1 наурыз Алғыс айту күні



Дата28.02.2023
өлшемі17,56 Kb.
#170480
Байланысты:
Алғыс айту күні ҚМЖ Тәрбие сағаты (1)




1 наурыз – Алғыс айту күні
1 наурыз – Алғыс айту күні. 2016 жылғы 14 қаңтарда Қазақстан республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні 1 наурызды елімізде Алғыс айту күні деп жариялап, № 173 Жарлыққа қол қойған болатын.
Алғыс айту күні – күрделі заманда иық тіресе бірге еңсеріп, қысқа мерзім ішінде Елбасының басшылығымен Тәуелсіз Қазақстанды құру жолында аянбай тер төккен еліміздің барлық азаматттарының бір-біріне құрмет білдіретін күн.
Президент Алғыс айту күні туралы: «Қазақстан халқы ассамблеясы құрылған күн – 1 наурызды жыл сайын барлық этностардың бір біріне және мейірбандық танытып, ол адамдарды өз туғанындай қабылдаған қазақтарға алғыс айту күні ретінде атап өту әділетті болар еді. Ол күн бізді бұрынғыдан да гөрі жақындастыра түспек. Бұл күн мейірімділіктің, бүкіл қазақстандықтардың бір біріне деген достығы мен махаббатының жарқын мерекесі бола алар еді», – деген болатын.
Атаулы күн алғаш рет 1621 жылы ағылшындық колонистердің бастамасымен тойланған. Қыс мезгілі өте ауыр болып, адамдар аштыққа ұшырағандықтан губернатор Уильям Брэдфорд қол астындағылардың көңіл-күйін көтеру үшін Алғыс айту күнін белгілейді. Айналадағы басқа да көршілер бұл дәстүрді жылы қабылдап, қаһарлы қысты аман-есен өткереді. Рақмет айту күнінің басты нышандарының бірі – түйе тауық. Себебі, ағылшындық колонистер мерекені алғаш тойлағанда орманда атылған төрт түйе тауықты жеген екен.
Кейіннен, яғни, 1789 жылы Джордж Вашингтон Рақмет айту күнін "Ұлттық мереке" деп жариялайды. Бұл күні барлық отбасы міндетті түрде дастарқан басына жиналып, туыстарына жақсылық жасауға асығады, жақындарын қуанту үшін түрлі тосын сыйлар ойлап табады. Қаладағы метроларда ерекше үстелдер орнатылып, адамдар ақша, азық-түліктерін қайырымдылыққа әкеліп қояды. ХVІІ ғасырдан келе жатқан әр түрлі киімдерді киген тұрғындар шеруге шығып, думанды кештер ұйымдастырады.


Анаға – өмір сыйлағаны үшін,
Әкеге- қорған болғаны үшін,
Далаға – гүлдері мен көк шалғыны үшін,
Сөзге – жанды жылытатыны үшін,
Күнге – шуағы мен назары үшін,
Жұлдызға – қараңғы түндегі жарығы үшін,
Досқа – құшағы мен иығы үшін,
Әжеге – ыстық алақаны үшін,
Суға – тіршілік көзі болғаны үшін,
Жерге – махаббаты мен бар болғаны үшін,

Анама алғыс!
Жанарымды жайнатқан жөргектегі елде.
Еңсесі түзу жан болар ма едім?
Құба талды бесігін тербетпегенде.
Түн ұйқысын тәркі етіп тынымсыздыққа 
Қуанышы тасыған еңбектегенде.

Әкеме алғыс!


Ұл болсын деп тілеген Ер Түрігімдей.
Өмірімде бөрідей болуға баулып 
Қойынына басатын бөлтірігіндей.
Бақытым болар жырымды жария етсем 
Әуелеген әкемнің еркін үніндей.

Ағаға алғыс!


Ұзай кетсем ойлайтын қамымды менің.
Бір бәлеге тап болса құрсақтастарым 
Қапсырмалап,қысатын жанымды демім.
Бауырларым болмаса тірегім болған
Осыншама айбатты,арынды ма едім?!

Әпкеге алғыс!


Нұсқауымен көрсеткен кәделіні ұқтым.
Анамыздан айнымай туылғаннан ақ
Иесіне айналған әдемі үміттің.
Өшірмейтін жарығын мына әлемдегі 
Белгісі болып жаралған әдеміліктің.

Ініге алғыс!


Жалғасы болып өмірдің тұратын күліп.
Деп жүреді:"Ардақтап көтеремін мен
Атамыздың аманат,мұратын биік"
Қиындыққа кезіксе соққы болатын
Менің жаным ол үшін тынатын күйіп.

Ұстазға алғыс!


Бағым жанып,батылмен бел асқаныма.
Төзіндіріп өмірдің талаптарына
Ниеттеген арманның ең асқағына.
Арқасында ұстаздың даналар баққан 
Ой-өрісім бұл күнде тең аспаныма.

Сүйгенге алғыс!


"Үйленуге біздерге ерте" деп маған
Айтып жүреді,керемет күндер тілейді
Шығыс жақтан ңұрланса ертелеп далам.
Көздерінде бар әлем әрленіп қалып
Күлімсіреп тұрады еркелеп маған.

Досыма алғыс!


Бірге қарсы шығатын қиындықтарға.
Ең бақытты ер болып жүретін едім
Қысылғанда достарым күйімді ұққанда.
Көтеретін еңсемді егіліп,талсам 
Жақсылықты жамандық зұлым жыққанда.

Еліме алғыс!


Балаң едім батаңмен жанатын бағы.
Нәтижесі тілектің өзіңнен туған
Мына ұлыңның ақын болып жаратылғаны.
Қол жеткізіп еліме тарту етемін 
Биіктікті қыранның қанатындағы.

Өмірге алғыс!


Өнегеңді түсіндім бар күшімменен.
Айналайын,тағдырым, қасиетіңнен
Келіп тұрар бетіме қарлы шыңменен.
Шабыттанған жаныма жауап қатқайсың 
Ей,өмірім,алғысқа- алғысыңменен!!

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет