1-нұсқа
№1.Денелердің орын ауыстыруын,қозғалысын зерттейтін физиканың негізгі бөлімі:
А.Динамика. Ә.Механика. Б.Молекулалық физика.
В.Атомдық физика. Г.Геометриялық оптика.
№2.Траектория дегеніміз –
А.Дененің бастапқы және соңғы орнын қосатын бағытталған кесінді.
Ә.Векторлық шама. Б.Дененің жүріп өткен ара қашықтығы.
В.Қисық сызық бойымен қозғалыс.
Г.Дененің қозғалыс кезінде болып өткен кеңістіктіктегі нүктелерінің жиынтығы.
№3.Жер бетіндегі еркін түсу үдеуін кім есептеді және оның мәні:
А. А.И.Кеплер 6,67 10
-11Н м
2/кг
2 Ә. И.Ньютон 9,8 м/с
2
Б. Г.Галилей 9,8 м/с
2 В.Архимед 6 10
24 кг Г.Максвелл 3 10
8 м/с
№4.Көкжиекке бұрыш жасай лақтырылған дененің жылдамдығы... бағытталады.
А.Әр уақытта жоғары. Ә.Қозғалысқа перпендикуляр.
Б.Қозғалысқа параллель. В.Траекторияға жанама бойымен. Г.Қозғалысқа қарсы.
№5.Баланы материялық нүкте деп санауға болмайтын жағдай:
1.Бала үйінен мектепке бара жатыр.
2.Бала поезбен Алматыдан Астанаға барды.
3.Бала орнында жаттығу жасап тұр.
А.1,2 Ә.1,3 Б.2,3 В.1,2,3 Г.3
№6. Зат мөлшерінің өлшем бірлігі қайсы?
А. 1 кг. Ә. 1/моль. Б. 1 кг/моль. В. 1 моль. Г. 1 атом.
№7. Молекулалардың арасында тебілу күші әсер ететінін қай құбылыс түсіндіреді?
А. Қатты денелер және сұйықтардың аз сығылатындығы.
Ә. Диффузия. Б. Молекулалардың бей-берекет қозғалуы.
В. Броундық қозғалыс. Г. Дұрыс жауап жоқ.
№8. Газдың молекула- кинетикалық теориясының негізгі теңдеуі қайсы?
А. Ә. Б. n= В. Г.
№9. Цельсий шкаласы бойынша алынған 30ºС температураға абсолют шкала бойынша алынған температураның қандай мәні сәйкес келеді?
А. 273 К. Ә. 243 К. Б. 300 К. В. 373 К. Г. 303К.
№10. Қысым тұрақты болғанда термодинамикалық жүйе күйінің өзгеру процесі қалай аталады?
А. Адиабаталық. Ә. Изобаралық. Б. Изохоралық.
В. Изотермиялық. Г. Дұрыс жауап жоқ.
№11. Суреттегі графикте газ күйінің өзгеруінің қандай процесcі көрсетілген?
А. Изохоралық. Ә. Изобаралық.
Б. Изотермиялық. В. Адиабаталық.
Г.
Дұрыс жауап жоқ
№12. Менделеев – Клапейрон теңдеуі қайсы?
А. RT Ә. = .
Б. = . В. = . Г. Ē =
№13. Кернеулігі 100 Н/Кл электр өрісі 3 · 10
-7 Кл зарядқа қандай күшпен әсер етеді?
А.30 ·10
-7 Н. Ә.0,3 ·10
-6 Н. Б.3 ·10
-5 Н.
В.0,03 ·10
-5 Н. Г.
Ешқайсысы емес
№14.Теріс заряды бар қайсысы бөлшек?
А. Протон. Ә. Нейтрон. Б. Ион. В. Электрон. Г. Дұрыс жауап жоқ.
№15. Электрлік диполь дегеніміз не?
А. Денелердегі зарядтар жиынтығы.
Ә. Бірінен-бірі қандай да бір қашықтықта орналасқан екі заряд жиыны.
Б. Зарядталған шарлар жиынтығы.
В. Диэлектриктердің электрлік қасиетін сипаттайтын шама.
Г. Дұрыс жауап жоқ.
№16. Эрстет тәжірибесінде не байқалды?
А. Тогы бар өткізгіш пен магнит тілшесінің өзара әсер етуін.
Ә. Катушкаға магнит ұнтақтарының тартылуын.
Б. Екі магнит көрсеткішінің өзара әсерін.
Г. Дұрыс жауап жоқ.
№17. Ұзындығы 0,4 м өткізгіштен 5 А ток өткенде магнит өрісінің индукциясы 0,8 Тл, өткізгішке әсер ететін ток күші 1,6 Н болуы үшін,өткізгіш біртекті магнит өрісінің индукциясымен қандай бұрыш жасай орналасуы керек?
А. 30º. Ә.60º. Б.45º. В.90º. Г.15º.
№18. Лоренц күшінің бағытын анықтайтын ереже:
А.Солақай бұрғы. Ә.Супперпозиция принципі. Б.Бұрғы ережесі.
С.Сол қол ережесі. Г.Ешқайсысы емес.
№19. Металдардағы электр тогы дегеніміз ............... реттелген қозғалысы.
А.Оң және теріс иондардың.
Ә.Протондардың.
Б.Нейтрондардың.
В.Электрондар және кемтіктердің.
Г.Электрондардың.
№20. Қайнау кезінде
сұйық толық буланып болғанша, температура қалай өзгереді?
А. Кемиді.
Ә. Өзгермейді.
Б. Артады.
В. Артады кейін төмендейді.
Г. Дұрыс жауабы жоқ.