1. Негізгі түсініктер



бет3/3
Дата20.12.2022
өлшемі446,5 Kb.
#163489
1   2   3
Байланысты:
Лекция 1 каз

2. Тау қазбалары

  • Пайдалы қазбаларды қазып алу немесе қазып алуға дайындық ретінде жүргізілетін жұмыстар тау-кен жұмыстары деп аталынады.
  • Тау-кен жұмыстарының нәтижесінде пайдалы қазбалардың немесе бос жыныстардың ішінде жасанды қуыстар пайда болады, оларды тау қазбалары дейміз.
  • Қазбалардың кен жұмыстарын атқаруға байланысты жылжып тұратын бетін кенжар (забой) дейді.
  • Тағайындалуы бойынша тау қазбалары: барлаушы және эксплуатациялық. Біріншісі пайдалы қазбалар шоғырын барлауға, екіншісі оны игеруге арналған.

Пайдалы қазба кенорындарын игеру 3 сатыдан тұрады : АШУ, ДАЙЫНДАУ ЖӘНЕ ТАЗАРТЫП АЛУ.

  • Пайдалы қазба кенорындарын игеру 3 сатыдан тұрады : АШУ, ДАЙЫНДАУ ЖӘНЕ ТАЗАРТЫП АЛУ.
  • Осыған байланысты эксплуатациялық тау қазбалары күрделі (капитальные), дайындық және тазартып алу болып бөлінеді.
  • Күрделі қазбалары арқылы кен денесіне немесе оның бөлігіне жету жүзеге асырылады. Бұл ашу қазбалары.
  • Дайындық қазбаларын күрделі қазбалардан жүргіземіз. Олар пайдалы қазбалар шоғырының бөлігін тазартып алуға дайындауға арналған.
  • Дайындық қазбаларын жүргізгеннен кейін тазарту жұмыстарына кірісеміз, нәтижесінде тазарту қазбалары пайда болады.
  • Тау қазбалары жүргізілу орны бойынша ашық және жерасты болып бөлінеді.

3. Ашық тау қазбалары

  • Жер бетінде тау-кен жұмыстарын жүргізу нәтижесінде пайда болады. Оған расчистка, копуша, барлау қарығы (канава), барлау оры (траншея).
  • Расчистка – түбір жыныстардан аршылымы мақсатында жүргізілген жүргізілген қазба. Үйінділердің қалыңдығы 0,5-06 м болғанда жүргізіледі. Мөлшерлері асты бойынша-0,2*0,2м, үсті бойынша 0,4*0,4м.
  • Копуша – түбір жыныстарын сынама алу мақсатында жүргізізілген қазба. Мөлшері үстінде 1,0*1,0 м, астында 0,5-0,6м, тереңдігі 1 м дейін.

Барлау қарығы – тасындылардың аз қуаттылығы кезінде пайдалы қазбалардың жер бетіне шығуын іздеу мақсатында жүргізілетін қазба. Тереңдігі 1,5-3,0 м шегінде, сирек 5 м жетеді. Ені 0,5-0,7м. Ұзындығы – бірнеше метрден жүздеген метрге дейін.

  • Барлау қарығы – тасындылардың аз қуаттылығы кезінде пайдалы қазбалардың жер бетіне шығуын іздеу мақсатында жүргізілетін қазба. Тереңдігі 1,5-3,0 м шегінде, сирек 5 м жетеді. Ені 0,5-0,7м. Ұзындығы – бірнеше метрден жүздеген метрге дейін.
  • Барлау оры– қарықпен салыстырғанда көлденең қимасының өлшемдері үлкен қазба. Ұзындығы -100 м, ені-70 м, тереңдігі-20 м асуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет