САБАҚ: Бөлім тақырыбы: Таза, мінсіз асыл сөз
«Керқұла атты Кендебай» ертегісі. «Керқұла атты Кендебай» ертегісінің құрылымдық сипаты
|
Күні:
|
Пән: қазақ әдебиеті
|
СЫНЫП: 5
|
Қатысқандар саны:
|
Қатыспағандар:
|
Сабақ негізделген оқу
мақсаты (мақсаттары)
|
әдеби шығармадағы екі нәрсені салыстыра суреттеулер мен қарама-қарсы суреттеулерді табу (5.А/И1.)
|
Сабақ мақсаттары
|
Барлық оқушылар:
|
Ертегідегі жағымды және жағымсыз кейіпкерлерді атап береді, оларды іс-әрекеттеріне қарай сипаттайды, өз сөзімен ертегі мазмұнына қатысты сұрақтарға жауап береді
|
Оқушылардың басым бөлігі:
|
Тақырыптың маңызы туралы дәлелдеп айтып бере алады.
|
Кейбір оқушылар:
|
Білімді сыныптастарына түсіндіріп оқулықтан тыс ресурстар қоса алады.
|
Бағалау критерийі
|
Әдеби шығармадағы екі нәрсені салыстыра суреттеулер мен қарама-қарсы суреттеулерді табады.
|
Тілдік құзіреттілік
|
Жаңа білім
|
Ресурстар
|
Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар және әртүрлі заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.
|
Әдіс-тәсілдер
|
Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.
|
Пәнаралық байланыс
|
Музыка, қазақ тілі.
|
Алдыңғы тақырып
|
«Керқұла атты Кендебай» ертегісі. Кендебайдың ерліктері
|
Жоспарланған
уақыт
|
Жоспарланған жаттығулар (төменде
жоспарланған жаттығулармен қатар,
ескертпелерді жазыңыз)
|
Ресурстар
|
Басталуы
Ортасы
|
Сұрақ- жауап:
-Балалар, ертегілер қалай басталатын еді?
-Иә, "Кендебай" ертегісі де осылай басталады екен. (шамалы бастап беру)
Қиял - ғажайып ертегілерде халық арманы, қиялы суреттеледі. «Керқұла атты Кендебай» ертегісінде халық арманын қай жерден көруге болады? Халық қатігез, мейірімсіз жау күштерін жеңетін, елін, халқын сүйетін батырлардың көп болуын, барлық адамдардың Кендебай сияқты жанашыр, мейірімді болғанын армандайды. Ел тыныштығын, халық бірлігін қалайды.
Төменде берілген сілтемеден Кендебай мен қойшы баланың диалогін тыңдаңыз.
-Кендебай орнында сіз болсаңыз, қойшы балаға қандай жақсылық жасар едіңіз?
Венн диаграммасымен жұмыс.
Кендебай мен бай балаларын салыстырту. (ертегіден үзінді тыңдайық)
Кендебай
Ұқсастығы
Бай балалары
|
https://bilimland.kz/kk/courses/audiochrestomathy/5-synyp/ertegiler/lesson/3-kerqula-atty-kendebai-ertegisi
https://bilimland.kz/kk/courses/audiochrestomathy/5-synyp/ertegiler/lesson/3-kerqula-atty-kendebai-ertegisi
Дескриптор:
-кейіпкерлерді салыстырады;
-ортақ қасиетін табады.
|
|
Берілген ертегіні оқи отырып, Кендебайдың ерлігін суреттейтін абзацтарын табыңдар.
Кейіпкердің ең маңызды 3 әрекетін жазу. Кестені толтыру. (Кендебай және Керқұла бейнелері)
Кесте толтырыңыз
Өзіңді тексер
|
Дескриптор:
-Кестені толтырады
-Кейіпкерлердің портретін ертегіден табады;
-ең маңызды 3 ақпарат келтіреді;
|
Қорытынды
Қосымша ақпарат
|
Бүгінгі сабақта: Әдеби шығармадағы екі нәрсені салыстыра суреттеулер мен қарама-қарсы суреттеулерді таптың.Тақырыпты меңгердің «Керқұла атты Кендебай» ертегісі туралы мәлімет алдың.
“Керқұла аттың өсіп жетілуі” тақырыбында ертегі жазыңыз
|
|
|