1-тосан
|
14 сабақ
|
§7
|
Пәннің атауы: Қазақстан тарихы
|
6 сынып
|
Сабақ тақырыбы:
|
Түркі әлемі қалыптасуының басталуы.
|
Зерттеу сұрағы:
|
Түрік тілдес халықтардың миграциясы Еуразия тарихына қаншалықты әсерін тигізді?
|
Сабақтың мақсаты:
|
Моңғол үстіртіндегі түркі тайпаларының біртіндеп батысқа жылжуымен танысамыз;
Ұлы Далада қыпшақтану үрдісі күшейген тұста орын алған өзгерістерді білеміз.
|
Термин
|
Миграция - [лат. migratio - көші- қон, қоныс аудару] - адамдардың (мигранттардың) қандай да бір аумақтардың шекарасынан өтіп, ұзақ уақытқа немесе біржолата қоныс тебу процесі.
|
Сабақтың барысы:
Қысқаша конспект
|
Моңғол үстіртіндегі өзендер маңындағы құнарлы аймақтар түркі тайпаларының атамекендері еді. Олар Түрік қағанатының құрылар алдында, IV-V ғасырларда түркі тілдестердің тайпалар одағына кірген. Кейінірек төрт бөлікке: түркілерге, телектерге, сегіз оғыздарға, тоғыз оғыздарға бөлініп кетті. Осындай ірілі-ұсақты тайпалық бірлестіктерді біртіндеп ірі тайпалық одақтар ығыстыра бастады. VІІІ ғасырлардың орта шеніне дейін Моңғол үстіртін түркі тілдес тайпалар мекендеген.
Түркілер отанына VІІІ-ІХ ғасырларда Ұйғыр хандығы үстемдік жасады. Ұйғыр хандығының батыстағы көршісі Ертіс бойындағы қимақтар мен Алтай жотасының батысындағы қарлұқтар болды. Ұйғыр хандығының қысымына шыдамай оғыздар мен қыпшақтар батысқа – қазіргі Қазақстанға, яғни Ұлы Далаға қоныс аударған. Шығыстан осы өңірге алғаш түркітілдес оғыздар қоныстанды. Олардан кейінірек келген қыпшақтар рулары оғыздармен араласып, жаңа Алаш қауымдастығын қалыптасуын жеделдетті. Көшпелі салт-дәстүр және әскери-аристократиялық жүйеге негізделген мемлекеттік билік қыпшақтардың Еуразия кеңістігінде этникалық және саяси тұрғыдан кеңінен тарауына алып келді. Осы аймақта өмірге келген көптеген түркітілдес мемлекеттер өздерінің этникалық және саяси дамуында қыпшақ дәстүрін жалғастырды.
Қыпшақ тілі орасан зор аймақта бірқатар түркі халықтарының ұлттық тілі мен мәдениетінің қалыптасуына тікелей ықпал жасады. Олардың арасында Алаш қауымдастығының негізінде кейіннен жеке ұлт болып қалыптасқан қазақ халқы да бар.
Ұлы Даладағы көптеген тайпалық одақтар өздерінің тарихи тамырларын осы қыпшақ бірлестігімен байланыстырады. Көшпелі қыпшақтар өздерімен бірге түркітілдес әртүрлі тайпаларды ілестіріп жүрді және олардың жергілікті тайпаларымен араласып отырды.
Олар Қазақстанның солтүстік және батыс аймақтарында болашақ Алаш («Алты Алаш») қауымдастығын қалыптастыруға алғышарт болды. Осы бағыттағы түркітілдестердің қыпшақ одағына топтасулары ХІІІ ғасырда жаңа құрылған мемлекеттік бірлестік – Шыңғысханның үлкен ұлы басқарған Жошы ұлысының құрамында жалғасын тапты. Осы ұлыста Алаш қауымдастығы жаңа деңгейге көтеріліп, болашақ қазақ халқының негізі қаланды.
|
Сабақ барысында орындалатын тапсырмалар:
|
Мәтін бойынша 5 кілт сөзді анықта.
Тапсырма №1. Тайпалардың миграция (көшіп-қону) бағыттарын карта бойынша белгілеп,
территориялық орналасуын картаға түсіріңіз.
|
Сабақты қорытындылау
|
Түркі тайпаларының ең алғаш мекендеген аймағы қай жер болған?
Қыпшақтардың батысқа жылжуы Ұлы Дала аймағындағы түркі тайпаларын қандай этносаяси өзгерістерге ұшыратты?
Түркі тілдес халықтар неліктен қыпшақ тілдестерге және оғыз тілдестерге бөлінетінін анықта.
Осы халықтардың шығыстан батысқа миграциясының оған әсері қандай?
|
Үйге тапсырма
|
Қорытынды бағалау
Ең жақсы өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (оқытуға және үйренуге қатысты)
1:
2:
Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді
(оқытуға және үйренуге қатысты)?
1:
2:
|
Ғұндардың батысқа қоныс аударуы
Б.з.д 4-3 ғасырларда Қытайдың солтүстігі мен Орталық Азия жерінде мекендеген тайпалық бірлестік ғұндар - көшпелі, жауынгер халық болды. Ғұндар тәңіршілдік дінді ұстанып, түркі жазуын пайдаланған.
Б.з.д ІІІ ғасырда Қытай мемлекеті ғұндардан қорғану үшін Ұлы Қытай қорғанын сала бастайды.
Сол замандарда ғұндардың әскері 300-400 мыңға жеткен. Олар Байкалдан Тибетке, Шығыс Түркістаннан Хуанхэ өзеніне дейінгі жерді иелік етті.
Б.з.д. 47 жылы ғұндар оңтүстік және солтүстік болып екіге бөлініп кетеді. Оңтүстік ғұндар Қытайға бодан болуға көнсе, солтүстік ғұндар орталық азия тайпаларымен одақтасып батысқа қоныс аударып, өз тәуелсіздіктерін сақтап қалады.
Біздің заманымыздың 1 ғасырында ғұндардың екінші рет қоныс аударуы болды. 93 жылы қытайлардан қысым көрген солтүстік ғұндар өз жерінен ығыстырылып, тағы да батысқа қарай көшуге мәжбүр болады. Осылайша, ғұндар қазақ жері арқылы батысқа жылжиды. Б.з. 1 мыңжылдығының басында ғұндар жергілікті тайпаларды бағындырып, Сырдария бойымен Арал өңіріне, орталық және батыс Қазақстан аймақтарына көшіп барады. Ал біздің заманымыздың 4 ғасырында Шығыс және Орталық Еуропа жеріне келеді. Сөйтіп, олар үш ғасыр уақыт ішінде Еуропа жеріне енеді.
Ол Орталық Азияның саяси картасына, этникалық құрамына өзгерістер әкелді. Қытайдың ығыстыруымен ғұндар Алтай, Сарыарқа арқылы Батыс Қазақстанға жылжыды. Олар жолшыбай көптеген тайпалардың орын ауыстыруына әсер етті. Ғұн тайпаларының шығыстан батысқа қарай жылжуы б.з.д. II ғасырдан басталып, б.з. IV ғасырына дейін созылған. Ғұндар және халықтардың миграциясы тарихта "Ұлы қоныс аудару" деп аталады.
Ғұндар Еділден өтіп, алдарына сармат-аландарды сала отырып, Еуропаға енді.
Енді азиялық ғұндар Еуропалық жазбаларда "гундер" деп атала бастады. Олар Доннан Дунайға дейінгі ежелгі готтарды Дунайдың арғы жағына ығыстырды. Кейін готтар (герман тайпалары), остготтар (шығыс готтар) да ғұндармен одақтасуға мәжбүр болды.
Ғұндар Керчь бұғазы арқылы өтіп, Босфор патшалығын талқандады. Бүкіл Қара теңіз жағалауынан Днестрге дейін аралық ғұндардың қол астына көшті.
376 жылы ғұндар Рим империясы шекарасына тақап келді. V ғасырдың 30-жылдарында ғұн басшысы Румыния және Венгр жерінде мемлекет басына келгеннен бастап мемлекет күшейіп, әлемге әйгілі болды. Ғұндар патшасы Аттила Еуропада Ғұн мемлекетін құрып, елді кеңейту мақсатында Рим империясына қарсы күресті.
Достарыңызбен бөлісу: |