Тау-кен ісі — жер қойнауын игеру бойынша адамдардың қызмет ету аймағы. Ол пайдалы қазбаларды игеру мақсатында жер қыртысына адамдардың барлық түрдегі әсер етуінен, оларды алғашқы өндеуден өткізуден, және де тау-кен өндірісінің технологиясымен байланысты ғылыми зерттеулерден тұрады.
Пайдалы қазбалар (кен, кенбайлықтар) – шаруашылық үшін пайдалану мақсатымен жер қойнауынан қазып алғанда, оны өнеркәсіптік игеру экономикалық тиімді болатын тау жыныстары мен минералдар.
Пайдалы қазбаларды игеру – жер қыртысынан немесе гидросферадан пайдалы қазбаларды қазып алу. Қысқаша айтқанда, уақыт бірлігінде игерілетін пайдалы қазбалардың санын айтамыз. Табиғатта кенбайлықтар: газ, сұйық, қатты күйде кездеседі.
Пайдалы қазбаларды игеруді тау-кен кәсіпорындары жүзеге асырады.
Пайдалы қазбаларды игеру әдістері:
Жерасты
Ашық
Аралас
Су қоймаларының астынан
Геотехнологиялық
Ұңғымалық
Кенорны — қазып алғанда экономикалық тиімді болатын жер қабыршағындағы кенбайлықтардың жер қойнауында белгілі деңгейде (минералға, минералдық агрегаттар) қорын түзейтін табиғи сілемді айтады. Кенорындары кендік және бейкендік болып бөлінеді.
Кенорны — қазып алғанда экономикалық тиімді болатын жер қабыршағындағы кенбайлықтардың жер қойнауында белгілі деңгейде (минералға, минералдық агрегаттар) қорын түзейтін табиғи сілемді айтады. Кенорындары кендік және бейкендік болып бөлінеді.
Кен денесі немесе кен шоғыры – оны жанап жатқан тау жыныстарының арасында орналасқан қатты пайдалы қазбалардың жиынтығы.
Құлау бұрышы бойынша кенорны:
Құлау бұрышы бойынша кенорны:
жазық (30 дейін), көлбеу (3 тен 300), еңіс (30 дан 45-500) және күрт құлама (45-500жоғары).