихы» кітабының авторы Б.Ғ. Аяған 2009 жылы оқулыққа алғаш рет Ж.Тәшеневтің ерлігін баяндайтын: «Белгілі мемлекет және қоғам қайраткері, 1955-1961 жылдары Қазақ КСР-і Жоғарғы Кеңесі, Министрлер Кеңесінің төрағасы қызметтерін атқарған Жұмабек Тәшенев қазақ жерінің аумақтық тұтастығының сақталуына көп еңбек сіңірді» деген мәлімет кіргізді [7, 252]. Интернет мәліметіне қарағанда Көкшетау қаласында дербес зейнеткер Болат Көшімбаев деген ағамыз билікпен тартысып жүріп Жұмабек Тәшеневке қалада бір көше бергізіпті [8].

2015 жылы Көкшетау облыстық драма театры ұжымы Жұмабек Тәшеневке арналған спектакль қойды. Көрермендер театрлық қойылымды жақсы қабылдады.

Солтүстік Қазақстан облысы халқының қолдауымен Петропавл қаласында бір мектепке Ж.Тәшенев есімі берілді.

Астана қаласы Тілдерді дамыту басқармасының бұрынғы басшысы Ербол Тілешовтың ұйымдастыруымен елорда зиялыларының басын қосып жазда № 10 мектепте Ж.Тәшеневке арналған қалалық деңгейде бір конференция өткізілді.

Жұмабек Ахметұлының жерлес інісі, Ұлы Отан соғысының ардагері, 2014 жылы өмірден өткен астаналық Тоқабаев Қаматай ақсақал қайраткердің есімін ел есінде жаңғырту ісіне көп еңбек сіңірді. Ж.Тәшенев есімін ардақтау қажеттігін айтып Елбасыдан бастап, облыстар мен қала әкімдеріне, түрлі мекеме басшыларына дейін хаттар жазған еді.

Журналистика ардагері, ондаған жылдар бойы халық қаһарманының ерлігін талмай насихаттап келе жатқан астаналық Мейрам Байғазин 2015 жылы Ж.Тәшеневке арналған телехабар ұйымдастырды. Батырдың 95 жылдығы қарсаңында елордада ғылыми тәжірибелік конференция ұйымдастырып жинақ шығарды [9].

Осы жазда Нұра ауданының «Изенді» (бұрынғы «Нұра» кеңшары - авт.) ауылының басшысы, кәсіпкер, әрі ақынжанды Қанат Отарбаев деген азамат өз қаражатымен қазақтың біртуар тұлғасының рухына арнап 5 ауылдың басын қосып мәдени шара өткізіп, құран бағыштап ас берді. Аудандағы ауылдардың жастары арасында футболдан жарыс өткізді. Бұл шараға Астанадан республикаға танымал ақын Серік Тұрғынбеков, журналист Мейрам Байғазин, Алматыдан Ж.Тәшеневтің келіні Фатима Сыздыққызы, Мемлекет тарихы институтының қызметкерлері Ж.Қалиев, Қ.Еңсенов, қатысты [10]. Мемлекет тарихы институтының ғылыми қызметкері Ж.Н. Қалиев елордалық «Вечерняя Астана» газетінде (2014 г. 9 декабря), «Мәңгілік Ел» (2014 жыл № 2, 18-23 бет) журналында Жұмабек Ахметұлы туралы мақалалар жариялады.

Нұралық азамат Қанат Отарбаев Ж.Тәшеневке арнаған әнге өлең жазды. Осы ауданның азаматы Амангелді Базарбаев музыкасын жазып, «Дәуір дарабозы» әнін «Хабар» телеарнасында Ж.Тәшеневке арналған хабарда өзі орындады.

Осы келтірілген мысалдардан-ақ өмірден өткеніне 30 жылдай уақыт болса да халқының Жұмабек Тәшенев сияқты қаһарман ұлын ұмытпай, есімі халқының жадында аңыз болып сақталуда екенін, ұлтының қаһарман ұлына деген шынайы сезімін байқауға болады.

Қазақстанның басына қатер төнген сәтте бейбіт жолмен жерін қорғап қалған, сөйтіп ұлтының сағын сындырмай рухын көтерген, қызмет, мансап қумай, өмірден өткенше халқына адал қызмет еткен Жұмабек Ахметұлы Тәшеневті қазақ халқы мәңгілік ардақтап өтеді деп сенеміз.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
1. Қазақстан. Ұлттық энциклопедия. 8-том. – Алматы. Қазақстан. Ұлттық энциклопедиясының Бас редакциясы. 2006. - 704 бет.

2. Халықтың қайсар перзенті. Жұмабек Тәшенев туралы естеліктер. –Алматы: «Жазушы», 2005. - 296 бет.

3. Асан Ата К. Шынжырда өткен жолбарыс. Сказ о закованном тигре. –Алматы: «Үш қиян». 2004. - 408 бет.

4. С.Ж. Дүйсен, Қ.Ә. Еңсенов. Жұмабек Тәшенев. – Алматы: «Литер-М». 2012, - 320 бет.

5. Ж.Сүлейменов. Елдің Солтүстік қақпасы бір қайырылуды қажет етіп тұр // Астана ақшамы. 2009 жыл 18 наурыз.

6. Қазақтың қайсар қайраткері - Жұмабек Тәшенев: Жұмабек Ахметұлы Тәшенев туралы естеліктер, мақалалар, дастандар, өлеңдер құжаттар және фотосуреттер жинағы / Құрастырған: Сейітқали Дүйсен, Қанат Еңсенов. –Алматы: «Елтаным» баспасы. 2015. - 160 бет.

7. Б.Ғ. Аяған, М.Ж. Шәймерденова. Қазақстанның қазіргі заман тарихы. 9 сыныпқа арналған оқулық. – Алматы: Атамұра. 2009, - 384 бет.

8. old.qamshykz|?p-20404.

9. Ж.Тәшеневтің азаматтық ерлігі және қазіргі кездегі патриоттық тәрбие. Ғылыми-тәжірибелік конференция материалдарының жинағы. /Құрастырушы Мейрам Байғазин. – Астана: «Тархан принт» ЖШС баспасы. 2012. - 149 бет.

10. Қ.Еңсеновтің интернеттегі (фейсбукте) ақпараты.




ҚАЗАҚСТАН ТЕРРИТОРИЯСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ, НЫҒАЮЫНЫҢ ТАРИХИ САБАҚТАСТЫҒЫНАН

(Қазақ хандығынан Тәуелсіз Қазақстанға дейін)

(тарихи-танымдық бағыт)

Қарасаев Ғани Мұқашұлы

ҚР БҒМ ҒК Мемлекет тарихы институтының

бас ғылыми қызметкері, т.ғ.д., профессор

Астана қ.


Еуропа мен Азияның түйіскен аңғарын түгелге жуық алып жатқан Тәуелсіз Қазақстан Республикасының бүгінгі әлемдік қауымдастық таныған тарихи территориясының қалыптасып, нығаюының тарихы тереңде жатыр.

Анығына келгенде, қазіргі күнгі “Республиканың территориясы баты­сында Еділдің төменгі ағысынан шығысында Алтайға дейінгі 3000 шақырым, солтүстігінде Батыс Сібір жа­зы­ғынан оңтүстігінде 1600 шақырымға жуық Тянь-Шань тау жоталарына дейінгі аймақтарды алып жа­тыр. Шекарасының жалпы ұзындығы 15 мың шақы­рымнан артық, оның 12600 шақырымы құрлық, 3000-нан артығы су арқылы өтеді. Қазақстан батысы мен солтүстігінде Ресей Федерациясымен, оңтүстігінде Түркімениямен, Өзбекстанмен және Қырғызстанмен, шығысында Қытаймен шектеседі. Қазақстанның территориясының жалпы көлемі 2717,3 шаршы шақырым. Қазақстанның территориясына Франция, Испания, Португалия, Италия, Греция, Швеция, Норвегия және Финляндия бірге сиып кетеді”[1].

Cонау қола дәуірінен бастап арғы ата – бабалары қоныс етіп, шаруашылықтарын негіздеген қазіргі қазақ жерінде олардың салт-дәстүрлері, мәдениеті, сенімдері мен тілдері өмірге келгендігі баршамызға айғақ. Отан тарихшыларының ұзақ мерзімдік зерттеулерінің нәтижесінде осы жерді біздің халқымыздың ата-бабаларының көне заманнан бері мекендеп келе жатқандығы ешқандай дау тудырмайтын нақты деректер негізінде дәлелденіп отыр.

Жүйелей келгенде әлемдік ұғымда алдымен “Тұран”, одан кейін “Оғыз”, “Қыпшақ”, патшалық империя кезіндегі “Қырғыз даласы,” “Дала өлкесі” аталып келген еуразиялық осы үлкен аймақта алдымен қазақстандық қола дәуірі адамдарының, бұдан кейінгі мерзімдегі олардың ткелей ұрпақтары сақтардың, б.з. дейінгі бірінші мың жылдықтың соңындағы даламызға қоныс аударған ғұндардың, т.б. тайпалардың араласуы негізіндегі қалыптасқан түркілердің замандарына сай шаруашылығықтары мықты, әскери қуатты мемлекеттері қалыптасып, өмір сүрді. Мағлұматтарға сүйенетін болсақ, Авестада еске алынатын қазақстандық қола дәуірі тұрғындары- арийлықтардың алғашқы мекендері бүгінгі “Амудария мен Сырдарияның, Каспий мен Арал өңірлерінің солтүстік-шығыс аудандары, Кама өзені аңғарлары болған. ... Орта Азия – қуатты турлардың еліне айналып, жүздеген жылдардан кейін түркі тайпалары мен халықтарының атауы түріктердің негізінде Түркістан есімін алған” [2]. “Бұл айтылғандардың ішінде андроновтықтардың төл территориясы Қазақстан мен Оралдың жақын аудандары болды. М ұнда осы мәдениеттің көне ескерткіштері табылды” [3]

М.А.Акинжановтың жазуынша: “Хұн басқарушыларының билігіне Байкал аймағынан Тибетке және Оңтүстік Түркістаннан Хуанхенің орта ағысына дейінгі жерлер өтті. ... кейбір тайпаларды бағындыра, келесілерін соңдарынан ерте отыра олар батысқа қарай жылжып, Сырдария, Арал аңғарына, Орталық және Батыс Қазақстанға енді. Біздің .заманымыздың 1 ғасырында хұндар ... оңтүстік орыс даласына дейін жетті, ...” [4]

Бүгінгі қазақ жұрты біздің заманымыздың бірінші мың жылдығының екінші жартысынан түркі халқы негіздеген мемлекеттердің мекендеріне айналды. Олардың бастамасын бір орталыққа біріккен қуатты Түркі қағанаты жасады. Л.Н.Гумилевтың жазуынша: “ҮІ ғ. аяқ кезінде Түрік қағанатының шекарасы батыста Византиямен, түстікте Персиямен, ал шығыста Қытаймен тұйықталған десек, осы бір елдер тарихының қысыл-таяң жәйттері, біз сөз етіп отырған кезеңде түрік мемлекетінің тағдырымен байланысты болғаны өзінен-өзі түсінікті” [5].

Бұл мемлекеттің территориясын айналасындағылардың мойындаулары іске асырылды. Қағанат құрамында ішкі және халықаралық сауда мен мәдениеттің, отырықшылықты шаруашылық пен қолонердің орталықтары болған қазақстандық қалалар қалыптасты. Оларда білім, ғылым өркендеді, ақша қарым- қатынасы пайда болды. Осы мерзімдерде “Түрік Ел”, “Мәңгілік Ел” ұғымдары пайда болды.

Қазіргі Қазақстан территориясын толығымен қамтып, тұрғындары кейінгі қазақ руларының қалыптасуында басты орын алған халықтар болған Алтын Орда мемлекеті бірнеше ғасыр бойына әлемдегі ең ықпалды мемлекет болғандығы даусыз. Атап айтқанда, Шыңғысхан және оның ұрпақтары “Жошы ұлысын Алтайдан Дунайға дейінгі байтақ өлкені алып жатқан ... ұлан байтақ мемлекетке айналдырды. ... Алтын Орда бодандарының басым бөлегін түрік халықтары ... құрады. ... Ақсүйек және азын-аулақ таңдаулы әскер болған монғолдардың өздері едәуір тез арада өздерінің неғұрлым мәдениетті бодандарының ықпалына түсіп, ХІІІ ғасырдың аяғына қарай-ақ олар түркі тіліне көшті, ал сонан соң ислам дініне де кірді,”- [6.81,87]

Міне осылай Алтын Ордалық қазақ жері сол мерзімдегі Еуразиялық барша саяси, шаруашылық, мәдени, саудалық қатынастың бел- орталығына айналды.

ХҮ ғасырдың басынан Алтын Орда мемлекеті негізіндегі өмірге келген мемлекеттік бірлестіктер арасындағы орын алған ішкі және сыртқы қарама- қайшылықтардың нәтижесіндегі олардың құрамындағы көптеген түркілік тайпалар бірігіп, “қазақ ” есімін алды, осы атаулы мемлекеттің негізінің қалануы іске асырылды. Қалыптасқан жағдайдағы аталған ғасырдың екінші жартысында өмірге келген Қазақ хандығының тұңғыш билеушілері Керей мен Жәнібектің сыртқы саясаттағы маңыздықызметі жаңа мемлекетті нығайтып территориясын кеңейту болды. Осындай мақсатпен өздеріне жақтас руларды маңайларына топтастыра отыра олар біртіндеп ықпал ету аймақтарын кеңейте түскендіктері айғақ. “ … Мөлшермен,-деп жазады Бартольд,- 861 жылы (1456-57 жылдар) Абылхайырдың құдіреттілігіне қалмақтар ашық соғыс даласында ауыр соққы берді. Ол Сығнаққа қашып, жауларына елдің Сырдария өзеніне дейінгі жерлерін тонауына мүмкіндік берді. Нәтижесінде 870-жылдары (1465-66 жылдар) өзбек халқының арасында жік болып, қорытындысында далалық өлкені мекендеушілер сол заманнан “қазақ” аталған халықтың қалған бөлігінен ажырап кетті.

Мұхамед Хайдардың көрсетуінше олар 200000 адамға жуық болды. Олардың жетекшілері Гирей мен Жәнібек өзбек ханы Абылхайырмен араздасып, Есен Бұға оларды қарсы алды.”[7]

Анықтай айтқанда “Исан Бұха хан …оларға Моғолстанның солтүстік аймағын құраған Шу мен Қозыбаcы өңірін берді”. [8] Тура осы жерден біртіндеп Қазақ елінің қонысы бұрынғы ата-бабаларының кең аумақты мекендері есебінен үнемі кеңейе түсті.

Қазақ хандығының териториясының ұлғайып, оның көрші мемлекеттерге белгілі болуы әсіресе Қасымханның кезінде іске асты. Мысалы “... Қасым хан Дешті Қыпшақты түгелдей өзіне қаратып алғаны соншалықты Жошы ханнан кейін ешкім де ол сияқты мұндай билікке қол жеткізген емес.” [9]

Cаралап айтатын болса:“Қасым хан қазақтың кең-байтақ далалық жерінде өз үстемдігін нығайтып алды. Бұл кезде хандықтың шекарасы оңтүстігінде сырдарияның оң жағалауына, дейін жетіп, Түркістан қалаларының бір бөлегін қосып алды, оңтүстік шығысында ол жетісудың тау етектері мен жазықтарының едәуір бөлігін қамтыды, солтүстік шығысында Ұлытау мен Балқаш көлі өңірі арқылы өтіп, қарқаралы тауларының сілемдеріне дейін, солтүстік-батысында Жайық өзені аңғарына дейін жетті.”[6.375-376]



Көрсетілген уақыттағы Қазақ хандығының территориясын ХҮІІІ ғасырдың басындағы белгілі орыс зерттеушісі С. У.Ремезов алғаш рет картаға түсірді

[10].

ХІХ ғасырдың соңындағы ресейлік өлкетанушы ғалым Б.Г.Герасимовтың жазуынша:“Қасымхан – қазақ халқын біріктіруші. ... “ [11],- болды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет