Педагогикалық психология – жалпы, жас ерекшелік, әлеуметтік психология, тұлға психологиясы, теориялық және практикалық педагогикаға негізделінген білімнің пәнаралық дербес саласы.
Алғаш рет Ян Амос Коменскийдің 1657 жылы “Ұлы дидактика” еңбегінде жазылған педагогикалық ойлар, педагогикалық теорияның және мектептегі оқытуды мақсатты ұйымдастырудың дамуына жол бастады. Бұл еңбекті педагогикалық психологияның 250 жыл бұрын ұзақ қарама-қайшылықты дамуының алғашқы алғышарты ретінде де қарастыруға болады, өйткені тек XIX ғасырдың соңынан бастап қана ол дербес ғылым ретінде қалыптаса бастады.
Мейманның “Эксперименталдық психология бойынша лекциялар” кітабы;
Дж.Селлидің “Балалар психологиясы бойынша очерктер” атты еңбектерін жариялады.
III кезең
Б.Скин; Л.Н.Ланда; В.Оконь; М.И.Махмутов; Дж.Дьюи; О.Зельц; К.Дункер; С.Л.Рубинштейн; А.М.Матюшкин; П.Я.Гальперин; Н.Ф.Талызина; А.К.Маркова; И.И.Ильясов; Л.И.Айдарова; В.В.Рубцов сияқты ғалымдар зерттеген.
Педагогикалық психологияның зерттеу әдістері
Бақылау
Әңгімелесу
Сұхбат жүргізу
Сауалнама
Эксперимент
Іс-әрекет (шығармашылықтың) өнімнің талдауы
Тестілеу
Бақылау – адамды мақсатты, жүйелі зерттеудің эмпирикалық әдісі. Әңгімелесу - педагогикалық психологияда адам туралы, онымен қарым-қатынас жасау, оның мақсаты бағытталған сұрақтарға жауаптарының нәтижесінде алудың эмпирикалық әдіс. Сұхбат жүргізу - әңгімелесудің ерекше түрі ретінде, ол туралы хабарлар, сұхбат алынып отырған адам туралы ақпарат алу үшін ғана емес, басқа адамдар, оқиғалар т.б. мәліметтер алу үшін қолданылады. Сауалнама – арнайы дайындалған жауаптар және зерттеудің негізгі міндетіне сәйкес сұрақтар негізінде ақпарат алудың эмпирикалық әлеуметтік-психологиялық әдісі. Эксперимент – ғылыми зерттеудің педагогикалық психологияда кеңінен таралған эмпирикалық әдісі. Іс-әрекет нәтижелерін талдау – адамды оның іс-әрекетінің материалдық және идеалдық өнімдер интерпретациялау, талдау, заттансыздыру арқылы эмпирикалық зерттеу әдісі. Тестілеу – психодиагностикалық процедура, тестілер жүргізу.
Қорыта келе, педагогикалық психология өзінің жеке пайда болу және даму тарихы бар, оны талдау-зерттеу пәнінің мәні мен ерекшелігін түсінуге мүмкіндік береді.
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
1. Жарықбаев Қ. Жалпы психология
Алматы: 2004 ж.
2. Педагогикалық және жас ерекшелік психологиясы Алматы: Мектеп 1987 ж.
3. АйтышеваА.М. “Психологиялық кеңес беру тәсілдерін оқыту үрдісінде ”