Өрт - бұл адамның өмірі мен денсаулығына, қоғам мен мемлекетке зиянын тигізетін, қоршаған ортаға үлкен материалдық зақым келтіретін, қоршаған ортадағы заттардың бақылаусыз жануы.Ең күрделі, зиян тигізетін өрттер өртке қауіпті нысандарда және басқа да зақымдау факторлары (жарылыс, улы заттардың жиналуы т.б.) бар нысандарда болады. Сонымен бірге, адамдар көп шоғырланған жерлерде де өрт шығу қаупі бар. Өрт салдары зақымдау факторларының әрекеттеріне байланысты болады. Оларға жататындар:
- жанғыш заттың отқа тікелей әсері;
- сәулелер есебінен жоғары температуралы заттар мен нысандарға қашықтықтық әсері;
- жану аймағында иісті газбен улану;
- жану кезіндегі токсинді өнімдерден улану;
- құрылыстардың конструктивті бөліктерінің бұзылып құлауынан адамдардың жарақат алуы немесе қаза болуы.
Өндірістегі өрттердің негізгі себептеріне құрал-жабдықтардың технологиялық жұмыс тәртібінің бұзылуы, электр жабдықтарының ақаулылығы, жаб- дықтардың жөндеу жұмыстарына нашар дайындылығы, әртүрлі материалдардың өздігінен жануы және т.б. жатады. Жарылыс кезінде өртті болдырмау үшін ыстық жанғыш, жарылысқа қауіпті ортаның пайда болуына мүмкіндік бермей, оталдыру көзінің пайда болуына кедергі жасау керек. Өрт қауіпсіздігі - бұл өрт болу мүмкіндігін болдырмау және оның пайда болған кезінде адамдарға, құрылыс және материалдық құндылықтарға өрттің қауіпті факторларының жағымсыз әсерлерін жою үшін қажетті шараларды қолдану болып саналады. Өрт қауіпсіздігі - өрттің алдын алу шаралары мен және белсенді өрт қорғанысымен қамтамасыз етіледі. Өрттің алдын алуы болып өртті болдырмау немесе оның салдарын азайтуға бағытталған іс-шаралардың кешені саналады. Белсенді өрт қорғанысы - бұл өрт немесе жарылысқа қауіпті жағдайларымен белсенді күресуді қамтамасыз ету шаралары. Ең қарапайым өрт сөндіру құралдарына сұйықты және көбікті өрт сөндіргіштер жатады. Олар ішінде қышқыл сұйық құйылған темір баллон түрінде болады. Ол темір баллонның ішіне шыныдан немесе полиэтилен пакетінен жасалған күкірт қышқылы құйылған ыдыс орнатылады. Керек жағдайда өрт сөндіргіштің арнайы түтігін төмен қаратып соған күкірт қышқылы құйылған ыдысты сындыру арқылы пайдаланады. Сол кезде, қышқыл, сілті сұйықпен әрекеттесе басталысымен көпірік пайда болып, химиялық әрекеттесу реакциясы жүреді де, сонымен қатар үлкен қысым пайда болады. Соның арқасында өрт өшiргiштен көпiрiк атқылай бастайды.
Өрт сөндіру құралдары:
ЭЕМ-де өрт қаупін ток тасушы өткізгіштерден және кернеудегі электрондық сұлбалардан, сонымен қатар тез жанғыш материалдар бөлшектерінің қызуынан, тоқтың мүмкін болмайтын артуы себебінен трансформатордың жануынан, қысқа тұйықталған жалғаушы өткізгіштерді оқшауландырудың бұзылуынан және жергілікті қызудың электрлік доғалының пайда болуынан туындайды. мыс зауыты өрт қаупі бойынша СН П II-A5-70 нормасына сәйкес Г категориясына жатады, ал, ЕТ құрылғылары орналасқан есептеу орталығының бөлмесі өндірістік мекемелері құрылыстық жобалаудың өртке қарсы нормаларына сәйкес өртке төзімділік дәрежесі бойынша ІІІ-категорияға жатады. Қысқа тұйықталудан пайда болатын өртті болдырмау үшін барлық ток тасушы өрттер линияны R3 болғанда өшіретін релелік қорғанышпен қамтамасыз етілген. Әртүрлі заттардың және материалдардың жануын өшіру үшін ЕҚ бөлмесінде ОУ-5 типті қозғалмалы көмір қышқылды өрт сөндіргіштер орнатылған. Өрт сөндіру нормаларына сәйкес ЕҚ бөлмесіне ОУ-5 типті 2 өрт сөндір- гіш қойылған. Өрт шыққан жағдайда қызметкерлерді залалсыздандыру үшін СН 245-71 нормасына сәйкес ортақ залдан 2 эвакуациялық шығыс, сондай-ақ, сыртқа шығатын өрт сатылары қарастырылған. Есіктердің ені 1,5 м, өткізу қабілеті 50 адам/мин. Өрт жайлы жылдам хабр беруші 2 телефон орнатылған: бірі - ЕҚ
бөлмесіндегі қалалық телефон, бірі - дәліздегі телефон-автомат.
Эвакуация жайлы хабар бөлімдер бойынша орындалады. Өрт қауіпсіздігіне ЕҚ басшысы жауап береді. Мекемеде қызметкерлер және ИТР, жұмыскерлер арасынан ерікті түрде өртке қарсы топ құрылған. Қорытындылай келгенде, мыс өндірісінде өміртіршілік қауіпсіздігін қатаң сақтануымыз керек. Бұл бөлімде желдетуді, жерлендіруді, өрт шараларын қарастырғанымыздай, өнеркәсіпте осы шарттарды сақтануымыз қажет. Мекеме ішін тұрақты түрде тазалап, ауа алмастырып, тоқ сымдарынан абай болу керек. Өрт қауіпсіздігін ескере отырып, алдын алу шараларын ұйымдастырып, болырмауға тырысайык.
Достарыңызбен бөлісу: |