2014 жылға Павлодар облысы тжд «ӨСжАҚЖҚ» мм бөлімшелерінде әскери және қызметтік дайындықты ұйымдастырудың талдауы 2014 жыл бойы облыстың өртке қарсы қызмет гарнизонында « дайындық ережелері»



Дата13.02.2017
өлшемі99,74 Kb.
2014 жылға Павлодар облысы ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ бөлімшелерінде әскери және қызметтік дайындықты ұйымдастырудың ТАЛДАУЫ

2014 жыл бойы облыстың өртке қарсы қызмет гарнизонында «... дайындық ережелері» бекітетін, ҚР ТЖ министрінің 12.07.2010 жылғы №245 бұйрығына сәйкес әзірленген, тақырыптық жоспарлар негізінде кезекші қарауылдар жеке құрамының әскери және қызметтік двйындығы ұйымдастырылған болатын.

Жеке құрамның әскери дайындық деңгейі, алғашқы кезекті апаттық-құтқару жұмыстарын жүргізу сапасы, өрттерді сөндіру толығымен жеке құрамның қойылған міндеттерді орындауға дайындық дәрежесіне байланысты. Оқу үрдісін ұйымдастыру және өткізу өрт сөндіруді жүзеге асыру бойынша тапсырмаларды орындауға жеке құрамның кәсіби дайындығының деңгейін төмендетуге әсер ететін теріс факторларды анықтау мақсатында, бөлімше басшыларының тарапынан күнделікті бақылауды қажет етеді.

ӨТОЖ және ӨТТШ өткізу кестесіне сәйкес бөлімшенің жеке құрамымен өрт-тактикалық оқу жаттығулары өткізілді. Өткізілген оқу-жаттығулардың нәтижелері бойынша Павлодар, Екібастұз, Ақсу қалаларының гарнизондарында жеке құрамның, өрт сөндіру жедел штаб лауазымдық тұлғаларының әрекеттерін талдау, мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының жауынгерлік жарғы білімдерін жетілдіру бойынша кезекші қараылдардың жеке құрамымен сабақтар жүргізілді. «АҚЖ және өрттерді сөндіру тактикасы» бойынша практикалық сабақтарды жүргізу кезінде тиісті объектілерде өрт сөндірудің жедел құжаттамасымен жұмыс жасау жүргізілді. Бөлімшенің газ-түтіннен қорғау қызметінің жеке құрамымен таза ауадағы, ЖТК және психологиялық дайындық жолағындағы сабақтар «Газ-түтіннен қорғау қызметінің жек құрамымен сабақтарды ұйымдастыру және өткізу» бойынша әдістемелік нұсқаулық негізінде өткізілді.

Сонымен қатар жүргізілген талдау «ӨСжАҚЖҚ» ММ аппаратымен өткізілген бөлімше басшыларымен оқу үрдісін ұйымдастыру бойынша жұмысқа қарамастан, жеке бөлімшелерде әскери және қызметтік дайындықты ұйымдастыруда және өткізуде қазіргі уақытқа дейін қатаң жетіспеушіліктер орын алуда.

Бұл жіберілген қателер бөлімше басшылары өздерінің міндеттерін толық орындамағандықтан, және жұмыстарын бөлімше командирлеріне, қарауыл бастықтарына аударғандықтан болуы мүмкін. Сонымен «... дайындық ережелері» №4 тарауының талаптарына сәйкес бөлімше басшылары әскери дайындықтың тікелей басшылары болып табылады және жеке құрамды тәрбиелеу мен оқыту бағдарламасын орындауға жауап береді.

Ағымдағы жылдың сәуірінде ӨСКҚ қызметкерлерімен Павлодар қ. бөлімшелерінің қызметтік әрекетін ұйымдастыруға тексеріс жүргізілді. Тексеріс барысында келесі кемшіліктер анықталды. Сонымен, №1 МӨСБ-де әскери дайындықты есепке алу журналының әскери дайындықты тексеретін тұлғалар бағанасында тексерушілердің жазбасы жоқ (бөлімше басшылары). Тұлғалармен, атап айтқанда жүргізушілер құрамымен және алмастырушы радиотелефонсттермен арнайы дайындық бойынша сабақтарды жүргізу үшін тақырыптық жоспарлар, сабақтар кетесі және жоспар-конспектілер жоқ.

№2 ӨСБ – Тұлғалармен, атап айтқанда алмастырушы радиотелефонсттермен арнайы дайындық бойынша сабақтарды жүргізу үшін тақырыптық жоспарлар, сабақтар кетесі және жоспар-конспектілер жоқ.

№34 ӨСБ – ӘҚД бойынша есепке алу журналында 2014 жылғы 1-тоқсанның қорытындысы уақытында шығарылмаған, атап айтқанда 09.04.2014 жылғы. Арнайы дайындық бойынша радиотелефонистермен тақырыптық жоспар, сабақтар кестесі және жоспар-конспект, сонымен қатар жүргізушілерде арнайы дайындық бойынша наурыз айына жоспар-конспектілер болған жоқ.

№35 ӨСБ – Бөлімше басшыларынада қосымша сабақтар жүргізу үшін жоспар конспектілері жоқ.

Көптеген бөлімшелерде ӨТОЖ және ӨТТШ формалды немесе мүлдем өткізілмейді, бұл кестенің бұзылуына әкеп соғады, себебі өткізу жоспары ӨСКҚ қарастыруға және бекітуге ұсынылмайды.

2014 жылы бекітілген кестеге сәйкес, 92 ӨТОЖ және 94 ӨТТШ өткізу жоспарланған.

Сонымен қоса, Павлодар, Ақсу қ.қ. объектілерінде кенеттен ӨТОЖ өткізілді – Ақсу қ. «ЕЭК» АҚ, - Павлодар қ. «Гелиос» ЖШС мұнайбазасы, - қосымша: «Павлодар» ГНПС, «ҚазТрансОйл» ПНУ ВФ АЩ, ТЭЦ-2 және «Павлодарэнерго» АҚ ТЭЦ-3.

2014 жылғы 22 қазандағы «ӨСжАҚЖҚ» ММ гарнизоны бөлімшелерінің жеке құрамының әскери және қызметтік дайындық қорытындыларын шығару туралы» №202 бұйрық негізінде, Павлодар облысы ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ бөлімшелерінің жеке құрамының әскери дайындығының қорытындысы шығарылды.

Емтихандарды және қорытындыларды квалификациялық қабылдауды жүзеге асыру мақсатында, қорытынды шығару үшін біраңғай тестілер әзірленді, барлық қызметкерлер санаты үшін практикалық бөлімнің сынағы бойынша ӘСД нормативтері анықталды. Сынақ тапыру нәтижесі бойынша бөлімшенің жеке құрамы санынан әрбір қызметкердің орташа ұпайы саналды. Қызметкердң жеке орташа бағасынан бөлімшенің, қарауылдың орташа бағасы анықталды.

Кезекші қарауылдардың орташа баға нәтижесі бойынша бөлімшелер алған орындар анықталды. Қорытынды шығару кезінде бөлімше қызметкерлерінің тәртіптік жазалары ескерілді.

Қалаларды қорғау бойынша бөлімшелердің жеке құрамының 2014 жылға сынақ тапсыру нәтижесі бойынша орташа бағалау ұпайының көрсеткіштері №1 кестеде көрсетілген.

№1 кесте


р/н

Бөлімше

2013 жылға орташа ұпай

2014 жылға орташа ұпай

1.

МӨСБ-1

4,29

4,77

2.

ӨСБ-2

4,60

4,67

3.

ӨСБ-33

4,32

4,15

4.

ӨСБ-34

4,33

4,51

5.

МӨСБ-14

4,66

4,50

6.

ӨСБ-11

4,79

4,75

7.

ӨСБ-32

3,59

4,46

Бөлімшелерде саны аз жеке құрамының 2014 жылға сынақ тапсыру нәтижесі бойынша орташа бағалау ұпайының көрсеткіштері №2 кестеде көрсетілген.



№2 кесте

р/н

Бөлімше

2013 жылға орташа ұпай

2014 жылға орташа ұпай

1.

ӨСБ-17

4,63

4,73

2.

ӨСБ -18

4,44

3,81

3.

ӨСБ -19

4,22

4,24

4.

ӨСБ -20

4,05

4,32

5.

ӨСБ -21

3,86

4,07

6.

ӨСБ -22

2,90

3,54

7.

ӨСБ -23

4,37

4,09

8.

ӨСБ -24

4,19

4,33

9.

ӨСБ -25

4,36

3,46

10.

ӨСБ -26

3,42

3,47

11.

ӨСБ -27

4,16

3,59

12.

ӨСБ -28

3,88

3,59

13.

ӨСБ -29

3,94

3,67

14.

ӨСБ -35

4,43

4,32

15

ЖӨСБ

3,86

4,18

2014 жылы қалаларды қорғау бойынша «ӨСжАҚЖҚ» ММ бөлімшелерінде жеке құрамның әскери және қызметтік дайындықты ұйымдастыру және өткізу сапасы жақсарды. Қызметкерлердің білім деңгейінің орташа көрсеткіші 4,54 ұпайды құрады (2013 жылы – 4,37ұпай). Сынақ тапсыру нәтижесі бойынша қалаларды қорғау бөлімшелерінің 218 қызметкерлерінен 2014 жылы «Әскери дайындықтың үздігі» атағына 69 қызметкер қол жеткізді. Бұл 31,6 % құрайды (2013 жылы – 37 адама – 17,6 %).

«Әскери дайындықтың үздігі» атағына қол жеткізген қызметкерлердің саны 2013 жылмен салыстырғанда 32 адамға артты.

Аудандық бөлімшелердің жеке құрамның әскери және қызметтік дайындық бойынша сабақтарды ұйымдастыру және өткізу сапасы төмендеді. Қызметкерлер білімдерінің орташа деңгей көрсеткіштері 3,72 ұпайды құрады (2013 жылы – 4,05 ұпай). Сынақ тапсыру нәтижесі бойынша аудандарды қорғау бөлімшелерінің 202 қызметкерлерінен 2014 жылы «Әскери дайындықтың үздігі» атағына 9 қызметкер қол жеткізді, бұл 4,45 % (13 адам – 6,91 %) құрайды. «Әскери дайындықтың үздігі» атағына қол жеткізгендердің саны 2013 жылмен салыстырғанда 4 адамға азайды.


Бөлімшелердегі үздіктердің саны туралы мәлімет №3 кестеде келтірілген
№3 кесте


Бөлімше

2013 жылғы үздіктердің саны

2014 жылғы үздіктердің саны

МӨСБ-1

4

26

ӨСБ-2

9

20

ӨСБ -34

2

2

ӨСБ -11

13

8

МӨСБ -14

7

8

ӨСБ -33

2

-

ӨСБ -32

-

5

ӨСБ -17

3

4

ӨСБ -18

2

-

ӨСБ -19

2

-

ӨСБ -23

2

-

ӨСБ -25

2

-

ӨСБ -35

2

1

ӨСБ -20




1

ӨСБ -21




1

ПППЧ-2




2

2015 жылы жеке құрамның әскери дайындығын ұйымдастыруды жақсартуға бағытталған негізгі міндеттер:

-облыс гарнизонының өрт сөндіру бөлімдеріндегі басшы құрамның кәсіби деңгейін арттыру;

-ӨТТ шешу бойынша тәжірбие сабақтарын жүргізу сапасын жақсарту;

-қызметкерлер санатын арнайы дайындық бойынша сабақтарды жүргізу сапасын жақсарту;

-қызметкерлері аз бөлімшелерде әскери және қызметтік дайындық жүйесінде сабақтарды ұйымдастыру және жүргізу сапасын жақсарту.


Павлодар облысы ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ бөлімшелері жеке құрамының әскери дайындығын арттыру үшін 2015 жылы:

1.Бөлімше басшыларына «... дайындық ережелері», тақырыптық жоспарларна, әскери дайындықтың жоспар-кестелеріне сәйкес ӘҚБбойынша сабақ кестелерін және жоспар-конспектілерін әзірлеу сапасын жақсарту;

2.Сабақ жетекшілері ӨТТШ өткізу алдында 20 күн бұрын ММ-ге қарастыруға ұсыну;

3.№21, 22, 25, 28, 33 ӨСБ бастықтары жеке құрамның ӘҚД бойынша сабақтар кестесін және жоспар-конспектілерінсапалы әзірлеуді ұйымдастыру;

4.Бөлім бастықтарына қарауыл бастықртарымен жоспар-конспектілерін әзірлеуді және жеке құраммен ӘҚД бойынша сабақ жүргізу сапасын бақылау;

5.Бөлім бастықтары бекітілген ӨТТШ өткізу кестелерін және құжаттаманы уақытында әзірлеуді және осы бағыттағы есептілікті жек бақылауға алу қажет.



Павлодар облысы «ӨСжАҚЖҚ» ММ
Каталог: images -> stories -> 2015
stories -> Ғылыми кітапхана Ақпараттық-библиографиялық бөлім
stories -> Емтихан сұРАҚтары
stories -> Бағдарламасы Тақырыбы: «Қазақ тілі мен қазақ әдебиетін оқытудың әдістері»
stories -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
stories -> Батыс қазақстан ауыл шаруашылығЫ 1946-2000 жылдарда
stories -> Ғылыми кітапхана Ақпараттық-библиографиялық бөлім Ақ Жайықтың Хамзасы
stories -> С. торайғыров атындағы павлодар
stories -> Қайрғалиева гулфайруз батырлар институты және оның дәстүрлі қазақ қоғамындағы орны
2015 -> Бөлімшелерде 2015 жылдың 1 жартыжылдығына әскери және қызметтік дайындықты ұйымдастыру талдауы
2015 -> Бюллетень новых поступлений


Достарыңызбен бөлісу:


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет