1. Нәруыздар, атқаратын қызметтері, жалпы қасиеттері, мысал келтіру.Құнды және құнсыз белоктар


Бәсекелес және бәсекелес емес ингибирлену



Pdf көрінісі
бет27/45
Дата31.10.2022
өлшемі1,21 Mb.
#155920
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   45
Байланысты:
Химмм

49.Бәсекелес және бәсекелес емес ингибирлену. 
Бәсекелес ингибитор – өзінің құрылымы бойынша субстратқа 
ұқсайды, ол сондықтан да ферментті «алдай алады», оның активті 
орталығымен байланыс жасайды да, ферменттің әсерін шектеп 


тастайды. Ингибитор және субстрат ферменттің белсенді 
орталығы үшін бәсекеге түседі. Егер субстрат концентрациясы 
артатын болса, реакция жылдамдығы өсетін болады. 
Бәсекелес емес ингибиторлар- Михаэлес константасына әсер 
етпейдi, бiрак реакция жылдамдыгын темендетедi.
Бәсекелестік 
емес тежелу Ингибитор ферменттің субстратты өнімге айналуына 
кедергі келтіретін конформациялық өзгерістерді тудырады, бірақ 
ферменттің субстратқа жақындығына әсер етпейді. Бәсекелестік 
емес тежелу кезінде Михаэлис тұрақтысы өзгермейді, ал 
максималды реакция жылдамдығы (1 + [I]/Ki) есе төмендейді. 
50.Гидролазалар. Жалпы сипаттама. Негізгі топтары.
Гидролазалар – судың қатысуымен күрделі заттардың 
мономерлерге дейін ыдырауын катализдейтін ферменттер. 
Гидролазалар (карбоксипептидазадан басқасы) – біркомпонентті 
ферменттер, жасушаларда, ас қорыту сөлдерінде кездеседі. 
Гидролазалар 9 топқа бөлінеді, 3 тобын қарастырамыз: 
Маңызды топтары 
3маңызды тобы белгілі: 
1.
Эстеразалар- күрделі эфирлік байланысты гидролиздейді
2.
Гликозидазалар- гликозидтік байланысты гидролиздейді
3.
Пептидазалар- пептидтік байланысты гидролиздейді
51. Эстеразалар,өкілдері,кездесетін орны,каталитикалық 
әсері. 
Эстеразалар
-күрделі эфирлік байланыстың гидролиздейді.
Өкілдері: асқазан сөлі липазасы; ұйқы безі сөлінің липазасы; ішек 
сөлі липазасы. 


Жануарлар мен адамдарда олар ұйқы безі сөлінде (ұйқы безінің 
липазасы), сүтте, бауырда (бауыр липазасында), ішек 
қабырғаларында, қанда және басқа ұлпаларда болады. 
Эстеразалар жануарларда, жоғары сатыдағы өсімдіктерде және 
микроорганизмдерде кездеседі. Осылайша, липаза майларды 
ыдыратып, глицерин мен май қышқылдарын түзеді; сілтілі 
фосфатаза фосфор эфирлерін, нуклеазаларды – нуклеин 
қышқылдарын гидролиздейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет