Сабақ Қазақ тілі 2- сынып Сабақтың тақырыбы: Зат есім Сабақтың мақсаты



Дата05.09.2020
өлшемі0,69 Mb.
#77368
түріСабақ
Байланысты:
Зат есім слайд 2-сынып


Ашық сабақ

Қазақ тілі

2- сынып

Сабақтың тақырыбы: Зат есім

Сабақтың мақсаты
  • 2.2.4.1 мұғалімнің көмегімен мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойды анықтау;
  • 2.2.3.1 мәтін мазмұны бойынша фактілерді анықтауға бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру;
  • 2.4.2.3 - сөз таптарын (зат есім, сын есім, сан есім, етістік) ажырату;

Ұйымдастыру кезеңі

Жарқырап күн де ашылды,

Айналаға нұр шашылды.

Қайырлы күн! Біз көңілді баламыз,

Қайырлы күн!Сәлемдесіп аламыз.

Мақсатымыз- білім алу,

Міндетіміз- еңбектену

Еңбектену арқылы

“5 “- ке қолды жеткізу!

Топқа біріктіру

1 – топ “Тұсау кесер”

2 – топ “Бесікке салу”

3 – топ “Сүндет той ”

4 – топ “Сүйінші сұрау”

Өткен сабақты пысықтау

“Кір жайғыш” әдісі.

Сабақ барысында тақырыпты ашатын тірек сөздерді жазып,кір жайғышқа іледі. Талдайды,талқылайды.

1 топ. Парақшалардан заттың атын білдіретін сөздерді тауып алып жіпке іледі.Сұрақ қояды?

2 топ. Осы суреттерді қойылатын сұрақтары бойынша бөледі.

3 топ. Сол зат есімге сын есім байланыстырып айтады.

4 топ. Етістік қосып сөйлем құрайды.

Дәптермен жұмыс

Көркем жазу

“Жариялау” әдісі. Әр топ берілген сұрақ бойынша өз позициясын жариялау.

15-жаттығу. Жұмбақты көшіріп жазу. Шешуін тап

Иесі оның-сәби,

Әрі төсек,

Әрі үй.


Дескриптор:

-Зат есімдердің астын сызады;

-Зат есімдерге сұрақ қояды;

17-жаттығу. Мәтінді көшіріп жаз. Бірінші сөйлемдегі зат есімдерді тап.

Дескриптор:

-Мәтінді сауатты, көркем етіп көшіріп жазады;

-Сөйлемнен зат есімдерді табады;



Сергіту сәті

Алақанды ұрайық,

Оңға қарай бұрылып,

Солға қарай бұрылып.

Бір отырып бір тұрып,

Бой сергітіп алайық.

“Сурет сыры” әдісі.

1топ. Суретке қарап әңгіме құрау

2топ. Бесік 5 жолды өлең құрастыру

3 топ. Салт дәстүрлерді атау

4-топ. Бесік жырын айту

Кері байланыс

«Білім қоржыны»

-«жасыл түс» мен толық түсіндім

-«сары түс» мен түсінген сияқтымын

-«қызыл түс» маған көмек қажет.

Мен толық түсіндім

Мен түсінген сияқтымын

Маған көмек қажет

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет