87. К витамині. Құрылысы туралы түсінік, биологиялық рөлі,
витамерлер, авитаминозы, тәуліктік мөлшері, табиғатта
таралуы.
К витамин3, нафтохинондар, антигеморрагиялық витамин
Құрылысы/хим.табиғаты
: К витаминінің бірнеше формалары
белгілі, химиялық табиғаты бойынша олар бүйір изопреноид
тізбектері бар хинондар. Өсмдіктерде филлохинон (K1), ішек
микрофлорасының жасушаларында менахинон (К2).
Биологиялық әсері
: К витамині қан ұю үрдісне қатысады. Ол қан
ұю факторларының: протромбиннің (II фактор), проконвертиннің
(VII фактор), Кристмас факторының (IX фактор) және Стюарт
факторының (X фактор) активтенуіне қатысады. Аталған
белоктық факторлар активсіз алғы заттар түрінде синтезделеді. К
витамині гамма-глутамилкарбоксилазаның коферменті болып
табылады. Бұл фермент глутамин қышқылын карбоксилдеп,
кальций байланыстырушы белоктардың қызмет атқаруына керек