Сабақ №11 Тақырыбы: Конспект дегеніміз не?



Дата14.12.2021
өлшемі49,5 Kb.
#126509
түріСабақ
Байланысты:
Конспекті


Сабақ №11
Тақырыбы: Конспект дегеніміз не?

Мақсаты: Оқушылардың конспект туралы ақпараттандыру. Конспектіге қойылатын талаптармен таныстыру. Конспект жазу дағдыларын қалыптастыру, үйрету.

Сабақтың жоспары



    • Конспект не үшін қажет?

    • Конспект жазу сатылары

    • Конспект түрлері

    • Конспект құру

    • Конспект жазып үйренейік


Конспект дегеніміз -кең таралған жазба түрі, ол жоспар жасалған соң жазылады.Конспектінің негізгі материалы тезистер, қосымша ой тұжырымдарә мен дәлелдер.

Конспект не үшін қажет?

Конспект, басқа да мәтінді өңдеу тәсілдері сияқты, мәтінді түсініп есте сақтап жазу. Эксперименттік зерттеулер өздігінен өңделген мәтіннің көшірілген мәтінге қарағанда 7 есе жылдам есте сақталатындығын көрсетті.



Конспект жазу сатылары:

  • берілген ақпараттың маңызды бөліктерін таңдап алу;

  • таңдап алынған ақпаратты қысқартып өз тіліне аудару;

  • өңделген материалды жазып алу.


Конспектінің үш түрі бар:текстеуалды, еркін және тақырыптық.

Текстуалды конспект- кітаптың немесе мақаланың деректерін сол бетінше қысқаша құрылысын өзгертпей көшіру.

Еркін конспект -оқушының өз ойына, талабына, ыңғайына қатысты жазылады.

Тақырыптық конспекте негізге тақырыптық немесе мәселе алынады да, ол бірнеше дерек көздерден алынуы мүмкін.

Конспектінің негізгі ерекшелігі қысқартулар мен белгілерді пайдалану және уақытты үнемдеу.



Конспект құру

  • Мәтінді оқыңыз.

  • Мәтінге жоспар құрыңыз.

  • Қандай бөліктерін мағынасының өзгеруінсіз қысқартуға болатынын ойланыңыз.

  • Мағынасы жақын сөйлемдерді біріктіріңіз.

  • Жазу барысында құрмалас сөйлемдерді жәй сөйлемдерге ауыстырыңыз

  • Шартты белгілерді қолданыңыз.

Конспект жазу барысында:

  • Сөзбе-сөз көшіруге тырыспаңыз.

  • Жоспар құрыңыз, әр абзацтың басты мағынасын белгілеп алыңыз, қысқаша өңдеңіз.

  • Қысқартып жазғаныңызбен тақырыпты толық ашатын, мағыналы мәтін құруға тырысыңыз.

  • Конспектіңіз өзіңізге түсінікті болатындай жазуға тырысыңыз.

Ақпараттың мағынасын ашатын басты сөздерді таңдап жазу үлгілері:

  • Сөйлемнен тірек сөздерді белгілеп алыңыз;

  • Соның көмегімен конспектті қысқа әрі нұсқа жазамыз

Мәтінді кестеге айналдыру:

Мысалы: Тақырыбы: «Қостанай қаласының тарихы»

Мәтін: Қостанай осы атыраптағы байырғы елді мекендердің бірі. Оның іргесін 1897 ж. Ресей патшасының жарлығына байланысты қазақтың жергілікті руларынан тартып алынған «Қостанай» атты қоныста, Еділ бойы мен Орынбор губерниясынан көшіп келген орыс шаруалары қалаған.

Алғашқыда «Николаевка» деп аталды. 1893 ж. Қазақстанның құрамында болған бұрынғы Торғай облысында жаңадан ендірілген уездік аумақтық-әкімшілік бөлінісіне сәйкес оған «Қостанай» атауы берілді де, Қостанай уезінің орталығына айналды. 1912 – 13 ж. Оңтүстік Сібір темір жолы магистралінің Челябинск – Троицк – Қостанай тармағының салынуына байланысты Қостанай Ресейде өнеркәсіптік дамуы бойынша біршама ілгері тұрған Орталық Ресей аудандарымен тікелей сауда-саттық байланыстар жасауға мүмкіндік алды. Соның нәтижесінде Қостанай Солтүстік Қазақстандағы ірі сауда орталықтарының біріне айналды.



Қалада жеңіл және тамақ өнеркәсіптері, бу және дизель отынымен жұмыс істейтін диірмендер, қасапханалар, тері заттары, т.б. пайда болды. 1917 – 19 ж. Қостанайда Кеңес өкіметі орнап, 1920 ж. сол кездегі Ақтөбе облысындағы өзімен аттас округтің, 1925 ж. губернияның, 1936 ж. жаңадан құрылған Қостанай облысының орталығына айналды.


Негізгі сөз

Түсініктеме




















Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет